Файл: Информатика жне апараттыкоммуникациялы технологиялар кафедрасы Білім беру бадарламасы 6В01514 Информатика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1111
Скачиваний: 3
«Қалай оқытамыз?» - деген сұраққа жауап беруде мұғалімнің іс-әрекетіне ерекше мән беріледі. Себебі, мұғалім оқу процесіндегі жетекші тұлға. Ол оқу бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес күнтізбектік-тақырыптық жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.Информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Ол өзінің дамуында философия, психология, педагогика, информатика, т.б. ғылымдарының мәселеріне сүйенетіндігін жоғарыда айттық. Жаңа ақпараттық технологияға сәйкес информатика пәнінің мазмұнында жаңа салалар пайда болды. Оларды оқыту теориялық жағынан зерттеліп, іс-тәжірибеден өткізілуде. Информатиканы оқыту әдістемесінің әлі де зерттеуді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Атап айтқанда, информатиканың мектепке дейінгі, бастауыш сыныптардағы, төменгі, орта, жоғары буындарда оқыту жағдайларын зерттеу, өз бетінше оқитындарға әдістемелік көмектер ұйымдастыру; қолданбалы программаларды пайдалану; ашық программаларды өңдеу секілді көптеген мәселелер жан-жақты зерттеуді қажет етеді. ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы.Информатиканы оқыту әдістемесі басқа мектеп пәндерін оқыту әдістемелерімен тығыз байланыста дамиды. Мысалы, информатиканы оқыту әдістемесі математиканы оқыту әдістемесінен тектік (генетикалық) тұрғыда байланысады. Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары алгоритм, функция, т.б. математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады.Информатиканы оқыту әдістемесінің физика, химия пәндерін оқыту әдістемесіне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке (лат. Exsperimentum - тексеріп көру, тәжірибе) негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программанны жіктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе, программадағы қатені іздеуде айқын байқалады. Физикалық көзқарас тұрғысынан компьютер приборлар секілді қарастырылады. Оның жан-жақты сипаттамасын зерттеуге және тәжірибелер жүргізуге әдістерді физиканы оқыту әдістемесінен алып қолдануға болады.Информатиканы оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы оқушылардың компьютермен қарым-қатынас мәселесінде көрінеді. Сұхбаттық программалармен, компьютерлік ойындармен жұмыс істеу оқушылар үшін «компьютерге жан біткендей» әсер етеді. Информатикада таңбалар мен белгілеулер кең қолданылатындықтан оларды түрлендіруде компьютердің рөлі ерекше. Компьютерді оқыту процесіне енгізу жағдайында танымдық ақыл-ой әрекеттері – анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, салыстыру, аналогия, т.б. әдістер ескеріледі.
Информатиканы оқыту әдістемесінің шет тілдерін оқыту әдістемесімен байланысы аударма жасау, текстерді өңдеу кезінде көрінеді. Сондай-ақ формальды тілден мазмұндылыққа көшу информатика ғылымының жетістіктері негізінде табысты шешілуде.Информатика пәнін философия ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күштілігіне көрінеді.Информатиканың пәнаралық байланысы оның білім беру саласындағы мүмкіндігінің мол екенін көрсетеді.Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері.Ғылым мен техниканың дамуына байланысты информатика пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Осы ерекшелігіне байланысты пән мұғалімі компьютердің түрі мен программалық жабдықталуын ескере отырып оқушыларға уақыт талабына сай білім беруі қажет.Информатиканы оқыту әдістемесінің тағы бір ерекшелігі – оның алгоритмді «таза» күйінде үйретуді мақсат етуінде. Мұнда есептерді шешуде алгоритмдік құрылымдарды қосымша құрал ретінде қолдану, есептің қойылымына сәйкес материалдық модель құру, алгоритм жазу, нәтижені талдау кезеңдерін қамтитын іс-әрекеттер информатика пәнінде жаңаша сипат алады. Мысалы, математикадағы шамалар ұғымы информатикада сандық, литерлік, графиктік түрде беріледі, ал айнымалы шамалардың сандық мәнге ие болатыны оқушылардың білімін тереңдетеді.
-
Мектеп информатика курсы бойынша оқу бағдарламаларына және оқулықтарға талдау
Бастауыш білім берудің мақсаты:
1) білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білу;
2) сыни ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру секілді дағдыларды меңгерген білім алушы тұлғасын үйлесімді қалыптастыру мен дамыту.
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдау мен қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауға пікірлерін айтуды, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды және т.б. қарастырады.
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес анықтайды.
2021-2022 оқу жылында 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды, 2-4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10 балға дейін (қалыптастырушы бағалау) бағаланады. Білім алушыларды қалыптастырушы бағалау нәтижелері электрондық/қағаз журналға қойылады. Мұғалімге балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері байланыс беру жиілігін және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды өздігінен анықтайды.
Бастауыш білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда жүзеге асырылады.
Бастауышта «Математика және информатика» білім саласының мазмұны «Математика» және «Цифрлық сауаттылық» пәндері арқылы жүзеге асырылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына, 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығына өзгерістер енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:1) «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер; 2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус). 2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады. 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);