Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 444
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұмауға
Паратұмау
Риновирусты инфекция
Аденовирусты инфекция +
Короновирусты инфекция
371 Науқас 17 жаста, қуырылған жұмытқаны жегеннен 6 сағаттан кейін жедел ауырды, ішінің ауырсынуы, жүрек айну, 4 рет құсу, жиі сұйық нәжіс пайда болды. Температура 38,0С, іші үрілген, пальпацияда оң жақ мықын аймағы ауырсынады. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, шырышпен, қара-жасыл түсте, сасық иісті. Қай антибактериалық дәрілер таңдау дәрісі болып табылады?
цефалоспориндер
пенициллиндер
фторхинолондар +
макролидтер
левомицетин
372 Науқас 17 жаста, тәтті майлы қаймақ қосылған балкүлше жегеннен 3 сағаттан кейін жедел ауырды. Әлсіздік, жүрек айну, жеген тағаммен көп реттік құсу пайда болды. Сұйық нәжіс, көп мөлшерде, қосындыларсыз. Дене температурасы-37,8С. Тері жамылғылары боз, аяқ-қолдары суық. Пульс 100рет/мин. АҚ -90/60 мм.с.б.б. Жүрек тондары тығыздалған. Дәрігердің қағидасы қандай?
асқазанды шаю
лактулоза тағайындау
б/і спазмолитиктер тағайындау
ципрофлоксацин тағайындау
энтеросорбенттерді тағайындау +
373 22 жастағы әйел адам, гестация кезеңі 9-10 апта, ауруының 7-ші күні жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскен. Шағымдары: құрғақ жөтел, жарықтан қорқыныш, әлсіздік, денесіндегі бөртпе, дене қызуының жоғарылауы. Ауруының 4-ші күні алдымен бетінде, одан кейін мойынында, кеудесінде және қолдарында бөртпе пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температура 390С, склерит, конъюнктивит, ауыз-жұтқыншағында өзгерістер жоқ. Бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында көптеген, бірі-бірімен қосылған, дақты-папулезді бөртпе байқалады. Әйелмен вирустың ұрыққа жасайтын әсері туралы сұхбат жүргізілді. Жүкті әйелді жүргізудің қай тактикасы ең дұрыс болып табылады?
жүктілікті сақтау
жүктілікті үзу
12 апта мерзіміне дейін әйелдің келісімі бойынша жүктілікті үзу +
қай кезең болса да медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу
12 аптадан астам мерзімінде медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті
374 30 жастағы ер адам, мүшеқапсыз әр түрлі серіктермен жыныстық байланыста болған. Анамнезінен: екі апта бойы ауырады, алғашқы 3 күнде дене температурасы 38,0С жоғарлаған, құлақмаңы аймағында ауырсыну және ісіну. Бір апта бұрын ішінің айналмалы сипаттағы ауырсынуы, жүрек айну, күніне 5-6ретке дейін құсу, диареяны байқаған. 2 күн бұрын дене температурасының қайтадан жоғарлауы, кеше оң жақ енектің ауырсынуы мен ісінуін байқаған. ЖҚА: эр. - 3,2х1012\л, лейк.- 5,5х109/л., п. - 2%, с. - 58%, лимф. - 35%, мон. - 5%. ЭТЖ – 30 мм/сағ.Оң жақ енек УДЗ: орхит. Мүмкін болатын диагноз?
хламидиоз
уреаплазмоз
жеделдеу бруцеллез
паротитті инфекция +
бактериальды орхит
375 Әскери қызметкер, 20 жаста, жедел ауырған, дене температурасы 40°С дейін көтеріліп, басы ауырған, құсқан, әлсіздік дамып, денесі сырқыраған. Сол күні бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жағдайы аса ауыр. Ыңқылдап жатыр. Тері жабындылары бозғылт, денесінде, санында, балтырында, аяқ басында геморрагиялық бөртпелер анықталады, кейбіреулерінің ортасында некроз ошақтары бар. Менингеалды белгілері теріс. Бел аймағын соққылау симптомдары оң. АҚҚ 90/60 мм. с. б., пулсі 100 рет минутына. ҚЖА: лейкоциттері –24х109/л., миелоциттері – 2%, т/я – 14%, с/я- 78%, м. -2%, лимф.– 4%, ЭТЖ - 40 мм/сағ. ЗЖА: лейк. 6-8 к/а., эритр. 8-10 к/а. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба
Менингококкты инфекция. Менингококцемия +
Конго-Қырымдық геморрагиялық қызба
Псевдотуберкулез, генерализацияланған формасы
Лептоспироз. Иктеро-геморрагиялық формасы
376 Әйел адам 35 жастағы, 10 мамырда Алматы қаласының травматологиялық пунктында қаралған. 9 мамырда тауға шыққан кезде кене шаққанына шағымданады. Травматологиялық пунктте кенені алып, санэпидсараптау бөлімінің паразитологиялық зертханасында кенелік энцефалит (КЭ) вирусын анықтауға жібереді. Зерттеу нәтижесі теріс болып шығады. Қандай іс˗әрекет ең тиімді болып табылады?
