Файл: Шал мен домбыра.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КОММУНИСТЕР

Қоммунистер,

Отанымды зор байлыққа бөледің,

Шахта қазып,

Кен қопарған қаһарманым сен едің.

Мұихттарда ақжал толқын үстінде де сен барсың,

Мартендерде алапаттай от ішінен көремін.

Өзіңменен сәнді менің,

күндерім де ак маңдай.

Небір ғажап жеңістерді

бастан кешкен шақ қандай!

Сәнді қала,

Егінді алқап - бәрі сенің қолтаңбаң,

Өзендер де соны айтуға ағып бара жатқандай.

Түнектерді жарып өтіп,

Нұр сыйлаған халқына,

Бүкіл әлем таңдай қағар сенің ерлік салтыңа.

Ғасырлардың көшінде өткен адамзаттың атынан,

Саған айтар алғысым зор, о, сүйікті партия!

Тарихында

ерліктерге толы қанша жыл ақты,

Туған өлке өз қолыңмен

қайта түлеп, гүл атты.

Қөк тіреген мұнаралар

жұмыр жердің төсінде,

Сенің биік мәртебеңді баяндайтын сияқты.

Адамзаттың сапары ұзақ,

Алда әлі зор мұрат.

Бақыт болып атар бізге

Алау таң да албырап.

Жер бетінің бақыты мен

шаттығы үшін осылай,

Жасай берсін коммунистер,

Ұрпағымен сән құрап!

МАЙ ГҮЛІ

Келдің бе сағындырған, мамыр айым,

Қелбетіңе, көркіңе табынайын.

Сен едің сұлулықтың падишасы,

Гүліңнен мен де алқа тағынайын.

Бөледің бір керемет шаққа мені,

Босағамнан бақыт та аттап еді.

Жұмыр жердің жүрегін жаралаған,

Соғыс та сен келгенде тоқтап еді.

Май айын жырлай берші, сүйікті өлең,

Алғысымды мен саған үйіп-төгем.

Бомбалардың орнына көктеп шыққан,

Май гүлін көтеремін биікке мен.

КӨҢІЛ

Мақсат тауы алдан қол бұлғайды көп,

Қарсы алдымнан бір дауыл тынбайды үдеп.

Табанымның астында әр тағдырдың,

Тентек,

Асау толқыны тулайды көп.

Білемін,

Мына дауыл, тынбас ағын,

Шуағы мол күндермен алмасарын.

Қара шашым әуеде өрнек салып,

Әр толқынның жалына жармасамын.

Ақбоз ауыл қалып ед ақ тілекпен,

Сол тілектің салмағы батты көптен.

Маңдайыма жазылған, тағдырым-ай,

Тау суындай ағысың қатты неткен.

АҚША ҚАР

Көркем дүние, сен не деген шаттық ең,

Сірә, бұл да қайталанбас шақ білем.

Төбем ғажап жапалақтап жауған қар,

Аяғымның асты мамық ақ кілем.

Дала жатыр жанары үнсіз жаудырап,

Ән салмайды бұрынғыдай бау, бұлақ.

Аспан көшіп келе жатқан секілді,

Ақ моншағы саудырап.

Ақ қар бетін жалғыз аяқ жол қылып,

Ақша жүзді ақша қарға тоңдырып.

Ақ әлемнің ортасында мен келем
,

Жұлдыздарды алақанға қондырып.

Аспан, бүгін сырын шерттің ақпанның,

Сезіміңді ағыл-тегіл ақтардың.

Алақанда демде еріп, мөлт еткен,

Қарды

кімнің көз жасы екен деп қалдым.

Бұл көркіңді бұрын талай жыр еткем,

Қөңіліме сағыныштан гүл еккем.

Келем міне, тағы кешіп ақпанды,

Җазды аңсаған жүрекпен.

МАСАТ БАТЫР

Маңқыстаудағы Ильич атындағы сов-

хоз маңында биік күмбезді мазар бар.

Сол мазардың іргесіндегі қара тасқа

ойылып түскен адам мен құлынды бие

іздері талайды таң қалдырды.

АВТОР.

Ежелгі дұшпан еңбектеп,

Батырға жақын келді ептеп.

Жалт-жұлт еткен семсерін,

Жіберді сосын сермеп кеп.

Қапыда мұны қас жауы кетті-ау табалап,

…О, ғаламат!

Жүгіріп сонда жөнелді молтақ денесі,

Домалап түскен ер басын етөгіне орап ап.

- Биік едің ғой құламас,

Өлгенде де батырға біткен мына бас,

Қалмасын, -- деген, -

Қас жаудың аяғы астында, -

Жанкешті болған тілегі еді бұл оның,

Тірінің дәті шыдамас.

Әріге барып құлады сосын өркеуде,

Өн бойын түгел қан жапқан.

Ерлікке мынау куә боп тұрды,

Сібірлей атқан маздақ таң.

Арда құлынын артынан ерткен төбелді,

Җануар, шіркін, торы бие,

Бассыз қалған иесіне қарай сол кезде,

Арқырай шаба жөнелді.

Күңіреніп кетті-ау дала да,

Қаншама ғасыр қырғынды көріп,

Көнбісті болған Жер-ана,

Басына талай жауының басын жастады.

Ал бірақ мынау қанды оқиғаны көргенде,

Сол Ана-жердің,

Тасы да ери бастады.

Із тастай алмай өткен өмірлер мәнді ме?

Балқыған тастың бетіне

шапағын төкті таң, міне,

Адаммен анау құлынды бие іздері,

Ойылып түсіп сол тасқа,

Қатып қалды сосын мәңгіге.

Қайран ел үшін

еңіреп өткен кешегі,

Масат батырды осылай өлген деседі.

Қанқұйлы мынау жауынан,

Жеңілсе-дағы биік тұрды оның меселі.

Дұшпаны-дағы ісіне,

Өкініп өзі кеті ме, бәлкім,

Белгісіз.

Болады кейде жеңіліс,

Жеңістерге де бергісіз.

Ерліктер,

Саған тоғысар келіп күллі арна,

Жетеді даңқың жылдардан асып жылдарға.

Жалғаспай сенің қалуың, сірә, мүмкін бе,

Замана саған арқасын сүйеп тұрғанда.

НҮРКЕННІҢ САҒЫНЫШЫ

(СОВЕТ ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ НҮРКЕН

ӘБДІРОВКЕ АРНАЛАДЫ).

Қол бұлғаған алдынан сан арманы,

Сан арманы бар еді жанарда әлі.

Көз жетпейтін биікке ұшып шығып,

Сол биіктен қайтадан оралмады.



Қайтпаймысың сен енді,

Талайлы өрен,

Сенен тарап тұр ма әлде арай деген?

Сұраулы ойдың арылмай желісінен,

Жанарына аспанның қарай берем.

Кеше ғана бала еді,

Өрімдей-ді.

Қабырғасы кімдердің сөгілмейді.

Бір жұлдызға айналып кетті ме екен,

Жер бетінде Ер Нүркен көрінбейді.

Қыран едің сен де бір тауда туған,

Айнымай ұқсайтұғын тауға тұлғаң.

Ашықтығын аспанның тілеуші едің,

Бір уыс жалыным-ай жауға атылған.

Сағыныштың байланып жетегіне,

Құстар-дағы оралар мекеніне.

Биіктік те жақсы ғой,

Биіктік те,

Туған жерге алайда жетеді не.

Бейбіт күнде жапырақ жайған елің,

Көрсем дейтін шығар-ау айна көлін.

Жерге тіреп табанын өскен еді,

Жер басуды аңсады-ау, қайран ерім.

Қандай ғұмыр онымен теңесті екен,

Ақын деп те мен оны елестетем.

Тоқтамастан бір нөсер жауды бүгін,

Нүркеннің сағынышы емес пе екен.

Аңсайды ол да орманды,

Қөлді, жерді.

Сағынышты қандай күш сөндіреді.

Бұлттар,

Бұлттар,

Бұлттардың арасынан,

Аспанда өлген ер Нүркен телміреді.

КЕНШІЛЕРГЕ

Достықтың сенен ғажап күшін көрдім,

Мен оны қандай сөзбен мүсіндермін.

Сен қазған шахталарға бойлап барып,

Тереңдіктің не екенін түсінгенмін.

Мақтанса,

Қарағанды мақтанады.

Куә болды бұл ғажап шаққа бәрі.

Қара алтындай көмірің шар тарапқа

Тау-тау болып жерімнен аттанады.

Сенің бұл мәртебеңмен таласты кім.

Мақтан етем сан ұлттың жарастығын.

Сан жетпес тарау-тарау шахталарың,

Қан тамыры секілді жер астының.

Бүгін асқақ шығады келісті үнің,

Сен арқылы мен енді өрістімін.

Жер астының тамыры соғып тұрса,

Бақыты баянды ғой жер үстінің.

Күз келген шақта,

Солғанда сайда көк құрақ,

Әндері тарқап

байырқағанда бақ, бұлақ.

Жай таба алмай ақ ала таңнан сені іздеп,

Қөңілім кетті көрінген жаққа шапқылап.

Бәлкім, сен де

аңсап жүрсің даусымды,

Қаңтардағы қар басқанда

қабат-қабаг тау шыңды.

Бәлкім, сенің маған деген сағынышың азайып,

Май шамдай-ақ ери-ери таусылды.

Өзгеріп кетсе біздердегі,

өр сезімнің мазмұны.

Сендегі және мендегі бұл -

жігерліліктің аздығы.

Мұндай күймен шешілмейді бақыт боп,

Махаббаттардың тағдыры.

Асқақ махаббаттарда

жеңіл жол жоқ,

Ұға алдың ба сен мұны?

Түйісе алмас жолдарымыз ендігі.

Бағытыңды бұзып алдың

айрық жолда абайсыз,

Бәлкім, оған кінәлі де емессің,

Апаттардың бұрылыста көп болатыны белгілі.


Білем, білем,

Ұзақ жауа алмайды ғой

Бұлт аз болса жауын да.

Мықтылардың мықтылығын

сынайды тек дауылдар.

Сенің маған келетұғын жолыңда,

Таусылмайтын тауың бар.

Сол таулардан аса алмадың,

Сеніміңнің бәйтерегі сұлады.

Сендік сезім жарым жолға

Жетпей жатып құлады.

Енді маған жете алмайсың, өйткені,

Сол таулардың бәрінен де

Махаббаттың тауы биік тұрады.

ЕЙ, ӨМІР!…

Оңай бақыт ориатпақ боп көңілге,

Ұмтылмаймын оңай іске, жеңілге.

Қарсы жүрем қиындыққа қашанда,

Қиындықсыз өткен өмір өмір ме?

Жас жанымды қиындыққа саламын,

Жеңілістен жеңер сабақ аламын.

Адам болып есігіңді ашыппын,

Есігіңді адам болып жабамын!

Қиыныңмен алысам деп сүзеген,

Әлі талай қателесем, түзелем.

Барлығына мойымаймын, -

Адаммын!

Суға салса еріп кетер тұз емен!

Лақтыра бер тереңіңе лақтырсаң,

Ренжімеймін, қиындыққа тап қылсаң.

Баскетболдың добындаймын,

Ей, Өмір!…

Биігірек аспандаймын қатты ұрсаң!

БАЛҚАШ ПЕН ҚАЛҚАШ

Мен бүгін, міне, қайтадан Қараталдамын,

Сағынышымды талайғы тарата алмадым.

Сипалап ұзақ тұрып ем жаға талдарын,

«Сипашы, сипа!…» дей берді алақандарым.

Жағалап біраз жүрдім де өзенді көрдім,

«Қош келдің!» -- деді зәмзәмі жердің.

Сағынған жанар суынан бір ұрттап алды,

Ыңылдай бердім сонан соң ұмытқан әнді.

Ән айтпай қайтем? Сұлу ғой ортам шолпылы,

«Айта ғой, айтшы», - дегендей шортан шоршыды.

Өткелге келіп, қайтатын су алып көп күн,

Балалық шақты аңсадым! Қуанып кеттім!

«Өлең іле ме, -- деп еді, - бала қармағын»,

Толқындап кетті менің де Қаратал - қаным.

Қуанып-шалқып, тасынған қалпымда жүріп,

«Қай жаққа тарттың?» - дедім бір толқынға

күліп.

«Асығып барам… алаңдар Балқашым!» -- деді,

…Білем ғой, өстіп күтуде қалқашым мені!