Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 339

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Бекітемін»

Академиялық мәселелер бойынша

Басқарма мүшесі – проректор

_____________ Д.М.Абдрашева «______» _____________ 2023ж.



«Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы

Білім беру бағдарламасы: 6В01514 - «Информатика»

«Информатиканы оқыту әдістемесі» бойынша кешенді емтихан сұрақтары
Информатиканы оқыту әдістемесі

  1. Білім берудегі «білім», «оқыту»,«әдістеме» ұғымдары

Информатика пәнін оқыту әдістемесін қарастырмас бұрын «білім», «білім беру», «оқыту», «әдістеме» ұғымдарын, олардың өзара байланысын, ерекшеліктерін қарастырайық.

Не үшін оқытамыз? Не үшін оқимыз? Білімді болу үшін оқытамыз немесе оқимыз. Ал «білім» деген не? Дәстүрлі оқыту жүйесінде білімді «ақпарат» деп санайды, оны ақпаратпен байланыстырады. Бірақ, бұл түсінік дұрыс емес. Өйткені, бұл түсінік оқыту мен оқудың және  үйрету мен үйренудің мазмұнын ұстаз тарапынан «ақпарат берумен», оқушы тарапынан «ақпарат алумен» шектейді. Ондай жағдайда есінде, жадында көп ақпарат сақтайтын адамды «білімді» деп айта аламыз ба? Мысалы, әлемнің кереметтері туралы немесе мұхиттар мен теңіздер туралы есінде көп ақпарат сақтаған адамды білімді деп айта аламыз ба? Ал мұндай көп ақпарат адамға пайдасын әкеледі ма, жеке өмірін жақсартуға ықпалын тигізеді ма? Дәстүрлі оқытуда осылайша есте сақтауға, репродуктивтілікке баса мән беріледі. Мысалы мұғалім өзінің бүгінгі түсіндірген сабағын ертең оқушыдан қайталап айтып беруін немесе кітаптағы жазылғанды оқып, есінде сақтап, соны айтып беруін сұрайды. Егер оқушы мүлтіксіз қайталап айтып берсе, оған «жақсы», «өте жақсы» деген баға қойылады.

Бірақ бұл есте сақталған ақпараттар келешекте уақыт өте келе ұмытылып кетуі мүмкін. Мысалы, ҰБТ-да есте сақтау қабілеті тексеріледі. Белгілі бір уақыттан кейін ол есте сақталғандар ұмытылып қалады. Бұдан шығатын қорытынды: ақпараттардың барлығы білімге жатпайтындығы, білім емес екендігі.

Екінші дәлелді қарастырайық. Әлемдік ғалымдардың айтуынша, ақпарат 1800-1900 жылдар аралығында, яғни 100 жылда екі есеге өскен. Одан кейін 1900-1950 жылдары 50 жылда, 1950-1970 жылдары 20 жылда, 2010 жылдары әрбір 2 айда екі есеге өсіп отырған. Дәл бүгінгі таңда әрбір апта сайын екі есеге өседі.


Ақпарат көлемінің дәл осындай қарқынды дамуы жағдайында адамның миы оның бәрін есте сақтай алмайды. Ғалымдардың келтірген дерегі бойынша адам миының есте сақтау қабілеті қалыңдығы 3 см кітаптан 300 миллион кітапты есте сақтауға жетеді. Мидың есте сақтау көлемінің біршамасын күнделікті тірлікке байланысты ақпараттар (адамдармен сөйлескен, естіген әңгімелерің, жүріп-тұруға, тамақтануға байланысты ақпараттар, т.б.) құрайды. Уақыт өте келе ақпараттар біртіндеп ұмытыла бастайды. «Адамның табиғи қасиеті – есте сақтау емес, ұмыту» деген философиялық тұжырым бекер айтылмаса керек. Өйткені, адам күнделікті өмірінде өзі қаламаса да түрлі жағдайда түрлі ақпараттармен кездеседі, ол біраз уақыттан кейін ұмытылып қалады. Бұл да ақпараттардың бәрі білім емес екендігін көрсетеді.

Ақпараттың білім емес екендігінің үшінші дәлелі. Ақпараттың бірнеше түрі бар: вербальды ақпарат (сөз сөйлеу арқылы), дыбыстық, бейнелік, т.б. Осы ақпараттардың бірі сөйлеу арқылы берілетін ақпарат. Күнделікті отбасылық әңгіме сөз ақпаратына жатады. Егер ақпаратты білім дейтін болсақ, онда осы отбасында айтылған сөздер, әңгімелер, яғни, сөз ақпараты неге бізге білім болып қалыптаспайды.

