ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.08.2021

Просмотров: 1733

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бесінші бел түбіршегі қысылғанда бөксенің жоғарғы бөлігінде ,санның сыртында ,сирақтың алдыңғы сыртында,аяқ ұшының үстінде,ал кейде I немесе I-V бақайлар маңында сезімділік білінбейді,үлкен бақай жазылмайды.

Бірінші сегізкөз түбіршегі қысылғанда ауырсыну аяқтың барлық бойында басым білінеді,ал табанда ,сирақтың артында сезімділік білінбейді.Сонымен қатар өкше рефлексінің жойлуы мен аяқ ұшының салбырап қалуы байқалады.

Екінші сегізкөз түбіршегі қысылуына байланысты сан мен сирақтың артқы іш жағында ауырсыну айқын білінеді,және сирақ қиын жазылып бүгіледі.

Түбіршіктік синдром.Артқы бойлық байламаның орта тұсы омыртқа жотасының мойын бөлігінде,бел бөлігіне қарағанда әлсіздеу.Сондықтан дискінің жарықшасы қырындай артқа қарай шығып кетуі мүмкін.

III мойын түбіршігі қысылғанда ауырсыну синдромы мойын тұсында білінеді,тіл домбығып,ауыздағы тамақтыжұту үшін қозғалту қиындайды,ал IV мойын түбіршігінің қысылуына байланысты ауырсыну иық аймағының жоғрғы жағында байқалады және мойынның артқы бұлшық еттері семіп қалады.Жүрек маңының ауыруы,іш кебуі,ықылық тию пайда болады.

V мойын түбіршігінің қысылуына ауырсынудың мойын аймағынан иық үсті мен иыққа таралуы,иық сыртындағы гипестезия,дельта тәрізді бұлшық еттің парезі мен семуі тән.

VI мойын түбіршігінің қысылуы иық үстінен иық пен білектің сыртымен -1-2 саусақтарға тарайтын ауырсыну және осы аймақтардағы гипестезия түрінде байқалады.

Патологиялық үрдіс VII мойын түбіршегін қамтыған ауырсыну мен гипестезия иықтпен білектің сыртқы және артқы жақтары арқылы 3 саусаққа дейін тарайды.VI –VII Эрб үсті нүктелерінің басқанда ауырсынуы,үш басты бұлшық еттің семуі.

С7-Тh1 дискінің жарықшақтанып ауытқуынан болатын VIII мойын түбіршегінің қысылуына байланысты ауырсыну иық,білек және қол ұшының ішкі жағында байқалып,IV және V саусаққа тарайды.


2 Құмарлық бұзылысының түрлері

Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюмен немесе әлсіреумен, сапалық бұзылысы-бұрмаланумен көрініс береді.

Барлық әуестіктің күшеюі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайға тән: науқас мешкей,сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа тез кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірден бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты жұмысты аяқтамайды, кеңпейіл болады, жыныстық қатынасқа таңдаусыз түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия-семіздікке әкелетін тәбеттің патологиялық күшеюі, полидипсия-басылмайтын шөл, гиперсексуалдылық-жыныстық инстинкттің күшеюі байқалады.

Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы-абулия депрессивті жағдаймен жүреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады(анорексия), сексуалды сезім басылады, суицидалды жағдайға қауіптілік жоғарылайды. Абулия шизофрениялық дефектке тән немқұрайдылық (апато-абулиялық жағдай) көрініс береді.


Суицидальды тенденциялар-галлюцинациялапмен,соңына түсу сандырағымен соңына түсушілерден қорғанам деп мерт болады.

Әуестік бұрмалануы (парабулия) жарамайтын заттарды-нәжіс(капрофагия) жеуге, өзіне зақым келтіруге, перверсияларда жыныстық қанағат сезімін алуға (гомосексуализм, саддизм, мазохизм және т.б). Бұндай бұзылыстар тұлғаның ауыр патологияларында, психопатияларда, психопатия тәрізді жағдайларда, мидың органикалық бұзылыстарында кездеседі.

Импульсивті құбылыс-жедел туатын әлденеге бағытталған күшті талпыныс.Импульсивті әуестіктерге клептоманияны-өз пайдасына қатыссыз ұрлыққа құштарлықты жатқызуға болады. Импульсивті әрекет аяқталған соң зат иесіне қайтарылып беріледі немесе лақтырылып тасталынады. Пиромания-ешқандай зұлым ойсыз өрт шығаруға әуестік. Дромомания-қаңғыруға құштарлық. Дипсомания-салынып ішуге әкелетін спиртті ішімдікке кенеттен пайда болған әуестік.

