Файл: 9сынып емтихан тапсырмалары аза тілі мен дебиеті аза тілі мен дебиеті (орыс тілінде оытылатын сыныптара).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2069
Скачиваний: 129
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
-
Ата Заңның негізгі міндеті қандай?__________________________________
-
Ата Заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Кем дегенде 2 ерекшелікті атап көрсетіңіз._______________________________________________________________
-
Ата Заңның негізгі қағидалары қандай? 2 дәлел келтіріңіз?
________________________________________________________________________
37
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
Инновациялық мектептерге. ІІІ нұсқа
1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Құлан - жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар
Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан да енген.
Құлан, жалпы айтқанда, жылқы тұқымдас жануар. Құландар жылқы сияқты тебініп қоректенеді, шөп талғамайды. Зерек, батыл әрі сақ келеді. Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін. Сонымен қатар ол — өте қызыққұмар жануар. Далада келе жатып өзіне бейтаныс зат көрсе, жақын келіп, зерттеп кетеді.
Бір ғасыр бұрын қазақ даласын құланның 3 түрі мекен еткен көрінеді. Олар: монғол, қазақ және түркімен құланы. Монғол құланы Шығыс Қазақстанды мекендесе, қазақ құланы орталық және оңтүстік аймақтарды, ал түркімен құланы Батыс Қазақстанды жайлаған.
-
ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланы біздің елдің территориясынан ауып кеткен. Оған әсер еткен әр түрлі факторлар бар. Негізгілері:1. Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар есепсіз аулағандықтан саны азайды. 2. Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті. 3. Құландардың жайылымдарын өңдеп, егістік, құрылыстар жүргізу жұмыстары да өз әсерін берді.
1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып келінген. Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған. Бұл жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрды.
Барсакелмеске жеткізілген 14 құлан көбейіп, 200 басқа жеткенен кейін оларды құрлыққа жеткізу жұмыстары басталды. 1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді. Кейін құландар Жамбыл облысындағы “Аңдасай” мемлекеттік қорығы мен Маңғыстау өңіріндегі “Ақтау-Бозашы” қорықтарына кіргізілді.“Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында бұл жұмыс қайта жалғасты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты. Олар: Барсакелмес, Алтын-Емел, Аңдасай және Ақтау-Бозашы құландары.
Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге тарауына көмектеседі, жерді қопсытады. Сонымен қатар топырақ құнарлығының артуына ықпал етеді, экожүйедегі кішігірім өзгерістердің басталуына мүмкіндік береді. Экономикалық жағынан алып қарайтын болсақ, тұрғындарды жұмыспен қамтуды айтуға болады. Сондай-ақ эко-туризмнің дамуына жағдай жасайды.
Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай жасау — әрбір адамзаттың басты парызы.
(319 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Аң – _______________________________________________________________
Таныс емес – _______________________________________________________
Тұңғыш – ___________________________________________________________
Әкелінген – _________________________________________________________
Борышы – __________________________________________________________
38
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан
да енген.
Жоғалудың____________________________________________________________
Жауабы: Жоғалудыңаз-ақ алдында тұрған жануар болғандықтан, құлан даҚазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
-
Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін.
1 шақырым __________________________________________________________
______________________________________________________________________
-
ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланы біздің елдің территориясынан ауып кеткен.
Біздің _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
-
Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар есепсіз аулағандықтан саны азайды. Аңшылар_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
-
Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті. Құландардың_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
-
1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып келінген.
Түркіменстаннан_________________________________________________________
________________________________________________________________________
-
Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған.
Құландар ______________________________________________________
_________________________________________________________________________
-
1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді. «Алтын-Емел»______________________________________________________
-
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты. Қазақстанда ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
-
Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге тарауына көмектеседі, жерді қопсытады. Табиғатта___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
10.Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай жасау –әрбір адамзаттың басты парызы.
Әрбір адамзаттың_______________________________________________________
_________________________________________________________________________
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңіз бен жауап беруге тырысыңыз.
