Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 270

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


12.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы ҚР 2004 ж. 9 шілдесіндегі №591 заңы;

13. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы № 214 заңы.
14. «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы» әкімдігінің 17.06.2015 ж. №33/01 Қаулысы;

15. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ ҚР Қылмыстық кодексі;

16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-VҚРЗ Кодексі;

17. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 маусымдағы №235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі;

18. Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігі мен Юстиция министрлігімен бірлескен 1995 жылғы 14 маусымдағы №4/7 «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие беру және құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы Ереже»

Ескерту: нормативтік-құқықтың құжаттарда өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда толықтырылып отырылуы керек.

Құқықтық нормативтік қамтамасыз ету

Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтің бірлескен жұмыстары
Жұмыстың мазмұны

1. Оқушылардың сабаққа қатыспауын бақылап, жеке журналға тіркеу.

2. Оқушылармен жеке әңгімелер жүргізу.

3. Ата –аналармен жеке әңгімелер жүргізу.

4. Үйлерді аралау.

5. Психологиялық – педагогикалық кеңестер өткізу, аталған оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша сынып жетекшілерімен консилиумдар өткізу.

6.Агрессия деңгейін төмендететін тренингтік сабақтар өткізу.

7.Келіспеушілік іс – әрекеттерін түзету тренингтік сабақтарын өткізу.

8.Аталған оқушыларды мектептің, сыныптың іс – шараларына қатыстыру, үйірмелерге, секцияларға тарту.
Мектептің «қиын» оқушылармен жүргізілетін іс – шаралар тізімі:

• Қараусыз жүретін бақылаусыз, педагогтердің назарынан тыс қалған балаларды анықтау.

• Балалардағы әлеуметтік – педагогикалық қараусыздықтың себептерін анықтау.

• Тәртібі қиын балалар туралы мәліметтер базасын жасау.

• «Қиын» оқушыларға құқықтық білім беру.

• Жасөспірімдердің отбасында және өз қатарластары арасында өзін – өзі ұстау туралы ережелер мен жадынамаларды жасап
, қолдану.

• Тәртібі қиын оқушылардың ата –аналарына семинарлар өткізу.
• «Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс», «Педагогикалық баса назар аударуды талап ететін қараусыз балалардың отбасымен жұмыс» тақырыптарында педагогикалық кеңестер өткізу.

• Балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер жүргізу.

• Педагогикалық –педагогтік концилиумдер ұйымдастыру.

• Ұжымдағы жасөспірімдердің сыныптастары арасындағы жай – күйін зерттеу (социометрия)

• «Қиын» балалармен жеке жұмыс жүргізу.

•Жеке тәлімгерлікті ұйымдастыру (әлеуметтік педагог, жоғары сынып оқушылары).

• Тәртібі қиын оқушыларды тәрбие орталықтарына, үйірмелерге, секцияларға тарту.

• Жазғы алаңдар мен туристік клубтарға баруын ұйымдастыру.

• Спорттық секциялардың жұмысын ұйымдастыру.

• «Балалардың бос уақытына арналған сабақтар», «Біз және балалар» және т.б. тақырыптарда дөңгелек үстелдер өткізу.

• «Қиын» оқушылармен ойын – жаттығуларын, ойын-тренингтер өткізу.
Педагогикалық көмекті ұйымдастыру:

1. Тәртібі қиын жасөспірімнің өзін тұлға ретінде қалыптастыру үшін жағдай жасау.

2. Білім алудағы кедергілерді жою.

3. Оқушылардың сыныптастарымен қарым – қатынасын түзеу.

4. Жетістікке талпыну үшін жағдай жасау, көтермелеу.

Медициналық көмекті ұйымдастыру:

1. Қалыпты күйден ауытқу жағдайларын қарау, психофизиологиялық және ашуланушылық сипаттың себептерін анықтау.

2. Темекі тартуға әдеттену, алкоголь және токсикологиялық өнімдерді пайдалануға қарсы үнемі ескертпелер жасау.

3. Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие бағытында ақпарат беру.

4.Нашақорлықтың алдын алу, оқыту жұмыстарын жүргізу.

Психологиялық көмекті ұйымдастыру:

1. «Қиын» оқушыларды психологиялық тұрғыдан зерттеу, сабақтарға қатысу.

2. Отбасылық тәрбиедегі туындаған мәселелерді анықтау.

3. Ата – аналардың, ұстаздардың, оқушылардың психологиялық кеңес алуы.

4. Тәрбие құралы ретінде алынған тәрбие жұмыстарының тиімді жақтарын қарау.


«Қиын» оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру:

1. Оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін анықтау.

2. «Педагогтердің назарын талап ететін» қиын оқушыларды үйірмелерге, секцияларға, қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту.

3. «Педагогтердің назарын талап ететін» қиын оқушылардың тұрғылықты мекенжайында ресми емес бірлестіктерге қатысуын қадағалау және зерттеу.

4. «Педагогтардың назарын талап ететін» қиын оқушылардың техникалық шығармашылығын, спорттық секцияларға қатысуын, үйірмелерге қатысу кезінде кез-келген жетістіктерін марапаттау.

2 БӨЛІМ

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметін ұйымдастыру.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі Ережесі.

2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру туралы бұйрық.

3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

4. Мектепішілік есепке алу және тіркеуден шығару туралы ереже.

5. Мектепшілік есепке қою туралы ескертпе-хабарламалар.

6. Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың тізімі.

7. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің хаттамалары.

8. Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың мінездемелері.

9. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі қызметінің сараптамасы (жылдық).

10. Жасөспірімдер арасында қаңғыбастылықтың пайда болуы және құқықбұзушылыққа әкелуші себептерді анықтау, құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың жай-күйін саралау-талдау мониторингі.
Педагогикалық кеңесте немесе Бекітіледі

директор жанындағы отырыста мектеп директоры

қаралады

Хаттама №__ ____20____


Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі туралы Ереже.

Жалпы ережелер

1.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құқық бұзушылықтың алдын алу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналардың (заңды тұлғалардың), қоғамдық ұйымдардың қызметін біріктіреді.

1.2.Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде іске асырады.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің құрылымы мен ұйымдастыру жұмыстары.

2.1.Мектептің құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің құрамы:

а) Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі төрағасы (төрайымы) - мектеп директоры;

б) Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің хатшысы;

в) Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің мүшелері: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары, мектеп инспекторы.


2.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысында шақыру бойынша ІІБ инспекторы, дәрігерлер, жергілікті әкімшілік қызметкерлері қатыса ал

2.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысына кеңес төрағасы – мектеп директоры басшылық етеді.

2.4. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырысы айына бір рет өткізіледі.

2.5. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі шешімі көпшілік дауысымен қабылданады.

2.6. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің отырысы, барысы мен қабылданған шешімдері хаттамаланады.

2.7. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі мүшелерінің сандық және сапалық құрамы жыл сайын педагогикалық кеңесте қаралып, мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі принциптері, мақсаттары мен міндеттері:

3.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметі төмендегі принциптерге негізделген :

- заңдылық, демократия және кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;

- кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларына жеке қарым-қатынас;

- алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау.

3.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі - алқалы орган болып табылады, оның мақсаты жоспарлау, әлеуметтік қауіпті жағдаяттардың (баланың қадағалаусыз қалуының, құқық бұзушылықтың, қоғамға жат iс-әрекеттер) алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және орындалысын бақылау болып табылады.

3.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуына, қылмыс жасауына, құқық бұзуына, қоғамға қарсы іс-әрекет жасауына себеп болған жағдайларды анықтау және жою;

- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- әлеуметтік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту;

- кәмелетке толмағандардың қылмыстық және қоғамға қарсы істерге қатысуын анықтау және жолын кесу;
4. Арнайы, жеке алдын алу жұмыстарын жүргізетін тұлғалар тобы:

4.1. Кеңес кәмелетке толмағандардың төмендегідей санаттары үшін жеке алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады және жүзеге асырады: қаңғыбастыққа бейім, баспанасыздық, қадағалаусыз, есірткі пайдаланушылар, қоғамға қарсы іс-әрекеттері үшін ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрғандар, мектеп Жарғысын бұзушылар.
4.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдармен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту мәселелері жөнінде жоғарыда аталғандар өз міндеттерін дұрыс ақтармаған жағдайда жекелеген жұмыстар ұйымдастырып, жүргізеді. Дәл осындай жұмыс, ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына теріс әсер еткен жағдайда немесе оларға қатыгездік көрсеткен жағдайда да жүзеге асырылады.

5. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмысының түрлері мен мазмұны

5.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі аналитикалық қызметті қамтамасыз етеді; мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы бойынша қызметі жағдайын зерттейді; оқушылардағы тәрбиелік және құқық бұзушылықтың деңгейін тексереді; мектептің алдын алу қызметі деңгейін зерттейді, өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін, оқушылардағы қоғамға қарсы мінез-құлық салдары мен себептерін зерттейді әрі девиантты балаларды анықтайды.

5.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты айқындайды; қоғамға қарсы мінез-құлықты оқушылардың жеке істерін қарайды, олармен жеке жұмыс жоспарын құрып, мектеп директорына бекітуге береді; қажет болған жағдайда оқушыны немесе оның ата-анасын мамандар кеңесіне жолдайды(психолог, дефектолог, әлеуметтік қызметкер т.б.), ондай мінез-құлықты оқушыларды мектепішілік тізімге тұрғызу, одан шығару жұмыстарын жүргізеді; балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына тартады; тізімде тұрған оқушыларды мектептегі, қаладағы әр түрлі жұмыс істейтін еңбек бірлестіктеріне, жазғы сауықтыру компанияларына, үйірмелерге, ұжымдық жұмыстарға тартады; қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмысты жүзеге асырады; өз отырыстарында тізімде тұрған оқушылар туралы сынып жетекшілерінің, жеке жұмысты жүргізуге қатысы бар басқа да педагогикалық қызметкерлердің есебін тыңдайды, басқа да осы оқушылармен жасалатын жұмыстар мерзімін анықтайды.

5.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі ұйымдастыру қызметін жүзеге асырады; балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармайтын ата-аналар жайлы тиісті ұйымдарға сұраныстар жолдайды, ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқығын қорғау, балалар қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» туралы Заңына сәйкес қаулылар қабылдап, комиссия алдында тәртібі түзелген оқушылардың тізімнен мерзімінен бұрын шығарылуы туралы ұсыныстар жасайды.
6. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі құқықтары мен міндеттері.

6.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі міндетті:
- өз міндеттерін ІІБ бірлесе отырып атқаруға;

- мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға;

- «тәуекел тобындағы» оқушылармен жеке дара алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

- оқушылардың жеке істерін қарау бойынша өткізілетін Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесі отырыстарына ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды шақыруға;