Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 273
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
21. Мектеп полиция инспекторы ішкі істер органдарының кәмелет жасына толмағандардың істері бойынша учаскелік полиция инспекторының функционалдық міндеттерін толық көлемінде орындайды және байқайтын істерін жүргізу және есепке алудағы тұлғалардың картотекалық есепке алуын дербес орындайды.
7. Полициялық мектеп инспекторларының қызмет нәтижелері туралы есебі 22. «Полициялық мектеп инспекторларының қызмет нәтижелері туралы есеп» жартыжылдық бойынша , оныншы шілде мен қаңтар айларында жылдық қорытынды сандық көрсеткіштерімен бірге баяндау хаттары ҚР-ның ІІМ-нің қоғамдық қауіпсіздік Департаментіне тапсырылады.
8. Полициялық мектеп инспекторларымен заңдардың орындауын қадағалау 23. Полициялық мектеп инспекторларының қызметінде Заңдардың нақты және бірыңғай орындалуын, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыз қалмауын ескерту мен балалардың үйсіздігін алдын алу бойынша заңдардың орындауларын қадағалауды прокуратура органдары жүргізеді.
Глоссарий
құқық бұзушылықтың алдын алу – құқық бұзудың алдын алатын субъектімен іске асырылатын, құқық бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды білу, зерттеу, жолдары арқылы қалпына келтіру, құқық тәртібін сақтау және нығайтуға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру шаралары;
құқықтық тәрбие – азаматтардың заңды сақтау мінезін және әділдік сезімін, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білімдік, ақпараттық және ұйымдастырушылық мәні бар шаралар кешені;
алдын ала білім беру – бұл қандай да бір жағдайда не істеу керектігін балаға үйрету және бұл тәртіпті алдын ала іспен көрсету;
әлеуметтік бейімдеу –жеке тұлғаны қоғамда мінез-құлық ережелері мен нормаларын қолдануға және сақтауға қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзудың алдын алатын субъектімен іске асырылатын кешенді шара;
әлеуметтік оңалту – бейәлеуметтік тұлғаға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсету, сонымен қатар психологиялық және (немесе) моральдық жарақаттар үрдісін еңсеруге бағытталған, субъектімен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іске асырылатын кешенді шара;
жақсы мінез-құлықты болуы – ҚР –ның заңдарының құқық нормаларына сәйкес адамның, азаматтың құқығын, еркіндігін және қоғам мен мемлекеттің мүддесін бұзуға жол бермейтін тұлғаның саналы мінез-құлқы;
құқық бұзудың алдын алушы субъектілер - құқық бұзушылықтың алдын алуды іске асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдары, ұйымдар мен ҚР-ның азаматтары;
тұрмысы нашар отбасы – кәмелетке толмағандарды ата-аналары немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеуде, оқытуда, қамтамасыз етуде өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың тәртібіне теріс ықпал ететін отбасы;
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Камалова Л. Борисова Н. Гарифуллина Г. Қоғамдық - белсенді тұлғаны тәрбиелеудегімектептің ролі немесе тағы да КТД туралы // Мектептегі тәрбие жұмысы ( директордың тәрбие жөніндегі орынбасарының тәрбие жұмысы туралы іскерлік журналы). 2013 №3. 115-132 беттер.
2. Қожахметова К.Ж., Демеуова М.Е. «Қазақстан мектептерінің тәрбие жүйесі» А., 2006
3. Колесова Ш.В., Шаталина Н.М. Жалпы білім беру мекемелерінде сапаны бағалау мониторинг бағдарламасы //Қазіргі мектепті басқару. ОТЖ орынбасары (Мектеп әкімшілігіне арналған ғылыми-тәжірибелік журнал). 2013, №1. 39-62 беттер.
4. Коляева М.В., Канищева Г.Н., Куликова Л.Г. Әдістемелік құрал «Отбасын нығайту бағдарламасы» Шымкент., 2007
5. Мыңбаева А.К., Садуақасова З.М. Жаңаша оқыту әдістері немесе қалай қызықты сабақ жүргізу керек. А., 2009
6. Сергеева В.П. Қазіргі мектептегі сынып жетекші. М., 2000
7. Панфилова М.А. Қарым-қатынастың ойын терапиясы, Тесттер, түзету ойындары: психологтар, педагогтар және ата-аналарға арналған тәжірбиелік құрал. М., 2013
8. Созонов В.П. Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сынып жетекшісіне арналған әдістемелік құрал. М., 2000
9. Фридман В.Я. Лекторлық шеберлікке оқытудың белсенді әдістері: семинарлар, практикумдар, іскерлік ойындар. М., 198910. Щуркова Н.Е. Сынып жетекшілік: теория, әдістеме, технология. М., 2000
Қолданылған қысқартулар тізім:
МІЕ – мектепішілік есеп;
ББ-білім беру бөлімі;
КТІ және ҚҚК- кәмелетке толмағандар ісі және құқық қорғау комиссиясы;
ІІО- ішкі істер органы;
ТҮ және ТЖ-тұрғын үй және тұрмыстық жағдай;
АНТ-ақпараттық-насихаттау тобы;
2015 жылдың «22» сәуірінде
Қазақстан Республикасының
ғылым және білім Министрлігінің
№227 бұйрығымен бекітілген
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
«Мәңгілік елдің» жалпыұлттық құндылықтары
Общенациональные ценности
«Мәңгілік ел» Қазақстан тәуелсіздігі және Астана | Независимость Казахстана и Астана | Independence of Kazakhstan and Astana |
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы | Национальная безопасность и глобальное участие страны в решении общемировых и региональных проблем | National Security and Global Participation of the country in the solution of global and local problems |
Инновацияларды индустриализациялау негізіндегі экономикалық даму | Экономический рост на основе индустриализации инноваций | Economic Growth on the basis of industrialization of innovations |
Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы | Общность истории, культуры и языка | Generality of History, Culture and Language |
Зайырлы қоғам және рухани байлық | Светское общество и высокая духовность | Secular Society and High Spirituality |
Құрмет | важение | Respect |
Ынтымақтастық | Сотрудничество | Collaboration |
Көпшілдік | Открытость | Openness |
Жауапкершілік | Ответственность | Responsibility |
Өмір бойы білім алу | Обучение на протяжении всей жизни | Lifelong learning |
Ашықтық | Прозрачность | Transparency |
Академиялық адалдық | Академическая честность | Academic Honesty |
Азаматтық жауапкершілік | Гражданская ответственность | Civil responsibility |
Адалдық | Честность | Honesty |