Файл: Турдалиев Жамболат Нагметович жоба Жастар арасындаы суицид.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 159

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Жеке отбасылық конфликттер ( ұрыс-жанжал ):

- туыстар мен ортаның адамға дұрыс қарамауы, теріс көзқарас ;

- қызғану, ерлі - зайыптылардың бір - бірінің көзіне шөп салу, айырылысу;

- қимас досты жоғалту;

- өзіне керекті затты ала алмау немесе бір істі істей алмау;

- өзі жоғары тұтқан адамдарға көңілі қалғанда;

- жалғыздық ;

- бақытсыз махаббат;

- сырттағылардан көңілі толмау ;

- жыныстық қатынасқа бара алмауы.

2. Психикалық денсаулық жағдайлары:

- дені сау адамдардың күйзелуі не шекісуі;

- кембағал болу.

3.Соматикалық аурулар( қатты күйзелу), паталогиялық жағдайлар (психикалық күйзелістен ауру).

4.Өз - өзіне қол жұмсаушының қоғамға қарсы шығуынан болған жағдайлар:

- сот шешімімен келіспеу немесе сот шешімінен қорқу;

- жауап беруден (жазадан) немесе масқара болудан қорқу;

- теріс қылығынан қорлану.

5.Мамандық бойынша немесе оқу кезіндегі жағдай:

- жұмыстағы қиындықтар, жұмысты істей алмау немесе оқуда оқи алмау,абыройының төмендеуі, түсуі.

- өз мамандығы бойынша емес іске итеру немесе оқыту.

6. Тұрмыстық күнделікті қиындықтар .

7.Және басқа жағдайлар мен себептер.

Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеу жолын А.Е.Личко ( 1983,1985) былайша түсіндіреді :

- Жақын адамын жоғалту;

- Шаршау салдарынан;

- Өз қадірін түсінуінен не жоғалтуынан;

- Таксикомания, наркомания және алькоголизмнің әсерінен қорғану механизмін жоғалту. Міне, осыдан өзін - өзі өлтіру эпидемиясының өрлеуін түсіндіруге болады.

Жастардың суицидке баруын тексергенде оның ата - аналарының психопатологиялық тұқым қуалаушылық аурулары бар ма екенін ескерген жөн (ата - анасының ішімдікке салынуы, ми ауруларымен ауырулары, психопатия). Семьясының ажырасып кетуі, ата - аналарының болмауы, отбасындағы күнделікті жанжалдар, соматикалық аурулар, психикалық травманың қайталануы және ауыр психикалық күйзелістер. Суицидтік қатерді экстроперсоналдық және интроперсоналдық факторларға бөлуге болады:

Экстроперсоналдық факторларға жататындар:

Психоз және психикалық аурулар;

Суицид туралы әңгімелер немесе істер, ерте постсуидтік мерзім (үш айға дейін);

Өтпелі кезең;

Экстремалдық, былай айтқанда маргиналдық жағдайлар (Түрмеде отыру, жалғыздық және т.б.);

Отбасында және ортада қадірін жоғалту, әсіресе құрдастары арасында;


Конфликтік және психотравмалық жағдайлар;

Ішкіштік және қатты әсер ететін психотроптық дәрілерді қабылдау.

Интроперсоналдық факторға жататын:

1.Мінездің акценттеуі, әсіресе эпиленнттік және циклоидтық типтері;

2.Эмоциалық жүктемелерге қарсы тұра алмау, толеранттықтың төметдеуі;

Біреулермен ара - қатынас жасай алмауы;

Өзіне - өзі жете баға бермеу немесе өз істеріне көңілі толмау;

Өмірдегі күнделікті бағалауды жоғалту.

Қазіргі кезде психологиялық ғылымның дамуы кезеңінде белгілі психологтар А.Г.Абрумова және Л.И.Пустовалова (1987) адамның өз - өзіне қол жұмсауына бес жағдай мотив береді:

1.Қарсылық, өтірік. Бұл жағдай өз - өзін артық бағалаушы адамдарда, агрессивтік, активті позициядағы және гетероагрессияның аутоагрессияға ауысуынан болады;

2. Біреудің қаҺарынан, қорқытуынан – қорқып өмірден кету;

3. “Өз - өзін жазалау” – іштей өзіне - өзі наразы болып өмірден кету. “Мен” деген – ұғым айыптаушы мен айыпталушы болып бөлінгенде;

4. “Қарсыласпау” (капитуляция - өмірден түңілу ( мысалы жақын адамын жоғалту немесе емделмейтін аурумен ауырса);

5. Шақыру, мұның мәнісі сыртқы күштердің шақыруынан;

Өзіне қол жұмсауды сараптаған кезде, сол тұлғаның ерекшелігі, мотиві және жағдайы дегеніміз - көптеген зерттеулер, бақылаулар жынысына, жасына, біліміне, социалдық және отбасылық жағдайына байланысты екенін көрсетеді. Дүниежүзілік тәжірибені зерттеу нәтижесінде өз - өзіне қол жұмсау тұқымында болуынан деп есептеледі. Содан басқа бақылаулар өз-өзіне қол жұмсау жоғары дамыған елдерде көбірек болатынының және оның өсіп келе жатқанын дәлелдеген. Мысалға, Франциядағы 15 - 19 жас аралықтарындағы өз - өзіне қол жұмсау төртінші, АҚШ-та үшінші орында екен. (Бұл жол апаты, кісі өлтіру, және рак ауруынан кейінгі). Статистика жүргізілген елдердің қорытындысы бойынша ақырғы 30 жылда жастар өлімі әжептәуір өсіп, үлкен жастағы адамдар арасында өлім бір қалыпты болған. (К.Хаутен, 1986). Көптеген бақылаулар өз - өзіне қол жұмсау бір белгілі уақыттарда тіркелген. Бұл көктем - жаз және күз - қыс кездерін Э. Дюргейм көрсеткен.[9]Ер адамдар мен әйелдер арасындағы өмірден кету орташа 4:1 (өлген кезде). 4:2 кетем деп талпынған кезде. Мұндай жағдай жасқа да байланысты екен.Балалар, әсіресе 13 - тен төменгі жастағы балаларда сирек кездеседі. Олар әлі толық жетіліп үлгермеген, және өмірден кету деген ойларына келмейді, келсе де қорқады. Өзіне - өзі қол жұмсау 55 аса немесе 20 жасқа дейінгі аралықтағы адамдарда көп кездеседі, ал бүгінгі күні 10 - 12 жас балаларда кездесіп отыр. Дүниежүзілік бақылаулар өз - өзіне қол жұмсау қалаларда жалғыз басты адамдар арасында көп екенін келтірген. КСРО –да ХХ ғасырдың басында өз - өзіне қол жұмсау Европалық елдерден гөрі анағұрлым төмен болған. 80 жылдары жағдай күрт өзгерді. КСРО өзін - өзі өлтіру жағдайынан кейбір Европа елдерін басып озған (100 мың тұрғынның 30 - ы). 1989 жылы өлім азайып 100 мыңнан 19 - на жеткен. А.Е.Личко (1983) бақылаған жас өспірімдер арасында 17 жастағының 32 %, 16 жастағы - 31%, 15 жастағы - 21%, 12-13 жастағылар - 4% өлімге бастарын қиған. Ер балалар, қыздардан көбірек өлімге бас тігеді екен. Ал қыз балалар өзін көрсеткісі келіп, ойнаған болып осы іске барады. Бір рет өз - өзіне қол жұмсағаннан кейін егер ол ісіне біреу кедергі жасап тірі қалса, онда екінші рет ондайға олар бармайды. Бірақ, ондай істі қайталайтындар да бар. Г.Отто (1972) мәлімдеуінше ұлдардың 10%, қыздырдың 3 % өлімге 2 жылдықтың ішінде барады екен. Жас аралығы 10 - 20 жасқа дейін.



Азиаттық типтегі өзін өзі өлтіруді діни - нәсілдік әдет деп атап, оның ішінде отбасында көп балалылар жағдай тұрмысының нашарлығынан ауылдық жерде жұмыс жоқ болып көпшіліктің қалаға кетіп, ауыл тұрғындарының қартаюынан көруге болады осының бәрін қорыта келе өз - өзіне қол жұмсау ішімдік ішуден деуге болады. Осымен біз егер бір адам өз - өзіне қол жұмсаса, онда ол екінші сондайға үйір адамдарға белгі болып, сондай істерге апаратынын көреміз.Көбінесе, өмірден кетушілер арасында олардың туысы, тегі, аталары арасында сондай өлімнен өлгендері анықталған.Өз - өзіне қол жұмсау, өмірден кетуді зерттеген кезде Дюргеймнің «Өзін - өзі өлтіру» еңбегіне сүйенген жөн. Еңбектің авторы өлімге бару әлеуметтік фактормен түсіндіре келе, ал психикалық, психопатологиялық, климаттық, уақытқа байланысты екенін көрсетеді.


2.2 Жастар арасындағы суицидке байланысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.

Өзін-өзі өлтіру- философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және кұқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Өзін-өзі өлтіру қоғамда адам калыпты, жалпыға белгілі жолдармен шеше алмайтын немесе оны шешудің кажеттілігін керек қылмайтын жеке тұлғалар арасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсетеді. Өзін-өзі өлтіру- өзін-өзі өлтірген немесе оған барған түлғаның- суициденттің психо- әлеуметтік теріс бейімделумен аяқталатын, шешілмеген жанжалдың салдары. Суицидент үшін жанжалдың шешілмеуі екі жағдаймен байланысты: біріншісі- бүл жанжалды шешудің оған белгілі нұсқалары көбіне шектеулі немесе тіпті де жоқ; екіншісі- жанжалды шешудегі оған белгілі немесе ұсынылған тәсілдері ол үшін тиімсіз немесе колайсыз. Бұл жағдайларда суициденттің ойынша жанжалды шешудің жолы біреу ғана, ол дағдарыстан шығаратын тек өзін-өзі жою, өзін-өзі аластату жолы.

Суицидальды мінез-құлық мыналардан түрады:

а) аяқталған өзн-өзі өлтіру;

ә) суицидальдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру);

б) ниет (өзін-өзі өлтіру идеясы).

Социологтар, әлеуметтік психологтар және психотерапевтер суицидальдық мінез-қүлықтың екі негізгі типті көрсетеді:Шынайы және қыр көрсететін(немесе қыр көрсету-бопсалау). Шынайы суицидальды мінез-құлық кезінде оны орындау туралы ойластырған, бекіген тілек болады және өз жоспарын толықтай және шынайы жүзеге асыру үшін барлық шаралар қолданылады, барлық қажетті дайындықтар жасырын жасалады. Ал қыр көрсету арқылы жасалатын суицидальды мінез-құлықтың себебіне- өзін-өзі өлтіру емес, оны жасауға қыр көрсету, оны жанжалды шешкен жағдайда өзіне пайда келтіру мақсатында жасайды. Кейбір мамандар суицидальды мінез-қүлықтың қосымша аффектілік (грек.-жан дүниенің толқынысы, құштарлық) типін ұсынады, ол кезде өзін-өзі өлтіру ниеті өте күшті қапалану және қайғыру кезінде болады. Бұл эмоциялық ашудың қысымы ұзақққа созылмайды.Бұл жерде де қыр көрсетудің элементтері болуы мүмкін.

