Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1396

Скачиваний: 80

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

  2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

  • зардап шегушіні көлденең қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жұмсақ бетке орындау күткен әсерді бермейді, өйткені жұмсақ бет құтқарушының қимылдауымен серпіліп, жүректі қажетті қысуға мүмкіндік бермейді;

  • кеуде торының алдыңғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

  1. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.

С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.
А ЕРЕЖЕСІ. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі - тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін.
Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау.

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:

  • зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз;

  • аузын ашыңыз;

  • алмалы-салмалы тістерін алыңыз;

  • оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;

  • зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді.

  2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.

  3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

  1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

  2. Вентиляцияның адекваттылығын тұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпеден дем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау.

  3. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады.


Өкпенің жасанды вентиляциясын

«ауыздан - ауызға» жасау әдісі
Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі:


  • бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

  • осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

  • екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

  • терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды.



Өкпенің жасанды вентиляциясын

«ауыздан - мұрынға» жасау әдісі


  • зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады;

  • терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.

Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.
С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

  2. Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

  3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.

  4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз.

  5. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

  6. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.

  7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

  8. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

  9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.


Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады.


Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.

Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.

Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.
Жүрекке массаж жасау әсерлілігінің көрсетілімдері:
Егер де тірілту әдісі дұрыс орындалса, онда құтқарушыда:

  • ұйқы және шеткері артерияларында тамыр соғу пайда болады;

  • көздің қарашығы бірте-бірте кішірейеді;

  • тыныс алуы қалпына келеді;

  • терісінің түсі жақсарады.

Әрбір 2 минут сайын – ұйқы артериясында тамыр соғуды және көз қарашығының реакциясын бақылайды.
Реанимация жүргізген уақытында бас миының гипоксия әсерін азайту қажет: басына мұзды мұйықты мұзбен немесе салқын сумен қояды; оның қанмен қамтамасыз етуін азайту: құтқарушының аяғын көтеру, олардың астына көрпені, киімді, чемоданды немесе басқа да қасындағы заттарды салу.

Сәтті кезде тыныс алу және жүрек қызметін еркін қалпына келтіргенде, барлық жағдайларда ес қайта келмейді. Зардап шегушіні орнықты қыр қалпына жатқызу керек, тілдің түсуінен болатын асфиксияны және құсқандағы құсықпен қақалмауынан сақтау. Басын салқындатып, жалпы жылытумен қамтамасыз ету: көрпемен, киіммен қымтап, жылытқышпен немесе бөтелкедегі жылы сумен айнала қоршаңыз.

Егер де барлық әдіс дұрыс орындалса, онда қан айналымының жақсару белгілері жоқ болса: көз қарашығы кең болып қалады, көгеруі кетеді, ерікті тыныс алу және жүрек қызметі қалпына келмейді, онда осы мезгілде барлық шараларды 30 минут жалғастырады, осы уақытта әсерін жеткіздірмей, реанимацияны тоқтатады. Реанимациялық шараларды тоқтатқан кезең биологиялық өлімнің болу уақыты болып есептеледі, Құтқару әсерсіз болады, бірнеше себептермен: әдістерді дұрыс орындалмаған, орындалмаған, не кешіккен реанимацияның басы немесе зақымдалу өмірмен үйлесімсіз.
Биологиялық өлім – бұл организмнің тіршілік қызметінің қайтарылмайтын тоқтауы.

Бас миының қыртысының жасушаларында қайтарылмайтын өзгерістер басталған кезде шын немесе биологиялық өлім басталады:

  • тыныс алуы толық тоқталады (апноэ);

  • қан айналымы тоқталады (асистолия);

  • ес-түсі жоқ (кома);

  • көздің мүйізгек қабығы бұлдырайды және құрғайды;

  • «мысық көз» белгісі;

  • дене қызуы төмендейді;

  • өлік дағы пайда болады;

  • өлік сіресіп қатып қалады.