-
Құландардың жойылуына не себеп болды?
_________________________________________________________________________
-
Құландарды сақтап қалу мақсатында қандай жұмыстар жүргізілді?
Кем дегенде 2 дәлелді келтіріңіз.
___________________________________________________________________________
-
Құландардың табиғатқа тигізер әсері қандай? Кем дегенде 2 әсерін жазыңыз.
_______________________________________________________________________
39
9-сынып емтихан тапсырмалары
Қазақ тілі мен әдебиеті
Арнайы ұйымдарға, арнайы сыныптар мен топтарға
1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Роботтар әлемі
Робот — тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы. Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген. «Робот» чехтің «робота» немесе «робот» сөзінен шыққан «еріксіз еңбек ету» деген мағынаны береді. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен қимылын ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды. Интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды қиын жерлердегі (су астындағы, ғарыштағы) қызметтерден босатады. Робот бір сарынды ауыр, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлер де жүре алады. Олар үнемі дамып келеді.
Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар — өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін және технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Әлеуметтік роботтар адамдармен байланыс орнататып, сөйлеседі.
Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар. Олар әртүрлі орталарда әртүрлі жолмен қолданылады. Қолдану мақсаты мен сыртқы келбеті әртүрлі болғанымен, құрылымына келгенде баршасында 3 бірдей жерлері бар. Бірінші, әр робот механикалық құрылғы, рамадан тұрады. Сол раманың түрі қолданылатын мақсатына қарай өзгереді. Роботтың формасы атқаратын функциясымен тікелей байланысты. Екінші, әр робот электр бөлшектерден тұрады. Осы бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды. Үшінші, барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Сол алгоритмде робот қалай қызмет ету керектігі көрсетіледі. Бағдарламаның ішіне код жазған адам робот шешімін қалай және қашан қабылдап, әрекет ететінін жазады. Негізгі үш түрлі алгоритмдер бар: қашықтан басқару, жасанды интеллект және гибрид.
Ғылыми фантастика жазушысы- Айзек Азимов әлеуметтік роботтарға арналған, құрамына төмендегідей шарттар кіретін нақты заңдарды ұсынды.
-
Робот адамға зиян келтірмеуі керек және адамға зақымның келуіне жол бермеуі керек. -
Робот адамның бірінші заңға қайшы келмейтін барлық бұйрықтарына бағынуы тиіс.
-
Робот бірінші және екінші заңдарға қайшы болмайтындай етіп өзін қорғауға міндетті. Міне, қазіргі дамыған роботтарды да осы заңдарға сүйеніп жасайды.
(300 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Жұмыстары – _____________________________________________________
Өсуі – ___________________________________________________________
Әрдайым – _______________________________________________________
Аз – _____________________________________________________________
Қажет етеді- ______________________________________________________
40
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз
Мысалы: Робот—тірі ағзаға ұқсатып жасалған автоматты құрылғы.
Тірі ағзаға ____________________________________________
Жауабы: Тірі ағзаға ұқсайтын автоматты құрылғы - робот.
-
Алғаш рет «робот» сөзін чех жазушылары Карел және Йозеф Чапек 1920 жылы енгізген.
Чех жазушылары ____________________________________________________
________________________________________________________________________
-
Алғашқы роботтар адамның қозғалысын, сырт пішінін қайталады.
Адамның қозғалысы ____________________________________________________
_________________________________________________________________________
-
Робот техниканың дамуы барысында адамдарды қиын жерлердегі (су астындағы, ғарыштағы) жұмыстардан босатады.
Адамдарды ____________________________________________________________
_________________________________________________________________________
-
Әлеуметтік роботтар адамдармен байланыс орнататып, сөйлеседі.
Адамдармен ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
5. Қазіргі кезде роботтардың көптеген түрлері бар.
Роботтардың__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
6. Осы бөлшектер робот жүйелерін толығымен бақылайды.
Робот _________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
-
Барлық роботтар кішкене болса да компьютер кодын керек етеді. Компьютер кодын ______________________________________________________