Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 345

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.


  1. Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикаының «Білім туралы» заңы қабылданды.

Соңғы жылдардағы біздің мектептерде негізге алынып жүрген нормативтік құқықтық құжаттар тізімі төмендегідей:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР МЖМБС 1.4.002-2012).

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР МЖМБС 1.4.002-2012).

3. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР ББ МЖМС).

4. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы.

5. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысы.

6. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы (2014 жылғы 31 мамырдағы №598 соңғы өзгертулермен).

7. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы (2014.09.06. берілген өзгерістермен).

8. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығы.


9. «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы.

10. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығы.

11. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығы.

12. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы.

13. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы.

14. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115

бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығы.

15. «Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы.

16. «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы.

17. «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы.

18. «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығы.



19. «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 515 бұйрығы.

20. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде олардың электронды тасымалдағыштағы нұсқаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығы.

21. «12 жылдық жалпы орта білім құрылымын және мазмұнын жетілдіру бойынша эксперимент өткізу тәртібі туралы» Ережесі жайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы №593 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 132 бұйрығы.

22. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.

23. «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыздағы №350 соңғы згертулермен).

24. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығы (2013.09.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

25. «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №159 бұйрығы.

26. «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациялау жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №452 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығы.

27. «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы №411 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №160 бұйрығы.


  1.   1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні педагогикалық ғылым ретінде. ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы. Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері


Мектептерде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің енгізілуіне байлагысты дидактикада «Информатиканы оқыту әдістемесі» атты жаңа сала пайда болды.

Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) – білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын саласына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатын да қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларда білім, іскерлік пен дағды (құзіреттілік) қалыптастырумен бірге олардың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл-ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.

Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде.

ИОӘ жеке ғылыми пән бола тұра, қалыптасу кезеңінде басқа ғылымдардан білім жинақтап, өз дамуында осы білімдерден  алынған  нәтижелерге сүйенеді. Ол ғылымдар – философия, педагогика,  психология, жас ерекшелік физиологиясы, информатика, сондай-ақ  орта мектептің басқа да жалпы білім беру пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады

ИОӘ пәнінің мазмұны екі негізгі бөлімді қамтиды:

-  жалпы  әдістемелік  бөлім  –  мұнда  информатиканы  оқыту әдістемесінің жалпы  теориялық  негіздері,  бағдарламалық  және техникалық жабдықтары қарастырылады;

-  жеке  (нақты)  әдістемелік  бөлімінде  мектептегі информатика курсының пропедевтикалық, негізгі және бағдарлы оқу кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады. Мұнда  қоғамның  алға  қойған  мақсатына  байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары анықталып, информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. Пропедевтика – қандай да бір ғылымның және оның мазмұнының кіріспе ретінде қысқаша баяндалуын білдіретін дидактикалық термин.

Оқу  процесінде оқушыларды оқыту нәтижелерінің тиімділігі көбінесе мұғалімдердің  кәсіптік дайындығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты болғандықтан пәнді  меңгеру  нәтижесінде болашақ информатика пәні мұғалімі білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы мектептің жұмысына толық дайындалып шығуы тиіс.