Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1394

Скачиваний: 80

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораториялық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

  2. Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

  4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

  5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егер де болса).

  6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

  7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

  8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

  10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

  11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

  12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап, сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.

  13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

  14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

  15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

  16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

  17. Қысқышты босатып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

  18. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

  19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

  20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

  21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

  22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, лабораторияға жіберіңіз.

  26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.




Ескерту:

  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егер де шприцке сұйықтық түспесе, онда сүңгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

  • асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге еңгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

  • егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылытқыш қойылмайды;

  • лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.

ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы).

  1. Науқастың қал-жағдайы туралы дәрігерге хабарлаңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

  3. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Жедел дәрігерді шақырыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғы арасына шылапшынды қойыңыз.

  4. Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егер де олар болса).

  5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын алдынан ұстаңыз.

  6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

  8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз.

  9. Белгісіз умен уланғанда құсықты контейнерге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

  10. Дәрігердің нұсқауы бойынша құсықты лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа дәрігерді шақырыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

  3. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз. Егер де бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.

  4. Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егер де олар болса).

  5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокты қойыңыз.

  6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз. Егер де науқас өздігінен ауызын сумен шайқай алмаса, онда ауыз және мұрын қуыстарына күтімді жүргізіңіз.

  7. Құсықты қарап, дәрігер нұсқауы бойынша лабораторияға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

ХVІ. Өкпе-жүрек реанимациясы
Соңғы өлім жағдайдағы мейірбикенің

Іс-әрекет алгоритмі
Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.

Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.

Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

  • мәңгіру;

  • есі шатасқан;

  • артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

  • шеткерлі артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

  • тыныс алуы жие, үстірт;

  • ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);

  • терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.



Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс – бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңғы өлім жағдайы қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Жанталасу жағдайы – тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы.

Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

  • тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

  • ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

  • жүректің жиырылуы жиіленеді;

  • артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

  • шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

  • жалпы тонустық құрысу;

  • дене қызуы төмендейді;

  • еріксіз кіші және үлкен дәретке отыру.


Клиникалық өлім – бұл қайтарымды жағдай, организмнің бірнеше минут бойы (5-6 мин) өткізетін халі, қан айналымының және тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады.

Тұп-тұра жүрек және өкпенің жұмысы тоқтаған соң, зат алмасу процессі қатты төмендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нәтижесінде толық тоқталмайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы – қан айналымы жоқ жағдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бұл жасушалар өледі де, кенеттен есінен айырылады.

Клиникалық өлімнің белгілері:

  • есі болмайды;

  • тыныс алуы тоқтайды;

  • терісі бозарады, сұрланады және көгереді;

  • ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

  • көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

  • рефлекстері толық болмайды.


Реанимация – бұл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге, алдымен тыныс алу және қан айналуын, ұлпаларды жеткілікті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.