ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 4597
Скачиваний: 2
Бұл микроорганизмдер топтарынан маңызды орын алатын адам мен жылықанды жануарларға апатогенді,бірақ тіршілігі буынаяқтыларға жоғары бейімделген риккетсиялар. Риккетиялар мен риккетсиятәрізді микроорганизмдер әр түрлі буынаяқтылар арасында кең таралған, соның ішінде биттер, кенелер, масалар, бүргелер. Бұл микроорганизмдер тобының өкілдерін эндосимбионттар деп атайды, себебі олар буынаяқты- иелерімен мутуалисттік қатынаста. Буынаяқтылар организміне жоғары бейімділігі болғандықтан, риккетсиялардың бірінші иелері ретінде қарастыруға болады. Көптеген омыртқалы жануарлар мен адамға патогенді риккетсиялар медициналық және ветеринарлық маңызы бар.
Таксономия.
Патогенді риккетсиялар мен оларға жақын қоздырғыштар – эукариоттық жасушалардың эндоцитобионттары қазіргі токсономия бойынша прокариоттар патшалығына Gracilicutes бөліміне, Proteobacteriaклассына, Rickettsiales түріне, Rickettsiaceae туыстығына, құрамына Rickettsia, Orientia, Ehrlichia және Bartonellaceae тұқымдастығына, ал Coхiella тұқымдастығы ( Ку қызбасы) гамма- протеобактериялар тобына жатқызылады.
Бөртпелі сүзек – Rickettsia prowazekii адам мен платиналы биттің арасындағы парзитарлы жүйеде қоздырғыш циркуляциясы жүретін антропоноз. Бит организмінде риккетсиялар ішек эпителийін бұза отырып көбееді. Риккетсиялар тасымалдаушының нәжісінде көп мөлшерде кездеседі. Платиналы бит адам ағзасынан бөртпелі сүзекті қызба кезінде кетеді. Таралу жолы – трансмиссивті.
Ку қызбасы.
Өз атауын инфекция ағылшын сөзінің querry, яғни белгісіз, түсініксіз мағанасында, алғашқы екі әрпінен алды Qu. Қоздырғышы – Coхiella burnettii – қоректік орталарда өспейтін эукариотты клетканың фаголизосомальды паразиті. С.burnettii тауық эмбриондарында, клетка дақылдарында, әр түрлі зертханалық жануарларда өседі.
Коксиеллалардың фазалық вариациялары, R- және S- бактерия түрлері. Фаза1 және фаза2 қоздырғыштары вируленттілігі, құрлысы, иммуногендігі және басқа қасиеттері бойынша ерекшкленеді. Коксиеллалар риккетсиялардан ұсақтау, инфратүр түзуге қабілетті (40 нм кіші), ал олар бактериялық фильтрлерден өтуге өте қабілетті, сыртқы ортаға тұрақты.
Ку қызбасы – негізінен ауыл шаруашылық малдың зоонозы. Инфекция көзінің және таралу факторларының көптігімен сипатталады. Негізінен аспирациялық және контактілі жолмен, сирек – алиментарлы жолмен жұғады. Қоздырғыштыі жоғарғы тұрақтылығын ескере отырып шаңды инфекция маңызы зор болып табылады.
Ортомиксовирустар.
Ортомиксовирустар тұқымдастығы – бұл РНҚ – құрамды вирустар, нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді. Суперкапсиді бар, оның құрамына липидтер кіреді, сондықтан эфирге сезімтал.
Грипп вирусы
А, В және С вирустарға бөлінеді.
Құрылысы. Грипп вирусы РНҚ-құрамды вириондар, сфера формалы, диаметрі 80-120 нм. Вирионның ішінде бір жіпшелі нуклеин қышқылдың сегіз (8) фрагменті бар. Вирионның қабықшасы екі қабатты. Ішкі қабаты мембраналық төменгі молекулалы белоктан тұрады, ол форма түзуші роль атқарады, сыртқы екі қабаты – липидтерден тұрады. РНҚ-сы «минус - жіпше» көрсетілген РНҚ-мен байланысты РНҚ-полимераза ферментінің көмегімен ақпараттық РНҚ функциясын атқарады. «плюс - жіпшелі» РНҚ-ның ретикативтік формасы құрастырылады. Вирустың нуклеопротеидімен байланысшы 2 геномдық фермент бар – эндонуклеаза және репликаза. Вирустың сыртында екі гликопротеидтік суббірліктерден тұратын :
-
гемагглютининнен, эритроциттерді агглютинациялайтын және эритроциттердің мукопротеидтік қабықшаларда орналасатын қышқылды бөлшектейтін нейрамининамин. Грипп вирионында 1% РНҚ, 70-75% белок, 20-24% липидтер және 5-8% көмірсулар кіреді.
Антигендік құрылысы: Терең орналасатын капсидтік қабықша антигені рибонуклеопротеид және М-белоктарымен байланысады. Осы антиген құрылысы бойынша грипп вирусының А,В және С типтерін ажыратады. Суперкапсидтің қабықшадағы беткейлі антигендер гемагглютинин және нейраминидаза- вариант спецификалық антигендер бар.
Дақылдандыру: Грипп вирусы ұлпа дақылдарында және тауық эмбрионында жақсы өседі. Репродукциялануы адам эмбрионының бүйрек клеткалар дақылында өтеді.
