Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.11.2023
Просмотров: 1398
Скачиваний: 80
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӨЛІКТІ ЖАЙҒАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мақсаты: паталогоанатомиялық бөлімге (ПАБ) өлікті жіберуге дайындау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың өлімі.
Дайындаңыз: сабынды, жеке сүлгіні, қолғапты, бинтті, ақ жайманы, қаламсапты, ПАБ жолдама бланкілерін.
Іс- әрекет алгоритмі
-
Науқастың өлген фактісін дәрігер анықтайды: (тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтайды, көздің қарашығы максималды кеңейеді және жарыққа реакциясы болмайды) стационарлық науқастың медициналық картасына жазады, оның өлген күні мен уақытын көрсетеді. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз. -
Өлікті шешіндіріп, аяқтарын жазылған күйінде арқасымен қаталкаға жатқызыңыз, қолы тұлға бойында болуы керек. -
Төменгі жақты бинтпен байлаңыз, қабақтарын түсіріңіз. -
Дәрігердің қатысуымен өлген адамның бағалы заттарын шешіңіз, олардың тізімін құрастырыңыз және аға мейірбикеге немесе туыстарына қолхатпен сақтауға беріңіз. -
Егер де бағалы заттарды өліктен алу мүмкін болмаса стационарлық науқастың медициналық картасына тіркеңіз. -
Өлікті ақ жаймамен жабыңыз, осы қалыпта 2 сағаттай төсекте, палатадан тыс жерде емдеу бөлімшесінде қалдырыңыз. -
Биологиялық өлім белгілерін анықтаңыз: тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды, көзі бұлдырланады және мөлдір қабық кебеді, көз алмасы жұмсарады, «мысық көз» симптомы, 200 С төмен дене температурасы төмендейді, өлік дақтары пайда болады, өлік сіресіп қатып (бұлшық ет) қалады. -
Өліктің санына және биркіге сиямен стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірін жазыңыз. -
Өліктің аты-жөні, стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі, клиникалық диагнозі, өлген күні мен сағаты көрсетілген толтырылған құжатпен өлікті каталкаға салып, паталогоанатомиялық бөлімшеге тексеруге апарыңыз. -
Науқастың өлгені туралы аурухананың қабылдау бөлімшесіне, туысқандарына, егер де туыстары болмаса милиция бөлімшесіне хабарлаңыз. -
Өліктің киім-кешектерін кереуеттен алып қапқа салады және зарарсыздандыру жүргізіледі. -
Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп талаптарына сәйкес кереуетті, кереует жанындағы тумбочканы сүртеді, судноны дезинфектант ерітіндісіне салады. -
Палатада қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі.
Ескерту:
- паталогоанатомиялық бөлімшеге өлікті 2 сағаттан кейін апарады,
-
Үйде болған өлімді учаскелік дәрігер айқындайды, ол өлімнің клиникалық диагнозын және себептерін көрсетіп анықтама береді. -
Кенеттен болған өлімде, операция уақытындағы немесе операциядан кейінгі дренаждарды, түтіктерді, катетерлерді, науқас өлген мезгілде сол қалыпта оның денесінде қалдырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». Учебное пособие для медицинских училищ и колледжей, 2 изд. «ГЭОТАР – Медиа», 2012. -
Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:– 2 изд. «ГЭОТАР – Медиа», 2010. -
Кулешова Л.И. Основы сестринского дела: курс лекции, сестринские технологии. 2изд. Ростов-Н/Д Феникс, 2012. -
Обуховец Т.П. Основы сестринского дела. Практикум. Ростов-Н/Д, «Феникс», 2010 (издание 10-ое, стереотипное) под редакцией к.м.н., Кабарухина Б.В. -
Широкова Н.В. и др. Основы сестринского дела. Алгоритмы манипуляции: учебное пособие. М., «ГЭОТАР-МЕДИА», 2012. -
Островская И.В., Широкова Н.В. Основы сестринского дела: учебное пособие.– М., ГЭОТАР – Медиа, 2008. -
Осипова В.Л. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. М., «ГЭОТАР-МЕДИА», 2012. -
Баулин С.И. Справочник медсестры процедурного кабинета. Ростов Н/Д, изд. «Феникс», 2008. -
Скворцов В.В. Основы сестринского дела. Ростов Н/Д, изд. «Феникс», 2008. -
Яромич И.В. Сестринское дело и манипуляционная техника. Минск, 2010. -
Ослопов В.Н., Богоявленская О.В. Общий уход за больными в терапевтической клинике. М., «ГЭОТАР-МЕДИА». Учебное пособие для вузов, 2007. -
Вебер В.Р., Чуваков Т.И., Лапотников В.А., Копина М.Н. «Основы сестринского дела», Ростов/Д, изд. «Феникс», 2007. -
Зуева Л.П. «Гигиена рук и использование перчаток в ЛПУ». М, 2007. -
Смолева Э.В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. Ростов Н/Д, изд. «Феникс», 2007. -
Лемента Е.В., Прилепская В.Н. Сестринское дело (практические манипуляции). М., Ростов/Д, изд. «Март», 2005. -
Кулешова Л.И., Пустоветова Е.В., Рубашкина Л.А. Инфекционный контроль в лечебно-профилактических учреждениях. Ростов/Д, изд. «Феникс», 2003. -
Двуречинская В.М., Каплина А.А., Чуприна Р.Н. Подготовка пациента к исследованиям, технология сестринских манипуляций. Ростов/Д, изд. «Феникс», 2002.