Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 283

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

10. Мектептің полициялық инспекторын оның құзырынатән емес жұмыстарды орындату үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Білім беру мекемесі әкімшілігімен өзара бірлескен жұмысты ұйымдастыру

11. Мектептің полициялық инспекторының білім беру ұйымы әкімшілігімен бірлескен жұмысы оқушылардың заңға қайшы не қоғамға жат мінез-құлықтарының себептері мен шарттарын зерттеуге бағытталған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды және оларды таратпауға арналған шараларды қамтитын жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жоспар негізінде құрылады.

12. Бірлескен жұмыстың негізгі формалары:

1) құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік комиссия құрамында қатысу;

2) білім беру ұйымында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және болдырмауға арналған іс-шараларды орындауды тікелей ұйымдастыру және жеке қатысу;

3) жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымы әкімшілігімен бірескен іс-шараны бірлесе жоспарлау, олардың орындалуына бақылау жасау;

4) құқықтық тәрбиені бірлесе ұйымдастыру, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікір білдіру;

5) ұзақ уақыт бойы дәлелсіз себептермен білім беру ұйымына сабаққа келмеген балалар мен жасөспірімдерді анықтауға арналған рейд өткізуге қатысу, олардың сабақтан қашу себебін анықтау және олардың ата-аналарына, не оларды алмастыратын адамдарға әсер ету жұмыстарын жүргізу, не тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік педагогтер және Жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия арқылы материалдық көмек көрсету;

6) тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдайын, сонымен бірге мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдерді зерттеу;

7) ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді анықтау, оларға Жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия арқылы тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмек көрсету;

8) сабақтан әдейі қашып жүрген, қылмыс жасаған жасөспірімдердің материалдарын қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жеткенге дейін сотқа немесе Жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға апаруға дайындау;

9) ата-аналарының не оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді қамқоршылық және қорғау органдарына орналастыру үшін материалдар дайындау;


10) оқушылардың мектептен тыс бос уақытын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

11) өз балаларына тәрбие беру, бағып-қағу және оқыту міндетін орындамайтын, не тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналарға, не оларды алмастыратын адамдарға материалдар жинау және Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына оларды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу үшін сотқа ұсыныс дайындау үшін жіберу;

12) Білім беру ұйымдарында көшпелі соттың, Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мәжілістерін өткізуге көмек көрсету;

13) жасөспірімдер қылмысы, нашақорлық пен маскүнемдік, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен панасыздық мәселелері бойынша семинар-мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және қатысу.


4. Білім беру ұйымдары оқушылары арасында маскүнемдікке, нашақорлыққа, токсикоманияға қарсы тұру жұмыстарын ұйымдастыру

13. Мектептің полициялық инспекторы: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, жүйелі түрде спирттік ішімдік ішудің, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу мақсатында төмендегідей іс-шараларды іске асырады:

1) құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу рейдтері мен іс-шараларын өткізуге қатысады, спирттік ішімдіктер және басқа психоактивтік заттар қолданатын жасөспірімдерді анықтайды, әлеуметтік педагогтермен, сынып жетекшілерімен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрмысы төмен отбасыларға, «қауіп тобындағы» отбасыларға барады;

2) есірткі заттарын, психотроптық не есеңгірететін заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланатын жасөспірімдерді, көрсетілген құралдарды және заттарды білім беру ұйымдарында және оның айналасында өткізуі және қолдануы мүмкін жерлерді анықтайды;
3) ата-аналарының тарапынан және жасөспірімдерді есірткі құралдарын, басқа естен тандыруға апарып соғатын әсері күшті заттарды қолдануға тартатын басқа да ересектердің тарапынан жасөспірімдерге тиетін кері әсердің жолын кесетін шаралар қолданады;

4) қалалық, аудандық органдардың наркобизнеспен күрес және есірткі айналымын бақылау қызметкерлерімен білім беру ұйымы оқушылары арасынданашақорлық пен таксикомания мәселелері бойынша алдын алу жұмыстарын бірлесе атқарады;

5) спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық және басқа естен тандыратын заттарды қолданатын жасөспірімдерді анықтау үшін білім беру ұйымы оқушыларын денсаулық сақтау органдарына тексеруге бағыттайды;

6) полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі аймақтық учаскелік инспекторымен, қалалық, аудандық органдардың наркобизнеспен күрес және есірткі айналымын бақылау қызметкерлерімен, сонымен бірге есірткі, не басқа қатты әсер ететін, естен тандыратын заттарды медициналық емес мақсатта қолдануға жол беретін жасөспірімдерді алдын ала есепке алатын денсаулық сақтау органдарымен бірге салыстырып тексереді;

7) Есеңгіретіп тастайтын спиртті ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық немесе басқа заттарды қолдануды алдын алу ескерту бойынша конференция, дәріс, дөңгелек үстел өткізеді, білім беру ұйымдарындағы оқушылар арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді, олардың есірткі және басқа психобелсенді заттарды қолдану зардабы туралы білімдерін анықтау мақсатында зерттеу, сауалнама өткізеді;


8) Білім беру ұйымдарының оқушылар арасында нашақорлық пен токсикономанияны таратушылық пен күресуге бағытталған қоғамдық жастар ұйымдарының іс-әрекетін құру және ұйымдастыру бойынша жұмысын жүргізеді;

9) Нашақорлықпен күресу халықаралық күніне арналған акцияларын өткізуге қатысады, есірткіге қарсы күресу тақырыбына көркем шығармаларының байқауларын, спорт жарыстарын, деректі, ғылыми-танымал және көркем фильмдерінің көрсетілуін, ең жақсы сурет, шығарма, оқушылар арасында плакат байқауларын ұйымдастырады;
5. Мектептегі полиция инспекторы жұмысының нысаны мен әдістемесі

14. Мектептегі полиция инспекторы мектепішілік бақылауда тұрған әр оқушымен келесі жұмысты жүргізеді:

1) жасөспірімнің қанағаттанғысыз мінез-құлқының себебін анықтайды және оның тарабынан қоғамға қарсы әрекеттің жасауын болдырмау мақсатында онымен алдын алу ескерту әңгімесін жүргізеді;

2) жасөспірімге зиян келтіретін ата-аналарының, тұлғалардың қоғамдыққа қарсы мінез-құлқының болғанын анықтап, кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиясына қарауға осы мәселе бойынша материалдарды дайындайды;

3) мектеп оқытушыларымен, әлеуметтік педагогімен, әкімшілігімен бірге мінез-құлқы девиантты жасөспірімге жеке әсер ететін іс-шараларды анықтайды;

4) Мектепішілік есепке алынған тұлғалардың тізімдік есепке алуын жүргізеді, оларды үздіксіз бақылауға алады, осы немесе басқа жасөспірімнің мінез-құлқында жағымсыз өзгерістер беталысы туралы ата-аналар мен оқытушыларға ескертеді.

15. Мектеп полиция инспекторында қызметтік жайы, кабинеті болуы керек, оны білім беру ұйымы береді, кабинеттің есігінде қызметкер туралы мәліметімен, қызметкердің тікелей басшыларының телефонымен табличка болуы керек.

Мектеп полиция инспекторының кабинетінде болу керек:

Білім беру ұйымының жасөспірімдерімен жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтерімен ақпараттық-құқықтық қабырға стенді, Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің баптары (кәмелет жасына толмағандарға қатысты бірқатар баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны), салауатты өмір сүруді насихаттау бойынша ақпарат (нашақорлықты, алкоголизмді, темекіні тартудың алдын алу ескерту).

16. Мектеп полиция инспекторының кітапханасында кәмелет жасына толмағандардың істері бойынша бөлімшенің қызметін белгілейтін әдебиет, әдістемелік ұсыныстар, плакаттар, брошюралар, сондай-ақ салауатты өмір сүруді насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, ескерту бойынша буклеттер болу керек.

6. Мектептің полиция инспекторы құжаттамасының тізбесі

17. Мектешілік есепте тұрған девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер мен балалар туралы ақпарат: сауалнама, мінездеме, тестілеудің нәтижесі, педагог-психологтың ұсынысы, қорытындысы, мектеп дәрігерінің ұсынысы, кәмелет жасына толмағандардың тұрғын-тұрмыстық жағдайының тексеру актісі,
отбасының мінездемесі, үлгерімі мен мектепсабақтарына баруының есепке алуы, бос уақытының ұйымдастырылуы, жасөспірімнің мектептен тыс қызметі.

18. Мектеп полиция инспектор жұмысының жоспары, Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Кеңес жұмысының жоспары, жеке –тәрбие жұмысының есепке алуы, ата-аналармен жұмыс.

19. Кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиясымен бірігіп жұмыс істеу, ауданның қоғамдық ұйымдарымен (жоспарлар, хаттар, актілер, қолдау хаттар, жауаптар). Демалыс уақытында мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдер мен балалардың қол бос болмаушылығын есепке алу.

20. Мектептің полиция инспекторы оған бекітілген білім беру ұйымына бақылау ісін бастайды, онда көрсетілген ақпарат жинақталады.

Әр бақылау ісі 2 бөлімнен тұру керек.

Бірінші бөлімінде келесі мәліметтер көрсетіледі: оқушылардың саны, сынып бойынша оқушылардың тізімі, үй мекен-жайы және ата-аналар немесе олардың орнындағы тұлғалар туралы мәліметтер, жағдайы нашар отбасылардың тізімі, мінез-құлқы девиантты оқушылардың тізімі, сонымен қатар оқудан бас тартатын оқушылардың тізімі, мемлекеттік ұйымдарының, қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктерінің, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, ескертумен айналасатын ұйымдарының тізімдері, басшылар туралы мәліметтер, телефондары, оқушылар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылық, қараусыз және панасыздық туралы статистикалық мәліметтер, білім беру ұйымдарына бекітілген аумақтарында орналасқан кафе, бар, мейрамхана, базар, дискоклуб, компьютерлік клубтарының тізімдері, олардың басшылары туралы мекен-жайларының, телефондарының көрсетілуімен мәліметтер.

Екінші бөлімінде мектепішілік есепте тұрған және кәмелет жасына толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепке алуда тұрған мінез-құлықы девиантты оқушылардың өмір сүру жағдайы мен байланысы, жағдайы нашар отбасылар туралы мәліметтер, алдын алу Кеңес отырысының материалдары, мектеп инспекторы мен мектеп әкімшілігінің бірігіп жүргізген жұмысының жоспары, сонымен қатар жүргізілген жұмысы туралы нақты нәтижесімен анықтамасы көрсетіледі.