Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 443
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"
Шұғыл лапароскопиялық операция
Бақылау +
Іштің ультрадыбыстық зерттеуі
Жоспарланған лапароскопиялық қалпына келтіру
Іштің компьютерлік томографиясы
345 Төменде көрсетілген скриниг әдістерінің қайсысы колоректальды ісікті ерте анықтауда тиімді?
тік ішекті саусақтық зерттеу
Ректороманоскопия
Гемокульттест +
Ирригоскопия
Колоноскопия
346 Аяғы ауыр 28 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігеріне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінде жатырдың төменгі бөлігіне 3 рет кесарь тілігі жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Жатыры тітіркенгіш, толғақ жоқ. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатырдың тыртық аймағын пальпациялағанда ауырады. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ.Қандай тәсіл негізді саналады:
4 сағат амбулаториялық бақылау
тұрақты толғақ басталғанша үйіне қайтару
2-деңгейлі перзентханаға жіберу
3-деңгейлі перзентханаға жіберу +
акушерия және гинекология ҒЗИ жіберу
347 Перзентханада бір жылда 5000 әйел босанған, туылған сәбилердің 4900 тірі туылған, 4-і өлі туылған, 3-тәулікте 2 нәресте қайтыс болған, 5-тәулікте 3, 6-тәулікте 1 нәресте қайтыс болған. Перинатальдық өлім-жітімділік көрсеткішін қандай формула бойынша есептеген дұрыс:
(4+6/4900)*1000
(4/4900)*1000
(6/4900)*1000
(4+6/5000)*1000 +
(4/5000)*1000
348 Емхана дәрігеріне 29 апталық гестация мерзімінде жүкті әйел қаралды. Анамнезінде 3 жүктілік, 1-ші жүктілік – жатырдан тыс жүктілік, оң жақтық тубэктомия, 2-ші жүктілік – өздігінен болған түсік, жатыр қуысы қырналған, 3-ші жүктілік – осы жүктілігі. Аймақтандыру бұйрығына сәйкес әйелді қандай деңгейге жіберу керек
II деңгей
I деңгей
IV деңгей
III деңгей +
V деңгей
349 Антенатальды бақылау бойынша дәлелдік ұсыныстарға сәйкес, жүкті әйелді тексеру кезінде әр қабылдауда қандай манипуляция жасау керек?
Іштің айналасын өлшеу
жүкті әйелдің салмағын өлшеу
Пельвиометрияны
ұрықтың қимылдауын есептеу
АҚҚ өлшеу +
350 Қайта босанушы М., 24 жаста, жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың болжамды салмағы 3300 г. Жамбас өлшемдері қалыпты. Жатыр түбінде ұрықтың басы анықталады, сол жақтан арқасы пальпацияланады. Бөксемен келген, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек қағысы минутына 140 рет, анық, сол жақта кіндіктен жоғары. Шарана айналасындағы су тұтас. 3 минут сайынға толғақ ұзақтығы 40-45 секунд. Қынаптық тексерулер: жатыр мойны тегістелген, жатыр аңқасының ашылуы 7- 8 см, бөксесі кіші жамбас кіреберісіне тірелген, сезізкөз сол жақта және алдында, омыртқа аралық сызық сол жақ қиғаш өлшемде. Ұрық қабы бүтін. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2018 жылдың 16 сәуіріндегі №173 бұйрығына сәйкес перинаталды көмекті аймақтандырудың қандай деңгейінде жүкті әйелді жатқызуға болады?
1 деңгей +
2 деңгей
3 деңгей
4 деңгей
5 деңгей
351 Міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылған міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекеттік жарнаны көрсетіңіз.
1.4% +
0,02
1.6%
0,01
1.8%
352 9 жасар баланың анасы дәрігерден медициналық сақтандыру туралы түсіндірме сұрады - бала үшін төлем төлеуі керек пе? Балалар МӘМС-тен қай жасқа дейін босатылған?
10 жасқа дейін
12 жасқа дейін
14 жасқа дейін
16 жасқа дейін
18 жасқа дейін +
353 38 жастағы әйел жоғарылаған қан қысым бойынша қаралды. Дәрігер сақтандырылған азаматтың статусын қалай анықтайды?
iKomek 109 жүйесі арқылы
Біріңғай call-центр 1414 соғу арқылы
EGOV арқылы
оның ИНН енгізу арқылы +
МСӘҚ-қа соғу арқылы
354 Учаскелік дәрігер 8 айлық баланы қарады. Шешесінің шағымы дене қызуының 39С дейін жоғарылауына, енжарлыққа, емшектен бас тартуға, құсуға. Бүгін, ауруының 4-ші күні сарғаю пайда болды, бала өте мазасыз, тырыспа пайда болды, «кофе қоюы» сияқты құсу пайда болды. Анамнезінен белгілі: 3 ай алдын балаға қан құйылған. Биохимиялық анализінде: Жалпы билирубин 165 мкмоль/л, тікелей фракциясы 144 мкмоль/л, АЛТ 5,8 мкмоль/л, АСТ 3,7 мкмоль/л, тимол сынамасы 12 бірлік. Алыменен жасалуы тиіс дәрігердің іс -әрекеті
шұғыл хабарлама беру, тез арада маркерлы диагностикага қан алу
тез арада маркерлы диагностикаға қан алу, сосын госпитализация
жалпы қан анализін жасау, сосын госпитализация
шұғыл хабарлама беру, маркерлы диагностика нәтижесі келгенше уйде қадағалау
шұғыл хабарлама беру, шұғыл госпитализация +
355 Д-тізімге алу үшін қатерлі ісік диагностикаланғанда төменде көрсетілгендерден қайсы құжатты толтыру қажет?
диспансерлі бақылаудың бақылаулық картасы мен хабарлама +
асқынулық хаттама
науқастың амбулаторлық картасы
МӘСК картасы
уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы
356 Сүт безі ісігі анықталғанда Д-тізімге алу үшін төменде көрсетілген құжаттардың қайсысы толтырылады?
хабарлама және диспансерлік бақылау картасы +
асқыну хаттамасы
науқастың амбулаторлы картасы
МӘСК картасы
уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы
357 38 жастағы науқас мына диагнозбен Д-тізімге алынды: Сүт безі ісігі St IIІб (T3N1M0). Науқасты Д-тізімге алуда тағы қандай құжат толтыру керек?
хабарлама және диспансерлік бақылау картасы
асқыну хаттамасы +
науқастың амбулаторлы картасы
МӘСК картасы
уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы
358 Өкпенің екі проекциядағы компьютерлі томографияда жоғары бөлікте 0,5-1,0 см аралығындағы айқын емес ошақтар анықталды. ФБС-да бронхтар өтімді. Анамнезінде сүт безі ісігі, комплексті емнен 8 жылдан кейін. Сіздің болжамды диагнозыңыз және ары қарай қағида:
өкпеге МТС-науқасты онкодиспансерге жіберу +
өкпе туберкулезы-науқасты фтизиатрға жіберу
толық тексеру- жасанды пневмоторакс шартындағы рентгенография
пульмонологқа кеңеске жіберу
абседирленген пневмония- аймақтық дәрігерде емделу
359 БМСК/ПМСП аясында онкологиялық аурулардың екіншілік профилактикасын қандай мамандар жүргізеді?
онкология ҒЗИ қызметкерлері
Психологтар
Біріншілік медициналық-санитариялық көмек көрсету саласы дәрігерлері +
Аудандық онкологтар
Хирургтар
360 Науқас туралы ақпаратты жарияламау, аурудың құпиясын сақтау және оны емдеу туралы түсінік қалай белгіленеді?
Конфиденциальдық +
Конгруэнттілік
құпиялық
сенімділік
Адекваттілік
361 Қандай жағдайда медициналық қызметкерлер дәрігерлік құпияны басқа физикалық тұлғаларға және юристерге жәрия ете алады?
бас дәрігердің рұқсатымен
медицина қызметкерлер консилиум шешімімен
науқастың немесе оның заңды өкілі рұқсат берген жағдайда +
ұжымдағы әріптестер рұқсатымен
адвокат рұқсатымен
362 "80 жастағы ер адам аздаған физикалық күш түсу кезінде ентігу, аяқтарындағы массивті ісіну, іштің ұлғаюы, қақырықпен жөтел, қан қысымы жоғарылауына шағымданады. Жүректің ишемиялық ауруы диагнозымен Д- тіркеуде тұр. ЖИА. Тұрақты стенокардия III функционалдық класы. Жүрекше фибрилляциясы. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, III функционалды класс. АГ 3 дәрежесі, қауіп 4. Жалпы жағдайы ауыр,ортопноэ. АҚ 190/130 мм рт.ст.Пульс 88 минутына, аритмиялық. Өкпеде әлсіреген везикулярлық тыныс, төменгі бөліктерде ылғалды сырылдар. Анасарка. Аяқтарда массивті ісіну. Дәрігер үй жағдайындағы стационар тағайындады.
Дәрігер пациентке қандай формадағы құжат толтырады?
"
003-5/у
025/у
025-1/у
003-2/у +
001-7/у
363 "60 жастағы әйел жүрек аймағындағы сол қолына берілетінбасып ауырсынуға шағымданады, нитроглицерин қабылдағаннан кейін 5 минуттан соң тоқтайды. Анамнезі: ЖИА. Тұрақты стенокардия, ФК II. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз (2015).Жүрек жеткіліксіздігі, функционалдық класы 0. Д- тіркеуде тұр. Жүйелі ем қабылдайды. Жағдайының нашарлауын стресспен байланыстырады. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 130/90 мм с.б. Пульс 90 минутына. Дәрігер науқасты емдеу үшін күндізгі стационарға жібереді.
Күндізгі стационар дәрігері пациентке қандай нысанды толтырады?
"
003-2/у
001-7/у
003-3/у +
025-1/у
025/у
364 "60 жастағы әйел жүрек аймағындағы сол қолына берілетінауырсынуға шағымданады, нитроглицеринқабылдағаннан кейін 10 минуттан кейін қабылдау арқылы тоқтатылады, аяқтардағы ісіну. Анамнезде: ЖИА. Тұрақты стенокардия, ФК II. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз (2016).Жүрек жеткіліксіздігі, функционалдық класы 0. Д-тіркеуде тұр. Жүйелі ем қабылдайды. Жағдайының нашарлауын стресспен байланыстырады. Күндізгі стационардағы емі нәтиже бермеді. Дәрігер пациентті тәулік бойы стационарға емдеуге жіберуге шешім қабылдады.
Тәулік бойғы ауруханаға дәрігер пациентке қандай форманы толтыру керек?
"
001-7/у
021/у
001-4/у
001-3/у +
025-5/у
365 "48 жастағы әйел жүрек аймағындағы сол қолына берілетінбасып ауырсынуға шағымданады, нитроглицерин қабылдағаннан кейін 10 минуттан кейін қабылдау арқылы тоқтатылады. Анамнезде: ЖИА. Тұрақты стенокардия, ФК II. Жүрек жеткіліксіздігі, функционалдық класы 0. Д- тіркеуде тұр. Жүйелі ем қабылдайды. Жағдайының нашарлағанына 2 күн болды. Дәрігер пациентті күндізгі стационарға емдеуге жіберуге шешім қабылдайды.
Науқасты күндізгі стационарға жіберген кезде дәрігер қандай форманы толтырады?
"
001-3/у
021/у
001-4/у
001-7/у +
003-5/у
366 "67 жастағы ер адам тізе буындарының остеоартрозы, III кезең, III дәрежелі функционалдық буын жетіспеушілікдиагнозымен Д- тіркеуде тұр. 16 жыл бойы ауырады. Соңғы кезде сол жақ тізе буынының қозғалысының нашарлауы байқалады. Дәрігер оны тізе буынын эндопротездеуге квота бойынша емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жібереді.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін қандай нысан толтырылады?
"
003-5/у
001-3/у
021/у +
001-4/у
001-7/у
367 "50 жастағы ер адам, қиын бөлiнетiн қақырықпен жөтел, ентігу сезімдеріне шағымданады. Анамнезінде- 30 жыл бойы темекі шегеді, күніне 1 қорап. Тексерілмеген, емделмеген. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. АҚҚ 140/100 мм с.б. Пульс 84 минутына. Өкпеде - қатты тыныс, төменгі және ортаңғы бөлімдерде құрғақ сырылдар. Дәрігер науқаста өкпенің патологиясы бар деп болжап, оны спирометрияға бағыттайды.
Дәрігер пациентті медициналық мекемеден тыс диагностикалық тексеруге жіберу үшін қандай форманы толтырады?
"
021/у
001-4/у +
001-7/у
003-5/у
001-3/у
368 К есімді бала 2,5 жаста.17.05 -23.05. аралығында анасы еңбек демалысы кезінде ЖРВИ ауырған баласына қарады. Баланы қарау уақыт аралығы кезені үшін анасына қандай құжат беріледі және еңбек демалысы ұзартылады ма?
Еңбекке жарамсыздық парағы берілмейді, еңбек демалысы ұзартылмайды +
Еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, еңбек демалысы ұзартылмайды
Өндірістік формадағы анықтама беріледі, еңбек демалысы ұзартылады
Еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, еңбек демалысы ұзартылады
Дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасын беріледі, еңбек демалысы ұзартылмайды
369 1,5 жастағы бала сауда орталығында кока-кола және пицца жеген соң екі рет құсқан, үш реттік сұйық дәрет болған, дене температурасы 37,5 С-қа жоғарылаған, ішін пальпациялағанда ауырсынады. Нәжісі көп, «батпақты жер балдырының» иісіндей сасық, шырыш түйіндері бар. Осы жағдайда қандай антибактериалды препарат этиологиялық факторға әсер етеді?
Амикацин
Тобрамицин
Цефтриаксон
Фуразолидон
Ципрофлоксацин +
370 15 жасар балада ауыру жедел басталған, температурасы 38 С және тұмау (насморк) мен мұрын бітелуі байқалды, одан соң мұрыннан көп мөлшерде бөлінділер, тамағында ауырсыну мен жыбырлаулар, ылғалды жөтел, мойын лимфа түйіндерінің үлкеюлері, көздеріндегі ауырсынулар, жас ағу пайда болған. 2 реттік сұйық нәжіс болған. Аурудың ағымы толқынды (волнообразное течение) болғаны байқалады. Қанның жалпы анализы: нормоцитоз, лейкопения; салыстырмалы лимфоцитоз; салыстырмалы моноцитоз. Осы типтік көріністер қандай вирустық инфекцияға тән?