Файл: Турдалиев Жамболат Нагметович жоба Жастар арасындаы суицид.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.10.2023
Просмотров: 158
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Асылып өлген өліктің денесін жууға, кез - келген адам кіргісі келмейді. Мойынды қысқан арқанның немесе жіптің сығымынан соң адамның тік ішегі мен қуық жолдары кеңіп, іштегі нәжіс пен қуықтағы зәр еріксіз түрде сыртқа шығып кетеді. Сасыған денеден жиіркенбейтін адам жоқ.Мәйітхана адамдары мұндай өліктерді «фарш» деп атайды. Секундына 9,8 метр жылдамдықпен төмен қарай құлдилаған адамның денесі жерге түсісімен мылжа - мылжа «фаршқа» айналады. Сүйегі мен бұлшық еттеріне дейін езіліп кететін өліктің ішкі құрылысы сыртқа қарай ағып кетеді. Мұндай өлікті кебінге орамастан буып тастайды. Осының өзінде там - тұмдап ішкі іш құрылысы сыртқа төгіліп жататын өліктен туыстарының тезірек жерлеуге асығатындары рас. «Уксус ішіп өліпті» деген сөзді жиі естиміз. Уксусты ішкендердің аузы мен көмейі, одан кейін асқазан жолдары толығымен күйіп кетеді және ол адам бірден өліп кетпестен, әбден қиналып, аузынан ақ көбігі ағып жатып жан тапсыратыны сөзсіз. Мұндай өліктің түріне қарау аса қорқынышты болғандықтан оның бетін көпшілікке көрсетпеген дұрыс.
Ұйқы немесе психотроптық дәрілер ішіп өмірден қоштасатындар да бар. Дәрінің күші адам бойына жайыла бастасымен ақыл - есін толығымен жоғалтқан пақырдың басынан кешкен күйін тілмен жеткізіп айтудың өзі қиын. Көзі шарасынан шыға бақырайып, бет-аузы қисайып қалған өліктің түрінен ет-жақытндарының өзі шошитын болады.
Өзін - өзі атып тастайтындардың көбісі дерлік қаруы бар адамдар. Олардың басым көпшілігінің қызметте істейтіндер екендігі рас. Бұлар негізінен өзін - өзі басынан атады. Ал басқа тиген оқтың миды жан - жаққа шашып жіберуі мен көзді ағызып жіберетіндігі туралы естіп жатамыз. Мұндай өліктің басын сәл де болса қалпына келтіріп, адам бейнесінде жерлеу үшін, туыстары мәйітхана қызметкерлеріне ақша беріп жатады. Ал кейбір адамдар өздерін ірі калибрлі (винтовка, автомат) мылтықтарымен ататындықтан олардың басынан ештеңе де қалмайтынды. Мұндай жағдайда оларды бассыз күйінде жерлеуге тура келеді.
Бұл аса қорқынышты да азапты өлім. Денесі күйіп өлген адамның тізесі бүгіліп, қолдары алға қарай созылған күйінде бүрісіп қалады. Ал енді күйіктен өлген адамның түріне қарамағанның өзі дұрыс. Мұндай өліктің денесін табытқа жатқыза алмайсың. Ал егер кебінге оралып қойылатын мұсылман дінінен болатын болса, онда ішкі үйіне кіргізіп қою үшін оның аузын екі адам сиятындай етіп кеңейтуге туралы келеді.Негізінде «Құдай берген жанды, құдайдың өзі алуға тиісті» деген сөздің дұрыстығына көзімізді жеткізу үшін, құдай берген жанды адамның өзі алған жағдайда оның өлі денесінің қандай күйге түсетіндігі туралы айтып бердік. Жоғарыдағы әр түрлі жолмен өзін - өзі өлтіргендердің өлгеннен кейінгі денелерінің кейпінен адамдардың жиіркеніп, ет - жақындарының да шошынатындығын көріп отырмыз. Ал егер адамның маңдайына жазылған жазмыштың жазуына сәйкес болса, онда тірілердің жиіркеніштік сезімі мен қорқынышын туғызбаған болар еді.Амал нешік, күн сайын бұл өмірде өтіп жататындардың ішінде өзін - өзі өлтіріп тастайтындар жиі кездесіп отырады. Бұл күнә және кешірілмес қателік. Сондықтан да, өзіне - өзі қол жұмсауды ойлап жүретінде немесе жүргендер болса олардың өлгеннен кейін өз өліктерінің қандай күйге түсетіндігі мен елдің қалай қарайтындықтары туралы көріністерді шынайы түрде беріліп отыр
2.3 Кризистік көмек
Кризистік психотерапияның бірінші кезеңі – кризистік көмек сатылары.
Мерапевтік контакт (байланыс) – пациенттің (аурудың) қалай ауратынынсынсыз шындықпен тыңдап, ал ауруға ақ көңілмен қарап сеніміне кіру қажет, яғни жалпы әлеуметтік жұмыскер қызметі – бұл адамдар арасындағы сенім аймағын орнату. Ол үшін әлеуметтік қызметкер келесі сапаларға ие болу керек. Яғни қайырымдылық, мақсаттылық, мәдениетті және құпияны сақтау қажет т.б.Ауру адамда психотерапевті ауруға ем қолданып, емдей алатынын көрсетіп сендіре білу қажет.Осыдан барып ауру адамда психотерапевт ауру танушы, білгір дәрігер, адамды танушы, қадірлеуші деген сенім туындап, өз ауруынан жазылатынына сенеді.
Суицидті күйзелісті анықтау – ол ауру адамды түсінуден басталады. Ауру өз күшіне сенім, психикалық кризис төмендейді.Ауруға қатынасы жоқ әңгімелер жәй тыңдалып, шын ықылас, пейіл білдіру қажет. Әңгіме барысында әрдайым суицидтік қатерге көңіл бөліп, оны анықтау керек (Каплан, Сэдок 1991-1998).Жалғыздық, хроникалық аурулар, тақауда жақын адамын жоғалтса, бұрын өзіне - өзі қол жұмсады ма осының бәрін анықтау керек. Кейбір кезде жасөспірімнен тікелей өлгің келе ме деп сұраған да жөн. Ерте кездегі өлгің келе ме деген сұрақ ауруды өлімге итермелейді деген жаңсақ пікір. Жасөспірім өлім жолын одан басқа жерлерден де табады. Ал бұл сұрақты басқаша да қоюға болады. Мысалы: «Сізді өмірде ұстап тұрған не ?» Өмірдегі тәжірибе, суицидке бел буған адамдар тура және жалтартпай жауап беретінін көрсеткен. Себептері: (отбасы, жақын адамдары). Осындайда ол адамдарда өз - өзіне қол жұмсау үлкен күнә, масқаралық екен деген ой туындайды.
Суицидке жақын жасқа, жасөспірімге алдын - алу жолдары немесе жаңсақ пікірден сақтау:
1. Әр өлім, өзін - өзі өлтіру туралы жастар аузынан шыққан әңгімелерді жіті бақылап, шаралау қолдану;
2. Егер жасөспірім депрессияда болса (15% жастар мен жасөспірімдерде күйзеліс кездеседі). (Каплан, Сэдок 1991-1998). Оның жағдайына бейқам қарауға болмайды, қатерді жоқ деп те азайтуға, кемітуге де болмайды, оны жұбатып көмектесу керек. Тақаудағы істеген істерін мақтап, оны бағалайтыныңызды көрсетіңіз.Оған күйзеліс пен шаршау бар адамдарға тән екенін оны жеңе білу керектігін түсіндіру керек, содан жеңілдік туып, қиындық алыстайды (Вуалис 1998);
3. Егер жасөспірім өлімге дайындала бастаса онда одан қандай жол дайындағанын, жоспары бар ма, не істейтінін анықтап, жағдай қиынға айналса:
- кәсіби психотерапевт көмегіне жүгіну;
- жасөспірімнен кездейсоқ жағдай әсерінен өлімге бармау туралы сөз алу немесе «сенім телефонына» сөйлесуді түсіндіру.
- Өмірге қатерлі заттарды тығу (таблеткалар, бритвалар, пышақтар және т.б). ол заттар өзін-өзі өлтіруге апаруы мүмкін.
Соңынан ауру адаммен психотерапевтік жұмыстар жүргізіліп, пациенттің ішкі өзгерістерін бақылаған жөн.
Кризистік көмекті суицидтік тенденцияның азайып, екінші емдеу кезеңі – кризис психотерапияның – кризистік көмек беру кезеңіне кіріскенде орындалады деуге болады.Қатерлі кризистен өту кезеңінде – суицидтік қатер минимумге түсіп адам ішкі өзгеріске ұшырап дене жағдайы жақсарып, өмірге деген құштарлық оянады. Жасөспірімдер көбінесе еліктеушілікке, заңсыздыққа ойланбастан бара салады. Ал, баланың мұндай әрекетке баруы – ол әлеуметтік-құқықтық тәрбиенің жетіспеуі. Бүгінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының, заң бұзушылық әрекеттерінің бір себебі – бала санасының толық деңгейде болмауы. Яғни рухани азықтың жетіспеушілігі.
Соның салдарынан болар, соңғы кездері елімізде суицид (өз-өзіне қол жұмсау) жиілеп кетті. Ал бұл сұмдықтың алдын алу қалай болмақ? Суицидтен қалай құтыламыз десек, бұл жауапты діннен іздегеніміз жөн болар. Ислам дінінде өз-өзіне қол жұмсау айрықша ауыр күнә саналатыны белгілі. Алла Тағала берген жанды Өзі ғана алады. Өз-өзіне қол жұмсау Алланың берген өміріне наразы болу, Жаратқанға қарсы шығу болып саналатыны сөзсіз. Бұл турасында қасиетті Құран кәрімде «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), – деген. Бұл дүниедегі қиындықтардан өзімізге қол жұмсау арқылы құтыла алмаймыз. Бәлкім, нағыз қиындықтар бұл дүниеден өткеннен кейін, Алланың алдына барғанда, «Сен неге өз-өзіңе қол жұмсадың?», «Неге маған қарсы шықтың?» дегенде басталады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «…Ол өзін-өзі өлтірді. Сонда Алла тағала: «Пендем өз бетімен менің алдымнан шықты. Мен оған жәннатты харам еттім», – деді», – деген. Яғни, өз-өзімізге қол жұмсау өте қорқынышты тозақ азабына өз еркімізбен түсумен бірдей болады. Демек, өз-өзімізді өлтіріп ешқандай қиындықтан құтылмаймыз. Қайта одан да ауырына тап боламыз. Сондықтан, соңғы шешімді өзімізге қол жұмсаудан іздемеуіміз керек.
Халқымыз ұл мен қыздарымызды тәрбие-леуге ерекше көңіл бөлген. Жасөспірімдердің рухани тәрбиесін салт-дәстүрмен үйлестіріп отырған. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ондай үйлесімділік байқалмайды. Қазір біз балаларымызды тек материалдық жағынан қамтамасыз етумен шектеліп қалғандаймыз. Әрине, мұндай түсінік дүниәуи қажеттілігін өтесе де, рухани қажеттілігін өтей алмайды. Күнделікті тіршілігімізде балаларымыздың не істеп жүргенінен, қандай жағдайға душар болғанынан бейхабармыз. Ал біздің басты міндетіміз – балаларымызға жақсы тәрбие беру, оның ақыл ойын дамыту арқылы бала санасына үлгілі тәртіптің негізін ұялату. Соған сүйене отырып Алланы тануды, ата-ананы қастерлеуді, үлкендерді сыйлауды және өз-өзіне қол жұмсау дұрыс емес екендігін түсіндіруіміз керек.Біз, дін қызметкерлері де бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігімізге орай уағыз кезінде айтып келеміз. Ауданымыздың бас имамы Жақсымбетұлы Батырбек қажының ұйытқы болуымен ауданымызға қарасты мешіттерде бес уақыт намаз алдында 10-15 минут, жұма намазының алдында 30-40 минут түрлі тақырыптарда уағыз-насихат айтылады. Аталған мәселеге орай бір айға уағыз кестесі жасалып, соның негізінде жұмыс жүруде. Бұдан басқа аудан, ауылдардағы мектеп, колледж оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылуда. Қаңтар айы мен наурыз айының аралығында мектеп басшыларының сұранысымен аудан имамдарының 9-11 сынып оқушыларымен кездесу жиындары өтті.
Негізінен, біздер көп жағдайда өзгелерді кінәлап жатамыз. «Бүгінгі жастар бұзылып барады» деп айтуға әуеспіз. Егер біз дін Исламдағы шариғат тәртібіне мойынұсынып, қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін ұстансақ, еш уақытта бұндай жағдайға тап болмас едік. Құрметті оқырман! «Не ексең, соны орасың» деген жақсы сөз бар. Ендеше, бүгін өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие берсек, ертең жемісін өзіміз көретінімізді естен шығармайық
Қорытынды
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтік жағдайлардың алдын – алу байланысты аудан бойынша 2010 жылы 4 шара (3 – аудандық білім бөлімінің, 1 – аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен) өткізілді. Облыстық деңгейде осы мәселеге сәйкес өткізілген семинарда баяндама жасаған №204 мектеп психологі Бисенова Жанияның еңбегі ерекше бағаға ие болды.«Суицид – тығырықтан шығар жол емес», «Менің таңдауым – өмір», «Өмір – сен кереметсің!», «Өскелең ұрпақ арасындағы суицид мәселелері» сынды түрлі тақырыпта оқушылар, мұғалімдер және ата – аналар арасында семинарлар, тренингтер, конференциялар, медицина саласының, діни, полиция қызметкерлерімен басқосулар мен дөңгелек столдар өткізілді. Ол шаралардан үзінділерді назарларыңызға ұсынылған электронды көрмеден тамашалай аласыздар.
Жүйелі де нәтижеге бағытталған жұмыстың нәтижесі болар 2010 жылы бірде бір аудан бойынша суицид мәселесі тіркелген жоқ.Бірақ алда психологтардың кәсіби біліктілігін талап етер қауіпті кезең күтіп тұр. Ол – көктем мезгілі.Көктем мезгілі қалайша қауіпті болуы мүмкін деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақтың да ғылыми дәлелденген жауабы бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ең көп суицидтер саны көктем мезгілінде тіркеледі. Көктемгі құлпырушы әлем мен адам жанының дағдарысының кенеттен пайда болған арақатынасының сәйкес келмеуі суицидті мінез-құлықтың көрінуіне алып келеді. Американдық ақын Томас Эллиот жазғандай: «Сәуір айы ең қатыгез ай». Статистикалық мәліметтерге сәйкес «өлім айлары»- сәуір, мамыр, маусым айлары, ал жыл мезгілі – көктем. «Өлім уақыттары» – 12.00 немесе 13.00-ден 15.00-ге дейінгі уақыт аралығы.Суицид пен әлеуметтік себептердің байланысы жөніндегі ой ең алғаш «суицидология әкесі», әлеуметтану профессоры Э. Дюркгейм (1912) еңбектерінде көрініс тапты.Жалпы суицидті әрекетке дайындалып жүрген жасөспірімдерді мына белгілер арқылы анықтауға болады: