Файл: Терапия стандарттар жауабы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 248

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



20.Тері астына инъекция жасау техникасы.


-Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

  1. -Қолыңызды антисептикті қолданып жуып, қолғапты киіңіз.

- Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

- Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

-Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

-Поршень жағынан орауды ашыңыз.

-Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

-Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

-Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

-Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз.

-Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз.

-Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

-Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз, инені абайлап ампулаға енгізіңіз.

-Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.

-Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз.

- Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

-Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

-Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

-Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

-Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз. Дәрі егетін жерді дайындаңыз.

-Қолғапты тері антисептигіменөңдеңіз

- Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді (мақта шариктерін контейнерге салыңыз).

-Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

-Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

-Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

-Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

-Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

-Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.

- Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.



21. 1 Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

  2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

  3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

  7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

  8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

  9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

  10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

21.2 Жылытқышты қолдану

Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Дайындаңыз:

резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

  2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.

  3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

  8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

  9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

  10. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

  11. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

  12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

  13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

22. Несепті Нечипоренко әдісімен талдауға жинау

Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты- жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).

  4. Науқас зәрдің бірінші ағымы үлесін унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы үлесін жинаңыз.

  6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының нөмерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз

  7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.

  8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.

Нечипоренко тәсілі – бұл лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлерін санап анықтайтын, несеп тұнбасынан микроскоппен қарағаннан гөрі обьективті әдіс. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.

Пішінді элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

  • лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

  • эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

  • цилиндрлер – жоқ.



23. Несепті Зимницкий әдісімен талдауға жинау.

Мақсаты: диагностикалық: бүйректің несеп бөлу және концентрациялық қызметін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, үлестің №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

  • зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

  • бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

  • зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

  1. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

  2. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 үлес – сағат 6-дан 9-ға дейін,

№2 үлес – сағат 9-дан 12-ге дейін,

№3 үлес – сағат 12-ден 15-ке дейін,

№4 үлес – сағат 15-тен 18-ге дейін,

№5 үлес – сағат 18-ден 21-ге дейін,

№6 үлес – сағат 21-ден 24-ке дейін,

№7 үлес – сағат 0-ден 3-ке дейін,

№8 үлес – сағат 3-тен 6-ға дейін.

  1. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

  2. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 үлесті лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

  • Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр үлес №»;

  • үлестің біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.


Зимницкий тәсілі – бұл бүйрек қызметінің функционалды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің концентрациялық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесінің мөлшерін, арақатынасын анықтайды.

Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

  • Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

  • Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

  • Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

  • Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

  • Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір өзгереді.



24.1 Науқастың дене салмағын өлшеу