ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Җалындаған жас өрім шақта мұндай,
Сұрғылт күздің сұп-суық бақтарындай.
Қалайша күн кешеді жалғыз жүрек,
Сағынбай, арындамай, ақтарылмай.
Өмір мынау,
Сан тарау, сан ағысты,
Өкінішің үн-түнсіз жанады ішкі.
Жалғыз жүрек - ол да бір таусылған көл,
Таусылған көл тагдыры аянышты.
Арманыңның талпынған келешегі,
Достық атты арнамен тел өседі.
Ұқпадың ғой сен, бірақ,
Ұқпадың ғой.
Тәкаппарлық - биіктік емес еді.
КӨҢІЛ ҚҰСЫ
Тастан тасқа секірген бұлақ та да мұң бар ма?
Әлденеге қол жетпей армандай ма шыңдар да?
Тауың биік болса да, қиын оған барар жол,
Қөкіректе дүрсілдеп жүрек ояу тұрғанда.
Көңіл құсым -- ақ арман, көкті сүйген жанары,
Ұшырып ем қолымнан басталғанда таң әні.
Үлкен өмір көші бар үлкен жолдың бойында,
Кішкене қос қанатын ол тынымсыз қағады.
Көңіл құсым, қиналып қанатыңнан таларсың,
Төменінде бұлдырап саған пәс боп қалар шың.
Арман деген шіркінге жанкешті боп жеткенде,
Шөл көңілім сен де бір кел-дария боларсың.
Жалқынданып алдыңнан атар әлі таң талай,
Сол таңдардан өтерсің арман жүгін арқалай.
Жаның өршіл болғапмен, қатаймап еді қанатың,
Қарлы құзға соқтығып талқан болып қалмағай.
НҰРА МА ЕДІҢ?
Ойпыр-ау,
Нұра ма едің, Нұра ма едің,
Өзің жайлы талайдан сұрап едім.
Сен құшақтай ағасың, кәусарым-ау,
Арқаның құба белін.
Солтүстіктің самалын маңдайға алып,
Толқындарың барады таңдай қағып.
Сағынышқа айналған сезімдердей,
Ағып барып жатырсың көлге айналып.
Саған дала сән бере кесілген кең,
Жағалауың жас құрақ кепілденген.
Ерке өзенім жатырсың көлге айналып,
Туған жердің жанары секілденген.
Саған келсем кезім жоқ толғанбаған,
Толғануды осылай армандағам.
Екеуміз бір даланың баласы едік,
Қасиетің содан ба қонған маған.
Сен сүрінсең, мен-дағы сүрінермін,
(Ақындары арқалар жүгін елдің.)
Жанарлармен үңілем жүректерге,
Жүрегіме ал менің үңілер кім?
Кейде мынау өр көңіл тұнжырайды,
Жүрегіме таң емес, түн құлайды.
Астаң-кестең боламын аяқ асты,
Толқындарым жағаны ұрғылайды.
Демде шарлап шыңдардың шынар төсін,
Найзағайдай шарт та шұрт сынам тосын.
Көлге айналған өзіңдей,
Мен де өлеңге,
Мен де өлеңге айналып, тынам сосын…
Таң атып келеді, әне, елең-алаң,
Қара түн көшті сырғып Жер-анадан.
Қалқам, мен әлі отырмын қалам ұстап,
- Неге көп ойланасың? - деме маған.
Җыр буып, жүрек мынау сыздағасын,
Қарсы алдым атқан таңмен күз даласын.
Жүрміз ғой талайларды ойланта алмай,
Сен мені ойдан неге қызғанасың.
Болған-ды ойсыздарды кешірген күн,
Талайын қайта өзгерттім шешімдердің.
Ой салсам кей құрбыма деген едім,
Тақырға тұқым сепкен секілдімін.
Бұл өмір көп нәрсеге қанықтырды,
Қарау да ойсыздыққа жалықтырды.
Қалқам-ау, ондайларда мақсат та жоқ,
Ескексіз мұхиттағы қайық құрлы.
Жинақтап шексіз ойды от денеге,
Құйсам-ау нөсер болып көктемеде.
Сол менің мазмұны да өмірімнің,
Нені ойлайсың деп маған өкпелеме.
Жүректің содан нәр ап балаң әні,
Бойыма қан тамыр боп таралады.
Ойым ол - өлеңімнің жүрегі ғой,
Айырсам жүрегімнен не болады.
ӨЗЕН
Монғолия даласынан бастау алып,
Совет Одағының біраз жерін ара-
лап өтіп, қайтадан өз еліне барып
құятын Тэс-Хэм өзені, сен әр жүрек-
тің өз Отанына деген шексіз сүйіспен-
шілігінің белгісіндейсің.
Ақ кәусарын әлемге шашу етіп,
Шекараны белінен басып өтіп,
Қуат алып өзінің өзегінен,
Өзен ағып келеді өз елінен.
Жатсынбайды,
Ондай ой санада жоқ,
Ағады өзен жастыққа балама боп.
Шекара бар қойылған зұлымдыққа,
Ал достыққа қойылған шекара жоқ.
Төсін жайып қарсы алар жалқын далам,
Дос жүректің естісін даңқын ғалам.
Көшеді өзен жанымен, жүрегімен,
Айдынында ақ шабақ жалтылдаған.
Лайланбас заңы бар тереңдердің,
Жүрегім,
Сен де ол заңға көгенделдің,
Бастауына қайтадан оралмайтын,
Җазылмаған заңы бар өзендердің.
Ал, бұл өзен
Еліне оралады.
Айдынымен аққулы, шағалалы.
Жанарында сағыныш толқындары,
Дидарында достықтың ғажап әні.
Кең даланы армансыз кезеді де,
Оралады өзінің өзегіне.
Отан қымбат,
Бәрінен Отан қымбат,
Өзен ағып барады өз еліне,
ДАЛА
I
Туған анам -
Сағымды дала мына,
Дала,
Сенің қараймын кабағыңа.
Жалаң аяқ жүгірсем төсіңменен,
Тікенегің кірмес-ау табаныма.
Паң далаңнан сарғайып таң атады,
Керемет бұл,
Керемет дала таңы!
Бір сезімді бір сезім тұншықтырып,
Бір сезімді бір сезім оятады.
Жыр боп мені тербейді тұнық түнің,
Сен - маған,
Мен өзіңе сүйіктімін.
Үнсіз ғана жатырсың, тұйық дала,
Тұйықтығың, бәлкім, ол биіктігің.
Жүрегім өзіңдік бір табар әнін,
Өзі емдер өзі салған жараларын.
Мен де өзіңе тартқан бір тұйық қызың,
Тұйық суға алайда баламағын.
Талайларды құмына көмген мекен,
Желмаямен бабалар желген мекен.
Мені де шөл далаңда жаратып ең,
Сондықтан, саған ылғи шөлдеп жүрем.
II
Теңізге кеп төнесің, шөл далам-ау,
Сірә, басқа амалың қалмаған-ау.
Құмдарың да келеді көшіп бері,
Сары төбенің жақындап жондары анау.
Аңызақтар армансыз ойрандаған,
Аңғал ем мен,
Сен жайлы ойланбаған.
Көз жасындай теңіздің тамшыларын,
Жұтасың кеп құныға, қайран далам.
Ойша шолып, өмірдің көп белеңін,
Өтіп барам тұсынан көктеменің.
Мен де өзіңдей мазасыз тіршілік ем,
Жеткенімнен көп әлі жетпегенім.
Армандарым өзара ашып бәйге,
Бірі таяп,
Біреуі қашықтайды.
Теңіздей бір өлеңге зармын мен де,
Әттең, өлең ол маған асықпайды.
III
Құла дала,
Құлазымай женге кел,
Бір өзіңсің шабытыма дем берер.
Жер жаннаты емессің сен,
Білемін,
Бірақ саған жер көрмедім тең келер.
Сенсіз менің,
Арманым да арман ба?
Сол арманды жетеле сен таңдарға.
Сен мұхитсың,
Ал, мен сенің шағалаң,
Шағаласыз мұхиттарда сән бар ма?
Сенің даусың,
Маған ғажап бұлбұл үн,
Бұл өмірде мен сенімен нұрлымын.
Арайланған мынау аппақ әлемде,
Біз сәбиміз жетелеген бір-бірін.
Биік таулы,
Ойлы-қырлы, төбелі.
Саған көңілім аспан болып төнеді.
Балаң болып өсіп едім өзіңде,
Панаң болып өмір сүргім келеді.
IV
Шерқала таудың басына қарап ойлана,
Қөтеруші едім еңсемді,
Шыңырауыңа үңіліп көріп ұғындым,
Тереңдік деген өлшемді.
Төбеге келіп тұрып алғанда лағыл күн,
Алдымды менің көлбеңдей кесіп сағым мың.
Демімнен анау жусан даланың иісі аңқып,
Шөлінді кезіп шөлдейтін күнді сағындым.
Алыста жүріп естимін сенің сөзіңді әр,
Жанымды менің жаныштап бітті,
Таусылып біткен төзімдер,
Сағынышыма орнаған мынау кеудемнен,
Өзіңе қарай дүркірей ұшты сезімдер.
Ән салып ғажап, көктем тілімен шешіле,
Қарсы алдың мені. Бал күнім түсті есіме.
Моншақтап кеткен жасыммен бірге өртенген,
Жүрегім менің үзіліп түсті төсіңе.
