Файл: 9сынып емтихан тапсырмалары аза тілі мен дебиеті аза тілі мен дебиеті (орыс тілінде оытылатын сыныптара).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2065

Скачиваний: 129

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

(орыс тілінде оқытылатын сыныптарға)



Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа

1-тапсырма . Төменде берілген мәтінді оқыңыз.



Кәсіп – бақыттың шырағы, Еңбек – ырыстың бұлағы

«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,-дейді қазақ халқы. Өз еңбегімен танылған азаматтар мен кәсіпорындар да көп. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын – «Абзал және К» ТС-і (Толық серіктестігі). Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.

«Абзал және К» ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан үздік сапа белгісін алса, 2019 жылы желтоқсанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада компания басшысы Мағжан Ералиевке «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.

Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.

Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған жері- Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания 54 жаңа еңбек орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен медресесін, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын салып, ауылдағы мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеу жүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.


«Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ»,- дейді халық даналығы. Жас болса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:«Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Сондықтан Германиялық PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Біз бұл фирмамен серіктестікке дайынбыз. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз. Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңызды салаларға да қызметкерлерді дайындау алдағы мақсатымыз», -дейді. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.

(343 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Ғұмыр –__________________________________________________________

Ісімен –__________________________________________________________

Қамтамасыз етіп отыр- _____________________________________________

Түгел – __________________________________________________________

Еңбексіз –________________________________________________________

28

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз

Мысалы:«Жер– өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі»,- дейді қазақ халқы.Қазақ халқы ________________________________

Жауабы:Қазақ халқыөмірдің негізі жер екенін, адамның несібесі еңбек екенін айтқан.

  1. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - «Абзал және К» ТС-і.

«Абзал және К» ТС-і ____________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.

Жас кәсіпкер Мағжан ___________________________________________________

_________________________________________________________________________

3. Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді.

Нағи Ілиясов ауылындағы _______________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды. Қазіргі таңда __________________________________________________________


_________________________________________________________________________

  1. Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде компания туған жері – Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.

Компания ___________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.

Ауыл ________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. «Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ», – дейді халық даналығы.

Халық даналығы ____________________________________________________

________________________________________________________________________

  1. Біздің мекеме – Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Қазақстандағы ______________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.

Біз ___________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза. Халық _______________________________________________________________

________________________________________________________________________

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

1.Неге қазақ халқы « Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі» дейді?

_________________________________________________________________________

  1. Компанияның жеткен жетістіктері мен пайдасына қандай істерін жатқызуға болады? Кем дегенде 2 дәлелді көрсетіңіз.

_________________________________________________________________________

  1. Компанияның алға қойған мақсатының елімізге тигізер әсері қандай? 2 әсерін жазыңыз.

29

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

Жалпы білім беретін мектептерге. ІІ нұсқа

1-тапсырма.Төменде берілген мәтінді оқыңыз.



Көшпенділер мәдениеті


Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатады. Адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер материалдық мәдениетті құрайды. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көшіп-қонуға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілерінің біріне жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді жатқызамыз. Киіз үй тек баспана емес, халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады.

Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы – көшпелілердің киіз үйі. Киіз үй – Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Ол – көшпенділердің оңай жығып, шапшаң тігуге, көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. «Киіз үй (оның құрылымы, ішкі безендірілуі) – қырғыз-қайcақтардың үйі, оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз жабдықтардан тұрады. Біріншісі – үйдің негізі, ал екіншісі – суық пен аяздан қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ», – деп жазады Шоқан Уәлиханов.

Шаңырақ – киiз үйдегі ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес, жамандықтан қорғайтын киелi орын. Шаңырақ – қасиетті. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Ошақ орналасқан соң, ортаға қазан асылады. Шағырақтың астында тұратын қазан – «Құт» деген түсiнiктiң басы. Оған аспаннан нұр құйылады. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi – Түркiстандағы Тайқазан. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар. Оның бiрiнде: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы деп те айта аламыз.



Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл – күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте – төр. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны «төр» сөзi Орхон-Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.




Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Көшпенділердің киіз үйі — ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай келе жатқан құнды мәдени жәдігер.



(347 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Өзгешеліктерінен – __________________________________________________

Белгісі – ____________________________________________________________

Жылдам – __________________________________________________________

Қолайлы – __________________________________________________________

Сақтайды ___________________________________________________________

30

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы: Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді.

Мәдениет ____________________________________________

Жауабы: Мәдениетадамдардың жасауы бойынша екі түрге ажыратылады.

1.Адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер материалдық мәдениетті құрайды.

Материалдық мәдениетті ________________________________________________

2. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.

Рухани мәдениетінің дам________________________________________________

________________________________________________________________________

  1. Киіз үй — Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Орталық Азия халықтарының____________________________________________

__________________________________________________________________________

  1. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Тарихымыздағы________________________________________________________

________________________________________________________________________

  1. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ»,-деп жазады Шоқан Уәлиханов.

Шоқан Уәлиханов____________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар.