Файл: Мазмны 1 Блім кмелетке томаандар арасында ы бзушылыты алдын алу бойынша жмысты йымдастыру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 272

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

294-бап. Тағылық

Тағылық, яғни ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекет қорғайтын табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру –үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
299-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру –төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланад
316-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау

1. Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау, егер бұл іс-әрекет бұзақылық ниетпен немесе садистік әдiстерді қолдана отырып немесе жас балалардың көз алдында жасалса, – екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі

(14.01.2015 жасалған өзгертулер мен толықтыруларымен)
442-бап. Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында не үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруі

1. Жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерінсіз болса, заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

2. Жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз болса, заңды өкілдеріне ескерту жасалады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөлімінде қарастырылған әрекет, әкімшілік жазалаудан соң бір жыл ішінде қайталанған болса, заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Көңіл көтеру орындарының иелері де жауапкершілікте болады.

132-бап. Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуына жол беру

1. Жасөспірімдердің түнгі уақытта (түнгі 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің бірге болуынсыз жүруіне жол берген жеке тұлғаларға отыз айлық көлемде, кіші кәсіпкерлік не коммерциялық емес ұйым субъектілеріне қырық бес айлық көлемде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық көлемде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес келмейтін ақпараттар тарататын ғаламтор желісінің ресурстарын оқушыларға қолжетімсіз ету мақсатында білім беру ұйымдарында жасауға ұсынылатын шаралар.

1. Ғаламтор желісі ресурстарымен жұмысты ғаламтор желісін қолдану ережелеріне сәйкес ұйымдастыру.

2. Білім беру мекемесінің директоры ғаламтор желісі ресурстарына қолжетімділік саясатын реттейтін комиссия құру туралы ішкі бұйрық шығарсын, ғаламтор желісі ресурстарына қолжетімділікті бақылау және жауапкершілікке алу бойынша жауапты адамдарды белгілесін (зертханашыны, инженерлерді, ақпараттандыру бойынша орынбасарды, ЖК-ні оқу мақсатында пайдаланатын оқытушыларды).

3. Комиссия мектептің ерекшеліктеріне сай, Ережеге сәйкес ғаламтор желісі ресурстарына қолжетімділік регламентін\саясатын жасасын (қараңыз: Білім беру мекемелерінде ғаламтор желісін пайдалану ережелері).

4. Оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес келмейтін ақпараттар тарататын Ғаламтор желісінің ресурстарын оқушыларына қолжетімсіз ету мақсатында білім беру ұйымдарындағы құжаттар тізімі сақталсын:

- Білім беру мекемесі ғаламтор желісі ресурстарына қол жетімділік регламентін\саясатын көрсететін құжат (Ережелер негізінде Білім бөлімінің комиссиясы дайындаған);

- комиссия мәжілісінің хаттамалары (жылына 2-ден кем емес);

- мектептің ерекшеліктеріне байланысты ғаламтор желісі ресурстарына қол жетімділік регламентімен оқытушылар құрамын таныстыру туралы хаттамасы; - оқушылардың қолы қойылған техника қауіпсіздігі журналы (компьютерлік сыныптағы Техника қауіпсіздігі ережелеріне ғаламтор желісін қолдану процедурасы туралы пункт енгізу (қараңыз: п.3 Білім беру мекемелерінде ғаламтор желісін пайдалану ережелері);



- балалар мен жасөспімдер арасында жағымсыз контенттерге кірудің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысының хаттамалары;

- компьютер сыныбындағы жұмыс графиктері;

- тыйым салынған контентті есепке алу\тіркеу журналы.
Қажетсіз ғаламтор ресурстарын шектеуді бақылауды техникалық жабдықтау үшін қаржы іздестіру (мүмкіндігінше)
6-БӨЛІМ

Полицияның учаскелік инспекторы жұмысын ұйымдастыру

2015 жылғы 21маусымдағы
«Білім беру мекемесіне бекітілген полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторы жұмысын ұйымдастыру туралы ережелерді бекіту туралы» №372-бұйрық

Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімшенің білім беру мекемелерінде білім алатын жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы жұмысын ұйымдастыру туралы ұсынылған Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаменті бастықтарына:

1) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелері қызметкерлерінің, Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларының білімін бағалайтын жауынгерлік және қызметтік дайындық жүйесіндегі ішкі істер органдарының басқарушы және инспекторлық құрамының Ережені оқып-үйренуін ұйымдастыру;

2) Ереженің Қазақстан Республикасының жасөспірімдер желісіндегі ішкі істер органдарының жұмысын реттейтін заңдарына сәйкес Ережені ережедегідей дәлме-дәл және бірдей қолданылуын қамтамасыз етсін.

3. Бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне жүктеледі.

Ішкі істер министрінің м.а.

милиция генерал-майоры К. Касымов

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі Б. Айтимова


« 23 » маусым 2005 ж.
Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2005 жылғы «21» маусымдағы

№372-бұйрығымен бекітілген
Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторы жұмысын ұйымдастыру туралы

Ереже

Бұл Ереже полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторы жұмысының құқықтық негіздерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер

1. Полицияның білім беру мекемелеріне бекітілген жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторларының (бұдан әрі – мектептің полициялық инспекторы) негізгі міндеттері болып табылады:

1) оқушылар арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың және бақылаусыздықтың алдын алу және жол бермеу, жасөспірім-құқық бұзушыларды, сонымен бірге заңға қарсы бағыт ұстанатын жасөспірімдер топтарын анықтау;

2) қылмыстық әрекетке барған, не қоғамға жат қылықтар жасаған жасөспірімдердің ата-анасын, не оларды алмастыратындарды, сонымен бірге оларды қылмысқа тартқан адамдарды анықтау;

3) ата-аналардың, не оларды алмастыратындардың, сонымен бірге баланы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәрбиелеу, бағып-қағу және оқытуға мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру;

4) білім беру ұйымы әкімшілігіне жалпы орта білім алудан әдейі қашып жүрген оқушыларды білім орнына қайтаруға арналған іс-шаралар өткізуге көмектесу;

5) жасөспірімдердің құқығына, мүддесі мен бостандығына қол сұғып жүрген адамдарды анықтау;

6) тұрғындарға, ата-аналарға және оқушыларға жасөспірімдер арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың, бақылаусыздықтың алдын алу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету, жасөспірімдердің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру;

7) өмірдің ауыр жағдайларында қалып қойған жасөспірімдерді әлеуметтік қалпына келтіруге көмек көрсету;

8) жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау ісімен айналысатын басқа ішкі істер бөлімдерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау.

2. Мектептің полициялық инспекторының жұмысын ұйымдастыру

2. Мектептің полициялық инспекторы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД) басшыларының бұйрығымен білім беру мекемелеріне бекітіледі. Мектептің полициялық инспекторының жоғары заңгерлік не педагогикалық білімі, ішкі істер органдарында істеген үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы керек. Бекітілген кезде оқу орнындағы криминогендік жағдай ескеріледі. Мектептегі криминогендік жағдайға және оқушылар саны екі мыңнан артық емес болуына байланысты мектептің полициялық инспекторы екі білім беру ұйымына қатарынан бекітілуі мүмкін.


3. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымының ішкі істер органдарында есепте тұратын оқушыларымен алдын алу жұмыстарын есепте тұрған баланың тұрғылықты мекенжайы бойынша полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторымен (бұдан әрі - полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі аймақтық учаскелік инспекторы) және бала оқитын білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесе жүргізеді.

4. Есепке алынған баланы бақылау ісін не картотекалық есепті полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі аймақтық учаскелік инспекторы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 17 шілдедегі №400 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында жасөспірімдер ісі жөніндегі полициялық учаскелік инспекторының жұмысын ұйымдастыру туралы» Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 18.08.2000жылғы №1224 болып тіркелген бұйрығына сәйкес жүргізеді (Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы №603-бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

5. Мектептің полициялық инспекторы ай сайын полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі аймақтық учаскелік инспекторына есепке алынған баланың білім беру ұйымындағы мінез-құлқы туралы ақпарат беріп отырады, ақпараттың көшірмесі білім беру ұйымындағы бақылау ісіне тіркеледі.

6. Мектептің полициялық инспекторы әлеуметтік педагогпен бірге мына тұлғаларды тізімдік есепке алып отырады:

1) мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдерді;

2) тұрмысы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдерді.

7. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымы әкімшілігімен әрбір оқу тоқсанына жасалып (жоспар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге жасалады), мектеп директоры және қоғамдық қауіпсіздік полициясы жетекшісі бекіткен, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының (бұдан әрі – қала/аудан органдары) жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімінің басшылығымен келісілген жоспар негізінде бірлескен әрекетті іске асырады.

8. Әр тоқсанда жоспар бойынша мектептің полициялық инспекторының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен, әлеуметтік педагогпен бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесі туралы анықтама жасалады.

9. Мектептің полициялық инспекторы білім беру ұйымында болуы керек. Мектептің полициялық инспекторы каникул кезінде білім беру ұйымында болуын жалғастыра береді, қажет болған жағдайда мектеп жанындағы балалар лагерінде жұмыс істейді. Каникул кезінде білім беру ұйымы оқытушыларымен бірге мектепте оқушылармен викториналар, құқықтық білім күндерін өткізеді, спорттық іс-шаралар ұйымдастырады. Жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға, оларды жұмысқа орналастыруға атсалысады. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарға, рейдтік іс-шараларға қатысады.