Файл: Турдалиев Жамболат Нагметович жоба Жастар арасындаы суицид.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.10.2023

Просмотров: 157

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өзін-өзі өлтірудің деңгейінен күшті әсер ететін әлеуметтік факторға дін жатады. Ислам өздігінен өміріне қол соғуды қатал сынға алады, сондықтан мұсылман дінін ұстанатын елдерде бұл құбылыс кездеспейді.Иудаизмде де кұдай үшін өмірдің құлдылығы насихатталады.Христиан діні де Құдайдың алдында тез баруды армандаған өзін-өзі өлтіруші алғашқы азаптанушы христиандардың толқынынан кейін өз еркімен өмірден кетуге тыйым салады.Ал брахманизм мен буддизм сияқты діндер мындай доктринаны ұстанады: адамды өмірмен жалғастырып тұрғанның барлығы оның азабының себебі болып табылады, сондықтан өмірден кетуге олар байсалды қарайды. Ендеше, әлеуметтік қызметкерге жас суициденттің қай дінді ұстанатынын, сол діннің суицидке қатынасын ескеру керек, қажет болған жағдайда суицидты алдын-алу үшін, болмаса суицид алдындағы кезеңіне өту үшін діни қызметкерін көмекке шығару керек.

Жасөспірімдер арасында өзн-өзі өлтіру мен өзін-өзі өлтіру ниеттену проблемасы өткір тұр. Бақытсыз махаббат, сатып кету, ата-аналарымен болған жанжал, жалғыздық, материялдық қиындықтар-осынын бәрі жасөспірімнің иығына ауыр күш болып басылады, өзін-өзі өлтіру туралы ой осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы сияқты көрінеді. Жүргізілген социологялық зерттеулердің мәліметтері көрсеткендей, 10-16 жастағы балалардың 23,6% өзін-өзі өлтіру туралы ниет болған екен. Өскен сайын бұл ойлар жиі ойға келеді: 5-6 сынып оқушыларының 16,6% бұл мәселені кұптаған, 7-8 сыныптағылардың-24,9%, ал 9-11 сыныптағылардың-27,1% құптаған. Ұл балаларда ол 12-13 жаста шарықтау шегіне жетсе (29% өмірден өз еркімен кетуді ойлап жүр), қыздардың көптеген маңызды проблемалары 14-16 жастарында ушығады екен де, өзін-өзі өлтіру туралы ой сұрағандардың 30% ойында жүр.

Жасөспірімдерге тән суицидальды мінез-қүлыққа тән проблемалардың бірінші орнында олардың ата-аналарымен арасындағы карым-қатынас болса, екінші орында оқу орындарына катысты қиындықтар, ал үшінші орын достарымен байланысты, әсіресе қарама-карсы жыныстағы құрдастарына қатысты проблема жатады.Статистика көрсетіп отырғандай, өзін-өзі өлтіруге ниет қылған жасөспірімдердің көбі әл-ауқаты нашар отбасылардан шыққандар. Осындай отбасыларда ата-аналары арасында дау-жанжалдар жиі болып тұрады, сондай-ақ ата-аналары мен балалары арасындағы жанжал көбіне қол жұмсау арқылы жасалады; ата-аналары балаларына мейрімсіз болады, тіпті өшпенділік танытатындары да бар. Өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдауға ата-аналарының жиі жұмыссыз жүру мен отбасындағы әкономикалық проблемалар, ата-анасынан егер айрылу немесе олармен карым-қатынасты жоғалту, анасының ауруы немесе әкесінің отбасьшан кетуі де жатады.


Өзін-өзі өлтіруге ниеттену- көмек сұрау туралы айқайлау, ол-жасөспірімдердің, бозбалалар мен бойжеткендердің өздерінің қайғыларына назар аудартуы немссе қоршағандарынан аяушылдық сезімді шақыруы, болмаса басқа адамдарға белгілі-бір мақсатта әсер етудің жолы.Өзін-өзі өлтіруге деген ниеттің себептерінің ішінде жасөспірімдердің және эксперт психологтардың айтуынша, басқа адамдарға әсер етудің әртүрлі тәсілдер бар: шамамен 40%-«басқа адамға сенің қандай қиын жағдайда екеніңді түсіндіру» үшін жасадым десе, шамамен 30% «өзіңе жамандық жасаған адамға сол қылығы үшін өкіндіргім келді»дейді, 25% «өзімнің қалайша басқаны жақсы көретінімді көрсеткім келді» немесе «мені шынымен де шын жақсы көретінін тексергім келді»деп түсіндіреді, 18%- «көмектің басқадан келгенін көрсету» дейді (әрине әрбір суицид жасаушының себептері бірнешеу болады).

Суицидальды мінез-кулықтың себебін дұрыс түсіну үшін әрбір нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті»адам суицидті әрекетке болды немесе бармақшы болды және «неге» оны жасағысы келді? Бірінші сұраққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарының объективті жағдайына талдау жасауды қажет етеді. Екінші сұракқа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін, қоршағандарының оны қалай қабылдайтынын және ол осы суицидальды қорқыту нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге қолы жетті деген мәселслерді түсіндіру керек. Қалай болса да, суицид- ең алдымен адамның өзбетімен өмірлік күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы.

Көпшілік қабылдаған өзін-өзі өлтіру ниеттері туралы пікірлерге карамастан көп жағдайда оны алдын-ала біліп, оны алдын алуға болады. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын жас адам қандай да формада карсылық көрсетеді: үйден кетіп қалады барлығына немқұрайлық танытады, соның ішінде сыртқы әлпетіне, немесе тағы да басқаша өзіне назар аударады.Өзін-өзі өлтіруге ниеттенген жасөспірімдердің көпшілігі әдетте осы тақырыпта(көбіне сырғақтап) қоршағандармен әңгімелеседі. Егер соңғылары дер кезінде аландаушылық туғызатын белгілерді байқаса, оған бірден назар аударып, оны байыппен бағалайды, қандай да бір одан шығар жол іздейді, бұл бақытсыздықтың алдын алуға көмектеседі.

Болуы мүмкін суицидальды кауіптердің индикаторларына мыналар жатады:

а) мінез-қулығындағы белгілі-бір белгілер: суицидальды қорқытулар, осының алдындағы өзін-өзі өлтіру ниеті, адамның мінез-құлқындағы немесе жеке басындағы үлкен өзгерістер, «өмірден шаршағаны»немесе «жағдайдың тұйықталғаны»туралы арыздары, сондай-ақ соңғы өтініштеріне дайындығы;



ә) депрессия, үмітсіздікті, қауқарсыздықты бастан кешіру, қамығу, жалғыздық, ешкімге қажетсіздік сезімі және әлеуметтік оқшаулану және т.б. сиякты психоэмоциялық белгілі бір жағдайлар.

Жас суицидтермен жүргізілетін әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық жұмыстар мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: суицидті жүзеге асыру және суицидті жасауға ниеттену кезінде, яғни өзін-өзі өлтірудің алдын-алу және аяқталмаған суицидтің кұрбанына көмек көрсету.Суицидке бейім жас адамдармен жүргізілетін әлеуметтік терапияның мақсаты «аландатып отырғандарды жұмсату», клиенттің шешілмейтін проблемаларының шешілетініне толықтай сендіру немесе оны азайтумен анықталады. Әлеуметтік қызметкер адамның суицидке баруына себепкер болган жағдайға талдау жасайды, оньтң әлеуметтік қызығушылығын оятады, клиенттің осындай «бітпейтін» проблемаларымен де қызықты екенін сендіруге тырысады, олардан шығатын жолдардың бар екеніне көзін жеткізеді, клиенттің өз проблемаларынан басқа көңіл аударуына ықпал жасайды.

Жас адамға өмірде ең жаман жағдайлардан да жол тауып шығуға болатынын, шешімі табылмайтын проблема болмайтынын, өзін-өзі өлтірумен ешқандай проблема шешілмейтіні туралы ұсынымды қалыптастыру керек. Клиент басынан кешетін үмітсіздік, қайырсыздық сезімдерін азайту керек. Жұмыстың бірінші кезенінде-ақ өз күшіне сену туралы, жол таба алмау сезімдерінен ауыру керектігін бекіту керек; осыған қатысты азғантай болса да үміт адам өмірін құтқарады.Өзін-өзі өлтірудің алдын-алу ісінде анонимдік телефонның қызметі(«сенім телефоны») негізгі буын болып табылады. Бүл телефон қызметінің максаты- дағдарыс жағдайында түрған, өзін-өзіңі өлтіруді ойлап тұрған жас адамға арнайы даярланған, оны досындай мұқият тындайтын, абоненттің дағдарыс жагдайын бастан өткеруге көмектесе алатын әлеуметтік қызметтің қызметкерімен телефон арқылы карым-катынасқа түсіруге үмтылу. Мүндай кызметтердің қағидалардың арасында ерекше орында сенімдік, абсалютті кұпиялық, анонимділік, кез-келген қысым көрсетуге тыйым салу- айыптамау, сынамау, тіпті таңқалмау, керісінше абонентке дұрыс шешім қабылдауға көмектесу жатады. Жастар «сенім телефонның» барлығы туралы кеңінен хабарланады, онда өзін-өзі өлтіру туралы ештеңе айтылмайды, тек «қайғыда, үмітсіздікте және депрессияда» көмек көрсететіні ғана хабарланады.

Суицидальды мінез-құлық белгілерін ертерек анықтау үшін мыналар манызды:


*Ауырған ауруларын немесе миынан алған жарақатын есепке алу;

қосымша стресс-фактор ретінде отбасындағы күрделі қатынастардың

бала психикасына әсерін;

тым ашуланшақтың, тым әсершілдіктің, ұяндыктың пайда болуының,

өз кемтарлығын сезінуінің, өз кемшіліктеріне қатысының, өз табыстары мен

абыройын төмендетудің себептеріне талдау жасау.

Баланың суицидальдық әрекеттерге әлеуметтік- психологиялық қатынас анықтау мақсатында ақырындап, мынадай өмірдің мәні мен өлім туралы сұрақтарға жауап алған дұрыс: «өз еркімен өлімді тандап алған адамдарды түсінуге болады»; «өмірдің мәні кейде түсініксіз, оны жоғалтып алуғада болады», «мен өмірден өз еріктерімен кеткісі келген адамдарды сынамаймын»; «қарапайым өмірде адамның өз еркімен өмірден кетуі ақталуы керек»; «адамды жақындары мен туыстары сатып кетсе, олардың әрі қарай өмір сүруге келмегенін түсінемін».Осы және сол сияқты пікірге оң жауап беру баланың дүниетанымында белсенді суициальдылыққа қарсы айқындаманың жоқ екенін көсетеді.

Суицидтің алдын-алу әлеуметтік жұмыстағы өте маңызды және күрделі мақсаттардың бірі. Ол 40% өзін-өзі өлтіруге себеп болатын отбасындағы жанжалды реттеуден тұрады, және өмірге канағаттанбау сезімінен болған өзін-өзі өлтіру себептерін психологиялық, қажнт болған жағдайда құқықтық әдістермен жоюдан тұрады. Суицидттармен жұмыста балалық құралдарды кеңінен қолдану керек: емдеу, қолдау, қатысу техникасы, әсіресе клиентке жақын адамдар ғана емес, бөгде адамдардың қатысуы, сондай-ақ мүғалімдердің, діни адамдардың, кәрі адамдардың, және жас суицидттің қайғысын жеңілдетуге септігі тиетін барлық адамдардың қатысуы.Жоғары суициальдық қауіп төнгенде адамды жалғыз, көмексіз қалдыруға болмайды. Жасөспірімге коршағандардының оны камқорлыққа алғанын көрсету үшін, оның өмірлік мақсаттарының болашағы бар екенін сезіндіру үшін әлеуметтік қызметкер жасөспіріммен «суицидальды келісімге» отыру керек.

Жастар арасындағы өзін - өзі өлімге итермелеу қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тек қана әлеуметтік мәселе емес, сонымен қатар қоғам мәселесі болып табылады. Олармен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жүргізеді. Ауру адамда психотерапевті ауруға ем қолданып, емдей алатынын көрсетіп сендіре білу қажет.Осыдан барып ауру адамда психотерапевт ауру танушы, білгір дәрігер, адамды танушы, қадірлеуші деген сенім туындап, өз ауруынан жазылатынына сенеді.Суицидті күйзелісті анықтау – ол ауру адамды түсінуден басталады. Ауру өз күшіне сенімі артып, психикалық кризисі төмендейді.Осы айтқандарды қорытындылай келе, өз - өзіне қол жұмсауды, өмірден кетуді болдырпайтын жол, оның алдын - алу. Ол - адамдардың өмірден кетуге талпыныс, мінезінің өзгеруі сияқты төмендегі белгілерін байқау болып табылады:


- көп уақыт адамның күйзелуі, тамаққа зауқы соқпауы, ұйқысының келмеуі, бей - жай күйде болуы;

- «өзіне-өзі кету». Сыртта болып жастқан жағдайларға көңіл бөлмеу, әке - шешенің қамқорлығының болмауы, жолдастарының менсінбеуі;

- оқуды нашар оқуы, себепсіз сабаққа қатыспауы, академиялық қарыздар, кешігу және т.б.;

- жазбаша немесе ауызша өлім туралы айту, өзін - өзі өлтіру туралы толғаныстар, өзінің қиыншылықтары туралы айту, әдеби кітаптағы, әңгімелердегі өмірден кету туралы көп айту;

- шамадан тыс алкогольдік ішімдік ішу, есірткі немесе психотроптық әсері бар дәрі заттарды қабылдау;

- өзін - өзі дөрекі ұстау, үйден кету, жыныстық азғындау және т.б;

- өз - өзіне қарамау, киім кию талғамы болмау, сырт көзге ерсі көріну;

- тез қызулану, ашулану, тынышы кету, нервтік ауруға шалдығу;

- денсаулыққа, бас ауруы туралы шағыну;

- өлім туралы, о дүние туралы әңгімелерге қызыға қарау, тыңдау;

- кенеттен бағалы заттарды біреулерге сыйлау, шашу, немесе дүниені біреуге мұрагерлікке сыйлап хат тастау, жазып кету;

- тақау арада жақын досы немесе туысы өлсе және т.б. жағдайлар.

Осының бәрі ол адамның ойынан белгі береді. Бірақ бұл белгілер өмірде дәл келе бермейді. Өмірде жасөспірім болашақта істелетін жарқын жоспарлар, істер туралы айтып, ал ішкі ойларында өмірден кету жоспарын да құрып қояды және оны сәті түскен уақытта орындайды.

Дюргейм өзінің зерттеулерінде өзін - өзі өлтірудің негізгі 3 типін бөліп қарастырды:

- эгоистік;

- альтруистік;

-анаминдік.

Эгоистік өзін өлтіруге, яғни индивидтің немесе жеке адамның өзі жеке яғни жағыз өзі қалуы және өмір мәнін жоғалтқандар.Альтруистік өзін - өзі өлтіру, керісінше қоғамның индивидті тұтастай сіңіруі, басқалар үшін өз өмірін қиюы, оның өмірін өз өміріндей көруі.Анаминдік өзін - өзі өлтіру индивидке әлеуметтік нормалар тек әлсіз әсер етіп қана қоймай, жалпы жоқ болып келеді. Дюркгейм сонымен қатар, өзін - өзі өлтірудің төртінші типін – фаталисттік деп көрсетеді.

Өмірімен қоштасатындардың саналарына өлер алдында қандай күштің ықпал ететіндігі әлі де болса белгісіз. Бірақ, суицид жолымен өмірден кететіндер өлгеннен кейін өздерінің қандай күйге түсетіндігенен бейхабар. Егер олар өз өліктерін көретін болса, онда өз денелерінен өздері жиіркенетін болар еді. Мына төменде, әртүрлі жолмен өзін - өзі өлтіргендердің қандай күйге түсетіндігі туралы айтып берсек, бұл көріністің кейбір адамдарға сабақ болары сөзсіз.