Файл: 0105000Бастауыш білім беру мамандыы шін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 246

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Каламбаева Айгуль Нурдильдаевна негізінде әрекет етуші екінші жағынан және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105083-«Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» (0105061-Күтуші) біліктілігі бойынша білім алушы азамат(ша) Рүстем Жания

жеке төлқұжаттың/туу туралы куәліктің ЖСН 050118600763, 08.07.2005 жылғы ТТК №0977859, Қызылорда қалалық Әділет басқармасы, АХАЖ бөлімі берген, (бұдан әрі «білім алушы деп аталады») немесе оның заңды өкілі (білім алушы кәмелетке толмаған жағдайда) Ақтасов Рүстем Әбдіғаппарұлы, жеке төлқұжаттың ЖСН 791009301459, №026083484, 18.03.2020 жылы ҚР ІІМ берген, (бұдан әрі «заңды өкіл» деп аталады) үшінші жақтан бірлесе отырып (бұдан әрі «Тараптар» деп аталады), дуальды оқыту туралы осы шартты жасасты.

1. Дуальды оқыту туралы шарттың мәні

      1. Осы дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 119 - бабымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13422 тіркелген) бекітілген дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына және кәсіпорын (ұйымның) Жарғысының 35 тармағына сәйкес жасалды.

      2. Оқу орны 2020 жылы түскен 0105000-«Бастауыш білім беру» мамандығы 0105083-« Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» (0105061-Күтуші) біліктіліктің:

    К.М 1.3  Өндірістік оқыту. Әр түрлі жастағы балаларды күту ерекшелігі 10.11-21.12.2021, 09.03-29.03.2022

К.М 1.4 Өндірістік оқыту.Баланы тамақтандыру.10.11-21.12.2021

К.М 3.4 Өндірістік оқыту. Балалардың күн тәртібін ұйымдастыру 10.11-21.12.2021

К.М 3.5 Өндірістік оқыту. Балаларды ерте дамыту әдістемелері 10.11-21.12.2021, 09.03-29.03.2022

К.М 5.5 Өндірістік оқыту. Тіл дамыту 10.11-21.12.2021, 09.03-29.03.2022

К.М 5.6 Өндірістік оқыту. Жұмысшы мамандығын алуға өндірістік практика 30.03-07.05.2022


      (білім беру бағдарламасының атауы) білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқуын жүзеге асырады.

      3. Кәсіпорын (ұйым) білім алушыны тиісті жұмыс жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практика үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

      4. Білім алушы өндірістік, еңбек функцияларын және тапсырмаларды білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілікке ие болу үшін білім беру бағдарламаларын меңгереді.

2. Дуальды оқыту туралы шарттың әрекет ету мерзімі

      5. Дуальды оқыту туралы шарттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оқу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      Кәсіпорын (ұйым) осы дуальды оқыту туралы, білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуі туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаны толтырады.

      Дуальды оқыту туралы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негізде бұзылуы мүмкін.

      6. Білім алушыны жұмыс орнына қабылдау осы дуальды оқыту туралы шарттың негізінде шығарылатын басшысының бұйрығымен немесе кәсіпорынның (ұйымның) құрылымды бөлімшесінің өкімімен рәсімделеді.

3. Білім алушының құқықтары және міндеттері

      7. Білім алушы:

      1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

      2) кәсіпорында бекітілген жетекшісінің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы өту барысында денсаулығына зақым келген зиянның өтеуіне;

      4) белгілі бір мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейін тағайындау және белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куәлікті (сертификатты) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10348 тіркелген" нысанға сәйкес алуға құқылы.



