Файл: Шал мен домбыра.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 49

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


БИІКТІК

Барлық жүректің тұнық сырларын шайқады,

Сендегі сазды байтақ үн,

Сонда мен саған,

Табиғат берген дарынды,

Көре алмай жүрген жандар барын да байқадым.

Қарадым сонда олармен сені салмақтап,

Дарыныңды олар күншілдікпен тартып алмақ па?

Җапалақ қонған төбеге қарай қанатын,

Қарғалар қағар қалбақтап.

ҰРПАҚ ҮНІ

Өзің шыққан биігіңнен өз еркіңмен құлама,

Түсінбейтін адамдарға мұңыңды айтып жылама.

Түрлі-түрлі тағдырлар бар, әрқайсысы бір аңыз,

Біздер кейде көздің жасын жас деп қана ұғамыз.

Адамзат бұл қанша жасап, қанша рет түледі,

Оны мына туған жердің топырағы біледі.

Әр ұрпақтың мойынында борышы бар жүктелген,

Тарихтың беті мынау қат-қат болып бүктелген.

Құпиясын ішке бүккен, іздеп жүріп ашпасаң,

Тарихтың соңғы сөзі болмақ емес ешқашан.

Сол тарихтың таза жатқан бір парағы сенікі,

Бір парағы менікі.

Әрбір ұрпақ сол параққа қол таңбасын қалдырар,

Мұның өзі тым ұзақ жол құс қанатын талдырар.

Кей заманды еске алудың өзі тіпті үрейлі,

Ата-бабам қашаннан да бізден ерлік тілейді.

Ұрпақтарын ұрпақ демес ерлік ісі қалмаған,

Ерлігі жоқ ұрпақтардың елдігі де болмаған.

САҒЫНЫШЫММЕН…

От болып лаулап, керемет жану үшін мен,

Ақ махаббатым,

Жебеші ақ ырысыңмен.

Суық бөлмеде отырып хат жазайын бір,

Саусақтарымды жылытып сағынышыммен.

Заңғар аспаннан жаныма жасын алайын,

Тау езеніндей биіктен тасып ағайын.

Өктем боп келген екпелі ағайындарды,

Қөктем боп қарсы ап,

Өлеңге қосып алайын.

Өткен күндерде менің де есем бар кеткен,

Менен де мынау ғажайып көшер ме көктем?

Сағыныш деген -

Бұл да бір көктемгі жаңбыр,

Сатыр да сұтыр төбемнен нәсерлеп өткен.

Тербеші мені,

Тербеші байтақ әніңмен,

Атыңды атап күн сайын қайталайын мен.

Маған кеп соққан салқынның барлығын-дағы,

Сағынышыммен жылытып қайтарайын мен.

БҰЛАҚ

Қаратаудан құлайды жалғыз бұлақ,

Җалғыз бұлақ,

Кімдерден қалдың жырақ?

Сен басталған сол тауда қимастықпен,

Менің де балалығым қалды жылап.

Җалғыз бұлақ,

Мұндасым, монтанысың,

Неліктен сені жақын тартады ішім?

Асып-тасып барасың қайда асығып,

Жалғыздықтың мұңынан қорқамысың?

Ақ бұлағым,

Балауса балаң мүсін,

Бақытыңды сол жақтан табармысың?

Жалғыздықтан қашқанда, мөлдірім-ау,


Шөлге барып ұрынып қалармысың?

Сені қимай үнсіз тұр Қаратау да,

Җапырағын бұлғайды бала тал да.

Жалғыз бұлақ, сен едің таудан аққан,

Жалғыз келер мен едім саған таңда.

Уақыт бұл бір орнында тұра ма екен,

Сағынышқа айналар мына мекен

…Бұлақ болып басталған бұл өмірім,

Қай жерде қандай көл боп тұнар екен?

МАҢҚЫСТАУ

Кең кеудем менің әуенге толы ағылыс,

Сиқырлы саздар таратқан,

Туған жер, сені аңсатып қойған сағыныш,

Тыншытпай мені баратқан,

Мен бүгін шексіз айылын жимас ақ айдын,

Тау толқындарын боратқан.

Жо-жо-жоқ,

Бүгін екпіні ерен «Адаймын»,

Төгіліп берер сағақтан.

Өзіне қарай алды да ұшты бұлқынып,

Сағынышым тербеп тереңнен.

Туған жер, сенің

Құмыңды кешіп ұмтылып,

Жығылып-тұрып келем мен.

Барлық жүректі шақырып мұнда жүр кеме,

Махаббат шашып маяктан.

Шұғылаға бөлеп жатады екен түнде де,

Мұнарлардан тарап таң.

Жалқаулық, енді күйбеңде,

Сол таңның оты барады сені жандырып.

Сол таңның алтын шұғыласы мені сүйгенде,

Ғашық болады бар жігіт.

Мұнайлы өлкем,

Сен де бір ғажап арай күн,

Жұлдызы болып,

Бақытын ашқан талайдың.

Мен болсам сенен кетіп ем алыс сапарлап,

Алатау жақтан сүйсініп бүгін қараймын.

Мұнайлы өлкем,

Келісті мекен, кенді өңір,

Көркіңді сенің жөн бе екен, сірә, аңсамау.

Шіркін-ай, сенің мақтаныш етер мен де бір,

Маягың болып жарқырап мәңгі жансам-ау!

AFA

Пәк жүрегіңмен,

Ізгілігіңмен өр едің.

Адамдығыңа басымды иіп келемін.

Асқар тауымдай сен жоқта, аға, мен де бір,

Маяк іздеген кемемін.

Шақырады алдан қол бұлғап мені нұрлы үміт,

Тағдырым менің шапағатыңмен тұр жылып.

Адалдық барын, арамдық барын емірде,

Айттың сен маған сыр қылып.

Дарқан жандар көп болғанмен, жан аға,

Талдың бәрі іске аспайды қатар өскен жағада.

Өзендердің бәрі бірдей құймады деп мұхитқа,

Табиғатқа өкпелеуге бола ма?

Жан аға, сені бір кезде,

Алдаған жандар мәрттік дегенді сезінсе,

Жоқтап жүр сені меніңше,

Бұлбұлдары жоқ бақтай құр,

Дәл сендей адам таппай жүр.

Адамдар бар ғой жылусыз әрі жақұтсыз,

Өз биігінен құлағандар бар уақытсыз.

Қайткен күнде де,

Жүрегі дарқан адамды,

Алдаған жанда обал жоқ,

Алдағап жандар бақытсыз!

ҚҰРБЫМА

Дос жүректің айнымас даралығы-ау,

Үмітін үзбей қойған сана мынау.

Сен жақтан арайлы таң күткен едім,



Бұлт көтеріліп шықты ғой, қарағым-ау.

Қалай болды,

Жолсызға беттегенің?

Қінә тақпа желіне көктеменің.

Дауылдарда құлаған теректердің,

Көргем сұлап жатып та көктегенін.

Бұлттың бәрін жауын деп,

Желдің бәрін дауыл деп түсіндің бе?

Бір кездегі тым асқақ арманыңның,

Сынатпақсың сонда енді күшін кімге?

Сен ерекше ең,

Ішінде бар тұлғаның,

Қөруші ем көңіліңе ән тұнғанын.

Қалай болды, құрбым-ау,

Қалай болды.

Шөлге ұсынған өзендей сарқылғаның?

Бұл тағдыр жасықтарды сүйретпеген,

Орта жолда тоқтады күйреп кемең.

Армандауды үйреткен табиғатың,

Күресуді қалайша үйретпеген?

Көз жасымды көл қылып жыламаспын да,

Мен ешкімнен жылы сөз сұрамаспын да.

Ақындарға тән нәзіктік, тәкаппарлықпен,

Бұршақты қара дауылдың тұрам астында.

Асқақтап тұрып айтар ем, жалындап әнді,

Сен болсаң сонда, аяулым, жанымда мәңгі.

Өзіңсің мендік жүректің толғанысы да,

Өзіңсің нәзік жанымның қорғанышы да.

Таусылып барып, арнамда толып едім-ау,

Бей уақыт келіп бақытым қонып едің-ау.