ЖАЛҒЫЗ ТЕРЕК
Шөлейтте еді ауылымыз, ауыз суға тар еді,
Сол ауылдың шетінде жалғыз терек бар еді.
Жалғыздықтың зары өткен, мұңлық еді сол терек
Тек самал жел тербейтін, сол теректі еркелеп.
Жыр ғып айтып, заманның жаңасы мен ескісін,
Ақсақалдар сол жерге жиналатын кешкісін.
Секілді еді сол терек адам тілін ұғатын,
Әңгімесін қарттардың үнсіз тыңдап тұратын.
Балалық деп бұған да басу айту керек пе,
Бір тентек ұл бір күні от қойыпты терекке.
Келер көмек жоқ бізге, бұл ауыл тым шалғайда,
Сөндіріп-ақ алар ек, бірақ, оған су қайда?
Аулымыздың сәні еді, сол сәніміз ұрланды,
Сәніміздің орнында қап-қара боп күл қалды.
Жалғыз еді сол терек, жан саясы сөнгендей,
Бүкіл ауыл теңселді жалғыз ұлы өлгендей.
Ел азады жөн сілтер дана атаның жоғынан,
Жер азады мейірімді алақанның жоғынан.
Жер тағдыры қашаннан, анам, сенің қолыңда,
Қаншама тер төгілді сол тағдырдың жолында.
Жер-ананың алдында, пенделіктің мысы аттап,
Қыршын жасын қиса да кетпеді ешкім ұсақтап.
Қан майданда кешегі өлді талай боздақтар,
Туған жердің бір уыс топырағын құшақтап.
Қаламымның қанатын малам көңіл жасына,
Қымбат бізге Отанның тамшысы да, тасы да.
Көз алдымнан сол терек кетпей қойды елестеп,
Тамшыдан көл, тастан тау құралатын емес пе ед?
Келер күндер керемет, келер заман тамаша-ақ,
Жалғыз терек ол бәлкім, орман шығар болашақ.
Хақысы бар кімдердің сәнін құртып даланың,
Болашағын өртеуге қасиетті ананың.
Пенделіктің торынан,
Жүрек, енді тазалан,
Саған өмір сыйлаған, жер де сенің өз анаң.
Табиғаттың баласы адам деген ұлы есім,
Ұлы есімге қосарлық бар сенің де үлесің.
Алыс жолда арымау - арғымақтай атқа сын,
Ел сенімін арқалап, ер атанар шақтасың.
Сол бір алау шағында парыз нарқын түсінбей,
Өз анаңды қадірлей білмеуден тек сақтасын.
ЖОҒАЛТЫП АЛМА
Бұл нәзік жүрегімнен,
Сыр ұққам сал қайыңнан.
Бәсең бір үн едім мен,
Нәзіктеу саз қайырған.
Өзіңе тоймас арман,
Жүректе жатты мына.
Орман ем ойға шомған,
Оралдым шаттығыма.
Біздерге жарасып ән,
Тұрдым мен шаттанып-ақ.
Көзімнің шарасынан,
Сезімді ақтарып ап.
Ақ айдын арманымның,
Сен болып көгілдірі.
Жазира таңдарымның,
Жібектей төгілді үні.
Қызғыш құс шайқап өткен,
Қөлдейін толқыдым-ау.
Багымды байтақ еткен,
Сен бе едің, жарқыным-ау.
Қанатын жасыл өлкем,
Жайғанда баққа барғам.
Җыр болып сосын, еркем,
Төгілдім ақ қаламнан.
Бір әнді ағытқанбыз,
Сыр айтып көкте күнге.
Осылай жолыққанбыз,
Җастықтың көктемінде.
Сондағы әніменен,
Желпитін саз боп келіп,
Сол көктем нәріменен,
Жүрміз біз жазды өткеріп.
Сол әнді өшірме тек,
Алыс қой арман елі.
Өмірдің көшінде тек,
Жоғалтып алма мені.
Җоғалтсаң, қамықтырар,
Өтсек те көп күздерді.
Қайтадан жолықтырар,
Җастық шақ жоқ бізге енді.
БАУЫРЛАРЫМА
Балдай бір бала тілмен,
Сағыныштың бір әнін салатын ең.
Сол әніңнің әуені жетер ме екен,
Құстардың қанатымен.
Сағынышың сарғайтқан қалпың ұнап,
Жетермін мен сендерге алқынып-ақ.
Бір анадан туған біз алтау едік,
Бір өзектен басталған алты бұлақ.
Әрбіріңді ұқсатам толған айға,
Өмірді өмір осылай жалғамай ма?
Бұлақтардың тағы да жалғасы бар,
Тек теңіздер суалып қалмағай да.
Қарсы жүріп, соққан жел самалдарға,
Туған жерден ұшамын сан арманға.
Сендер барда қақым жоқ ез болуға,
Күрсінуден сақтасын анам барда.