Файл: 9сынып емтихан тапсырмалары аза тілі мен дебиеті аза тілі мен дебиеті (орыс тілінде оытылатын сыныптара).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 2066

Скачиваний: 129

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Алаш идеясы қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру туралы білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақтың басы бірікті. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді. Өйткені мемлекеттің негізгі тірегі, қорғаны — әскер. Өткен ғасырдың басындағы Алаш Орда қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздікке ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі — бүгінгі қазақ әскерінің қалыптасуының алғышарты.

Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тәуелсіздік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті — сол идеяның жемісі.

(346 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

мағынасына – ________________________________________________________

ажырамас – _________________________________________________________

еркін – ____________________________________________________________

көшіп келушілерге – _________________________________________________

қосты – ___________________________________________________________

34

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы: Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады.Тарихта_____________________________________________________________

Жауабы: Тарихтаалаш атыежелгі атаулардың бірі.

  1. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Алаш атау_____________________________________________________________

_______________________________________________________________________

  1. Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Алаш атауын___________________________________________________________

____________________________________________________________________

  1. Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.

Ел ретінде ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

  1. Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды.

Зиялы қауым өкілдері ___________________________________________________

_________________________________________________________________________


  1. Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті.

Отанға ________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді .

Қазақ халқын __________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Түпкі мақсатымыз — ғылым мен ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру.

Ғылым мен ___________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақ бірікті.

Мыңдаған қазақ________________________________________________________

________________________________________________________________________

  1. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді.

Қуатты мемлекетке айналу _______________________________________________

________________________________________________________________________

  1. Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тәуелсіздік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.

Қазақтың ұлттық мемлекетін құру______________________________________

________________________________________________________________________

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

  1. «Алаш» идеясы қандай мақсатты көздеді?

_________________________________________________________________________

  1. Алаш қайраткерлері өздеріне қандай мақсаттар қойды ? Кем дегенде 2 мақсатын көрсетіңіз.

_________________________________________________________________________

  1. Алаш идеясының құндылығы неде? 2 дәлелді жазыңыз.

_________________________________________________________________________

35

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

Инновациялық мектептерге. ІІ нұсқа 1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.



Заң – қоғамның тірегі

Еліміздің ең жоғары Заң құжаты — Конституция. Ата Заңымыз еліміз үшін қиын кезеңдерде халықтық референдум жолымен қабылданды және күрделі мәселелерді шешудің түйінді формуласы ретінде орнықты. Ата Заң демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке тән ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Ол елдегі қоғамдық-саяси құрылымның құқықтық сипатын негіздеп, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін айқындап береді.



Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат биыл 25 жасқа толып отыр. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет халықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген де осы-1995 жылы қабылданған Конституция. Сол кезде құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген.

Ал бүгінгі Ата заңымыздың басты ерекшелігі туралы не білеміз ? Парламент Мәжілісінің депутаты болған Алдан Смайыл бұл ерекшелік Елбасы ұсынысымен енгізілген төрт ұстанымда жатқандығын айтады. Бұл біріншіден — қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екіншіден — экономикалық даму, үшіншіден — қазақстандық патриотизм, төртіншіден — маңызды мәселелерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Міне, осы төрт мәселе біздің республикамыздың негізгі принциптері болып саналады.

Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл — мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.

Еліміздің Ата Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған Конституция адамдардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Ата Заң халыққа мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды.

Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз — Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Ол — Қазақстандағы батыл жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінің қайнар көзі.

(345 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.


Осы жылы–_________________________________________________________

Дүниедегі – _________________________________________________________

Алғаш – ____________________________________________________________

Өзгешелік – ________________________________________________________

Жасады – __________________________________________________________

36

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы: Еліміздің ең жоғары Заң құжаты—Конституция.

Конституция ___________________________________________________________

Жауабы:Конституциямемлекетіміздің ең маңызды Заң құжаты болып саналады.

  1. Ата Заңымыз еліміз үшін қиын кезеңдерде халықтық референдум жолымен қабылданды және күрделі мәселелерді шешудің түйінді формуласы ретінде орнықты.

Еліміз үшін _______________________________________________________

________________________________________________________________________

  1. Ата Заң демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке тән ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекетке тән_____________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат биыл 25 жасқа толып отыр.

Биыл _________________________________________________________

_______________________________________________________________________

  1. Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.

Әлемдегі __________________________________________________________

____________________________________________________________________

  1. Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет халықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген де осы-1995 жылы қабылданған Конституция.

1995 жылы ___________________________________________________________

______________________________________________________________________

6. Міне, осы төрт мәселе біздің республикамыздың негізгі принциптері болып саналады.

Біздің _________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

  1. Бұл — мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.

Мемлекетімізде ___________________________________________________

____________________________________________________________________

  1. Ата Заң халыққа мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды.

Халыққа ___________________________________________________________


________________________________________________________________________

  1. Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек.

Біз үшін ___________________________________________________________

_________________________________________________________________________

  1. Өйткені, Ата Заңымыз — Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат.

Қазақстанның ________________________________________________________

________________________________________________________________________