Өткінші жаңбыр секілді көктемімдегі,

Бей уақыт ұшып басымнан кетпегін енді.

ЖАРЫҒЫМ

Жарығым,

Жеткізбеген армандардың бәрі мұн,

Өзің жайлы жыр жазуға құштар-ақ,

Бойымдағы жалыным.

Болайыншы бақытыңның тіреуі,

Болайыншы жүрегіңнің тілеуі.

Жабыққанда жанарыңнан үзілген,

Болайыншы қос тамшының біреуі

.

Көбелектер қаптағанда бар маңға,

Алма бақтар гүлін жиып алғанда,

Біздер бірге аттанғанбыз арманға,

Бірге алғыс айтамыз сол таңдарға.

Махаббат бар біздерде,

Аласармас тау сынды.

Мен жырлаймын өзім жайлы,

Сен жайлы,

Домбыраңа қосып алшы даусымды.

Менің мәңгі іңкәр өлкем - жыр айдын,

Җыр айдыннан ізде мені, шырайлым.

Сол айдыннан биікке ұшып шығам да,

Жүрегіңе өлең болып құлаймын!

ЕРЛІК

(Баллада)

Соғыс біткен,

Жауды жеңді замананың ұлы елі,

Біз әңгіме етіп тұрған бұл ауыл,

Зұлым жауға берілмеген,

Бекіністің бірі еді.

Туған дала қара орманды, шатқалды,

Сенімменен тағы күтіп алды мынау ақ таңды.

Көктеменің сұлу әні саз құрап,

Тербетеді бақтарды.

Мектепке алғаш келген балғын бұлдіршін,

Тұңғыш рет әліппені ақтарды.

Ал жоғары кластардың бірінде,

«Азаматтық қорғаныстан»

Сабақ өтіп жатқан-ды.

Жеткіншектер,

От ойнаған жанарда,

Ертең мынау ұлы Отанның

биігіне қонар ма…

Аға сержант тұрды сабақ жүргізіп,

Сөзін арнай соларға:


- Зұлым жаулар

күл етпекке бекінгенде өлкемді,

Қан майданда қанша бақыт өртенді.

Қаншама гүл көктей беріп қурады,

Дәл мундайды бабалар да

көрмеп еді туғалы.

Күңіреніп дала жатты жаңбырсыз,

Ормандар да селт етпестен

Ойға шомып қалды үнсіз.

Есесіне снарядтар сөз алды,

(Алдыменен соның тілін кесер ме ед).

Җаңбыр емес,

Жер-ананың төсіне,

Оқ жауды ғой нөсерлеп.

Ілесе алмай үмітінің соңынан,

Бұлақ - арман кері қайтты жолынан.

Қамалды ойлар сан күдіктің торында,

Өмірге алғаш тәй-тәй басқан сәбидің,

Мина жатты жолында.

Бірақ, ұлы махаббатқа тең келер күш қайда бар,

Оның жолын кесе алмайды

алмастар мен найзалар.

Туған жерге деген ғажап сол сезім,

Артқа тастап төрт көктемді,

Төрт күзді,

Ұлы Жеңіс күніне де жеткізді.

Қасық қанмен қорғап қалған өлкемді,

Сол ерлермен өмір мынау көркем-ді.

Енді сендер -

сәбилердің күзететін ұйқысын,

Енді сендер -

Ұлы Отанның қорғанышы ертеңгі, -

деді-дағы аға сержант

терезеден түу алысқа қарады.

Тілмен айтып жеткізуге болмайтың,

Бір сезімге толып тұрды жанары.

- Желбіреп тұр сол Жеңістің туы әлі,

Дегенменен,

Аз ба мынау замананың сұрағы.

Он сегізде кеткен ұлдар қан майданнан оралмай,

Қарт ананың жанарынан

жас боп тамып жүр әлі.

Еңкейтпеуге тиістіміз бабалардың намысын,

Ол соғыстың сабақтарын білген дұрыс сол үшін.

Қорғай да біл туған жерді жауыңнан,

Қорғана да білу -

басты борышың!

Җандар болса,

Борыш жайлы сезімдерін қалғытқан,

Олар үшін мазмұныңмен

атпақ емес албырт таң.

Ерлер барда елдігіміз жоғалмас,

«Азаматтық қорғанысты»

үйренеміз сондықтан, -

деді-дағы,

Тоқтата алмай тасқын ойдың бұлағын,

Сөзін тағы жалғап кетті салмақпен,

Жанарынан төгілдіріп мейірімнің шуағын:

- Ал, достарым, мен енді,

Әңгімемді ең негізгі арнамызға бұрамын.

Біздер өткен сабақта

Көп нәрсені айтқан едік жалпылап,

Ал бүгіннен бастап енді соларды,

Жеке-жеке оқымақпыз талқылап.

Міне, мынау граната белгілі,

Осы жайлы болмақ біздің әңгімеміз ендігі.

Мынау тетік,

Мұны, әрине, жай уақытта ашпайды.

Ал егер де ашар болсақ,

Алдымен

ысылдаған дыбыс шыға бастайды.

Сезінеміз және күйік иісті.

Ал содан соң төрт секундтың ішінде,

Граната жарылуға тиісті.

Жай металлмен қапталған бұл айнала,

Міне, қазір сол тетікті ашамыз, -

деді ол сәл-пәл ойлана, -

- Біз, әрине, бұдан ешбір
дыбыс ести алмаймыз,

Өйткені оқу құралы бұл жай ғана.

Кім ойлайды қатер бар деп шат тұрмысты шақтарда,

Десек-дағы бір сәтсіздік үнсіз күтіп жатты алдан.

Мына қару қалдығы еді сонау жылғы соғыстың,

Ескі мектеп қоймасында ұмыт қалып сақталған.

Аға сержант байқаған да жоқ мұны,

Сөйлеп тұр ол,

Жігерлі еді отты үні.

Ол содан соң тетікті ашты ақырын…

Осы сәтте…

Тас-талқан кып тыныштықтың шатырын,

Өмір гүлін ала қашқан жыраққа,

Әлгі сұмдық дыбыс келді құлаққа.

Пенде біткен бақыт тауып тірліктен,

Шешек атып тұрған шақта гүл біткен,

Жібек самал өсіп тұрған өмірде,

Дәл мынадай сұмдық барын кім күткен?

Не болғанын ұға алмай,

Жиырма бала қарай қалды шошына.

О, тағдыр-ау, тар жерде,

Қатслескен дегеніңіз осы ма?

Қас қағым сәт,

Амал таппай бола ма,

Сансыз ойлар ойран салды санада.

Терезеден лақтырмақ боп ұмытылған,

Асыр сап жүр бүлдіршіндер далада.

Бұл қатерге жарты кадам қалғанда,

Амал тауып шыға алатын жол бар ма?

Қайда ғана,

Қайда ғана жасырмақ,

«Бітті бәрі» - деген ой да

өте шықты тасырлап.

Ажал оғы мына жиырма баланың,

Міне, міне,

төбесінен шашылмақ.

Осы сәтте

бір шешімге тоқтады да түйінді,

Аға сержант айғай сала;

«Жатыңдар!» - деп бұйырды.

Деді-дағы жанартаудай

атылғанда күш бұла,

Пенделіктің қабырғасын қақ айыра ышқына,

Екі-үш қадам шегінді де,

Жата қалды бүк түсіп,

Гранаты бауырына басты да.

Жарылыстан тітіреді мектептің де төбесі,

Күрсіне бір тыныс алды туған жердің белесі.

Арнасынан кең айдынға шыға алмай,

Жас жігіттің тоқтады өмір кемесі

.

Тоқтады өмір осылайша,

Бірақ ерлік өлер ме.

Ерлеріне деген елдің,

Махаббаты сөнер ме!

Ерлік жайлы жыр толғатып,

Мына алау аспаны.

Ол елінің жүрегінде

өмір сүре бастады.

Борыш деген бір ұғым бар,

Ұлылықпен жататұғын өтеліп.

Сәлден кейін туған елі батырын,

Бара жатты тебесіне көтеріп.