ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 220
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 432 бұйрығына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына 5-қосымша | |
0105000-«Бастауыш білім беру» мамандығы үшін
дуальды оқыту туралы шарт №497
| Қызылорда қаласы (аудан, ауыл) | " 10" қазан 2021ж |
Қызылорда облысы білім басқармасының 19.01.2018 жылғы №26 бұйрығымен бекітілген колледж жарғысы мен Қызылорда облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің 20.02.2018 жылы берген №KZ67LAA00011120 лицензиясы негізінде әрекет етуші Қызылорда облысы білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Мемлекеттік тіркеу №3259-1933 МК 05.02.1999ж.) атынан (бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталады) колледж директоры Тоганова Жаксыгул Кохановна бір жағынан, 120940018316 реквизиті негізінде Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «ГЧП Ханшайым Ана» бөбекжай бақшасы жеке білім беру мекемесі (бұдан әрі «ұйым» немесе «мекеме» деп аталады) атынан оның меңгерушісі Каламбаева Айгуль Нурдильдаевна негізінде әрекет етуші екінші жағынан және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105083-«Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» (0105061-Күтуші) біліктілігі бойынша білім алушы азамат(ша) Абдулнасыр Гүлмарал жеке төлқұжаттың/туу туралы куәліктің ЖСН 050303601370, 10.03.2005 жылғы ТТК №0548490, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Желек ауыл округі берген (бұдан әрі «білім алушы деп аталады») немесе оның заңды өкілі (білім алушы кәмелетке толмаған жағдайда)
Бөриев Абдулнасир Қазбекұлы, жеке төлқұжаттың ЖСН 591228301160, №016982334, 19.04.2005 жылы ҚР Әділет Мин. берген, (бұдан әрі «заңды өкіл» деп аталады) үшінші жақтан бірлесе отырып (бұдан әрі «Тараптар» деп аталады), дуальды оқыту туралы осы шартты жасасты.
1. Дуальды оқыту туралы шарттың мәні
1. Осы дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 119 - бабымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 тіркелген) бекітілген дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына және кәсіпорын (ұйымның) Жарғысының 35 тармағына сәйкес жасалды.
2. Оқу орны 2020 жылы түскен 0105000-«Бастауыш білім беру» мамандығы 0105083-« Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» (0105061-Күтуші) біліктіліктің:
К.М 1.3 Өндірістік оқыту. Әр түрлі жастағы балаларды күту ерекшелігі 10.11-21.12.2021, 09.03-29.03.2022
К.М 1.4 Өндірістік оқыту.Баланы тамақтандыру.10.11-21.12.2021
К.М 3.4 Өндірістік оқыту. Балалардың күн тәртібін ұйымдастыру 10.11-21.12.2021
К.М 3.5 Өндірістік оқыту. Балаларды ерте дамыту әдістемелері 10.11-21.12.2021, 09.03-29.03.2022
К.М 5.5 Өндірістік оқыту. Тіл дамыту 10.11-21.12.2021, 09.03-29.03.2022
К.М 5.6 Өндірістік оқыту. Жұмысшы мамандығын алуға өндірістік практика 30.03-07.05.2022
(білім беру бағдарламасының атауы) білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын жүзеге асырады.
3. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны тиісті жұмыс жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
4. Білім алушы өндірістік, еңбек функцияларын және тапсырмаларды білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілікке ие болу үшін білім беру бағдарламаларын меңгереді.
2. Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі
5. Дуальды оқыту туралы шарттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оқу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
Кәсіпорын (ұйым) осы дуальды оқыту туралы, білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаны толтырады.
Дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.
6. Білім алушыны жұмыс орнына қабылдау осы дуальды оқыту туралы шарттың негізінде шығарылатын басшысының бұйрығымен немесе кәсіпорынның (ұйымның) құрылымды бөлімшесінің өкімімен рәсімделеді.
3. Білім алушының құқықтары және міндеттері
7. Білім алушы:
1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) кәсіпорында бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
3) өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;
4) белгілі бір мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейін тағайындау және белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлікті (сертификатты) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10348 тіркелген" нысанға сәйкес алуға құқылы.
8. Білім алушы:
1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;
2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;
5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге немесе практика жетекшісіне орындаған жұмыс туралы есеп беруге;
7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлау келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнынға себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге;
8) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін кәсіпорын (ұйым) ұйымдастыратын кіріспе және өндірістік нұсқаулықтан өтуге;
9) оқу процесінің кестесіне сәйкес өндірістік оқудан және кәсіби практикадан уақтылы өтуге міндетті.
4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері
9. Кәсіпорын:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға құқылы.
10. Кәсіпорын:
1) тәлімгерді бекітуге – өндірістік оқытуды және кәсіптік практикаға басшылық ететін өндіріс және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманы.
2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, оқу процесінің жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;
3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізуге;
5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға;
6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеуге;
7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;
8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беруге;
9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалауға;
10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз етуді қарастыруға;
11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарауға;
12) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін білім алушыға кіріспе және (немесе) өндірістік нұсқама өткізуге;
13) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.
11. Тәлімгер:
1) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытуға;
2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыруға;
3) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылауға;
4) білім алушыларға жіберілген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, орын алған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге;
5) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға;
6) білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;
7) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етуге;