ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 48
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ШАЛ МЕН ДОМБЫРА
Мезгілімен күн шыққанмен көгінде,
Не болмады бұл қазақтың жерінде.
Домбыраны сөйлетеді кешқұрым,
Қазақы шал қазақы үйдің төрінде.
Ойын тербеп домбыраның боздасы,
Қарияның иіледі боз басы.
Пернелерден төгілген сол күйменен,
Текеметке төгіледі көз жасы.
Көз алдымда еңіреген ақмаңдай,
Бей мезгілде күн ұяға батқандай.
Сұлаған ер, жылаған жар, жанған үй,
Көз алдыма көшіп келе жатқандай.
Арманыма әлдекімнің құлаған,
Түсінемін.
Мен қайталап сұраман.
Текеметке төгіледі көз жасы,
Домбырама,
Қарияма жылаған?
Бабам айтты деген сөздер елде көп,
Оларға да барамыз-ау кенде боп.
Тарихтың бабаларсыз сәні жоқ,
Бабаларсыз сен де жоқсың,
Мен де жоқ.
Болашағы жас өріммен өріле,
Ғасырлар да бара жатыр шегіне.
Бір-бірімен мұңдасады осылай,
Екі бірдей шежіре.
Үкілі домбыра,
Өзіңе жүгінемін мен,
Үзіліп түскен үніңе үңіле білген,
Өткен заманның өзіңнен зарын естісем,
Көргендей тіпті тарихты ұғынамын мен.
Қазағым үшін сен ғажап жырсың, данасың,
Ғасырлар күймен тербеткен тылсым даласын.
Кейуана сынды кей кезде ойланып ұзақ,
Он екі перне, қос ішек, үнсіз қаласың.
Сырыңды сенің айтқызбай ұғынып келемін,
Сол сырды толғап жүректен жыр ғып төгемін.
Ойлы қалпыңа қараймын мен де ойлана,
Үнсіздіктен де мен кейде ұлылық көремін.
Жас тұлпар едің, сескенбес сүрінемін деп,
Қазақтың мұңын арқалап бүгілемін деп,
Қаһарлы ханның алдында қаймықпай сөйлеп,
Қорғасын тескен кеудеңе үңілемін кеп.
Үніңе сенің жүремін елеңдеп күнде,
Алақан керек аялы өнер біткенге.
Жүрдек уақыт бұлқынып ала қашса да,
Үңіле қарау керек қой тереңдіктерге.
Өткеніңді өзің сөйлетші саялы далаңда,
Бүгінгі дала даңқыңды жаяды ғаламға.
Құрманғазыға дем беріп кісенін ашқызып,
Түрмеден қашқан сен едің баяғы заманда.
Қазағым менің көздерін ашқан өлеңмен,
Маңдайға сонсоң сен біттің асқан өнермен.
Бала күйшінің қолында қомданып ал-дағы,
Мына заманды толға енді тоқсан әуенмен.
АРМАН
Атса да күнде жаңғыра,
Арманда шығар таң мына.
Арманда қалған шығар-ау,
Кешегі сынған домбыра,
Қиялдай өтіп құздардан,
Қорғаған елін ызғардан.
Арманда кеткен Махамбет,
Ерлігің енді бізге арман.
Арман да арман, сан арман,
Сан арман құмда жоғалған.
Сахара кешіп, саз кешіп,
Сан арман жолда тоналған.
Құлататын да сол арман,
Жылататын да сол арман.
Жұбататын да сол арман,
Сол арман барда жоғалман.
ТЕҢІЗ
Жер бетіне көлеңке жорғалатып,
Күн барады теңізге зорға батып.
Жағалауда шашылған мөлдір шықтар,
Бейне теңіз төрінен тамған ақық.
Теңіз кейде жылайды бала құсап,
Кейде сыңсып бір әнге салады ұзақ.
Көз алдымда астасып көкжиекпен,
Керуен боп кемелер барады ұзап.
Қайратсызға табиғат керенау ма?
Оны менің қақым жоқ табалауға.
Толқын соғып лақтырған ақ шабақтар,
Жанталаса тулайды жағалауда.
Күндер мынау өзгерер,
Өзгереді,
Арманымның теңіздей кең кемері.
...Сеніміңе туған ел жарамасам,
Лақтыра сал жағаңа сен де мені.
ОТАН
Отан —
Ұлы бәйтерек,
Жапырағы біз едік,
Соған қарап ой epiп, бойымызды түзедік,
Касиетті жолдар бар бізді үмітпен күтетін,
Тереңдіктен басталып, биіктікпен бітетін.
Кара жердің бетінде көл кұрайды тамшылар,
Аңызақ, пен аптапта ұзак, жолға нар шыдар.
Біздер бip-бip бұлақпыз, туған жерден басталған,
Бастауы бар бұлақтың құяры да бар шығар.
Қиялымыз сан жақта,
Бір болғанмен ұямыз,
Жолымызда қырат — бел,
Жолымызда қия құз.
Көктей етіп соларды, сағынышпен сарсыла,
Отан деген мұхитқа біз жан-жақтан құямыз.
АТАМЕКЕН
I
Бейшараның ұстатпас бағы сынды,
Жарты көңілім қақырап тағы сынды.
Ұғасын ба, туған жер, мына менің,
Намыссыздық оятты намысымды.
Аспаныңнан құлайын тамшы болып,
Мендегі махаббатты алшы көріп.
Саған тиген бip соққы мені тауып,
Осқылайды жанымды қамшы болып.
Гүлің болып егілем белеңіңе,
Жапырақ боп көктеймін терегіңе.
Мұңайсам, кінәлама оным үшін,
Мұңыммен де жараймын керегіңе.
Махаббатым өзіңе байландырған.
Алыс кетсем қол бұлғар ойдан-қырдан.
Мұңды жүрек емес-ау мына мені,
Мағынасыз күлкілер ойландырған.
Топырағыңнан өніп ем екпе гүлше,
Нұрың төктің табиғат көктемінше.
Сенің,
Сенің намысың қорғайтыным,
Топырағыңа қайта еніп кеткенімше.
II
Касиеттім,
Тасыңда iзi жатыр қасіреттің.
Сен қаталсын сонда да мойымаған,
Жасық жүректерді де жасын еттің.
Адастырмас,
Сен менің белгім едің.
Тұяқ сынса,
Тоқтамас ерлік едің.
Ерліктер мекенінде ез болмайық,
Серттесейік осыған кел, жүрегім!
Мен өзіңмін, туған жер,
Өзге емеспін.
Не кешсем де, әйтеуір, сенде кештім,
Мыктылардың батасын алған едім,
Мен де ендеше осал сөз сөйлемеспін.
Нәр берген туған жердің өзегіне,
Жалғасамын мен сенің өзeңie.
Табанымнан таусылып сені оқимын,
Өзімде де оқытам мен өзіңе.
CAFAH АЙТАМ
Аққуы жоқ көлдердің мұңы басым,
Мұңы басым ақынның жыры басым.
Менің мынау нәзіктеу жырларымды,
Жүрегіңмен ұқсаң тек сен ұғасың.
Айтам саған бір асыл сырым барын.
Сырым барын,
Өзіңдік үнім барын.
Кішірейгім келсе егер жүрегіммен,
Пәстiгi деп сен мұны ұғынбағын.
Сенім жоқта, текке өмір cүpiп нетем,
Мөлдір сезім жүрекке тұнып па екен,
Биіктіктің өлшемі төбелер ме,
Тереңдіктің өлшемі құдык па екен?
Нәзік сезім нәзіктеу ашып бүрін,
Нұрға толды жүрегім тасып бүгін.
Сүю жайлы бip ауыз айта алмасам,
Ол — саған ғашыктығым.
Осыны айтып мен саған еркелейін,
Еркелейін, мен тіпті мақтанайын.
Соққан самал секілді тоқтамайын,
Саған карай жүгірген толқын едім,
Саған барып соғылып жоқ болайын.
НҮКТЕ
Мен өзіңсіз қарсы алдым көктемдерді, күздерді,
Дос жүректер бір кезде бір айдында жүзген-ді.
Жағалаудан жыраққа ала қашқан кемедей,
Уақыт деген бір жүйрік алыстатқан біздерді.
Сыбағамыз бар еді алдан атар таңдарда,
Сенуші едік қалтқысыз бізді аңсатқан арманға.
Жылдар салып араға жетіп едім өзіңе,
Достық деген ақ отау, жұртың ғана қалған ба?
Тау болмады төбең деп кінәлау да бекер ғой,
Өмір мынау қым-қиғаш, оған сірә, жетер ме ой.
Келіп едім айдын көл теңіз болған шығар деп,
Айдын көлдің орнында шалшық қалған екен ғой.
Сағынғанда жүректің осы ма еді күткені,
Сеніңше әлде достықтың жеңіл ме еді жүктері?
Жанарымнан бір тамшы тамып кетті алдыңа,
Біздердегі достыққа қойылған бұл нүкте еді.
ОЙ
Күңгірт кеште күңгірттеу бөлме мынау,
Әлсіз жарық, жанымды тербедің-ау.
Үміттерім секілді үзілмеген,
Әлсіреп тұрдың бірақ сөнбедің-ау.
Із-түзсіз жоғалады үйде кей күн,
Сол күндер жанымды көп түйрелейді.
Әлсіз сәуле ізіңмен ойларымды,
Жарыққа сүйрелеймін.
Түн төнеді,
Тып-тыныш, үнсіз ғана,
Мен отырам мұңды да, мұңсыз ғана.
Ақ дәптердің бетінде тыныстайды,
Жырға айналып баратқан тылсым дала.
Қөрік берген, сән берген жырларыма,
Із қалдырып менің де дидарыма.
Біреуі озып, біреуі кейін қалып,
Ойлар жатыр шашылып мида мына.
Мені жырмен осы ойлар жарастырған,
Түн ұйқымды төрт бөліп таң астырған.
Кең дүниеге бәрі де шықсам дейді,
Жарық күн-ай,
Талайды таластырған.
АППАҚ ДУНИЕ
Дүние, неткен нұрлы аппақ едің,
Бір теңеу мен өзіңе таппақ едім.
Мұңым да, шаттығым да жанарымнан,
Төсіңе төгілмей тұр шаққа менің.
Анамсың мың толғанып, мың айналған,
Алмаса сенен бастау құлайды арман.
Таяныш талайларға болдың-ау сен,
Дүнне-ай, шыр айналған.
Сыр көп-ау қырларыңның қалқасында,
Мына бір таңбалар тұр жартасыңда.
Бір тұрып, бір жығылып мен келемін,
Әлемнің дөңгеленген ортасында.
Жер үсті іздерменен айғыздалған,
Қалыпты сыңар іздер жалғыздардан.
Ұқтырар тірлік нарқын белгің бе екен,
Басына бейіт көрдім байғыз қонған.
Куәсі ерліктердің талай күндер,
Алысқа сол күндерден тарайды үндер.
Өсіпті бір іздерге қара тікен,
Өсіпті бір іздерге арай гүлдер.
Сезімдер өткен талай жаңбырлаған,
Құс та жоқ қос қанатын талдырмаған.
Даналық сыйладың да қарияға,
Жастығын өтеуіне алдың заман
.
Жүзіндей бір майырылмас ақ алмастың,
Мен де енді жастық шаққа қадам бастым.
Қалмайды қар да мәңгі қар күйінде,
Мен-дағы жас күйімде қала алмаспын.
Әйтеуір, төзім керек, темірдей бір,
Тоймайтын тіршілікте көңіл ғой бұл.
Ізіме гүл өсіріп кетсем деймін,
Келмейтін қайта айналып өмір ғой бұл.
Мейірімің мейірленсең көл екен ғой,
Өзі де босағаңның төр екен ғой.
Кезекпен өмірге де келтіретін,
Білгенге, мүмкіндігің көп екен ғой.
КЕШҚҰРЫМ БҰЛ
Кешқұрым бұл,
Тұнық кештен мұңлы әуен естідім бір,
Қөкірегімді сол әуен кесті мың бір.
Жалғыздардың жүрегін жабықтырған,
Кешқұрым бұл.
Жұбанышым, өлеңім, ақыл -арым,
Көңіліме көктемнің шақыр әнін.
Батқан күнге қарап бір отырам да,
Қаламымды сияға батырамын.
Көкірегін кернеген наланы айтып,
Сыңар аққу барады дара қайтып,
Жүрегімді жайлаған, қайран өлең,
Мен отырмын сырымды саған айтып.
Саған айтам мұңымды, шаттығымды,
Шаттығым да кей кезде қақ тілінді.
Арманымды ақ қанат сазым етіп,
Азық етем өзіме тәтті мұңды.
Қайран өлең,
Киелі - алып тұлға.
Алып тұлға, сағындыр, зарықтыр да.
Тереңдіктен суырған ойларымды,
Кереңдерге апарып жолықтырма.
БОЗ ІНГЕН
Тұйғын көрдім айдын көлден қаз ілген,
Бұлбұл көрдім сазын төккен наз үнмен.
Келелі түйе, кердері мая қасынан,
Сені бірақ көре алмадым, боз інген.
Сағыныштан талған жанар, талған бой,
Ана үшін бала, шіркін, арман ғой.
Ақ әжемнің ақ жаулығын ніскеуші ең,
Ақ ботаңның нісі сонда қалған ғой.
Талайларды отқа салып қойды арман,
Дүние тұр солар жайлы ойланған.
Махаббаты ана менен баланың,
Жүрегіне жүрегімен байланған.
Көңіл шерін ұғып тұнық көзіңнен,
Сырласқандай болып ем бір өзіңмен.
Боз даладан іздеп кетіп ботаңды,
Көк тұманда жардан ұштың боз інген.
Өзгелердің бәрін-бәрін тәрік қып,
Жер-дүниені жүрегіңмен жарық қып,
Сен түсімде боздап бара жатасың,
О, боз інген,
О, боз інген, жарықтық.
СЫҢАР КИІК
Кім біледі,
Ол да бір жанға ғашық,
Жалғыз киік барады жалдан асып.
Жүрегінен саулаған қара қанмен,
Қара жердің бетіне таңба басып.
Тамған қаны бүріне тиіп еді,
Көтере алмай боз жусан иіледі.
Қең даланың бұл бір тар күйі ме еді?
Сыңар киік осынау оққа ұшарда,
Сыңар іздеп кезді ме дүниені?
Дала жатыр қарсы алып таңды мына,
Шомылады көктемнің жаңбырына.
Қорғасын ой қамалап қарай бердім,
Тағылардың сұраусыз тағдырына.
Құба белден атқанда сарылып таң,
Жалғыз оқтан кеткендей тарылып маң.
Адамбыз ғой, сондықтан, қорғайық біз,.
Тіршіліктің тағдырын тағылықтан.
АҚ МАРАЛ
Ақ марал, сен қорқасың мергендерден,
Мен қорқам сезім оты сөнгендерден.
Оты сөнген жүректер тасқа айналар,
Ал, таста жылылық жоқ, көргем, көргем.
Сал қайың күзде төгер жапырағын,
Сары мақпал жамылтып атырабын.
Менің де көңілімнің орманында,
Жапырақтай төгіліп жатыр әнім.
Өмірді мен де өзімше ұғынамын,
Содан ба, жүрегімнің мұңы қалың.
Адамдар тағдырынан туындайды,
Менің мынау нәзіктеу жырым, әнім.
Еркелеп, алға тартып мазаны алған,
Қашанда өмірімнен озады арман.
Мұхитқа жете алмаған өзен аз ба?
Елдер аз ба жазықсыз жазалғанған.
Құм болады қара тас үгілгенде,
Жер тағдырын ойлаймын күнім мен де.
Жүрегім сол тастайын үгіледі,
Кей жерде ана белі бүгілгенде.
Көңілім тастап кейде той -- даланы,
Қиялмен кетеді асып айдан әрі.
Шаттығымен,
Мұңымен,
Қайғысымен,
Жүрегімде жер шары айналады.
ТӘКАППАРЛЫҚ
Қайттің енді күніңнің кетті мәні,
Оған сенің өзің ең тек кінәлі.
Теңіз таппай кері аққан өзендердей,
Сені тастап досыңның кетті бәрі.
Желді күнгі көлдей бір толқыдым-ау,
Салқын тартқан көңілдің қалпы мынау.
Басқа-басқа,
Өгей боп енді сенен,
Мен алыстап барамын, жарқыным-ау,