доксициклин тағайындау
КЭ қарсы серологиялық алдын алу жүргізу
КЭ қарсы серологиялық алдын алу жүргізудің қажет жоқ +
жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызу
невролия бөлімшесіне
377 22 жастағы әйел гестация мерзімі 33-34 апта, бір апта бұрын ауырған-әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, оң қабырға доғасы астында қолайсыздыққа шағымданады. Ауруының 6 күні склерасының сарғаюы, зәр түсінің өзгеруін байқаған. Бүгін мұрнынан қан кету болған. Қарауда: жағдайы ауыр. Тежелген, дезорентацияланған. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары сарғыш түсті. Денесінде геморрагиялық бөртпе. ЖЖЖ-100рет/мин. АҚ 100/70 мм.с.б.б. Бауыры пальпацияланбайды. Диурез 500 мл. ЖҚА: эр.- 2,5х1012\л, лейк.- 3,0 х 109 /л., п.- 5%, с.- 65%, лимф.- 8%, мон.-2 %, ЭТЖ – 45 мм/сағ. БҚ: АЛТ- 900 б, АСТ- 780 б., жалпы билирубин - 110,6 ммоль\л, тікелей - 93,6 ммоль\л. Коагулограмма: ПТИ-43%, фибриноген–1,5 г/л. ИФА: antiHAVIgM «-», HBsAg «-», aHDVIgM«-»,aHСVIgM «-», antiHЕVIgM «+». Қай синдром қауіпті болып табылады?
бауырлық интоксикация
бүйректің жедел зақымдануы
бауыр өлшемдерінің қысқаруы
жедел бауырлық энцефалопатия
коагуляциялық гемостаз факторларының бұзылысы +
378 75 жастағы әйел ауруханаға келіп түсті. 2 күн бойы қалтырау, бас ауруының мазалағанын, бүгін – оң жақ балтырының ауыруына, ісінуіне, қызаруына шағымданады. Өзінің айтуы бойынша маса шаққан жерді қасыған. Қант диабетінің 1 типімен аурады, инсулинді қолданады. Бір жыл бұрын бет тілмесінен ем алған. Дене қызуы 39°С. Status localis: оң жақ балтыры мен табанының сыртқы қабатының терісі айқын қызарған, анық жиектерімен белгеленген ісінуі бар, теріні пальпациялағанда ыстық және ауырсынулы. ЖҚА: эр.-2,5х1012 /л, гем. -115 г/л, Л. - 14,4x109 /л, э. – 1%, т\я – 5%, с\я – 72%, м – 7%, л – 15%, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?
тілме +
эризипелоид
листериоз
пастереллез
жұқпаланған жара
379 Ер адам 20 жаста. Жедел ауырған. Учаскелік дәрігерге ауруының 5-ші күні қаралған. Ауруы біртіндеп басталып, жұтқан кезде аздап ауру сезімі, дене қызуының 37,5°С ға дейін көтерілуі пайда болған. Өздігінен 5 күн бойы эритромицин қабылдаған, жақсару болмаған. Тамақтағы ауру сезімі күшейіп, дене қызуы 39°С дейін көтерілген. Аңқаны қараған кезде: доғаның шырышты қабатының қызаруы, таңдай, бадамша безі, тілшік ісінген. Екі жақты бадамша безінде сұры түсті жабынды, шпателмен қиын алынады, жабынды тығыз – әйнекке жағылмайды. Ең ықтимал диагноз?
аңқа дифтериясы +
лакунарлы баспа
аденовирусты инфекция
іріңді-некротикалық баспа
Симановский-Венсен баспасы
380 Ер адам 30 жаста. Емханаға әлсіздікке, соңғы үш айда тәулігіне 3-4 рет сұйық нәжістің болуына, аздап салмақ жоғалтуына, тамақ жеген кездегі ауыздағы ашу сезіміне шағымданып келді. Эпид.анамнезінде: инъекцилық есірткі қабылдаған. Объективті: мойынның артқы-алдыңғы және жақ асты, лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, эластикалық ауру сезімсіз . Іші аздап кепкен, пальпация кезінде іштің барлық аймағында аздап ауру сезімді. Бауыры +2,0 см. Ауыз қуысының шырышты қабатында, ұртында қызыл иекте, қатты таңдайда сүзбе тәрізді ақ жабындылар байқалады . Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Болжама диагноз АИВ-инфекция. Қандай диагностикалық әдіс Ең дәлелдейтін әдіс болып табылады?
CD4 лимфоциттер саны
АИВ - қа ИФА
ПТР ДНК АИВ
ПТР РНК АИВ
иммуноблотт +
381 Ер адам, 45 жаста, сол жақ санының арты жағында эритеманың пайда болуына шағымданып келген. 2 күн ішінде эритема диаметрі үлкейе бастаған, жергілікті жерде қышу сезімі мазалайды. Эпидеиологиялық анамнезінде: эритема пайда болмастан 5 күн бұрын тауға шыққан, үстінен кене алған, Ресей Омск областында болған. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,20, эритема сақина тәрізді, көлемі 5х8см, шетінде – папула түріндегі біріншілік терілік аффект. Кандай дәрі осы ауруда ЕҢ тиімді болады?
амикацин
цефазолин
азитромицин
цефтриаксон +
левомицетин сукцинаты
382 Мира 15 ай, ЖІИ-мен 6 күн бойы ауырады. Летаргиялы. Көзі шүңірейген. Нәжісі сұйық, сулы, нәжісте шырыш және қан жоқ. Су ішуден бас тартады. Тері қатпары баяу жазылады. БЖАЫЕ бағдарламасы бойынша баладағы қай сипатқа байланысты жедел ауруханаға госпитализациялайжы?
нәжісте қан
көзі шүңірейген
көп көлемді диарея
летаргиялы, су ішпейді +
тері қатпары баяу жазылады
383 4 жасар бала жұқпалы аурудың қабылдау бөліміне жеткізілді. 1 күн бойы ауыратыны анамнезінен белгілі, ауруы дене қызуының 39С жоғарылауынан, ішінің ауруынан, лоқсу, 3-4 рет құсудан басталды. Қарап тексергенде: мазасыз, тері қатпары бірден жазылады. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі анықталады, сигма спазмдалған, ауырады, тенезмдер, анусы босаңсыған. Үлкен дәреті сұйык, аз мөлшерлі, шырыш, ірің және қан аралас. ЖҚА: Эр.-4,2х1012 /л, гем. -105 г/л, Л. - 15,8x109 /л, т/я – 10%, с/я – 54%, м – 6%, л – 34%, ЭТЖ - 25 мм/с. Әсіресе болуы мүмкін болжам диагноз
Сальмонеллез
Эшерихиоз
иерсиниоз
клебсиеллез
шигеллез +
384 6 айлық қыз бала, жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. 3 күн бойы ауыратыныны анамнезінен белгілі, ауруы жедел дене қызуының 38,7С жоғарылауымен, жөтел, мұрнынан су ағу, көп реттік құсу мен патологиялық қоспаларсыз сұйық нәжістен басталды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, мазасыз, тітіркенгіш, тамағы қызарған, сулы коп мөлшерлі нәжіс, метеоризм. Суды шөлдеп ішеді, мазасыз, тері қатпары бірден жазылады. ЖҚА: Эр.-4,2х1012 /л, гем. -105 г/л, Л. - 3,8x109 /л, т/я – 5%, с/я – 25%, м – 6%, л – 64%, ЭТЖ – 16 мм/с. БАБЖ бойынша дәрігердің дұрыс тактикасы
План А, регидрон 50 мл әрбір үлкен дәреттен соң
План А, регидрон 100 мл әрбір үлкен дәреттен соң
План Б, регидрон 75 мл/кг 4 сағат бойы +
План Б, регидрон 75 мл/кг 6 сағат бойы
План В, парентеральды регидратация 100 мл/кг
385 Ерлан 6 жаста, баланың анасы дене температурасының 37,5С жоғарлауына, ішінің ауырсынуына, мезгілдік жүрек айнуына шағымданып келді. ЖҚА: эозинофилия, ЭТЖ 15 мм/сағ. Эпидемиологиялық анамнез: жеке бас тазалығы ережелері үнемі сақталмайды. Нәжіс микроскопиясы: құрттардың сопақ жұмыртқалары, диаметрі 0,1мм, екіжиекті қапшықты анықталды. Баланы емдеуге тиімді дәріні тағайындаңыз:
азитромицин
кандазол
невиграмон
метронидазол
пирантел +
386 Туылғанына 10 күн болған нәресте өмірінің 5 күні пайда болған қабағының қызаруы мен екі көзінен де іріңді бөліністердің болуына, дене қызуының қалыпта болуына шағымданып келді, хал-жағдай жақсы, конъюнктивада өтпелі қатпар тұсында ашық-қызыл фолликулдар, іріңді бөліністермен, құлақмаңы лмфа түйіндерінің ұлғаюы. Болжамды диагноздың пайдасына қандай қосымша қосымша қапараттар керек?
Эпштейн Бар вирусына ИФА
цитомегаловирусқа ИФА
листериозға ИФА
хламидиозға ИФА +
токсоплазмозға ИФА
387 3 жастағы баланы қарау кезінде Т 38,3 С, аңқа гиперемиясы, дауысының қарлығуы, үздік-үздік үрме жөтел, тыныштықта стридор, ТЖ 54/мин, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке тартылысы. Диагноз:
Пневмония
жалған круп +
Малярия
аңқа дифтериясы
Бронхиолит
388 Әйел адам, 43 жаста. 1b категориясы бар елден COVID бойынша карантины бар елге келді. Ұшақта COVID-2019 анықталған науқастан 2 орындыққа алысырақ отырды. Шағымдары, симптомдары жоқ. COVID-2019 бойынша жасалған болжамды тестілеу теріс. Эпидемиологиялық байланыстың бар екендігі қандай уақыт арасында қарастырылады?
10 күн арасында
12 күн арасында
14 күн арасында +
16 күн арасында
18 күн арасында
389 72 жастағы әйел 3 күн бойы қызба, миалгия, жөтелге қатысты жүгінді. жербөлмеде (времянка) тұрады, көршілерде ұқсас белгілер болған. Анамнезде - АГ, лизиноприл қабылдайды. Дене қызуы - 38,9 С, пульс - 105/мин, ТЖ - 22/мин, АҚ - 110/60 мм с.б.., ЅаО2 - 89%. Қандағы лейкоциттер -10 500/мм3, креатинин – 79,6 мкмоль/л, прокальцитонин - 0,05 мкг/л (норма<0,06). Өкпе R -да - төменгі бөлікте екі жақты қарауыту. Цефтриаксинмен және азитромицинмен емдеу басталды. Екі күннен кейін-дене қызуы -37,6 С, прокальцитонин - 0,04 мкг/л, ЅаО2 - 96%. Ауруды басқарудағы тиімді қадам қандай?
Цефтриаксон мен азитромицинді 7 күнге дейін жалғастыру +
Цефтриаксон мен азитромицинді тоқтату
Өкпенің қайталама рентгенографиясы
Цефтриаксон тоқтату және азитромицинді жалғастыру
Қақырықты себу
390 Қабылдауда 51 жастағы ер адам, 9 ай бұрын жедел В вирустық гепатитімен ауырған. Қарау кезінде ешқандай патология анықталған жоқ. Қан сарысуын зерттеуде бауыр трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы, ВГВ жүктемесі - 4286 ХБ/ мл. Науқастың күтілетін нәтижелері қандай?
HBeAg -, антигемоглобин +, Anti-HBc IgG +, Anti-HBc IgМ-
HBeAg -, антигемоглобин -, Anti-HBc IgG +, Anti-HBc IgМ-
HBeAg -, антигемоглобин +, Anti-HBc IgG -, Anti-HBc IgМ-
HBeAg -, антигемоглобин -, Anti-HBc IgG -, Anti-HBc IgМ+
HBeAg +, антигемоглобин -, Anti-HBc IgG -, Anti-HBc IgМ+ +
391 Бұрын сау 3 жасар баланы 6 күн бойы болған қызба мен бөртпеге байланысты ата-анасы дәрігерге апарған. Дене қызуы - 38,9 ° C. Қарап тексергенде - мойын алдыңғы оң жақ лимфаденопатиясы, конъюнктиваның екі жақты инъекциясы, тіл мен еріннің, қолдың, аяқтың, шаптың эритемасы - макулопапулезді бөртпелер. Науқаста қандай асқыну пайда болуы мүмкін?
Тез үдемелі гломерулонефрит
Есту қабілетін жоғалту