ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 4574
Скачиваний: 2
Антибиотиктерге сезімталдылықты немесе антибиотикограмманы сұйытылу және диффузия әдістерімен анықтайды (оларға қағаз дискілер әдісі жатады). Сұйытылу әдістерінің сезімталдылығы жоғарыңқы болады: оның көмегімен микроорганизмдерге антибиотиктердің эффективтілігімен бірге оның қажетті мөлшерін – минимальды басыну концентрациясын анықтайды.
Фармакологиялық принцип.
Антибиотиктерді берерде препараттың дұрыс мөлшерін, дәрінің енгізу аралықтарындағы қажетті интервалдарын, антибиотикотерапияның ұзақтығын, енгізу әрекетін анықтау қажет. Препараттың фармококинетикасын, басқа препараттармен өзара байланысуын білу қажет.
Клиникалық принцип.
Антибиотиктерді берерде сырқаттың жасын, жынысын, иммундық жүйесінің жағдайын, ауыратын ауруын, жүктіліктің болуын ескеру қажет.
Эпидемиологиялық принцип.
Антибиотиктерді таңдап аларда, науқасты қоршаған ортадағы микроорганизмдер қандай антибиотиктерге тұрақты екендігін білу керек.
Белгілі бір антибиотиктерге тұрақтылықтың таралуы тұрақты болмайды. Ол антибиотиктің қандай көлемде қолдануына байланысты болады.
Фармацевтикалық принцип.
Препараттың сақтау мезгілімен сақтану жағдайын ескерту керек. Себебі антибиотиктерді дұрыс сақтамау әр түрлі токсинді өнімдердің пайда болуын әкеледі.
Микроорганизмдердің антибиотиктерге
сезімталдылығын анықтау таблицасы
|
N/N п/п |
Антибиотиктер |
Диаметры зон, мм |
||
|
тұрақты |
Ұсталуы тұрақты |
Сезімтал |
||
|
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. |
Ампициллин Стафилококктарды зерттеу кезінде Гр бактериялар мен энтерококктарды зерттеу кезінде Бензилпенициллин Стафилококктарды зерттеу кезінде Басқа микроорганизмдерді зерттеу кезінде Оксациллин Стрептомицин Канамицин Тетрациклин Эритромицин Олеандомицин Линкомицин Полимиксин Левомецитин Карбенициллин Ішек тақшасы мен протея зерттеу кезінде Көкіріңді таяқшаны зерреу кезінде Неомицин Мономицин Гентамицин Метициллин Рифампицин Цефаликсин Доксициклин Цефалотонин Сизомицин Фузидин ристомицин |
20 9 20 11 19 13 14 15 14 12 19 8 14 14 13 13 13 13 13 9 11 12 11 13 12 9 |
21-28 10-13 21-28 12-21 20-23 14-16 15-18 16-19 15-18 13-17 20-23 9-12 16-19 15-18 14-16 14-17 14-17 - 14-17 10-12 12-16 13-19 12-16 - 13-19 10-11 |
29 14 29 22 24 17 19 20 19 18 24 13 19 19 17 18 18 14 18 13 17 20 17 14 20 12 |
И
ллюстративті
материал
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Когда изобрели антибиотики и из чего впервые их выделил
-
Что такое микробный антагонизм?
-
Основные группы антибиотиков?
-
Основные типы лекарственной устойчивости?
-
Механизм действия антибиотиков.
Тақырыбы Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз.
АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ МИКРОФЛОРАСЫ.
Қалыпты микрофлора деп – дені сау индивидтердің белгілі бір денесінің аймақтарында қалыпты мөлшерде жиі кездесетін микроорганизмдердің жиынтығы.
Белгілі бір түрге тән микрофлора индигенді деп аталады. Оның біршама тұрақты бөлімін «облигатты», «факультативті» деп ажыратады.
Адам ағзасы мен жануарлардың микрофлорасы эволюциялық процесс кезінде микрофлора мен макроорганизмнің өзара байланысы нәтижесінде түзіледі. Ағзаның әр облысы үшін белгілі бір микрофлора тән. Жаңадан туылған нәресте стерильді, ал 6-10 сағаттан кейін оның ағзасынан бір қатар микробтар табуға болады.
Ауыз қуысының микрофлорасы
Ауыз қуысы көптеген микроорганизмдердің негізгі кіретін жолы негіздік реакция, тамақ қалдықтары және термостатта температура, осының бәрі олардың дамуына ықпал жасайды. Көптеп кездесетіндері: стрептококктар, стафилококктар, нейссериялар, вейлонеллалар, фузобактериялар, бактероидтар, лактобацилдер, спириллалар, вибриондар және дрожждар.
Асқазан-ішек трактысының микрофлорасы
Көптеген зерттеушілердің айтуынша сау адамдардың асқазан микрофлорасы болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі. Асқазанның микробсыз жағдайда болуының себебі, асқазан сөлі мен бактерицидті заттардың әсері деп түсіндіреді.
Ащы ішек пен тоқ ішектің «стерильді» немесе микроб жайлағаны жөнінде толық жауап жоқ.
Қолдағы анықтамалар бойынша, 12-елі ішекте микрофлора болмайды немесе онда кейбір сапрофиттер болуы мүмкін: энтерококктар мен лактобацилдер, біршама саңырауқұлақтар мен сарциналар.
Ащы ішектің дистальді бөлігінде микрофлора саны көбейе береді және оның спектрі де әртүрлі болады. Көптеген анаэробтар, ішекті және сүт қышқылы таяқшалары мен фекальді стрептококктар мен энтерококктар.
Әсіресе тоқ ішек пен үлкен дәрет микрофлораға өте бай және алуан түрлі. Адамның тоқ ішегінде орта есеппен 1,5 кг микроорганизмдер, ал 1г үлкен дәретте 250 млрд микроорганизмдер бар екендігіесептелінеді.
Ішек микрофлорасының микроорганизмдері 8-10 түрлі туыстар мен 60 шақты түрлер мен туыстарға жатады.
Облигатты ішек флорасына жататындарға: бифидобактериилер, бактероидтар, лактобактериилер, ішек таяқшалары мен энтерококктар жатады.
Бифидобактериилер жас нәрестенің тоқ ішегіндегі ана сутімен қоректенетін негізгі флорасы болып есептелінеді. Отандық ғалымдардың жұмысы, олардың адамдардың ағзасында доминатты мөлшерде кездесетінін анықтап көрсетті.
Факультативті ішек флорасының тобына патогенді және шартты-патогенді бактерия түрлері мен сапрофиттер жатады.
Мектеп жасындағы балалардың флорасы үлкен адамдардың флорасынан ешқандай ерекшеленбейді.
Емшектегі балалардың тоқ ішегінде бифидобактериилердің көбеюінен: аэробты ассоциацияның интенсивті көбеюі азаяды.
Жасанды тамақтануға ауысқандар аэробты флора мөлшері көбейіп, спектірі кеңейеді және белгілі мөлшерде биохимиялық активтілігі өзгереді. Бұл рН-тың өлшемі мен фекалиидің тотығу-тотықсыдану потенциалында айқындалады. Нәтижесінде фекальді флора, үлкен адамның флорасына ұқсас болып келеді. Ағзаның қартаюы, сүт қышқылы микробтарының азаюы мен ішек флорасының ферментативті жіберуімен гемолитикалық штамдардың пайда болуымен және кейбір микроорганизмдердің агрессия факторларымен қатар жүреді.
Теріге тән негізгі мекендеуші микроаэрофильдер Cor acnes, стафилококктар, дифтероидтар, және Candida туысына жататын саңырауқұлақтар.
Коньюктив үшін біршама тән стафилококктар және аэробты коринебактериялар.
Мұрын жолдары флорасына стафилококктар, микрококктар мен аэробты коринебактериялар, сонымен қатар мұрын жолдары арқылы өте көп мөлшерде ауа өтетін болғандықтан мұнда патогенді стафилококктар, дифтерия коринебактериялары, пневмококктар, нейссериялар және т.б. микроорганизмдер кездеседі.
Мұрын жұтқыншақта анаэробтар кездеседі. Флораға бай.
Еркектер мен әйелдердің сыртқы жыныс органдарына тән: спирохеталар мен фузиформды бактериялар жатады.
Жатырдың негізгі бактериялары болып лактобацилдер, Дарерляйна және дифтероидтар жатады.
Дені сау әйелдің жатыр қуысы көп процетте стерильді.
Зәр шығару жолдарының дистальді бөлігі аэробтармен, аз мөлшерде анаэробтармен байытылған. Катетермен алынған сау адамның зәрі қалыпты жағдайда стерильді.
Қалыпты микрофлораның физиологиялық қызметтері
Қалыпты микрофлораның адам ағзасы үшін пайдалылығы қазіргі уақытта үлкен сенімділікпен дәлелденіп отыр. Қалыпты микрофлораның микроорганизмді инфекцияданқорғаушы фактор және сол қалыпты флораны реттеуші фактор екендігі, қалыпты флораның антоганистік қасиеті белгілі.
Ішек флорасы:
-
асқорыту процесінде үлкен роль атқарып, ішектің тегіс мускулатурасының тонусын көбейтеді.
-
Ағзада витаминдік қажеттіліктің үлкен бөлігін қамтамассыз етеді. Микроорганизм 9-дан аса В комплексіне жататын витаминдерді, никотин және фоли қышқылы, витамин К және басқа да витаминдерді синтездеуге қабілетті.
-
Ағзада ортақ иммунитеттің қалыптасуына үлкен қызмет атқарады. Оның болмауы клеткалық және гуморальдық иммунитеттерді әлсіреуіне әкеліп соғады. Мысалы: жақында алынған зерттеулерге қарағанда қан сарысуының синтезі қалыпты микрофлораға байланысты.
Кіріспе
Микроорганизмдер барлық жерде таралған – топырақ, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда. Барлық микроорганизмдерде қоректенеді. Олар сыртқы экологияда бос және паразитарлы өмір сүреді. Микроорганизмдер бір-бірімен әртүрлі жолмен әрекеттеседі: антагонизм, паразитизм, нейтрализм, комменсализм, мутуализм және виртуализм т.б. Осы барлық аталған микроорганизмдердің қарым-қатынасын – симбиоз деп атаймыз (антагонизм, синергизм).
Мутуализм – микроорганизмдердің бір-біріне кері әсер етпейді, керісінше тіимді әсер етіп кейбіреулері кейде витаминдер де бөледі.
Комменсализм – микроорганизмдер иесі арқылы қоректенеді, бірақ оған зиян келтірмейді. Комменсалға жататындардың көбісі шартты – патогенді микроорганизмдер болғандықтан кейде белгілі бір жағдайда іріңді-қабыну ауруларын тудырады. (стафилококктар, стрептококктар, грам теріс бактериялар).
Паразитизм - иесінде өмір сүретін микроорганизмдер, иесіне ауру тудырады.
Топырақ микрофлорасы: Микроорганизмдердің негізгі қоректенетін жері. Микроорганизмдердің 1000 астам түрі кездеседі. Микроорганизмдердің саны топырақтың құрамына, климатогеографиялық факторына байланысты. 1 г топырақта – 10 млрд. дейін микроорганизмдер кездеседі. Көбісі сапрофиттер. Топырақта көптеген азотфиксирлеуші , нитрифицирлеуші, денетирлеуші тобындағы микроорганизмдер кездеседі – олар топырақтың өзіндік тазалану процессі болып жатқан жерде болады. Топырақта сонымен қатар патогенді микроорганизмдерде кездеседі, олар – адам, жануарлар бөлінділері, зәрмен, сілекеймен, іріңмен, жануарлардың өлекселері арқылы топыраққа түседі. Спора түзетін бактериялар топырақта ұзақ уақыт сақталады – сіреспе, сібір түйнемесі, ботулизм, газды гангрена.
Судың микрофлорасы: Су микрофлорасы өте бай. Судың бірнеше метр тереңдігінде микроорганизмдер көп кездеседі. Ағынды суларда микроорганизмдер мен органикалық заттар көп кездеседі. Өзіндік тазаланып үлгермеген су – гепатит А, ішек инфекциясы, іш сүзегінің негізгі себебі болып табылады.
Судың санитарлық – гигиеналық жағдайын бағалау.
-
Коли-титр – 1мл судағы ішек таяқшасының саны
-
Коли-индекс – 1л судағы ішек таяқшасының саны.
-
Микроорганизмдердің жалпы саны – 1л судағы микроорганизмдер саны.
Су ішек инфекциясының таралуының негізгі себепкері болады. Ішек инфекциясының қоздырғыштары суға әртүрлі бөлінділер арқылы түсуі мүмкін.
Ауа микрофлорасы: Су мен топыраққа қарағанда ауада микроорганизмдер аз кездеседі. Ондағы микроорганизмдерді күн сәулесінің әсерінен жойылып отырады. Ауаны зақымдаудың негізгі көзі - топырақ пен су. Жабық бөлмелерде – адам. Тұрақты аэрозольдер респираторлы инфекция тудырады (тұмау, көкжөтел, күл, қызылша, желшешек, туберкулез). Ауруханада операциялық бөлмелердің, таңу бөлмесінің ауасының тазалығы маңызды. Себебі бұл бөлмелердегі микроорганизмдер науқасқа түсуі мүмкін. Сондықтан гигиенист дәрігерлер осыған қарсы (маска кию, ауаны кварцымен тазалау, желдету, патогенді стафилококк тасымалдаушылармен күрес).
Қалыпты микрофлора.
Қалыпты микрофлора көптеген микроорганизмдердің біркелкі өмір сүруі. Өмір сүруіне қарай:
-
Үнемі кездесетін түрлері:
Индигенді
Облигатты
Резидентті
Автохтонды
-
Сирек кездесетін (уақытша)
Транзиторлы
Факультативті
Аллохтонды
Адам ағзасындағы қалыпты микрофлора микроорганизмдер өздігімен сандық және сапалық жағдайын реттеп және бақылап отырады. Бұл факторлар:
-
Механикалық – тері эпителииінің десквамациясы, эпителии талшықтарының қозғалысы, ішек перистальтикасы
-
Химиялық – асқазанның тұз қышқылы, протеолитикалық ферменттер.
-
бактерицид – бездердің бөлінділері (лизоцим).
Ең күрделі микробиоценоз – тоқ ішек, ауыз қуысы,. Ең қарапайымы – терібеті болып табылады.
Жыныс мүшесіндегі микрофлорасы:
-
қабырғасындағы микрофлора
-
бөлінділердегі микрофлора
Қабырғасындағы микрофлора – үнемі кездесетін, кілегейлі қабаттың эпителииінде орналасады.
Бөлінділердегі микрофлора – ол адамдардың транзиторлы және қабылдаған асына байланысты. Ол қоршаған ортадан және басқа органнан түседі.
Дені сау әйелдегі дамып жатқан бала қалыпты жағдайда стерильді болады. Ал бала туғаннан бастап онда жаңа экологиялық жүйе басталады. Олардың негізгісі – ана мен қоршаған ортадағы (ауа) микрофлора. Бала туғаннан кейін алғашқы 1 сағат немесе алғашқы бірінші тәулікте баланың терісі мен кілегейлі қабатында әртүрлі микроорганизмдер орналасып үлгереді. Әртүрлі микроорганизмдер санын туу бөлмесіндегі ауадағы микроорганизмдер мен қоректену түріне байланысты.
Алғашқы 1 сағаттан бастап – 28 күн ішінде нәрестенің ішегінде: микрококк, стафилококк, энтерококк, клостридия, энтеробактерия, лактобацилла, бифидобактерия пайда болады. Одан кейін ішекте спора түзетін облигатты анаэробты бактериялар кездеседі (бактероидтар, пептококктар, спириллалар). Егер де әйел адам аяғы ауыр кезінде жұқпалы аурумен ауырса немесе жұқпалы аурумен контактыда болса, созылмалы аурумен ауырса (бронхит, цистит), бұл жағдайда ұрық іште инфицирленуі мүмкін, ең қатерлісі іріңді – қабыну аурулары болып табылады.
Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы:
Ауыз қуысында микроорганизмдердің 300 астам түрі қоректенеді. Анаэробтар мен аэробтардың арақатынасы 1:10 тең.
Актиномицеттер
Бактероидтар
Бифидобактериялар
Эубактериялар
Фузобактериялар
Лактобацилла
Лептотрихтар
Пропионобактериялар
Спирохеталар
Стрептококктар
Вейлонеллалар және т.б.
Тері микрофлорасы.
Теріде микроорганизмдер көп кездеседі. Бірақ олардың кейбіреулері күн сәулесінің әсерінен жойылып кетеді.
Стаилококк эпидермис
Стафилококк сапрофитис
Кандида
Дифтероидтар
Микрококктар
Пропионобактериялар
Тер бөлінгенде, жуынбағанда – қалыпты микрофлора саны көбеюі мүмкін. Кей жағдайда қалыпты микрофлора саны азаюы мүмкін, бұл жағдайда тері бездері мен басқа бездер микрофлораны қалпына келтіреді.
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы.
Сау адамның бронхысы, альвеолаларында, трахеяда, кілегейлі қабатында қалыпты жағдайда микроорганизмдер болмайды. Негізгі микроорганизмдер ауыз, мұрын-жұтқыншақ қуысында кездеседі – дифтероидтар, стафилококктар, нейссерия, стрептококктар кездеседі.