Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 1990
Скачиваний: 14
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
75. XX ғасырдағы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруінің негізгі кезеңдерін анықтаңыз. Әр кезеңнің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
1. 1917 жылы халық санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама өскендігі байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен, солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ ұлтының құрамы басым еді.
2. Оңтүстік облыстарды қосу нәтижесінде Қазақстан аумағы ұлғайды. Қазақ АКСР-і одақтас республикалар арасында көлемі жағынан екінші орын алды. Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, күш-қуаты артты.
1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Қазақстанның демографиялық көрсеткіші халық санағының қорытынды мәліметі бойынша 6,2 млн адамды құрады. Полиэтникалық республикамызда 86 ұлт пен ұлттық топтар өмір сүрді.
3. 1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамы өзгерді. 1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 30-жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық жалпы халық санының әсіресе қазақтардың кемуіне жеткізді. Тек ашаршылық кезінде республика 2 миллионға жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды. 1937 жылғы халық санағы бойынша 5,1 млн адам тіркелді. Оның ішінде қазақтар – 42,6%, орыстар – 37,4%, украиндар – 10,7% адамды құрады. 1937 жылы қаңтарда өткізілген бір күндік санақ қорытындысы дұрыс емес деп танылып, мәліметтері құпия сақталып, жойылды. Халық санының азаюын көшіп кеткен ұлт өкілдері санымен түсіндірген. Санақ жүргізгендердің біразы қуғын-сүргінге ұшырап, көпшілігі атылды. Бұл санақ материалдары жарияланбай, ұзақ уақыт бойы КСРО мұрағаттарында сақталып қалды. 1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтар саны 2,3 млн адам болды. Қазақстанда этностардың жаңа көрсеткіші қалыптасты. Ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 37,8%-ға азайды. Ал, жалпы халықтың үлес салмағының 40%-ын орыстар құрады.
4. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықтар депортациясы
болды. ХХ ғасырдың 30–40-жылдары КСРО басшылығы жеке халықтарды республика аймағына депортациялау, күштеп жер аударуды жүзеге асырды. 1936 жылы «арнайы қоныс аударылғандар» деп аталғандардың саны 360 мың адамға жетті. 1936 жылы Қазақстанға Украинаның батыс аудандарынан 15 мың поляк және неміс отбасылары жер аударылды.
Қуғын-сүргінге ұшыраған халық өкілдері қазақ жерінде екінші отанын тапты. Солардың бірі белгілі жазушы Герольд Бельгер Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға көшірілген неміс отбасында өсті.
1937 жылы Қиыр Шығыстан корей халқы да жаппай күштеп қоныс аударылды.
1937–1938 жылдары Кавказдан шегара аймақтарында тұратын күрд, ирандықтар мен түріктер «сенімсіз халықтар» деген желеумен көшірілді. 1937 жылдың соңында Әзірбайжан, Армения КСР-і елдерінен мыңнан астам күрд, түрік отбасылары Қазақстанға әкелінді. Оларды, негізінен, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының ауылдарына орналастырды. 1938 жылдың қазан-қараша айларында Әзірбайжаннан осы облыстарға ирандық 2000 отбасы қоныстандырылды.
5. Соғыс жылдарындағы кеңес өкіметінің депортациялық саясаты. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның этнодемографиялық жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Қазақстанға жүздеген мың адам еріксіз көшіріліп әкелінді. Жалпы соғыс жылдары алпыстан астам ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды. 1941 жылы қыркүйек айында депортацияның алғашқы легі кеңестік немістерді көшіру науқанынан басталды. 1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 420 мың неміс жер аударылды. Арнайы қоныс аударылғандар көбінесе тек елді мекендерге орналастырылды. Үй-жай, мал-мүлігін тастап, көшу кезінде оларға өзімен бірге тек қажетті заттарды ғана алып кетуге рұқсат берілді. Ұлты неміс әскери басшылар мен әскер қатарындағылар армиядан аластатылды. Неміс халқы республиканың облыс орталықтарынан көшіріліп, соғыс кезінде өндіріс орындарындағы ауыр жұмыстарға жаппай жұмылдырылды, МТС, совхоздар мен колхоздарға жіберілді.
1943 жылы қазанда Қарашай автономиялық облысы таратылып, қарашайлар күштеп көшіріле бастады. Облыстан 14 774 отбасы, жалпы 70 мыңдай адам депортацияланды. Сол жылы Еділ қалмақтары елдің шығыс, солтүстік аудандарына және Оралға жер аударылды. Жалпы 100 мыңға жуық адам көшіріліп, оның 648 отбасы немесе 2 268 адамы Қызылорда облысына қоныстандырылды.
1944 жылы қаңтарда Мемлекеттік қорғаныс комитеті қаулысымен Қазақ КСР-і және Қырғыз КСР-і жеріне шешен және ингуш халықтарын көшіру туралы шешім қабылданды. Аталған халықтарды көшіру 1944 жылы ақпанда басталды.
6. Бүкілодақтық санақ қорытындылары бойынша халықтың ұлттық құрамындағы өзгерістер. 50-жылдардың ортасында КСРО-ның одақтас республикаларынан ағылған жүздеген мың тың игерушілер есебінен көбейді.1959–1970 жылдары Қазақстанға сырттан келушілердің көші-қоны азайып, ұлттық құрамында қазақтардың үлесі ұлғайғаны байқалады.
Қазақстан халқын 13 млн адам құрады. 1970–1989 жылдары Қазақстандағы қазақтардың негізгі этнодемографиялық сипаттамасы: халық аштықтың және 30-жылдардың қуғын-сүргін салдарынан қалпына келе бастауы еді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтар саны көбейді. Ұзақ жылдар бойы солтүстік және шығыс аймақтарда азшылықты құраған қазақтардың үлесі артқаны байқалды.
ХХ ғасырдың 30–40-жылдары кеңестік биліктің қысымымен Қазақстанға қоныс аударылғандар мен жергілікті тұрғындар арасында мәдени тұрғыда қарым-қатынас орнықты. Қоныс аударғандар қазақ тілін меңгерді, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағам мен киім кию салтын да қабылдай бастады. Өз кезегінде жергілікті қазақтар жаңадан көшіп келгендердің музыкасы, тағам мәзірі, бау-бақша өсіру тәсілдерін меңгерді.
76. «ХХ ғасырдың басы Азия мемлекеттері үшін ояну дәуірі» болып табылады. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Бұл пікірмен келісемін. Халықты жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстырып, сананы оятуға бағытталған қозғалыс ХХ ғас басынан бастау алды. Көптеген ұлтымыздың мәдени- басылымдардың ішінде ең танымал «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын рухани дамуын атап айтуға болады. Бүкіл қазақ жерін қамтыған 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық үшін күресінің шырқау шыңы болды. Халықтың бостандығы үшін күресте бастарын бәйгеге тікті.
Бұл уақытта әлемде қандай оқиғалар орын алды? Батыс Еуропа елдері Англия, Франция, Германия, Италия ірі өнеркәсіптік мемлекеттерге айналды. Азия елдерінің ішінен Жапония бірінші болып капиталистік қатынастарға көшіп, ірі капиталистік мемлекет қатарына енді. Ғылым мен техниканың даму үдерісі басталды. Қалалардың саны мен сапасы артты. ХХ ғасырдың басында дамыған батыс елдерінің арасында дүние жүзін бөлісу аяқталды. Қалыптасқан империялардың ішінде (Португалия,Испания, Франция) ең үлкені Британдық империя болды. Көптеген Азия және Африка елдері егемендігінен айырылды, мәселен, Қытай, Түркия, Иран мемлекеттері отарға немесе экономика жағынан империалистік мемлекеттерге тәуелді жартылай отарларға айналды. Ұлт-азаттық күрес күшейе түсті. 1905-1907 жылдардағы Бірінші орыс революциясынан кейін Азия елдерінде орын алған буржуазиялық, ұлт-азаттық революциялар толқынын В. И. Ленин «Азияның оянуы» деп атады. 1905-1911 жылдары са яси үдерістер Қазақстанға қалай әсер етті? Ресейдегі бірінші орыс революциясы, сонымен бірге Иранда феодализм және отаршылдыққа қарсы ұйымдастырылған революция елді дүр сілкіндірді. 1908 жылы жас түріктер төңкерісі жеңіске жетіп, қоғамында саяси белсенліктің артуы неден көрініс тапты? Түркияда конституциялық құрылыс орнады. 1911-1913 жылдары Қытайда Синьхай революциясы Қытай Республикасының құрылуымен аяқталды. Алаш қайраткерлері ХХ ғ. Басында ұлттық мүддені қорғауға ұмтылды. Жетекші мемлекеттердің арасындағы қайшылықтар дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты. Соғыстың зардаптары, капиталистік езгінің күшеюі социализм идеясының кеңінен тарауына себеп болды.
Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады. Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.
77.«Тілді шетелдік сөздермен шұбарламай, тіл тазалығын сақтау керек, өйткені шетел сөздері басқа этностардың мәдениетін, ерекшеліктерін, кодтық ақпаратын таратады» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Тіліміздің аясын кеңейтіп, оны әрі қарай дамытудың басты шарттарының бірі – тіл тазалығын сақтау. Тіл тазалығын сақтау сауатты жазумен, әуезді сөйлеумен, тіл заңдылықтарына қарама-қайшы келмейтін мәселелерді ескеруді білдірсе керек. Өз басым ана тілінің жанашыры ретінде осындай сауалдарға көптен бері назар аударып, азды-көпті зерттеп келемін. Сонда байқағаным, біз көбіне-көп тіл тазалығына мән бере бермейді екенбіз. Біз деп отырғаным, әрине, барлығы емес. Тілге жауапсыз қарайтын, тіл әуезділігін, дыбыс үндестігін сақтамайтындарды айтып отырғаным ғой.
Еліміз өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ана тілімізге ерекше мән бере бастағанымыз белгілі. Кеңес Одағы тұсында қаншама мың қаракөздеріміз өз тілдерін ұмыта бастады. Бұл қазақтың саф алтындай таза тілінің сапасына да айтарлықтай әсер етті. Өйткені қос тілдік кеңістік қалыптасты. Тілдердің бір-біріне «ықпалы» да күшейді. Нәтижесінде тіліміз шұбарланды. Өзге тілдердің сөздерін араластырып сөйлеу жиіледі. Мұның барлығы, әрине, тіл тазалығы дейтін мәселені күн тәртібінен түсірген жоқ. Бәлкім, осындайдың әсерінен бе, «шала қазақ» деген ұғым пайда болды. Өз тілін дұрыс білмейтін, бірақ азды-көпті сөздерді айта алатын, орысша араластырып сөйлейтін қазақтарды «шала қазақ» деп атайтын болдық. Сайып келгенде, мұның барлығы тіл тазалығына бейжай қараудан басталса керек-ті. Өйткені кез келген ұлт өкілінің өз тіліне деген құрметі таза сөйлеумен, өз тілін жақсы білуімен өлшенері хақ.