Файл: Ксіптік даярлау, айта даярлау жне біліктілікті арттыру блімінде ауіпсіздік занамасын оыту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мазмұны
| Кіріспе | 3 |
1 | Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімінде қауіпсіздік заңнамасын оқыту | 5 |
1.1 | Заңды құжаттар. Еңбек қауіпсіздігін мемлекеттік және қоғамдық басқару | 7 |
1.2 | Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары | 9 |
1.3 | Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық | 11 |
2 | Байыту фабрикасы туралы негізгі мәліметтер | 13 |
2.1 | Кеннің сипаттамасы. Дайындау процессі | 13 |
2.2 | Байыту фабрикасында кенді ұсақтау, ұнтақтау әдісі | 16 |
2.3 | Елеу процессі | 18 |
3 | Флотациялық байыту әдісі | 20 |
3.1 | Флотациялық реагенттер | 22 |
3.2 | Механикалық флотациялау машиналарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелері | 24 |
3.3 | Пневмомеханикалық флотация машиналарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелері | 26 |
3.4 | Реагенттерді беру құрылғылары | 28 |
3.5 | Флотация процесінің технологиясы | 30 |
4 | Көмекші процесс | 32 |
4.1 | Қоюландыру процессі | 33 |
4.2 | Сүзу, кептіру процессі | 34 |
4.3 | Шаңсыздандыру процессі | 35 |
| Қолданылғын әдебиеттер | 37 |
Кіріспе
Жезқазған кен орнының мыс кендері қорлары бойынша негізгі болып табылады. 2008 жылдан бастап № 1, 2 ЖОФ-да Жомарт кенішінің жерасты өндірісіндегі мыс кенін қайта өңдеу басталды.
№ 1, 2 Жезқазған байыту фабрикаларының тауарлық өнімі - Жезқазған мыс балқыту зауытында өңделетін мыс концентраты.
Жер қойнауынан ашық және жабық тәсілдермен өндірілген мыс кені Жезқазған байыту фабрикасына жеткізіледі.
Фабриканың технологиялық схемасы бірнеше кезеңнен тұрады: вагондарды төгу; мыс кенін ұсақтау, елеу және ұнтақтау; флотация; концентратты қоюлау, сүзу және кептіру.
Біріншісі - темір жол вагондары ғимараттарында темір жол вагондарымен шахталардан келетін кенді қабылдау. Темір жолмен мыс кені фабрикаға жеткізіледі. Олар вагон аударғыштар көмегімен түсіріледі.
Екіншісі – ұсақтау бөлімдерінде кенді кезең-кезеңмен ұсақтау (ірі, орта және майда). Кен конвейер арқылы ұсатқыштарға түседі. Кеннің бір вагоны шамамен 10-20 секундта ұсақталады.
Конусты ұнтақтағыштар қолданылады: кесектер жылжымалы және бекітілген конустар арасында жаншылу арқасында ұсақталады.
Ірі ұсақтаудан кейін кен елеу, орташа және майда ұсақтау процестеріне түседі. Елеу, орташа жене майда ұсақтау процесі жүргізілетін цех.
Елеу – әртүрлі кесекті кенді елеуіш беттері (елеуіш торлар суретте көрсетілген) көмегімен әртүрлі ірілікті кластарға бөлу процесі. Кенді дайындау сапасы уақытылы жаңартылып отыратын іріктеу електерінің сапасына байланысты. Елеу – елеуіштерде (грохоттарда) жүргізіледі.
Майда ұсатудан кейін кен конвейерлер арқылы бас ғимаратқа түседі. Онда ұнтақтау және флотация бөлімдері орналасқан.
Үшінші кезең - пульпа алу үшін барабанды диірмендерде кенді ұнтақтау және оны флотацияға жіберу. Мұндай диірмендердегі ұнтақтаушы орта - болат біліктер және әртүрлі диаметрдегі шойын немесе болат шарлар.
Майда ұсатылған кен ұнтақтау процесіне түседі. Онда барабанды диірмендер мен классификаторлар, гидроциклондар орналасқан. Мұндай диірмендерде кен біртекті пульпа алынғанша сумен араластырылады.
Төртінші кезең - флотация. Мыс минералдарының ұсақ ұнтақталған бөлшектері сулы ортада арнайы химиялық реагенттер қосу арқылы ауа көпіршіктерінің бетіне бекінеді. Мыс минералдарымен қапталған көпіршіктер көбік түзеді, ол дайын мыс концентратына айналғанша флотацияның келесі сатысына жіберіледі. Көпіршіктерге бекінбеген және камера түбіне тұнған бос тау жыныстары түйіршіктері байыту қалдықтары деп аталады. Флотациядан кейін қалдықтар құбырлар арқылы қалдықтарға жіберіледі.
Флотация процесі флотомашиналарда жүргізіледі.
Өңдеудің бесінші кезеңі - мыс концентратын қоюлау және сүзу. Бұл кезеңде флотация ар№1, 2 Жезқазған байыту фабрикаларының тауарлық өнімі - Жезқазған мыс балқыту зауытында өңделетін мыс концентраты.қылы алынған концентраттағы ылғалдылық азаяды.
Қоюлау процесі қоюландырғыштарда (сгуститель), ал сүзу – сүзүіштерде (вакуум-фильтр) жүргізіледі.
Жезқазғандағы байыту фабрикасы № 1,2 (ЖБФ № 1,2) аяқталған байыту циклінен тұратын екі байыту фабрикасын біріктіреді және екеуінен алынған мыс концентраты бірлескен сусыздандыру процесінен өтеді.
№ 1 БФ жерасты сульфидті мыс кендерін өңдейді.
№ 2 БФ жерасты және ашық карьерлердің мыс сульфидті кендерін, аралас және тотыққан кендерді, металлургия өндірісінің шлактарын өңдейді.
- №1 ұсақтау корпусы:
Ірі ұсақтағыш корпус;
Орташа және ұсақ ұсақтау корпусы;
Жабық кен қоймасы.
- №2 ұсақтау корпусы:
Ірі ұсақтағыш корпус;
Орташа және ұсақ ұсақтау корпусы;
Жабық кен қоймасы.
-№1 бас корпус:
1-2 секция, 3-4 секция, 5-6 секция:
Ұнтақтау бөлімі;
Сорғы бөлімі;
Флотация бөлімі.
-№2 бас корпусы:
1-3 секция (№1 блок), 4-6 секция, 7-10 секция,
11-12 бөлім (10 А бөлімі):
Ұнтақтау бөлімі;
Сорғы бөлімі;
Флотация бөлімі.
-
Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бөлімінде қауіпсіздік заңнамасын оқыту
Біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
Дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
Дуальды оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін оқу орны және өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) арасындағы жазбаша келісім;
Кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
Қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
Оқыту шарты – жұмыс беруші мен білім алушының арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім.
Өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;
Реттелетін кәсіптер – сәйкестікті растауды және біліктілік беруді талап ететін кәсіби қызмет;
Тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері.
Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және сәйкестікті растау мен біліктіліктер берудің кешенді жүйесін іске асыру үшін тиісті кәсіптік стандарттар болған кезде талаптарды ескеруге тиіс.
Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтетін жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.
Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.
Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.
Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды.
-
Заңды құжаттар. Еңбек қауіпсіздігін мемлекеттік және қоғамдық басқару.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк) қажет.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
Тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Адам азаматтық қызметтің мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымына немесе квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі жұмысқа кірген кезде жұмыс беруші осы адамға қатысты оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы талап етіп алдырады.
Жұмыскерлердің қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады.
Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады.