ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.08.2021

Просмотров: 1748

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

F6 Жетілген тұлға және ересек адамдардағы жүріс-түрыс бүзылыстары:

F60 - тұлғаның спецификалық бұзылыстары (психопатиялар), соньщ ішінде:

F60.0 - паранидты

F60.1 - шизоидты

F60.2 - диссоциальды

F60.3 - эмоциональды тұрақсыз

F60.4 - истериялық

F60.5 - ананкастты

F60.6 - үрейлі

F60.7 -тәуелді

F60.8 - басқалар

F60.9 - анықталмаған

F61 - тұлғаның аралас жэне өзге бұзылыстары

Ғ62 - психожарақат, психикалық ауру және т.б. нэтижесіндегі тұлға өзгерістері

Ғ63 - әдеттер мен эуестіктер бұзылыстары

Ғ64 - жыныстық идентификация бұзылысы

Ғ65 - сексуальды қалау бұзылысы

Ғ66 - сексуальды даму жэне ориентация бұзылысы

Ғ68 -басқалар

Ғ69 - анықталмаған

F7 Кемақылдық;

F70 - жеңіл дәрежелі кемақылдық

F71 - орташа дэрежелі кемақылдық

F72 - ауыр дәрежелі кемақылдық

F73 - терең дэрежелі кемақылдық у'

F78 - басқа

F79 - анықталмаған

F8 Психологиялық даму брылысы:

F80 - сөйлеу дамуының бұзылысы

F81 - мектептік дағдылар дамуының бұзылысы

Ғ82 - қимылдық функциялар дамуының бұзылысы

Ғ83 - дамудың аралас бұзылыстары

Ғ84 - балалық аутизм жэне дамудың жалпы бұзылыстары

F88 - дамудьщ басқа бұзылыстары

Ғ89 - анықталмаған


F9 Әдетте балалық жәие жасөспірімдік шақта басталатын жүріс- түрыстық және эмоциональды бүзылыстар:

Ғ90 - гиперкинетикалық бұзылыс

F91 - жүрір-тұрыс бұзылысы

Ғ92 - жүріс-тұрыс пен эмоцияньщ аралас бұзылысы

Ғ93 - үрейлі, фобиялық жэне басқа бұзылыстар

Ғ94 - әлеуметтік функциялау бұзылысы

Ғ95 - тикозды бұзылыстар

Ғ98 - энурез, энкопрез, кекештену, тамақтану бұзьшысы

Ғ99 Анықталмаған психикалық брылыс




14 билет.

1 Цереброваскулярлы аурулар.Жіктелуі.Қауіп факторы.Субарахноидальды қан құйылу,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.

Инсульт-ми қан айналымының жедел бұзылысы жұлын мен бас миының жекелеген ошақтарының қанмен қамтамасыз ете алмауы.

Инсульттың жіктелуі:

-Ишемиялық

-Геморрагиялық

-Ми ішілік қан құйылу

-Субарахноидальды қан құйылу

-Геморрогиялық инфаркт

-қарынша ішілік

Ишемиялық инсульт-белгілі бір ми қан тамырларының бассейінде қанның азаюына байланысты жедел дамитын қан айналысының бұзылуы.Ишемиялық инсульттің этиологиясында атеросклероз,артериялық гипертония немесе олардың қабаттасуы аса маңызды орын алады.

Клиникасы-Ауру түнде немесе демалған сәттерде шұғыл басталады.Бас ауырып,айналады,аз уақыт есте сақтау қабілеті бұзылады,аяқ-қолда парестезия,ауырлау және әлсіздік байқалады.кейде құлақ шуылдап,көз қарауытады,эпилептикалық ұстамалар болады.

Геморрагиялық инсульт-ми мен оның қарыншаларына немесе қабықасты кеңістігіне кенеттен қан құйылудың салдарынан болады..Геморрагиялық инсультке әдетте артериялық гипертония немесе оның атеросклерозбен қабаттаса келуі,сирегірек геморрагиялық диатездер,ми тамырларында туа біткен немесе жарақат салдарынан болған аневризмалар,инфекциялы –аллергиялық васкулиттер себеп болады.

Клиникасы- Науқас 45-65 жас аралығында .Көбіне күндіз көңіл-күй тынышсызданады,қатты шаршағанда ешбір себепсіз сырқат кейде кенет есінен танып қалады.Сырұат кома жжағдайында болады,онымен байланыс жсау мүмкін емес.Өздігінен зәр мен нәжіс шығып кетуі жиі кездеседі,дене қызуы 37,5-38-қа дейін көтеріледі.


Ми инфаркті-НАуқас жасы65-80 жас арасында.Ауру біртіндеп басталады.Түнде немесе таңға жуық,АҚ-150/80 деңгейі.Санасы анық,сирек шатасқан.Жалпы милық синдром-әлсіз,менингиальды синдром болмайды.ЭТЖ,лейкоцитоз қалыпты.ЛИкфор түссіз,мөлдір,қысымы қалыпты.


2 Деменция,оның түрлері,клиникасы,оның құрылуының себептері.

Деменция- патологиялық үрдіс ықпалымен шақырылған тұрақты,орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік жоғалуы бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауыбелгілері болып табылады.Жүріс тұрыс өзгереді,танымдық қабілет,сезім,зейін бұзылады.

Органикалық деменция-лакунарлы және тотальды да болады.Лакунарлы деменция церебральды атересклерозбен,ми мерезімен науқастарда байқалса,тотальды –үдемелі салдануда ,сенильді психозда,Пик және Альцгеймер ауруларында кездеседі.

III)Эпилепсиялық деменция –характерологиялық ерекшеліктердің аса өткірлігімен сипатталады,ригидтілік,барлық психикалық үрдістер ағымының баяулығы ,ойлау баяулығы ,байымдылығы ,зейін ауыспалылығының қиындығы,сөз қорының азаюы ,штампталған қайталанатын сөздерді қолдануға бейімділік.Мінезде бұлар қатаңдық,кекшілдік,ұсақшыл пунктуальдылық,педантизм және т.б.

IV)Шизофрениялық деменция-энергетикалық потенциал төмендеуімен,эмоциональды топастық дәрежесіне дейін жететін эмоциональды кедейленумен сипатталады.Интеллектуальды үрдістердің біртекті емес бұзылысы байқалады:айқын ес бұзылыстарынсыз,формальды білім деңгейінің жеткілікті болуымен қатар науқас толықтай әлеуметтік дезадаптацияланған,тәжірбиелік істе қауқарсыз болады.

V)Психоорганикалық синдром –салыстырмалы түрде жеңіл ,бірақ айқын әлсіздігі дәрежесіне дейін жетпейтін ,тұрақты интеллектуальды –мнестикалық төмендеуімен сипатталады.Психоорганикалық синдромда ес әлсірейді,ойлау қызметі баяулайды,жаңа білім мен дағдыларды игеру қиындайды,пікір және критика деңгейі төмендейді,эмоциональды жеткіліксіздік дамиды.

VI)Кемақылдық(олигофрения)-әртүрлі дәрежедегі ақыл кемдігі .Кемақылдылық құрсақ ішінде ,босану кезінде ,бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі.Кемақылдылықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз:идиотия-кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды,дағдылар игерілмейді,бала өзін өзі күте алмайды.Имбецильділікте-әдеттегі мектептерде оқу қабілеті болмайды,тек арнулы мектептерде оқуы мүмкін,сөздері жиі түсініксіз.Дебильділік-кезінде адамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады,бірақ қиындықпен оқиды,оларға түсініктерді біріктіру қиын.

асыру.


3 Алкогольдік тәуелділік, алкогольден бас тарту синдромы (алкогольді абсинентті синдром) алкогольді дилирия, алкогольді галлюциноз. Клиникасы, емі.

Алкогольдік тәуелділік-алкогольге қатты тартып тұру, егер алкоголь қабылдамаса абсинентті синдром шақыратын, алкогольді үзіліссіз, үнемі қабылдау. Көбіне ер адамдарда 20-40 жас аралығында жиі кездеседі.


Алкогольділікке тәуелділік симптомдары:

  • Алкоголь қабылдауға деген қатты құмарлық және алкоголь мөлшерін тежей алмау;

  • Алкогольдің әсеріне тұрақтылық, алкогольдің эффекті көрінгенше қабылдайды.

  • Абсинентті синдром симптомдары. Соңғы алкогольді қабылдағаннан кейін болатынЖүрек айну, терлеу, тремор.


Алкогольдік тәуелділік 3 сатыда өтеді:

1.Бірінші саты-психикалық тәуелділік

2.Екінші саты-физико-химиялық тәуелділік

3.Үшінші саты-алкогольдік дегидратация сатысы


Психикалық тәуелділік сатысы-бұл сатыда науқас спиртті ішімдікті жиі қабылдайды, ішуге себеп іздейді. Науқас отбасына, жұмысына қарағанда бірге ішімдік ішетін компаниясына көп назар аударады.

Физико-химиялық сатысында науқаста алкогольді ішімдікке деген тұрақтылық дамиды. Өзінің құмарын қандыру үшін науқас көп мөлшерде ішімдік қабылдай бастайды. Ұйқы бұзылады, әлсіздік, шаршағыштық. Осы кезде науқаста абсинентті синдром немесе алкогольден бас тарту синдромы көрініс береді. Абсинентті синдром дегеніміз-ішімдік қабылдаған соң 24-48 сағ.кейін пайда болатын ішкі мүшелерді, жүйке жүйесін және психиканы тітіркендіретін бұзылыстар кешені.

Абсинентті синдром белгілері:

  • Қолдың дірілдеуі

  • Шаршағыштық

  • Тершеңдік

  • Шөлдеу

  • Тәбеттің төмендеуі

  • Қорқыныш

  • Көңіл-күйдің төмендеуі

  • Кінәлі сезіну

  • Ұйқы бұзылысы

  • Алкогольге қызығушылық

3-ші алкогольді дегидратация сатысы-егер екінші сатысында науқаста алкогольге деген тұрақтылық жоғарыласа, соңғы сатыда керісінше төмендейді. Ағза күресе беріп қажиды. Тұлға өзгерісі болады, ми тіндері өзгеріске ұшырап, ауыр бұзылыстарға әкеледі(мысалы, алкогольді психоз, белая горячка, тіпті тырысу талмалары болуы мүмкін).

Алкогольді делирий-алкоголизмнің 2-3 сатысында дамиды. Науқаста көру, есту, дәм сезу, галлюцинациялары, дене температурасының жоғарылуы, қалтырау, сандырақтау байқалады. Галлюцинация қорқыту характерлі болады, науқас әртүрлі жәндіктер көреді.

Алкогольді психоз-алкоголь ыдырауы нәтижесінде пайда болған заттардың улы әсерінен пайда болады.

Алкогольді делирий сананың галюцинаторлы күңгірттенуімен өтеді. Психоздың бұл формасына тән:

-шынайы көру галлюцинациялары,иллюзия және парейдолий.

-қимыл-әрекеттің қозуы,аффект,үрей және сандырақ.

-уақытты, тұрған орнын шатастыру.

Делирийдің ұзақтығы 2-8 күн.

Алкогольді галлюциноз жедел, жеделдеу, созылмалы түрде өтеді.

Жедел алкогольді галлюциноз-похмельный синдром фонында немесе соның жалғасы ретінде дамиды. Негізгі симптомы есту галлюцинациясы. Науқас еркектің, әйелдің, баланың әртүрлі тембрлі дауыстарды естиді.

