Файл: 1 сра жауабы азастан халы Ассамблеясы оамдаы тратылы пен келісімні сенімді, берік іргетасына айналды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 2369
Скачиваний: 34
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» деген сөздермен басталады. Жолдаудағы басты мәселе бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруға арналады. Ырықтандыру және бюракратиясыздандыру, әлемдік экономикаға интеграциялану, индустриялық-инновациялық даму, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу керектігін айтады.
«Қазақстан – 2050» 1997 жылы қабылданған «Қазақстан -2030» бағадрламасы негізгі базалық өлшемдері бойынша мерзімінен бұрын орындалды. Енді ел дамуының ұзақ мерзімге арналған жаңа кезеңін айқындау қажеттігі туындады. 2012 жылы 12 желтоқсанда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республика халқына арналған жаңа жолдау «Қазақстан- 2050» стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. «Қазақстан- 2050» стратегиясында мемлекеттік болашағы көрініс тапты,Жолдауда осыған жету жолында іске асырылуы тиіс 7 саяси бағытты айқындап берді.
1. Пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне, экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясат жүргізу.
2. Ұлттық экономиканың жетекші күші болатын кісіпкерлікті жан-жақты қолдау.
3. Әлеуметтік кепілдіктермен және жеке жауапкершілік сияқты жаңа қағидаттарға негізделген әлеуметтік саясат.
4. Заманауи білім беру жүйесін, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағыттарын түзеу.
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
6. Ұлттық мүдделерді ілгерілету және аймақтық, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретін дәйекті жіне болжамды сыртқы саясат жүргізу.
7. Жаңа қазақстандық патриотизм- біздің көпұлтты және конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.
«Қазақстан -2050» стратегиясында жаңа әлеуметтік саясаттың басты ұстанымдарының ішінде бірінші рет «Баланы қорғау» бағыты бөлініп көрсетілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Балалар- қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес» деп атап көрсетті. Балаларға қамқорлық жасау біздің елдің әлеуметтік саясаттың анықтаушы бөлімі болып табылады.
№
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 14
19 сұрақ
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары ұлт-азаттық күрестің жаңа сапалы формасын, саяси түрін қалыптастырды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Жауабы:
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын аңғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
20 - сұрақ жауабы.
«Сакральді Қазақстан» жобасы аясындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес – ұлттық сананы сақтау күресі.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни, халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қайсыбір халықтың немесе ұлттар мен ұлыстардың жаратылыстан алатын өз тарихы мен орны бар. Қазақ халқының тарихында айрықша атауға тұратын қасиетті жердің бірі – «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы.
Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, оның сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде де маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. Солардың бірі – «Таңбалы» шатқалындағы археологиялық ескерткіштер.
«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 5000-ға жуығын қазіргі таңда «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі қола дәуірінен бастау алатын жартастағы суреттер мен жерлеу орындары, яғни, қабірлер болып келеді.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананың деңгейін көтеру мақсатында алты жоба ұсынған болатын. Соның бірі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Жобаның мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын бекемдеу, жат идеологияға төтеп беретін қалқанды нығайту.
Осыған дейін ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы аясында 100 нысанның тізімін ұсынған еді. Бұдан бөлек жергілікті маңызы бар деген 500 нысан тағы анықталған.
«Сакральді Қазақстан» жобасының мақсаты
Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав¬золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті¬судың киелі мекендерін және басқа да жерлер¬ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру.
Республика бойынша 100-ден астам нысан жалпыұлттық деңгейде қасиетті орындар санатына кірсе, 500-ден астам нысан жергілікті маңызы бар киелі нысандар қатарына кірген. Түркістан облысында тарихи-мәдени маңызы бар 1300-ге жуық ескерткіш есепке алынған көрінеді. Ақтөбе облысы бойынша 700-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған екен. Оның 10 шақтысы республикалық маңызы бар, қалғандары жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт¬тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай-ды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн¬ды¬лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.
21сұрақ. «Орта ғасырларда көшпелілер мен отырықшы халықтар арасындағы қарым-қатынастардың басты факторы экономикалық қажеттіліктер болған». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VІ ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, V-VІ ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.