ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 224
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8. Білім алушы:
1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;
2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;
3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;
5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге немесе практика жетекшісіне орындаған жұмыс туралы есеп беруге;
7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлау келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнынға себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге;
8) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін кәсіпорын (ұйым) ұйымдастыратын кіріспе және өндірістік нұсқаулықтан өтуге;
9) оқу процесінің кестесіне сәйкес өндірістік оқудан және кәсіби практикадан уақтылы өтуге міндетті.
4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері
9. Кәсіпорын:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға құқылы.
10. Кәсіпорын:
1) тәлімгерді бекітуге – өндірістік оқытуды және кәсіптік практикаға басшылық ететін өндіріс және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманы.
2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, оқу процесінің жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;
3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізуге;
5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға;
6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеуге;
7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;
8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беруге;
9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалауға;
10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз етуді қарастыруға;
11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарауға;
12) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін білім алушыға кіріспе және (немесе) өндірістік нұсқама өткізуге;
13) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.
11. Тәлімгер:
1) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытуға;
2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыруға;
3) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылауға;
4) білім алушыларға жіберілген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, орын алған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге;
5) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға;
6) білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;
7) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етуге;
8) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізуге;
9) білім алушыға пікір жазуға;
10) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.
5. Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері:
12. Оқу орны осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
13. Оқу орны өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) оқу процесінің тізбесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберуге;
2) білім алушыны осы дуальды оқыту туралы шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыруға;
3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс жоспарын өтудің білім беру бағдарламасын және күнтібелік кестесін кәсіпорынның мен өкілімен бірге әзірлеуге және келісуге;
4) оқу орнының тиісті мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері немесе оқытушылар арасынан оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілерін тағайындауға;
5) білім алушылардың осы кәсіпорынның (ұйымның) қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауына ықпал етуге;
6) білім беру бағдарламасы мен оқу процессіның тізбесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқыту, кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауға;
7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетуге;
8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беруге;
9) жазатайым оқиғаларды, егер өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен болған жағдайда тергеуге қатысу;
10) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тәлімгерге ақы төлеуді жүргізу міндетті.
«Бастауыш білім беру» мамандығы
білім алушылары үшін
дуальды оқыту туралы шартқа
Қосымша
№498 10 қазан, 2021 жыл
Қызылорда облысы білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын |
(кәсіпорынның (ұйымның) атауы) |
Абуғали Ақнұр Айдарханқызы білім алушы «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 2 курс бойынша 0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
(0105061 -Күтуші ) біліктілігімен Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «ГЧП Ханшайым Ана» бөбекжай бақшасы жеке білім беру мекемесі базасында өндірістік оқудан/кәсіптік практикадан өтті.
«ГЧП Ханшайым Ана» бөбекжай бақшасы жеке білім беру мекемесі
Өндірістік оқыту:
1.Әр түрлі жастағы балаларды күту ерекшелігі
2.Баланы тамақтандыру.
3.Балалардың күн тәртібін ұйымдастыру
4.Балаларды ерте дамыту әдістемелері
5.Тіл дамыту
2021 жылдың 10 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығында «Күтуші» функционалдық міндеттерін атқарды.
«Бастауыш білім беру» мамандығы
білім алушылары үшін
дуальды оқыту туралы шартқа
Қосымша
№498 9 ақпан, 2022 жыл
Қызылорда облысы білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын |
(кәсіпорынның (ұйымның) атауы) |