Жеделдеу галлюцинозда-галлюцинация бірнеше айға созылып, өршумен жүреді.

Емі. Алдымен 5-10 күн ішінде дезинтоксикациялық терапия, онан соң 40-45 күн ішінде шартты рефлекс және сенсибилизациялау емі қолданылады.


Дезинтоксикациялық терапия-тері астына 10 бірлік инсулинмен бірге глюкоза жібереміз, В1,В6,С1,РР витаминдері, метионин,глутамин қышқылы қолданылады.

Психотропты заттар. Аффективті депрессивті бұзылыстар шыққанда тәулігіне 75-150мг азафен, 75-100 амитриптилин, 75-100мг карбидин, 75-100мг анафринил сияқты антидепрессанттарды береді. Психопатия кезінде 5-30мг неулептил, 10-50мг терален қолданылыды.


15 билет.

1 Цереброваскулярлы аурулар.Жіктелуі.Қауіп факторы.Ми қан айналымының өтпелі бұзылысы,мидың созылмалы ишемиясы,эпидемиологиясы,клиникасы,диагностикасы,емі.

Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут ,сағат өткен соң тегіс жойылады.Олардың пайда болуына кіші-гірім қан құйылулар,аздаған жібу ошақтары және гипертониялық криздер әсер етеді.Ми қан айгналысының өткінші бұзылымдары атеросклерозбен ,қант диабетімен,әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен,жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда ,қан тамырларының түрлі аномалиялары бар сырұаттарда жиі кездеседі.Ми қан айналысының өткінші бұзылу патогенезінде қан тамырларының атеросклероздан тарылып және бітеліп қалуынан пайда болатын ми қан тамырларының кемшілігіне олардың патологиялық иірілулері мен бүгілулеріне,артерия қысымының тұрақсыздығына,ангиоспазмге жіне жедел жүрек қан тамыр жетіспеушіліктеріне аса мән беріледі.

Гипертониялық криздер-гипертониямен ауыратындарда кездеседі.Оған эмоционалдық стресстер,ауыр дене еңбегі,маскүнемдік және басқа да факторлар қозғау болады.

Патологиялық –анатомиялық өзгерістер мидың ісінумен , ми қан тамырларының қанға толуымен және микрогеморрагиялармен сипатталады.Гипертониялық криздің клиникалық сипатында бас сүйек қуысы ішіне орналасқан қан арнасы қанға аса мол толуына және ондағы ткандердің ісінуіне немесе ми қан тамырларының жиырыла қысылуына байланысты жалпы милық симптомдар басым болады.Бастың шулауы,жүйесіз бас айналу,лоқсу кейде құсу тәрізді жалпы милық симптомдар байқалады.

Өткінші ишемиялық ұстамалар-көбінесе атеросклероз,артериялық гипертония немесе олардың қабаттасуы кезінде байқалады.Патологиялық –анатомиялық өзгерістер магистралдық қан тамырларының атеросклерозы мен ми тканіндегі аздаған ишемиялық инфарктер, кейде микроэмболиялар арқылы білінеді.

Клиникалық сипатында –қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялық симптомдар басым болады.Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші немесе аяқтағы тұрақсыз парездер мен сезімдіктің бұзылғандығы арқылы білінеді.Вертебралды-базиллярлық жүйе арқылы қанмен қамтамасыз етілетін субтенториялық кеңістік пен жарты шарлардың артқы бөліктеріне орналасқан құрылымдарда болатын өткінші ишемиялық ұстамаларға синкопалдық жағдай бас айналу,тепе-теңдік бұзылу,атаксия,нистагм,кейде диплопия,гомонимдік гемиапсия тән.Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары көбінесе омыртқа мен негізгі артериялар жүйесінде,сирегірек ұйқы артериялары жүйесінде байқалады.Ұстамалар өту мерзіміне қарай ми қан айналысы бұзылымдарының ауырлық дәрежесі үшке бөлінеді:


-10 минуттан кейін қалпына келетін жеңіл бұзылымдар

-10 минуттан бастап,кейде бірнеше сағатқа созылатын,бірақ 24 сағат ішінде тегіс қалпына келетін орташа бұзылымдар.

-жеңіл –желпі ошақтық симптомдар түрінде 24 сағат өткенде сақталатын ауыр бұзылымдар.

Емдеу:5-10 күндей тыныштық жағдай болу керек .Аурудың пайда болу себептеріне қарсы және патогендік ем ретінде эуфиллин,стугерон,инстенон,қажет жағдайда гипотензивтік дәрілер тағайындалады.


2 Кемақылдылық (олигофрения)- әр түрлі дәрежедегі ақыл кемдігі. Кемақылдылық құрсақ ішінде , босану кезінде, бала туылғаннан кейін оның дамуының бастапқы сатысында мидың патологиялық үрдіспен зақымдалуының нәтижесі. Егер ақыл әлсіздігіне интелект қалыпты деңгейден төмендеген болса, кемақылдылықта – интелект ешқашан ересек адамның деңгейіне жетпейді. Кемақылдылықтың бірнеше дәрежесін ажыратамыз: идиотия, имбецильділік, дебильділік. Идиотия кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды, дағдылар игерілмейді, бала өзін өзі күте алмайды, қоршаған адамдардан өзінің жақындарын эмоциональды түрде айыра алмайды, оқыту мүмкін емес. Имбецильділікте әдеттегі мектептерде оқу қабілеті болмайды, тек арнаулы мектептерде оқу мүмкін, сөздері жиі түсініксіз , ойлауы нақты.

Дебильділік кезінде адамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын, абстрактылы қызмет мүмкін емес, материалды жаттанды оқуды қажет етеді


16 билет.

1 Жеке жүйкелердің,жүйке түбіршіктері және тармақтарының зақымдауы.Жіктелуі,этиологиясы,эптдемиологиясы,клиникасы,диагностика,емі.

Шеткі нерв жүйесі зақымдануының этиологиялық факторлары ішінде аномалиялар деформациялайтын спондилоз,остеохондроз,жарақаттар және инфекциялар әсерінен омыртқа жотасында болатын өзгерістерге ерекше мән беріледі.

Аса айқын білінетін остеохондрозға байланысты пайда болатын түбіршектік синдромдар омыртқа өзегіне бағытталған омыртқааралық дискінің жарықшақтанып томпаюымен қосарланады.Клиникалық көрінісі негізінен сезімділік ,рефлексті қимыл және вегативті –трофикалық бұзылыстар арқылы қалыптасады.

Бірінші бел түбіршегінің қысылуы-шап аймағында ауырсыну мен сезімділік білінбеуі,кремастерлік рефлекстің көмескіленуі немесе жойылуы ,ал екінші бел түбіршегінің қысылуы санның алдыңғы жоғарғы үштен бір мен іш жағында сезімділік білінбеуі,тізе рефлексінің төмендеуі немесе жойылуы және алға қарай еңкею мүмкіндігінің қиындауы арқылы сипатталады.

Үшініші бел түбіршегі қысылғанда санның алдыңғы сырт жағынан таралатын омыртқа жотасының бел тұсында ауырсыну ,осы аймақ пен сирақтың іш жағының жоғарғы үштен бірінде гипестезия,тізе рефлексінің көмескіленуі және еңкею қиындығы пайда болады.

Төртінші бел түбіршегі қысылғанда бел аймағынан санның алдыңғы сырт жығына ,сирақтың алдыңғы ішкі жиегіне және аяқ ұшының ішкі жағына дейін таралатын ауырсыну синдромы ,осы аймақта үстірт сезімділік білінбеуі,санды бұру қиындығы ,тізе рефлексінің төмендеуі,сан бұлшық еттерінің семе бастауы мен әлсізденуі білінеді.