Алайда, «Күн бар жерде көлеңке бар» деген сияқты кез келген пікірге қарсы пікір туғызуға болады. «Әлемді сөз билейді, сөзді оның қадірін білетін адамдар билейді» деген ұғым бар. Біздің бабаларымызда «сөздің құдіреті» деген ұғым бар, сөзге айрықша мән берген. Сөзге тоқтаған. Бір ауыз сөзбен елдердің арасындағы жауласуды тоқтатып, татуластырған. 

Бірақ педагогикада сөзбен жеткізу арқылы оқыта алмайсың.  Конфуцийдің айтқаны бар ғой «Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Оның үстіне бүгінгі қоғамда сөз арзан құндылыққа айналды. Сөзімізге мән бермей айта саламыз, сөзімізде тұрмаймыз, сөзімізге жауап бермейміз, т.б.

Сонымен білім дегеніміз не?

Ақпаратты алушы өзі еңбектеніп, өзі ізденіп ақпарат алса және алған ақпаратын саралап, талқылап, ары қарай қолмен жасап үйренсе және ол өзіне алдағы уақытта пайдалы, нәтижелі болатындай, керегіне жарата алатындай болса ғана білім болады.

Жоғарыда айтылғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?

Айтып беру, түсіндіру, жаттату арқылы есте сақтауға (репродукцияға) бағытталған дәстүрлі оқыту бүгінгі күнде жарамайды. Мұндай әдістер өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін нәтижелі болған. Өйткені ол кездерде ақпарат көлемі аз болған. Біздің ата-әжелеріміздің, әке-шешелеріміздің мектеп кезіндегі оқыған, жаттаған оқу материалдарын әлі күнге дейін есте сақтап қалуының себебі ақпарат көлемінің аз болуында.



Мұғалім өзінің жүргізетін, оқытатын пәні тұрғысынан алғанда көп нәрсені біледі, көп нәрсеге қанық. Бірақ, сол білгенін ой елегінен өткізіп, саралап, өмірде пайдалануы кезінде қателесуі мүмкін. Өйткені, әр адамның  ойлау, тұжырымдау қабілеті әртүрлі. Сондықтан да, мұғалім оқушыларға оқу ақпаратын ұсынумен қатар, оларға алған ақпаратын талдай, тұжырымдай білуге, содан қорытынды шығара білуге үйретуі керек. Сол кезде ғана ол білім болады.

Ал оқушылар оқу материалын мұғалімнен дайын күйінде ала салуға бейім. Өйткені олар үшін мұғалім бас ауыртып, ізденіп жатыр, ал мұғалімге сол үшін мемлекет тарапынан ақша төленеді. Бұл мектептің жағдайында. Ал, жоғары оқу орнының жағдайында ақылы негізде оқитын студенттің ата-анасы мұғалімге ақша төлейді. Бұл жағдайда оқушыларға, студенттерге  ізденудің, ойланудың, толғанудың қажеті жоқ. Сол себептен де, ақпарат ағынының қазіргідей көп жағдайында білім сапасы төмен болып отыр. Содан келіп күнделікті өмірде кездесетін қандай да бір мәселеде өздігімізден шешім қабылдай алмай жатамыз. Біз үшін үлкендер немесе тәжірибесі, көргені көп басқа адамдар шешім қабылдайды. Мысалы, мамандық таңдауда.

Тағы бір мысал. Мұғалімнің алдында сабақ айтып тұрған оқушы сабақты мұғалімге қарап тұрып айтады. Егер мұғалім «дұрыс» деп қолдап отырса, ары қарай өзінің жаттап алғанын айта береді. Егер «дұрыс емес» десе сол жерден тоқтап қалады. Неге? Себебі, ол өзі білімді ізденіп оқып, оны талдамаған. Тек дайын тұрғанды жаттап ала салған. Егер оқушы өзі ізденіп оқыған болса, ол мұғаліммен таласар еді.

Білім беруді репродуктивтіліктен продуктивтілікке ауыстыру керек. Яғни, білімді басқадан дайын күйінде алып, өзіңде есте сақтау емес, өзің іздену арқылы білімді болу, тапқан біліміңді пайдаңа жарату, оны өнім ретінде пайдалана білу маңызды.

Не үшін бізге білім керек? Бұл сұраққа жауап іздеу үшін мынадай мысал қарастырайық. Адамдар неге балалық шағын аңсайды, егер мүмкін болса балалық шағыма  қайта оралар едім дейді?

Себебі, балалық шақта сен үшін барлығын ата-анаң жасады. Сен не ішемін, не киемін, ертеңгі күнім қалай болады деген жоқсың. Есейгеннен кейін өз күніңді өзің көруің керексің, жанұялы, балалы-шағалы болсаң олар үшін де жұмыс жасауың керек. Яғни, ізденуің керек, ал ізденістің нәтижесі білімге келіп тіреледі. Білім сол үшін керек.


Үлкендер қулық, сұмдығы жоқ балалық пәк шағын аңсаумен қатар өз мәселесін ата-анасы шешетін, өзі үшін ата-анасы шешім қабылдайтын уақытты да сағынады екен. Американдық ақын Уитмен Уолт «Мен де, басқа да, сіз үшін сіздің жолыңызды жүріп өте алмайды» деген. Яғни, әр адам өз өміріне өзі жауапты. Сол сияқты әр оқушы, әрбір білім алушы білім алуға өзі жауапты. Еліміздегі жаңашыл педагог-ғалым Асхат Әлімов: «Оқушылар мен студенттер білім менің тарапымнан ешқандай алға ұмтылыс пен ықтиярлық  болмаса да автоматты түрде игеріледі деген ойдан аулақ болуы керек» дейді.

Педагогикада білімнің бір-біріне қарама-қарсы екі түрі бар: репродуктивтік (дәстүрлі, есте сақтау) және конструктивтік (құрастырылған). Ғалымдар білімнің түрлерін әртүрліше жіктейді, мысалы, дәстүрлі және прогрессивтік деп, репродуктивтік және жүйелі білім деп, т.б.

Дәстүрлі немесе репродуктивтік білім деп мұғалімнің берген ақпаратын оқушының пассивті, еріксіз түрде қабылдауын айтамыз. Репродуктивті іс-әрекет алдын ала жасалған үлгі, алгоритм боынша орындалады. Мұндай жағдайда оқушы берілген ақпаратты механикалық түрде есте сақтайды.

Репродуктивтік білімнің көрсеткіштеріне жоғарғы жақтан күштеу, еркіндікке жол бермейтін қатал тәртіп, кітаптар бойынша оқыту, қайталау арқылы жүйеленбеген біліктіліктер мен дағыдыларды қалыптастыру, өзгерістерге ұшырамайтын (статикалық) материалдарды ұсыну жатады.

Құрастырылған немесе конструктивтік білім деп оқушының іздену, ойлау, талдау, сараптау секілді белсенді әрекеттері арқылы игерілетін білімді айтамыз.

Конструктивтік білімнің көрсеткіштеріне тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі, тәжірибе арқылы үйрену, мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану, еркіндікте ізденіс жұмыстарын жүргізу, әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасымен ілесіп отыру жатады.

Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты. Яғни, білім  үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Олардың барлығын үйренуші іздену мен ойлану арқылы қалыптастырады, «құрастырады». Мұнда мұғалімнің қызметі оқушының ізденуіне жол көрсетіп, жағдай жасайды.


Қорыта айтқанда, білім – адамзаттың жинаған тәжірибесі, заттармен құбылыстардың, табиғат пен қоғамның заңдылықтарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін оны ойлау операциясы – талдау, сылыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұ,ыну қажет. Білім алушы ойлау арқылы өз білімін практикада шындыққа айналдырады.

Біз жоғарыда тек «білім» ұғымы туралы айттық.

Енді «оқыту», «әдістеме» ұғымдарына тоқталамыз.

Оқыту  – дидактиканың негізгі салаларының бірі.

Оқыту дегеніміз – білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында мұғалім мен оқушының ынтымақтастық іс-әрекеттері негізінде жүзеге асырылатын екі жақты процесс.

Процесс дегеніміз – кез келген жүйе күйінің, жағдайының өзгеруі.

Оқу дегеніміз – оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті.

Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративті оқыту, проблемалап оқыту, бағдарламалап оқыту, т.б.

Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту репродуктивті түрде, проблемалап оқыту продуктивті түрде оқытуға негізделген.

Әдістеме – белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жетуге бағытталған әдіс-тәсілдердің жүйеленген жиынтығы.

Әдістеме – жеке пәндер бойынша берілетін білімнің көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.

Әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Олардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.

Әдістеме ғылымы тек дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.

Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, олардың танымдық қабілетін қалыптастыру, арттыру, дамыту мақсатында мұғлімдердің қолданатын әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. 

Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі әдістер, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикалық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады.  Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын