Файл: мейіргер ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жинаы авторлары М. Ш. Нурманова м.. к., Мейірбике ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.11.2023

Просмотров: 1393

Скачиваний: 80

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«МЕЙІРГЕР ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ

БОЙЫНША МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

Авторлары:

М.Ш. Нурманова – м.ғ.к., «Мейірбике ісі» цикл әдістемелік комиссиясының төрайымы, жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы

Ж.Т.Матакова – жоғарғы категориялы «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы

Э.Т. Бейскулова – жоғарғы категориялы «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы

МАЗМҰНЫ


І. Жұқпалық қауіпсіздік

8

Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту

8

Қолды гигиеналық деңгейде тазарту

9

Қолды тері антисептигімен тазарту

11

Залалсыздандырылған қолғапты кию. Қолғапты шешу

12

Хлорамин ерітіндісін даярлау

15

5% гипохлорит кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау

16

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

17

Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

17

Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу


18

Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

20

Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу

22

ІІ. Жарақаттанғанда, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда мейірбикенің өз-өзіне және өзара жәрдем (көмек) көрсетуі



23

Апаттық дәрі қобдишасы

23

ВИЧ-ке қарсы дәрі қобдишасы

24

Науқастың биологиялық сұйықтығы мейірбикенің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақ сілемейлі қабығына байқаусызда түскенде жасалатын мейірбикенің іс-әрекеті



25

Науқастың биологиялық сұйықтығы мейірбикенің көз сілемейлі қабығына байқаусызда түскенде жасалатын мейірбикенің іс-әрекеті


26

Науқастың биологиялық сұйықтығы байқаусызда мұрын қуысының сілемейлі қабығына түскенде жасалатын мейірбикенің іс-әрекеті


27

Науқастың биологиялық сұйықтығы мейірбикенің киіміне және зақымдалмаған терісіне байқаусызда түскенде жасалатын мейірбикенің іс-әрекеті



28

Байқаусызда жұқпа түскен құрал-саймандармен қол саусақтарын жарақаттағанда жасалатын мейірбикелер іс-әрекеті


29

Науқастың биологиялық сұйықтығы мейірбикенің қолғабына түскенде жасалатын мейірбикенің іс-әрекеті


30

Көздің сілемейлі қабығын тазарту үшін, аспадағы антисептикалық затты даярлау


31

Мұрын қуысы сілемейлі қабығын тазарту үшін, аспадағы антисептикалық затты даярлау


32

ІІІ. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты қабылдау

33

Науқастың дене салмағын өлшеу

33

Науқастың бойын өлшеу

34

Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту

35

Гигиеналық себезгіні (душты) жүргізу

37

Гигиеналық бұлауды (ваннаны) жүргізу

38

Науқасты тасымалдау

40

IV. Қауіпсіз ауруханалық орта

41

Науқасты Фаулер қалпына жатқызу

41

Науқасты Симс қалпына жатқызу

43

Науқасты ішімен жатқызу

44

Науқасты арқасымен жатқызу

45

Науқасты қырымен жатқызу

46

V. Науқастың жеке бас тазалығы

48

Функциональды кереуетті қолдану

48

Науқасқа төсек-орын дайындау

49

Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)


50

Халі ауыр науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс)

51

Ішкі киімді ауыстыру

52

Халі ауыр науқастың шашын күту

53

Науқасты ылғалды сүрту

54

Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу

55

Қолдағы тырнақты қиып алу

56

Аяқтағы тырнақты қиып алу

57

Науқасты қырындыру

58

Қолтық ойығындағы шашты қыру

59

Қасағадағы шашты қыру

60

Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу

61

Ер адамның жыныс мүшесін жуу

62

Дәрет сауытын (судноны) беру

63

Зәр қабылдағышты беру

65

Судноны және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі


66

Көзді күту

67

Мұрын қуысын күту

69

Құлақты күту

70

Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту

71

Алмалы-салмалы тіс протездерін күту

73

VI. Науқастың функциональды жағдайын бағалау

74

Дене қызуын қолтық ойысынан өлшеу

74

Кәржілік артериясынан тамыр соғуды анықтау

76

Қан қысымын өлшеу

78

Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу

80

Су балансын анықтау және есептеу

81

VІI. Науқасты тамақтандыру

83

Халі ауыр науқасты тамақтандыру

83

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру

84

Гастростома. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру

87

Гастростоманы күту

88

VІІI. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу


89

Жылытқышты қолдану

89

Мұзды мұйықты қолдану

91

Қыша қағаздарын қою

92

Аяққа қыша ваннасын жасау

93

Ыстық ылғалды компресті қою

94

Салқын компресті қою

95

Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою

96

Сүлікті қою

98

Парафин және озокеритпен емдеу

100

Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру

102

Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

104

Постуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)

105

IX. Дәрі дәрімектерді қолдану жолдары мен әдістері, ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру


108

Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюляны қолдану

108

Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану

109

Тұнбаны, экстрактыларды (шырсөлді) қолдану

110

Науқасқа ұнтақты қолдану

111

Дәрі-дәрмектерді сыртқы жолмен енгізу. Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу


112

Көзге тамшы тамызу

114

Төменгі қабаққа көз майын қаттастырып салу

116

Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

118

Жеке ингаляторды қолдану

119

Сеппені қолдану

121

Дәрілік жабысқақ пластырьді салу

122

Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу

123

Дәрілік ерітіндіні теріге жағу

124

Майлы таңғышты орындау

125

Теріге майды жағу

126

Теріге майды сылап жағу

127

Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу

128

Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу.

Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру

129

129

Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу

130

Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу

132

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

134

Тері ішіне инъекцияны орындау

135

Тері астына инъекцияны орындау

137

Инсулинді енгізу

139

Бұлшық етке инъекцияны орындау

141

Көк тамырға иньекцияны орындау

143

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастыру


145

Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау

147

Х. Пункциялар

150

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау


150

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) дайындау


152

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлынды (люмбальды) тесуге дайындау


154

Науқасты және медициналық құрал- саймандарды төс сүйегін тесуге (пункциясына) дайындау


156

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге дайындау


158

ХI. Клизмалар. Жел шығаратын түтік

159

Тазарту клизмасын қою

159

Сифон клизмасын қою

161

Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою


163

Жел шығаратын түтікті қою

164

Майлы клизманы қою

166

Дәрілік клизманы қою

168

Тұзды (гипертониялық) клизманы кою

170

ХIІ. Қуықты катетерлеу

172

Әйелдердің қуығын катетерлеу

172

Ер адамның қуығын катетерлеу

174

Қуықты жуу

176

ХІІI. Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістеріне науқасты дайындау


177

Лабораториялық анализге саусақтан қан алу

177

Вакуумды жүйе көмегімен веналық қанды алу

179

Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу

182

Қақырықты зерттеуге жинау ережесі

184

Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

185

Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

186

Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықты жинау


187

Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау

189

Жеке түкіргішті қолдану ережесі

191

Жұтқыншақтан жағынды алу

192

Мұрын қуысынан жағынды алу

194

Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

196

Нечипоренко әдісімен зәрді жинау

197

Зимницкий байқауына зәрді жинау

198

Диастазаға зәрді жинау

200

Қантты анықтауға зәрді жинау

201

Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау

202

Розин байқауын жүргізу (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)


203

Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау

204

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (әйелдер үшін)

205

Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу (еркектер үшін)

207

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

209

Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу

210

Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу

211

Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар Петри табақшасына алу


212

Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті пробиркаға алу

214

Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу

216

ХIV. Науқасты эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындау


217

Науқасты бронхоскопияға даярлау

217

Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау

218

Науқасты колоноскопияға даярлау

219

Науқасты ректороманоскопияға даярлау

221

Науқасты цистоскопияға даярлау

222

Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау

223

Науқасты бронхографияға дайындау

224

Науқасты асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге дайындау


225

Науқасты ирригоскопияға дайындау

226

Науқасты көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау

228

ХV. Сүңгілі манипуляциялар

230

Асқазанды жуу

230

Асқазанды сүңгісіз әдіспен жуу

232

Науқасты дайындау және асқазанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүңгілеуді жүргізу


233

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу

235

Құсқан науқасқа алғашқы көмек көрсету

238

ХVІ. Өкпе-жүрек реанимациясы

240

Өлікті жайғастыру ережелері

247

Пайдаланылған әдебиеттер

249




І. Жұқпалық қауіпсіздік

Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту
Мақсаты: науқастармен немесе қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз сүлгілерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз.

  4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті.

  5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

  6. Шүмекті жабыңыз.

  7. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз.

қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.

Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз.

  2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350-400С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизм-дермен қолдың жанасуын қорғайды.

  5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

  • алақанды алақанмен;

  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;

  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;

  • оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше;

  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;

  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше.

Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.

  1. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.

  2. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

  3. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.

Ескерту:

  • қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;

  • 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз.

  • Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындап қолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;

  • тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;

  • жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.

Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.


Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

  2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

  3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:

  • алақанды алақанмен,

  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,

  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,

  • оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,

  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,

  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше,

  • қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.



Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады.

Залалсыздандырылған қолғапты кию
Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

  • Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

  • Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

  2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

  3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

  4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

  5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

  6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

  7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

  8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

  9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

  10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.



Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
Қолғапты шешу
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

  2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

  3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

  5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

  6. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.
Хлоры бар зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі

Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, %

Заттың мөлшері, г.

1 л ертіндіге

10 л ертіндіге

0,1

0,2

0,3

0,5

1,0

2,01

3,0

5,0

10,0

1,0

2,0

3,0

5,0

10,0

20,0

30,0

50,0

100,0

10,0

20,0

30,0

50,0

100,0

200,0

300,0

500,0

1000,0 (1 кг)



Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі

Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, %

Заттардың мөлшері- мл, су-мл. 1 л даярлау үшін

Зат (мл)

Су (мл)

1,0

3,0

5,0

8,0

10,0

10

30

50

80

100

990

970

950

920

900


Сутегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі

Ертіндінің аталуы

30 % пергид рольдің (мл) мөлшері

Жуушы заттың (г) мөлшері

Судың мөлшері (мл)

3 % су тегі асқын тотығы

100

5

895,0

4 %- су тегі асқын тотығы

133,3

5

861,0

5 % су тегі асқын тотығы

200,0

5

795,0