Суицидальды мінез-қүлыққа: антивитальды қапаланулар (өмірдің құндылығын жоғалту, «мен өмір сүріп жүрген жоқпын, тек тіршілік етемін» деген сияқты ойлар); селқос суицидті ойлар- өзінің өмірінен айрылудың жеңіл өтуі туралы қиялдар(«ұйықтап кетсе, содан оянбаса» деген сияқты ойлар); суицидті ниеттер- өзін-өзі өлтіруге деген тілектер; суицидты болжаулар- өзін-өзі өлтіру туралы шешімдерді тәсілдер мен ыңғайлы жағдайларды іздеу арқылы жүзеге асырулар жатады, суицидальды ниеттер қайтымды фазадан (суицидент әлі де болса өмірге қайтып келмеген кезі) қайтымсыз фаза арқылы- биологиялық өлімнің келуімен өтеді.Суицидты мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады: кәрі адамдар мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар.Жастар арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған: «жалғыздар», алкогаль немесе есірткіні
шектен тыс пайдаланатындар, гомосексуалистер сияқты суицидальдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді.

Жастар арасындағы өзін-өзі өлтіру себептерінің ең кең тарағандарына мыналар жатады: жақын қоршағандарының арасынан ең сүйікті адамнан айрылу немесе жауапсыз қалған тәкаппар махаббат сезімі; өзінің абыройының мұқағанын сезіну; алкогальдік мас болудың, психотроптық кұралдарды қолданудың нәтежесінде жеке басты қорғау механизімдердің бұзылуы;таксикомания және нашақорлық; адам өз мінез-құлқына бақылау жасау қабілетін жоғалтқанда болатын фрустрация немесе аффект жағдайы. Өзін өзі өлтіру жасөспірімдер мен бозбалалар өлімінің қайғылы жағдайы мен кісі өлтіруден кейінгі үшінші орын алатын АҚШ-тың социологтары мен психологтары ұсынған суицидтің жалпы кабылдаған себептер:

-мінез-құлықтың бүзылуы, депрессия сияқты психикалық бұзұлулар, немесе дәрі-дәрмектердің негізінде пайда болған психологиялық бұзылулар;

-осының алдындағы өзін-өзі өлтіру ниеті;

-депрессияның, үмітсіздіктің, көмексіздіктің терең сезімдері;

-есірткі мен алкогольді колдану;

-айрылысу немесе айрылу іспеттес отбасындағы жанжал сияқты өмірлік стресстік жағдайлар;

-атыс қаруларын қолдануға қол жетерлік жағдай.

Суицидты мінез-қүлық факторларын қарай отырып, жас адамдардың суицид жасауға жалпы ниеті жан дүниенің теңсіздік жағдайына деген бір ғана реакциясы емес екенін есте сақтаған дұрыс. Өзін-өзі өлтіруге деген шешім ұзақ уақыт бойы жинақталған жеке бас немесе отбасылық проблемалар негізінде пісіп-жетіледі. Бірақ суицид ниеті өздігінен импульсты болып келеді.

Жастар арасындағы озін-өзі өлтіруге әсер ететін әлеуметтік жағдайлардың ішінде ерекше рольді кейбір мәдени күбылыстар ойнайды. Оған мысалы ретінде өзін-өзі өлтіруге еліктеу сәті бар суицид формасы жатады. 1774 жылы Гетенің «Стратания модолог Вертера» деген романы басылып шығады, онда жас Вертердің өмірі мен бақытсыз махаббатан өлуі туралы жазылған.Міне осыдан кейін өзін-өзі өлтірудін бүтіндей эпидемиясы байқалған екен. 1970жылы жапондық жазушы,Нобель сыйлығының лауреаты Юкиа Мисима өзін-өзі өлтірген қол салуының топтамасы байқалған. Жастар үшін көпшілік мәдениетінің «жұлдыздарының» өзін-өзі өлтіруі әсіресе «жұқпалы».Еліктеу факторын қарастыра отырып,еліктеу күшінің әсері үнемі шектеулі екенің, өтпелі сипатын естен шығармау керек. Егер еліктеу белгілі бір қарқындылыққа жетеді десек, оның өзі қысқа уақыттық екенін ұмытпау керек».Сондықтан, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік қызметтер суицид саласында жұмыс істей отырып, кандай да бір жастар кумирі өзін-өзі өлтірген сәтте және онда біраз уақыт өткеннен кейін аса мұқият болу керек.