Файл: Kz 25 жастаы ыз бала айын ентігуге,лсіздікке,аз физикалы жктемеде болатын ентігуге,тобыты ісінуіне,жрек ауына шаымданады..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 147

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұл бала 10 жаста 1 жылдан бері ауырады. Бойына қосқан жоқ, 5 кг арықтады, жиі ақсаңдайды, табанында, тізесінде ауру сезіміне және көру нашарлағанын айтады. Объективті: тізе буындарының екі жағынан да дефигурациясы, бұлшық еттерінің атрофиясы. Зерттеу нәтижелері: НЬ -121 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ - 23 мм/сағ. РФ – 10 МЕ/л, СРБ – 5 мг/л, НLА В27 оң. Қандай емдеу әдісі бірінші кезекте оптимальды болып табылады?


9 жасар бала соңғы 10 күн ішінде жұтыну кезінде кезінде аузында ауырсынуға және күдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 3 аптада әлсіздік пайда болды. Әкесінде 30 жаста өт тастарына байланысты холецистэктомия жасалған. Объективті - дене қызуы 37,7 ° С, пульсі 105/мин, АҚҚ - 110/65 мм с.б.б., ЖСЖ - 28/мин. Шырышты қабаттардың ісінуі, склераның орташа сарғаюы, ісінген қызыл тіл. Қанда - Hb - 98 г/л, MCV 102 мкм3, ретикулоциттер 0,4%; орталық қуысы жоқ эритроциттер. Науқастың шағымының алдын алу мүмкін еді?


Балада ЖРВИ-дың 5 күні: дене температурасы 39°С, басының ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ылғалды жөтел, ентігу. Объективті қарау, кеуде клеткасының рентгенографиясы және қақырықты себу пневмококктың бета-лактамазаөндіруші штаммдарымен шақырылған пневмонияны дәлелдеді. Осы клиникалық жағдайдағы этиотропты ем:


" ""Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"" санитариялық қағидаларын бекіту туралы


Ұл бала, 12 жаста, жіті ауырған. Дене температурасының 2 күн бойы 38,5-39,0 С дейін жоғарлап, парацетамол қабылдағаннан кейін температурасы түскен. Орташа әлсіздікке, бас ауруына, мұрын арқылы тыныстың тарылуына, құрғақ жөтелге шағымданған. Объективті түрде: шырышты бөлінділердің көп болуының салдарынан мұрын арқылы тынысы тарылған. Жақасты, артқы мойындық лимфатүйңндері пальпацияланады, өлшемдері 0,5х1,0, бірең-сараң, бірең-сараң, эластикалық, ауырмайды. Өкпеде - тыныс алу қатты, жайылған, симметриялық, тұрақты емес құрғақ және орташакөпіршікті ылғалды сырылдар байқалады. Жөтелгеннен кейін сырылдар тек оң жақ төменгі бөлімде ғана сақталады. ТАЖ/ЧДД минутына 26. Перкуторлы: қорапшалы реңді дыбыс, оң жақ төменгі бөлімде тұйықталу байқалады. Аталғандардың ішінде диагнозды анықтауға мүмкіндік береді?