Амбиваленттілік- қарама-қарсы сезімдердің, тілектердің, әуестіктердің бірге жүруі. Амбиваленттілік психикалық үрдіс бірлігінің ыдырау белгісі болып табылады, ол шизофренияға тән.


17 билет.

1 Полинейропатия.Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы,диагностика, емі.

Полинейропатиялар дегеніміз-шеткері нервтердің көптеп зақымдануынан шеткері салданулармен,сезімталдықтың бұзылуымен,аяқтың дистальді бөлімінің трофикалық және вегето-тамырлық бұзылыстармен жүретін жайылмалы симметриялы патологиялық процесс

Жіктелуі

  • Этиологиясы бойынша

  • Қабынулық

  • Токсикалық

  • Аллергиялық

  • Травмалық

  • Патоморфологиялық зақымдалуы бойынша

  • Аксональді

  • Демиелинезацияланған

  • Ағымы бойынша

  • Жедел

  • Жеделдеу

  • Созылмалы

Этилогиясы

  • Әртүрлі интоксикациялар(алкогольмен, мышьяк препараттарымен,қорғасынмен,сынаппен,талиймен,ортокерезилфосфатпен,сульфакарбонаттармен т.б)

  • Біріншілік және екіншілік инфекциялар(тұмау, эпидемиялық паротит, аденовирустық инфекциялар, ботулизм, дифтерия, дизентерия т.б)



Клиникасы

Демиелинизацияланған полинейропатия кезінде ірі қозғалтқыш және сезімтал проприорецепторлардың талшықтары зақымдалып, беткей сезімталдықты өткізетін вегетативті және сезімтал талшықтар миелинсіз күйі қалады.Полиневропатияның бұл түрінде терең рефлекстер тез жоғалады және проприорецептивті сезімталдық бұзылып сенситивті атаксия болады және вибрациялық сезім жоғалады.Беткей сезімталдық сақталады. Аяқтың дистальді, проксимальді бөлімінің шеткері парезі, бұлшықет атрофиясы.

Аксонопатия кезінде көбіне аяқтың дистальді бөлігінде парез болады, жай дамиды, амиотрофия,ауырсынуды және температураны сезіну, вегетативті функциялар бұзылады.


Диагностика

  • Толық анамнез жинау

  • Қанның жалпы және биохимиялық анлизі

  • Неврологиялық симптомдарды анықтау

  • Электронейромиография

  • Жұлын сұйықтығын зерттеу

  • Тері нервісінің биопсиясы


Шүғыл қабыну нейропатиясы
(Гийен-Барре синдромы

Шұғыл қабыну полинейропатиясы-аяқ-қолда кенет немесе созылыңқы түрде пайда болатын,әлсіздікпен сипатталатын инфекциялы-аллергиялық ауру.Оның дамуына клеткалы-иммундық реакцияларға қосымша тканьді бүлініске ұшырататын аутоиммундық үрдіс маңызды роль атқарады.Аурудың пайда болуына фильтрацияланған вирус әсер етуі мүмкін.

Клиникасы.Ауру жалпы дімкәстік,әлсіздік,субфебрильді температура,бұлшықеттер ауырсынуы,бас ауыруымен шұғыл басталады да соңынан бірнеше күн ішінде парездер мен салданулар білінеді.Қайталана өтетін және ұзақтығы 4 айдан бінеше жылға дейінгі полирадикулоневриттің созылмалы түрі болуы да ықтимал.

Алғашқы неврологиялық белгілері бұлшық еттер мен нерв бағаны бойы ауырсынулары және қол-аяқ ұштарындағы парестезиялар арқылы білінеді.

Қимыл бұзылыстарына қол мен аяқтың төменгі немесе жоғарғы бөліктерінде басым білінетін босаң парездер немесе салданулар, әлсіреген бұлшық еттер тонусының төмендеп, семіп қалуы, сіңір рефлекстерінің көмескіленуі немесе жойылуы, бұлшық еттер мен нервтердің электрлік тітіркенісінің өзгеруі тән

Сонымен қатар диабеттік, жүктілік, алкогольдік, мышьяктік амилоидоз және порфириялық, дәнекер тін аурулары кезіндегі полиневропатиялар бар.

Емі.Альфалиполи қышқылы(тиогамма, тиоктацид,берлитион, эсполидон). В тобының витаминдері. Демиелинизацияланған полиневропатияны емдеу үшін медикаменттерден тыс патологиялық аутоиммунды механизмді тежеу үшін иммуноглобулин енгіземіз және плазмафарез қолданылады.


2 Соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстар. Клиникасы, дәрігер тактикасы

Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомплекс астениялық синдром болып табылады. Бұл синдром тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті бұзылыстармен сипатталады. Кейде астениялық синдромға фобиялық, иппохондриялық, истериялық, апатиялық синдромдар қосылады. Жиі науқастарда кардио немесе канцерофобиялық синдром байқалады. Жүрек-өкпе патологиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоздан кейін эйфория байқалады.

Депрессивті, депрессивті-параноидты синдромдар өкпенің ауыр ағымды ауруларында қатерлі ісікте галлюцинаторлы синдроммен бірге жүреді.

Жүрек патологиясы бар науқастар арасында психоздар жиі миокард инфарктісі кезінде кездеседі. Оған үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтері, вегетативті және цереброваскулярлы бұзылыстар кіреді.

Емі. Науқастарға, әсіресе жедел психоз жағдайындағы науқастарғатәулік бойы қатаң медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек. Астениялық және психоорганикалық синдромдарда массивті жалпы қуаттандырушы терапия, витаминдер және ноотроптар тағайындалады. Ұйқы бұзылыстары кезінде транквилизаторлар беріледі.


3 Ми тамырлары ауруларындағы психикалық бұзылыстар( гипертониялық ауру, церебральды атеросклероз)

Церебралды атересклероздың клиникалық 3 сатысы бар:

1-сатысының жиі көрінісі неврастения тәрізді синдром болып табылады. Негізгі белгісі тез шаршағыштық, әлсіздік, психикалық үрдістің қажуы, тітіркенгіштік, эмоциональді лабильділік жатады. Кейде астениямен байқалатын жеңіл депрессия болады. Психопатия тәрізді немесе иппохондриялық синдром көрініс береді.

2-сатысында(айқын психикалық бұзылыстар кезеңі) мнестико-интеллектуалды бұзылыстар күшейеді, ес нашарлайды (әсіресе осы шақ оқиғаларына), ойлау инертті бола түседі, эмоциональді лабильділік күшейе түседі, бос көңілділік байқалады. Жиі атеросклероздық психоздар болады: депрессивті, параноидты, сана күңгірттенуімен жүретін психоздар, галлюциноз. Бұдан басқа эпилептиформды ұстамалар.

Параноидты синдром жиі көріністердің бірі.Бұл науқастар преморбидті кезеңде тұйықтықпен, күдікшілдікпен немесе үрейшіл-күмәншіл мінез сипатымен ерекшеленеді. Жиі соңына түсу, қызғаныш, уландыру, кейде иппохондриялық, зиян келтіру сандырақтық идеялары айтылады.

Бұзылған сана синдромының жиі кездесетін формасы делирий, сирек-қарауытқан жағдай болып табылады

3-сатысында көрініс кейде эпилептиформды бұзылыстар болып табылады. Эпилептиформды синдром құрылымы пароксизмальды құбылыстармен сипатталады:сана жоғалуымен жүретін үлкен атипті тырысулық ұстамалар, дисфориямен жүреді.

Гипертониялық ауру кезіндегі психикалық бұзылыстар

Гипертониялық ауру кезіндегі бастапқы психопатологиялық көріністер церебральды атересклероз кезіндегі синдромдармен көрініс береді. Гипертониялық психоздардың құрылымында аффективті бұзылыстар айқынырақ көрінеді: сандырақпен, депрессиямен, галлюцинозбен үрейлі күй басым болады.Атеросклероздық психоздарға қарағанда ұзақтығы төмен.

18 билет.

1 Жүйке жүйесінің вертеброгенді аурулары.Жіктелуі, этиологиясы, эпиодемиологиясы, клиникасы,диагностикасы, емі.

І. Вертеброгендік зақымданулар
1.1. Рефлекторлық синдромдар;
1.1.1. Цервикалгия;
1.1.2. Цервикокраниалгия (артқы мойын симпатикалық синдромы);
1.1.3. Цервико-брахиалгия (бұлшық ет-тонустық немесе вегетативті-тамырлық немесе нейродистрофиялық бұзылыстардың көрініс беруі);
1.2. Түбіршектік синдромдар;
1.2.1. Түбіршектердің дискогендік зақымданулары (радикулит);
1.3. Түбіршек қан тамырлық синдромдар (радикулоишемия);
2. Кеуделік деңгей;
2.1. Рефлекторлық синдромдар;
2.1.1. Бұлшықет-тонустық немесе вегетативті – висцералдық немесе нейротроптылық бүліністер арқылы білінетін торокалгия.

2.2. Түбіршектік синдромдар.
2.2.1. Түбіршектердің дискогендік (вертеброгендік) зақымдануы (радикулит). Олардың қайсысы зақымданғанын көрсету керек.
3. Бел – сегізкөз деңгейі.
3.1.. Рефлекторлық синдромдар.
3.1.1. Люмбаго (шаншу, сырқырау).
3.1.2. Люмбалгия (белдің ауыруы).
3.1.3. Люмбоишиалгия (бұлшық ет – тонустық немесе вегетативті – қан тамырлық не нейродистрофиялық бұзылыстар көрінісі).
3.2. Түбіршектік синдромдар.
3.2.1. Түбіршектердің дискогендік (вертеброгендік) зақымдануы. Түбіршектердің қайсысы (“ат құйрығын” есепке алғанда) зақымданғанын көрсету керек.
3.3. Түбіршек – қан тамырлық синдромдар (радикулоишемия).


ІІ. Нерв түбіршектерінің, түйіндерінің және өрімдерінің зақымдануы.
1. Менингорадикулиттер, радикулиттер (мойын, кеуде, бел - сегізкөздік).
2. Радикулоганглиониттер, ганглиониттер (жұлындық, симпатикалық), трунциттер.
3. Плекситтер.
4. Нерв өрімдерінің жарақаттануы.
4.1. Мойындық өрім зақымдануы.
4.2. Жоғарғы иық өрімінің зақымдануы (Эрб-Дюшенн салануы).
4.3. Төменгі иық өрімінің зақымдануы (Дежерин – Клюмпке салдануы).
4.4. Иық өрімінің тұтас зақымдануы.
4.5. Бел – сегізкөз өрімі зақымдануы (жартылай немесе тұтас).

ІІІ. Түбіршектердің, нервтердің көптеп зақымдануы.
1. Инфекциялы – аллергиялық полирадикулоневриттер (Гийенн – Барре, т.б.).

2.Инфекциялық полиневриттер

3.Полинейропатиялар

3.1.Уыттану полинейропатиясы

3.1.1.Созылмалы тұрмыстық және өндірістік уланулардан(алкогольдік, қорғасындық, хлорофостық т.б)болатын невриттер.

3.1.2.Токсикоинфекциялардан(дизентерия, ботулизм) болатын неврит

3.1.3.Медикаментоздық полинейропатия

3.1.4.Бластоматоздық полинейропатия(өкпе, ұлтабар, т.б)

3.2.Аллергиялық(вакциналық, сарысулық,медикаментоздық) полинейропатия

3.3.Дисметаболдық (витпминдер жетіспеуі, эндокриндік аурулар, әсіресе қант диабеті, бауыр, бүйрек аурулары, т.б) полинейропатия

3.4. Дисциркуляторлық ( түйінді периартериттік ревматизм, васкулиттер) полинейропатия

3.5.Идиопатиялық және тұқым қуалау түрлері.

IV.Жекелеген жұлын нервтерінің зақымдануы.

1.1Жарақаттардан болатын невриттер

1.1.1.Шынтақ кәрі жілік, ортаңғы, бұлшық еттері, т.б. невриттері

1.2Сан, шонданай, асықты жілік, жіліншік, т.б. невриттері

2. Компрессиялы-ишемиялық мононейропатиялар

2.1.қол нервтерінің зақымдануы

2.1.1.Білезік каналы синдромы(қол ұшы аймағында ортаңғы нервтің зақымдануы)

2.1.2.Гийен каналы синдромы (қол ұшында шынтақ нерві зақымдануы)

2.1.3.Кубиталдық канал синдромы (шынтақ маңында шынтақ нерві зақымдануы)

2.1.4. Шынтақ маңында кәрі жілік немесе ортаңғы нервтердің, жауырын үсті, қолтық нервтерінің зақымдануы

2.2. Тарзалдық канал, жіліншік, сан сыртындағы тері нервінің зақымдануы (купарт байламына қыстырыла қысылуы-Рот-Бернгардт парестетикалық мералгиясы).

3.Қабыну мононевриттері.

V. Бас сүйек-ми нервтерінің зақымдануы.

1.Үшкіл нерв және басқа да бас сүйек-ми нервтерінің невралгиясы.

2.Бет нерві невриттері.

3. Басқа бас сүйек-ми нервтерінің невриттері.

4.Прозопалгиялар.

4.1.Қанат-таңдай, кірпік, құлақ, төменгі жақ асты және басқа түйіндердің ганглиониттері.

4.2.Прозопалгияның біріккен және басқа түрлері.

5.Стомалгия, глоссалгия

2 Ми жарақатындағы психикалық бұзылыстар. Бастапқы және жедел кезеңнің клиникасы. Дәрігер тактикасы.

Бассүйек ми зақымдануы 3 дәрежеге бөлінеді жеңіл түрі сананы бірнеше секундқа қана жоғалту, есеңгіреу, орта түрі-сананы бірнеше минутқа жоғалту, аз уақытқа кома, ауыр түрі-сананы бірнеше сағатқа не тәулікке жоғалту, кейін сопор мен есеңгіреу жағдайына ауысады.