      8. Білім алушы:

      1) өндірістік оқыту және кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтауға;

      2) кәсіпорынның (ұйымдардың) жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарауға;

      3) өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;

      4) өндірістік оқыту және кәсіби практикадан өту үшін белгіленген мерзімде кәсіпорынның қарауына келуге;

      5) өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

      6) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы өту туралы күнделік жүргізуге, тәлімгерге немесе практика жетекшісіне орындаған жұмыс туралы есеп беруге;

      7) кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнындағы сабаққа хабарлау келмеген жағдайда бұл туралы кәсіпорынға (ұйымға), оқу орнынға себебін айтып және ауру немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, 3 күн ішінде тиісті медициналық анақтаманы жіберуге;

      8) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін кәсіпорын (ұйым) ұйымдастыратын кіріспе және өндірістік нұсқаулықтан өтуге;

      9) оқу процесінің кестесіне сәйкес өндірістік оқудан және кәсіби практикадан уақтылы өтуге міндетті.

4. Кәсіпорынның (ұйымның) құқықтары және міндеттемелері

      9. Кәсіпорын:

      1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелерді және білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуға;

      2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға;

      3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;

      4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыруға құқылы.

      10. Кәсіпорын:

      1) тәлімгерді бекітуге – өндірістік оқытуды және кәсіптік практикаға басшылық ететін өндіріс және қызмет көрсету саласындағы технологияларды меңгерген өндірістің (ұйымның) білікті маманы.

      2) оқу орнымен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыстың оқу жоспарын, оқу процесінің жылдық күнтізбелік кесте, дуальды білім беру шеңберінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу және келісу;


      3) білім алушына дуальды оқытудан өту барысында, құпия және заңмен қорғалатын ақпаратты қоспағанда, арнайы киіммен (формамен), оқыту құралдарымен, қолданыстағы нормативтерге сәйкес шығыс материалдарымен, практикалық материалдар мен процеске қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      4) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушыны еңбек қауіпсіздігінің әдістеріне оқытуды жүргізуге;

      5) оқу үдерісінің тізбесіне және (немесе) күнтізбелік кестеге, білім беру бағдарламаларына сәйкес өндірістік оқытуды және кәсіптік практика өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға;

      6) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеуге;

      7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның (ұйымның) ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар етуге;

      8) білім алушының жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалануға мүмкіндік беруге;

      9) өндірістік оқыту және кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және дуальды оқытуды өту сапасын бағалауға;

      10) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға өтемақы төлемін қамтамасыз етуді қарастыруға;

      11) тиісті бос орын болған жағдайда, оқыған мамандығына (біліктілік) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектің кандидатурасын қарауға;

      12) өндірістік оқыту мен кәсіптік практика басталғанға дейін білім алушыға кіріспе және (немесе) өндірістік нұсқама өткізуге;

      13) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.

      11. Тәлімгер:

      1) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытуға;

      2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асыруға;


      3) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылауға;

      4) білім алушыларға жіберілген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, орын алған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге;

      5) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға;

      6) білім алушыдан өндірістік қызметпен байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларды орындауын талап ету;

      7) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етуге;

      8) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізуге;

      9) білім алушыға пікір жазуға;

      10) осы дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаға сәйкес білім алушылардың кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуін растауға міндетті.

5. Білім беру ұйымының құқықтары және міндеттемелері:

      12. Оқу орны осы Келісімге, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушыдан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.

      13. Оқу орны өзіне мынадай міндеттемелер алады:

      1) оқу процесінің тізбесіне сәйкес өндірістік оқыту және кәсіптік практикадан өту үшін білім алушыны кәсіпорынға (ұйымға) жіберуге;

      2) білім алушыны осы дуальды оқыту туралы шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыруға;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс жоспарын өтудің білім беру бағдарламасын және күнтібелік кестесін кәсіпорынның мен өкілімен бірге әзірлеуге және келісуге;

      4) оқу орнының тиісті мамандықтары бойынша өндірістік оқыту шеберлері немесе оқытушылар арасынан оқу орны басшысының бұйрығымен өндірістік оқыту және кәсіптік практика жетекшілерін тағайындауға;

      5) білім алушылардың осы кәсіпорынның (ұйымның) қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауына ықпал етуге;

      6) білім беру бағдарламасы мен оқу процессіның тізбесіне сәйкес білім алушының өндірістік оқыту, кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауға;

      7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетуге;