ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.09.2021

Просмотров: 4592

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Зәр шығару жолдарының микрофлорасы.

Жаңа туған қыз балаларда лактобактерия Дедерлейн және аэробты дифтероид бөлінеді. Гемолитикалық емес стрептококк Candida albinalis Micoplasma Triponema vaginalis

Несеп жолының жатырдың проксимальді бөлігі сау ер және әйел адамдарда стериьді болады. Қынаптың микрофлорасы әркезде өзгеріп отырады. Жаңа туған қыз бала – нәресте – қыз бала - әйел – аяғы ауыр әйел – емізетін әйел – егде әйел (климакс) – әже.

Жыныс мүшесінің сыртқы бетінде:

Micobacteriasmegmatis

Коринебактериялар

Фузоспирохеталар

Асқазан-ішек трактысының микрофлорасы.

Бактериялар асқазан-ішек трактысында активті орналасады. Асқазанның қышқыл ортасы және ащы ішектің жоғарғы бөлігінде микроб саны 1мл – 1000 аспайды. Көбісі ащытқылар: энтерококктар, ішек таяқшасы, бифидобактериялар, лактобацилла.

Ал тоқ ішекте стабильді түрде 300-дей әртүрлі микроорганизмдер кездеседі.

Қазіргі уақытқа дейін әлемде бұл микроорганизмдерді бөліп және түрлерін идентификациялаған жоқ.

Адам бөліндісінің 40% өлі және тірі микробтар болады. Ішектегі барлық микроорганизмдер салмағы – 1,5кг жетеді.

Бактероидтар

Кампилобактериялар

Клостридия

Копрококктар

Эубактериялар

Руминококктар

Спирохеталар

Вейлонеллалар

Фузобактериялар

Пептококктар

Пептотсрептококктар

Протеонобактериялар және т.б.

Жалпы микроорганизмдердің 97% спорасы жоқ анаэробтар, 3% E.coli , лактобактериялар және т.б.

Сау адамның ішегінде қалыпты жағдайда шартты-патогенді микроорганизмдер кездесед: стафилококктар, саңырауқұлақтар, көкіріңді таяқша, протеи, клебсиелла, иерсиния, сероция және т.б. Осымен қатар факультативті анаэробтар мен аэробтар кездеседі

Дисбактериоз: Адамның микрофлорасына әртүрлі заттар әсер еткенде: тағам сапасы мен құрамы, темекі шегу, алкоголь қолдану, ішек перистальтикасы бұзылғанда, еңбек етуіне қарай (тұрып, отырып жұмыс атқарғанда) бұзылады. Ең негізгі әсері эпителии бетінің физико-химиялық құрамының өзгеруімен сипатталады. Сонымен қатар кең спектрлі антибиотиктер көп қолданғанда олардың патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді қатар жоюына байланысты туындайды.

АНТИСЕПТИКА- бұл микроорганизмдерді жоюға бағытталған емдеу-профилактикалық ұйвмдастыру кешені. Жарақаттанған жерге, шырышты қабыққа және зақымданған теріге инфекция туғызу мүмкін. Антисептика түрінде әртүрлі химиялық байланыстар қолданылады. Олар микробтарға қарсы әсер етеді׃ 70% этил спирті, 5%спиртті йод ерітіндісі, 0,5%-2% хлорамин ерітіндісі, 0,1% KMnO4, 0,5%-1% формалин ерітіндісі, 1-2% метилен көк спиртінің ерітіндісі немесе бриллиант жасыл, әртүрлі детергенттер. Антимикробты заттарға әртүрлі материалдар қосылады, байламдарды жасау үшін және т.б. бактериоциттік қасиет беру мақсатында қолданылады.

ДЕЗИНФЕКЦИЯ- сыртқы қошаған орта объектілерін залалсыздандыру׃ адамға патогенді және жануарлардың микроорганизмін химиялық зат көмегімен микробқа қарсы жою қасиеті. Дезинфекциялық заттарға жататыдар׃ хлорлы әк( 0,5-5% ерітіндісі), фенол (3-5% ерітіндісі), лизол (3-5%ерітіндісі), 2-3 негізді тұз гипохлорид кальций ( 0,1-10% ерітіндісі). Дезинфекциялық заттарды таңдауда немесе концентрациясын материялдың түріне байланысты таңдап алынады.


Бірнеше заттар ( бор қышқылы, мертиолат, глицерин, фенол) емдеу диагностикалық сарысуларын, вакцина және басқа препареттарға концервант ретцнде қрлданылады.

СТЕРИЛИЗАЦИЯ- микроорганизмдердің вегетативті формаларын және олардың споралы материалдарын толығымен жою.

Ол физикалық әдіспен жүргізіледі.

  • Жоғары температура әсерімен

  • Ультра күлгін сәулесінің әсерімен

3. Механикалық жолмен – бактериалды филтрлі сұйықтықты филтрациялаумен және химиялық әдіспен.

СТЕРИЛИЗАЦИЯНЫҢ физиалық әдістері.

  • Газды жаңғышпен немесе спирт жалынымен қыздыру. Берілген

әдіс шектеулі түрде қолданылады. Мысалы׃ бактериологиялық ілмекті, ине, пинцеттерді стерилдеуде.

  • Құрғақ ыстық кептіру шкафында стерилизациялау ( Пастер

әдісі). Бұл әдіс 45 минут ішінде 165-170 С қыздырылған ауада бактерициттікке негізделген. Өте жоғары температурада ыдысты қағаз ораған дәкелі тығын күйіп кетеді, ал төменгі температурадағы стерилизация бірнеше мерзімді қажет етеді. Петри шынысы, пробирка, пипетка, ыстық шыны ыдыстарды стерилизациялайды.

  • Буды қысыммен булау стерилизаторында стерилдеу(Автоклав).

Бірден-бір тиімді стерилизациялау әдісі, микробиологиядан басқа клиникалық практикада кеңінен қолданылады. Автоклавпен жұмыс істегенде инструкция және қауіпсіздік ережелері қатаң сақтау керек. Көптеген қоректік орта, байлам материалдары, маталар 1 атм. қысыммен 15-20 мин. Барысында стерилденеді, ал инфекцияланған материал 1,5-2 атм. 20-25 мин. барысында залалсыздандырады. Максимальді температурда буын арнайы термометрмен өлшенед, ал стерилизациялау мтериалдарымен бірге автоклавка енгізіледі. Химиялық заттардың белгілі температурада еруі бірқатар жағдайларда қолданылады׃ бензонафтол(110 С), бензой қфшқылы (120С).

  • Автоклав немес Кохтың ағынды аппаратында стерилизациялау.

Берілген стерилизация түрі ( бұралмаған қақпақта және ашық кранды) будың вегтативті торшаларға антибактериялық әсер етуіне негізделген. Бұл әдіс жоғары температураға шыдымайтын материалдарды стерильдеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, витаминдер және көмірсулары бар қоректік орталарды стерилдеу кезінде. Толық залалсыздандыру үшін бөлшектік стерилизация принциптерін қолданамыз.

Бұл материалды 100С-та 20-30 мин. 3 күн қатарынан стерилдейді. Бұл жағдайда вегетативті торшалар өледі, ал споралар сақталып, тәулік ішінде қайта өсіп шығады. Келесі екі реттік қыздыру материалдың толық стерилденуіне кепілдік береді.

  • тиндализациы. Бұл әдіс материалды 1 сағаттан 56-58 С-та 5-6

күн қатарынан стерилдеу. Бұл әдіс стерилдеуге жоғары температурада тез бұзылатын заттар алынады ( қан сарысуы, виатминдер т. б.)

  • Ультра күлгін сәулелермен стерилдеу. Бұл әдіс ультракүлгін

сәулелердің толқын ұзындығы 260-300 мкм болғанда бактерициттік қасиетіне негізделген. Бұл әдіспен бокс ауасын, операция бөлмелерін, балалар мекемелерін стерилдеу үшін бактерициттік әртүрлі қуатты лампаларды қолданады. (БУВ-15, БУВ-30),. Бұл келірілген әдістен басқа термиялық антимикробтық залалсыздандыру-қайнату қолданылады. Бұл әдіспен шприцтерді, ұсақ хирургиялық аспптарды, заттық және жабын шыныларды және т. б. заттарды стерилдеу ушін бұларды стерилизаторға салып, ішіне су құяды. Судың керекзіз қасиеттерін және қайнау температурасын көтеру ушін 1-2% натрий бикарбонатын қрсады. Қайнату 30 минуттан кем болмау қажет. Бірақ бұл әдіс толық стерилизацины қамтамасыз етпейді. Өйткені кейбір вирустар( мыс, гепатит вирусы) және бактерияның споралары тіршілік ету қабілетін сақтап қалады.


  • Пастерилизация бұл бактерия споралары немесе тевететативті

клеткалар температура әсеріне қатынасына негізделген. Материал 5-10 минут ішінде 50-65 С-та қыздырылып жылдам салқындатымен аяқталады. Көбінесе сусындарды және тағамдық өнімдерді пастерлейді ( сыра, сүт т. б.)

МЕХАНИКАЛЫҚ СТЕРИЛИЗЦИЯ (фильтрлеу). Берілген әдіс микроорганизмдерді жіне олардың спораларын ұсақ поралы филтрмен механикалық ұстап қалу қасиетіне негізделген. Лабороториялық практикада материалдарды асбестік және мембраналық фильтрмен фильтрлеу кеңінен қолданылады. Бұл фильтрлерді Зейцтің цилиндрлік воронканың ішіне бекітеді. Воронканың түтікшелі жағын резиналы тығынмен тубусы бар колбаға орнатады. Фильтрация алдында құралған бүкіл жүйе асбесті фильтрмен бірге автоклавта стерилденеді.

Мембраналық фильтрлерді және қайнатып стерильдеп, Зейцтің стерильді воронкасына орнатады. Фильтрация вакуум насостың көмегімен жүреді, бұған тубусы бар колба жалғанады.

Асбестік фильтрлер дм 30 және 140 мм болып шығарылады. Оның фильтрлеуші маркасын және стерильдеуші маркасын (сф) айырады. Мембраналық фильтрлердің қалыңдығы 0,1-0,5 мм 35 мм болады, бұлар нейтроклетчаткалардан немесе ацетилцеллюлозадан тұрады. Поралардың өлшеміне байланысты бұл фильтрлер 1-ден 5-ке дейігі нөмерді иеленеді ( поралардың өлшемдері 350-1200 нм тең) Сонымен қатар бактерияның токсиндерін, фагтардың және бактерияның тіршілігіне қажетті әртүрлі заттарды алу үшін пайдаланылады.

ХИМИЯЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ ӘДІСІ. Бұл әдісте әртүрлі бактерициттік қасиеті бар химиялық заттар қолданылады. Бірақ лабороториялық практикада осф заттарды қолдану шектеулі.

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың әсері және стерилизацияның тиімділігін қадағалау әдісі.

Жоғары температураның антибактериялдық әсерін танып білу. Қоректік булары бар 3 пробирка алып ішіне споралы және спорасыз қоспа культурасына батырылған жібек жіпшелерін саламыз. Бірінші пробирканы автоклавқа қоямыз, екіншіні қайнатамыз, ал үшіншісін өзгеріске ұшыратпай бақылаймыз. Осы егулерді 37 С термостатта 24 сағат ұстаймыз. Жұмысымыздың соңынан тәжірибемізді белгілеп қорытынды жасаймыз.

Хирургиялық құрал-саймандардың және таңу материалдарының стерильдігін бақылау. Алынған және зерттелінетін заттардан жұғын аламыз да үш ортаға егеміз׃ қантты бульон, тиогликалды орта, және сабура ортася. Еккен орталарымызды 14 күн бойы термостатқа инкубирлейміз. Осы орталарда ештеңе өспесе материалымыз стерильді болып сналады.

Уьлтракүлгін сәулелердің антибактериалық қасиетін зерттеу. Стафилаккок немесе Е.Coli суспензиясы натрий хлориді изотоникалық ерітіндімен бірге 1 мл көлемінде стерильді сағаттық шыныға құйып ВУВ-30 лампасымен10-20 см қашықтықта 15 мин. бойы сәулелендіреміз. Сәулеленген және сәулеленбеген (бақылау)


бактерия суспензияларын қоректік бульонға егіп 37 С-та 16-24 сағат бойы инкубирлеп қорытындысын шығарамыз׃ Қоректік ортаның бұлыңғыр болмауы сәулеленген бактериялардың өлуін көрсетеді. Ал бақылаудағы бұлыңғыр болса бактерияның өсуін байқаймыз.

Антисептикалық және дезинфекциялық заттардың антимикробтық қасиетін анықтау.

  • Екі түрлі тест объект дайындау. а) Е. Coliкультурасына сіңірілген

жібек жіптер б) спора түзуші культураға (спораның көп концентрациясы) сіңірілген жібек жібі жіпшелері 5% фенол ерітіндісінде, 5% лизолда және 10% хлорлы әкке енгізіп, 5 және 60 минутқа қоямыз, бұдан кейін зерттелетін заттарды жуамыз да қоректік бултонға егіп термостатқа келесі күнлегідей қоямыз. Бақылау тестарына химиялық зат әсерін тигізбейміз. Өткен тәжірибемізді белгілеп, қорытындылаймыз.

  • Филтровалды қағаздардан жасалған дискілерді зерттелетін заттың

ерітіндісіне дымқылдандырып Петре ыдысындағы қоректік агардың бетіне қоямыз. Алдын ала Петре ыдысына стафилакоктың немесе ішек таяқшасының тест культурасын егеміз. Ыдыстарды 37 С тәуліктер бойы инкубирлейміз. Зерттелетін заттардың антибактериялық қасиеті туралы бактериялардың диск айналасындағы өсуі тоқтаған арналарға қарап қорытындылаймыз.

Судың санитарлық микробиологиясы

Судағы микрофлора

Су єр т‰рлі микроорганизмдердің табиғи µмір с‰ру ортасы болып есептеледі. ¤зен, теңіз, океан, ашық су қоймаларында барлық таксономиялық топтардың µкілдерін кездестіруге болады.

Су қоймалары жануар жєне µсімдіктердің органикалық субстраттарынан жєне патогенді микроорганизмдерден µздігімен тазарта алады. Б±л процесті су қоймаларының µзін тазарту деп атайды. Судың сапрофитты флорасы тіршілік активтендіреді, нєтижесінде органикалық заттардың ыдырау к‰шееді, єр т‰рлі бактериялардың саны азая бастайды, єсіресе нєжіспен шыққандар (фекального происхождения). Сапробтылық термині (грек тілінен sapros - шіру) - б±л судағы арнайы концентрациядағы микроорганизмдердің органикалық заттары жєне судың минералдану дєрежесі арасындағы байланысы ерекшелігінің комплексі. Сапробтылық шкаласы бойынша 3 аймақ анықталған: полисабробты, мезосапробты, олигосапробты.

Полисапробты аймақта (µте ластанған аймақ) органикалық заттар саны µте кµп, тез ыдырайды да микроорганизмдер оларды тез қабылдайды. Полисапробтық аймақта оттегі жоқ. Микробтар µте кµп (анаэробтық бактериялар, саңырауқ±лақтар, актиномицеттер), олар тез шірітіп ашытады. Осы бактериялар єсерінен к‰рделі органикалық заттар қарапайым заттарға ауысқанда аммиак, к‰кірт сутегі, индол, скатол, метан, углекислота т.б. бµледі. 1 мл суда бактериялардың саны миллионнан асады.

Мезосапробтық аймақта (сєл ластанған аймақ) қышқылдану жєне нитрификация процесі басым. Қ±рамында азоты бар қоспалар аммиакқа дейін ыдырайды, олар қышқылданғанда нитритке, нитратқа ауысады. Микробтардың саны кµп - 1 мл суда мыңдап µлшенеді. Ең алдымен нитрифицирленген бактериялар - грам(-) таяқшалар, кокктар. Олар облигатты аэробтар. Сонымен қатар, судағы Clostrіdіum туыстастығына кіретін анаэробтар, Pseudomonas, Mycobacterіum, Flavobacterіum туыстастықтарына кіретін бактериялар, Streptomyces жєне Candіda т.б. кµмірсутегілері бар қоспалардың минерализациясына қатысады - целлюлоза, клетчатка, лигнин т.б.


Олигосапробтық аймақ (таза су аймағы) µздігімен тазарту процесі аяқталуымен сипатталады. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000 дейін. Б±л судың қалыпты флорасы.

Қалыпты микрофлораның адамның әртүрлі ауруларының этиологиялық факторы

Адам ағзасына әртүрлі қолайсыз факторлардың әсер етуінен микрофлораның өзгеруі мүмкін. Мысалы: (рационсыз антибиотиктерді қолдану)

  1. облигатты өкілдердің концентрациясының өзгеруі

  2. факультативті микробтардың концентрациясының өзгеріп, оның көбеюі.

  3. болуы мүмкін емес жерлерде микроорганизмдердің пайда болуы.

Нәтижесінде, қалыпты флораның өкілдері патологиялық процестердің қоздырғыштары ретінде танылады. Сонымен, бактероидтар жиі септицемияларды, апендизиттерді, құрсақ қуысының абсцесстерін, өкпе мен ми абсцесстерін, менингиттерді байланыстырады.

Ішек таяқшалары көптеген отиттерді, урогенитальды қабыну процестерін, септицемияларды, зарасыз эшерехиоздарды және т.б. ауруларды тудыруы мүмкін. Энтерококктар – менингит, отит, цистит т.б. ауруларды тудырады.

Факультативті өкілдерінің шінен патогенді потенциалдарымен энтеробактериилер, протеилер, көк іріңді таяқшалары мен дрожж тәрізді туысына жататын саңырауқұлақтар қамтамассыз етілген.

Антибиотиктерді кеңінен қодану осы микроорганизмдердің көбеюіне және кандидоздың дамыуна әкеліп соғады, молочница, жаралы гингивит, стоматит, гастритті, энтероколитті тудырады.

Қазіргі уақытта асқазан-ішек микроценозының өзгеру жағдайын белгілеу үшін «дисбактериоз» терминін кең қолдануда.

Дисбактериоз – макроағзадағы микробиологиялық статус пен физиологиялық қызметтер жағдайының ауытқуының өзара байланысы және бұл байланыс адам ағзасының симбиоттық тепе-теңдігінің бұзылуымен анықталатын патологиялық процесс.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Микроорганизмдердің өмір сүретін табиғи экология орталарын атаңыз?

  2. Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы?

  3. Топырақта, суда, ауада қандай микроорганизмдер кездеседі?

  4. Микроорганизмдердің макроорганимдермен симбиоз түрлері.

  5. Санитарлық микробиология нені зерттейді ?

  6. Дисбактериоздың дамуы себебі.

Тақырыбы: Инфекция туралы ілім. Инфекциялық үрдістің процестің сипаттамасы. Бактериялардың патогендігі және токсигендігі. Микроорганизмнің персистенциясы..

Инфекция (лат. infectio - ластану, зақымдау) патогенді қоздырғыштың басқа да бір жоғары маманданған өсімдік немесе жануар организіміне еніп, олардың ары қарай антогонистік қарым-қатынасымен сипатталады.

Инфекциялық үрдіс - бүл белгілі уақытта шектелген белгілі сыртқы орта жагдайларында өтетін, және де молекулярлық, субклеткалық, клеткалық, тіндік, мүшелік және ағзалық деңгейде байкалатын, макроорганизмнің заңды өлімімен немесе оның коздырғыштан толық жойылуымен аяқталатын микро- (қоздырғыш) және макроорганизмдерді биологиялық жүйелердің күрделі қарым-қатынасы.