Файл: 1.Индустрияландыру, жаырту тарихи терминдеріне анытама берііз. Индустрияландыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 1992

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Шикізаттық экспорт тауарларының табиғи салыстырмалы артықшылықтары бар, олар әлемдік нарыққа шығуды жеңілдетеді:

      қосылған құнның қысқа тізбектері;

      тасымалдау мерзімдеріне төмен сезімталдық;

      негізінен, жергілікті табиғи ресурстардың жеткізілімдеріне тәуелділік;

      өндіріс ауқымы әсерінің болуы;

      салыстырмалы түрде жоғары үлестік құн, бұл теңізге шығудың болмауы және қазақстандық экспорттаушылардың өткізу нарықтарынан географиялық қашықтығы жағдайында көлік шығыстарына сезімталдықты азайтады.

      Нәтижесінде шикізаттық экспорт үшін транзакциялық шығасылар азаяды, экономикалық агенттердің, сондай-ақ агенттер мен реттеуші органдар арасында үйлестіру қажеттігін барынша азайтады.

      Алайда жақын арада энергия ресурстарының жоғары бағаларын күту қиын, олар 2000-жылдардың "мұнайдың өсуі" моделін қалыптастырды. Қазақстанның шикізаттық тауарлар бойынша бәсекелес артықшылықтарын сақтай отырып, келісілген экспорттық стратегия тетіктері арқылы шикізат емес өнімдердің жаһандық нарықтарына шығу әлеуетін ұлғайту қажеттігі туындады.

72. «Көшіп-қонудың табиғи циклдері қазақтардың мәдени-генетикалық кодының бір бөлігі». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.

Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр.  Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді

Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста 
Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді.

Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт – қазақ халқы өз жерінде азшылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этнографиялық диаспораның өкілі тұратын “интернационалдық” мекенге айналды. Ал 5 млн-нан астам қазақ диаспорасы шет жерде мекендеді. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді елге айналған 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап соңғы он жыл ішінде көші-қон басқаша сипат алды. Қазақстан Республикасының 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары көші-қон саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі. Сөйтіп, өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасау мәселесін мемлекет тұрғыда шешу ісі қолға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сияқты мемлекет және беймемлекет мекемелер құрылды, шет жұрттан ата жұртына көшіп келетін оралмандарға жыл сайын өсіп отыратын квота белгіленіп, олардың белгіленген аймақтарға қоныс теуіп жайғасуы үшін мемл. және жергілікті бюджеттерден қаржы бөлініп тұратын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға мәжбүрлі жағдайда көшіп келіп, тұрақтап қалған көптеген ұлт өкілдері өздерінің ата жұртына көшіп баруға мүмкіндік алды;

73. «Ресей империясы қазақ балаларын патша үкіметіне адал шенеуніктерді даярлау мақсатында оқытқан» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.

Бұл пікірмен келісемін. Ресей басқармасы үшін маңызды лауазымды орындарға қазақ элитасын тарту – қазақ қауымын өздеріне иландырып және қазақ жеріне бақылау орнатқысы келетінін көрсетті. Сонымен қатар Ресей билігінің саясаты – көшпенділердің әлеуметтік құрылымын жойып, далалық императорлық биліктің сенімді басшылары ретінде қазақ шенеуніктерінің пайда болуына бағытталды.

Шенеуніктер даярлау саясаты қалай жүзеге асырылды?



Қазақ шенеуніктері үшін өз биліктері мен беделдерін сақтап қалу маңызды болды. Осыған орай қазақ элитасының өкілдері Ресей империясының шенеуніктер тізімін толықтыру үдерісінде ерекше рөл атқарды. 1799 жылы мәслихатшы штатына қазақ халқынан алғаш рет адам алған Орынбор шекаралық комиссиясы құрылады.

Орынбор әкімшілік комиссиясының алғашқы мәслихатшыларының бірі Тәуке Айшуақов болды. Сөйтіп, қазақ даласында ХІХ ғасырдың тәуір лауазым мен маңыздылық жолында империялық Ресейдің басқарушылық жүйесінде шектеулі шоғырланған қазақ элитасы өкілдерін алдыңғы орынға шығарды.

Қазақ шенеуніктерін қалыптастырудағы Ресей өкілдерінің келесі қадамы татар және орыс тілдерін білетін басқармашы даярлау болды.

Қазақ балалары түлеп ұшқан – Неплюев әскери мектебі

Қазақ даласында орысша білім алуға алғаш үгіттеген Бөкей ордасының ханы Жәңгір хан еді. Ол орысша білім алудың жақтаушысы бола отырып, қазақ балаларының Неплюев оқу орнында білім алуына себепкер болды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 20-30-ыншы жылдарында алғашқы оқушылар Бөкей ордасынан шықты.

Неплюев әскери мектебі 1825 жылы 2 қаңтарда ашылып өз тарихында атауын бірнеше рет өзгертті. Бұл оқу орны 1918 жылға дейін жемісті жұмыс істейді.

Орыс шенеуніктері білімді қазақ жастарының түрлі қызметке араласуына ерекше назар аударды. Оқуын жақсы бітірген, қарапайым отбасынан шыққан балаларға – офицерлік шен, төмен нәтижелі түлектерге – қатардағы офицер шенін, жоғарғы көрсеткіші бар сұлтанның балаларына – жүзбасы шенін, кері нәтиже көрсеткендерге офицер шенін берді.

Қазақ халқы балаларының Ресей оқу орындарында білім алуын толық қолдамады. Себебі, «Кадет корпус» дегенді екінің бірі біле бермеді. Орыстар қазақ балаларын шоқындырып, кейін әскерге беру мақсатында оқытып жатыр деген әңгіме көп таралды.

Алғашқы шенеуніктердің қызметтері қандай болды?

Кадет корпусының түлектері Ресейдің Далалық әкімшілік басқару жүйесінде көбіне өз әкелерінің қоныстарында әртүрлі лауазымдарға жолдама алды. Мысалы, Неплюев кадет корпусының түлектеріне шен беру лауазымдары мынадай үлгіде болды: М.Г. Тәукин (1809-1894) – алғашқы бес қазақ түлектерінің бірі. Оқуын бітірген соң ол Орынбор мекемесінің батыс бөлігінде ұзақ жылдар бойы сұлтан-басқарушы болды, полковник болғаннан соң 30 жыл бойы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Оның қызметі полковник шенімен және қасиетті Владимирдің төртінші дәрежелі орденімен бағаланды.


Мұхаммед-Салих Бабажанов (1832-1871) Ішкі Ордадан шыққан. Неплюев кадет корпусын бітірген соң аудармашы лауазымын иеленді, кейін Ішкі орданы басқарудағы Уақытша кеңестің кеңесші қызметін атқарды. Ол ғылыми ізденістермен айналысып Санкт-Петербургте 1825-1864 жылдары жарық көрген «Северная пчела» газетінде, 1853-1864 жылдары шыққан «Этнографический сборник» журналында, «Императорлық орыс географиялық қоғамы» жаңалықтарында, сондай-ақ Қазан университетінің Саратов, Астрахан губернияларының мерзімді баспаларында мақалалары жарияланды. 1861 жылдан бастап Мұхаммед-Салих Бабажанов Орыс географиялық қоғамында Шоқан Уәлихановпен бірге қызметтес болды. Этнография бөліміне сіңірген еңбегі мен қазақтардың тұрмысы жөніндегі мақалалары үшін 1863 жылы ОГҚ-ның күміс медалімен марапатталған алғашқы қазақ.

Жалғасқан мүдде және орыс-қазақ мектептерінің ашылуы

Қазақ даласында жаңа әкімшілік-территориялық бірліктердің және оларға сай басқару аппараттарының пайда болуына байланысты білімді шенеуніктерге сұраныс өсті. Қазақ жастарына білім, тәрбие беруде 1850-1869 жылдары жұмыс жасаған Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан ашылған қазақ мектеп-интернаты ерекше рөл атқарды. Шекаралық комиссия Кіші жүздегі сұлтандар мен дистанциялық бастықтары жанында іс жүргізе алатын, сонымен қатар тек қазақтар ғана тағайындала алатын қызмет орындарында жұмыс істеуге қабілетті қызметкерлер даярлау үшін 1844 жылы 14 маусымда арнаулы ереже қабылдады. Бұл мектептерді ашудағы мақсаттардың бірі – Орынбор әкімшілігіне қажетті қызметкерлер дайындау еді. Сол себепті В.В. Григорьев қазақ мектебін болашақта дамыту туралы айта келіп, бұл мектепті орыс-қазақ мектебіне айналдыру қажеттігі туралы сөз қозғаған бірінші адам болды. Ол қазақ балаларының орыстармен етене араласуы ауызекі орыс тілін тез игеруге көмектесетінін айтты.

ХІХ ғасырдың 60-ыншы жылдары Қазақстан Ресей империясына қосылуы аяқталып, Далада Ресей үкіметінің саяси ұстанымы нығайғаннан кейін орыс билігінің адында жаңа міндеттер тұрды. Ол білім ошақтарында қазақ балаларын орыс тіліне оқытып, нәтижесінде Даладағы іс-қағазды орыс тілінде жүргізуді көздеді.

Сонымен қатар болыстық басқармаларда хатшы қызметіне орыс тілін білетін қазақтарды тарту үшін жергілікті әкімшілік оларды қызметтері үшін көмек көрсету жүйесін жасады. Медальдармен, мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтар секілді дүниелермен марапаттады.


Осылайша ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей үкіметі жинақталып қазақ шенеуніктігінің қалыптасу процесін заңнамаларды ықшамдап белгілі бір жағдай жасады.

74. «КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.

1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды. 1918 ж. 4 – 10 шілдедегі Кеңестердің 5-Бүкілресей съезінде  Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РКФСР) тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болды. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды. Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. КСРО унитарлы болды деп есептеймін, себебі, сол ортақ Конституция барлық республикаларға тән болды. Барлық республикалар бір Орталыққа бағынды.