Қоршаған ортада вирус 560С, ултракүлгін сәулелер, детергенттер және дезинфектанттардың әсерінен жойылады, бірақ 700С сақталады.
Клиникасы, патогенезі және эпидемиологиясы:
Грипп – эпидемиялық таралуы жоғары, тыныс алу жолдарының жедел инфекциясы. Инфекция көзі – науқас адам, таралу жолы – ауа-тамшылы. А грипп вирусы адамға және жануарларға патогенді; В және С грипп вирусы адамға ғана патогенді. Аурудың өршуі қыс мезгілінде және әрбір он жыл сайын пандемиясы өтеді.
«Испанка» деп аталған А типті грипптің ең ауыр пандемиясы 1918 жылы болды 20 млн адам өлімге ұшырады. 1957 жылы А грипптің пандемиясы азиаттық вирусымен шақырылған, 2 млрд адам зақымдалды.
Клиникасы. Адам ағзасында вирустың негізгі таралуы (локализациясы) – трахея, бронхлардың тыныс алу эпителийі, ауру жалпы симптомдарымен басталады; қызба, дене қалтырау, бас және бұлшықеттерінің ауруы, көз симптомдары (көзден жас ағу, көздің ашуы т.б.). Кейін респираторлық белгілері қосылады; жөтел, мұрыннан су ағу, фарингит, ларингит, 3-4 күннен соң жазылу байқалады.
Патогенезі. Төменгі тыныс алу жолдарының эпителиальдық клеткаларының микопротеиндік рецепторларын да грипп вирусы гемагглютининнің көмегімен адсорбциялайды. Нейраминидазаның қатысуымен эндоцитоз арқылы клеткаға енеді. Зақымдалған клетканың ядросында вирустық РНҚ-ның репликациясы, вирустық белоктардың синтезі, жаңа вириондардың жиналуы өтеді. Клеткадан вирус бүршіктенумен шығады. Тыныс алу жолдарының шырышты қабатындағы эпителиоциттердің мембранасының бұзылуынан эрозиялар пайда болады. Эрозияланған беткейлерден вирус қанға өткен соң вирусемия дамиды. Ол жоғарғы температурамен, бұлшық еттер мен сүйектердің ауруымен, цитоксикациямен білінеді.
Иммунитет. Гриппке қарсы иммунитеттің деңгейін секреторлық IgAS белгілейді.
Лабораторлық диагностика:
-
вирусологиялық әдіс – грипп вирусы аурудың алғашқы бес күнінде науқастардың мұрын-жұтқыншақ шайындысынан бөлінеді. 10-11 күндік тауық эмбриондарының амнион және аллантоистық қуыстарына жұқтырады. ГАР және ГАТР қояды. Адамның, маймылдардың бүйректің біріншілік дақылдарына жұқтырады.
-
серологиялық әдіс – жұпты сарысуларды зерттейді, ГАТР.
-
генетикалық анализ әдістері.
-
экспресс-диагностикалық әдіс –
1. ритоцетоскопея – Романовскии-Гимзе әдісімен жұғынды таңба дайындап бояйды
2. РИФ
Арнайы – алдын алу шаралары: Гриппоздық вакциналар гуморальдық иммунитеттің және әлсіз (клеткалық) иммунитетті индуцирлейді.
-
Тазартылған тірі гриппоздық вакцина
-
Инактивирленген вакцина
-
Полимерлі тривалентті суббірліктік сұйық вакцина
-
Векстрит
-
Инфновак
Ремантидин, оксолин, интерферондар (неовир), реальдерон, гамма-глобулин.
Грипптен кейін дамитын бактериальдық асқынулардан сақтандыру үшін антибиотиктер және сульфаниламидтерді қолданады.
Парамиксовирустар.
РНҚ-құрамды вирустар тұқымдастығына жатады. РНҚ-сы бір жіпшелі (минус-жіпше), фрагментталған сызық бойымен орналасқан. Нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді, липидтері бар суперкапсидтік қабықпен қоршалған. Эфирге сезімтал. Вирионның мөлшері 120-300 нм. Жедел респираторлық вирустық инфекциялар қоздырушыларына кіреді.
-
Парагрипп вирусы. Парагрипп жоғарғы тыныс алу жодарын зақымдайды.
-
РС-вирус (респираторлық-синцитиальді). РС-инфекция – бронхиола мен альвеолаларды зақымдайды (жиі балаларда).
-
Эпидемиялық паротит. Құлақ маңындағы бездерді зақымдайды.
-
Қызылша вирусы (Morbillivirus). Қызылша – балаларда жедел дамитын инфекция, вирус мұрын-жұтқыншақтан қанға өтіп барлық ағзаға таралады, денеде бөртпе пайда болады.
Парагрипп вирустары.
Парагрипп қоздырғыштары 1-4 типке жататын парагрипп вирустары, Paramyxoviridae тұқымдастыққа жатады.
Парагрипп вирустарының биологиялық ерекшеліктері. Бұл РНҚ-геномды вирустар, пішіні сфера тәрізді, мөлшері 150-300 нм. Вирустар геномы – 6 ген және геномдық белок ферменттерінен тұрады: РНҚ, Р, альфа-полимеразалармен көрсетілген. Капсидтің қабықшасы – М белок, суперкапсидтік қабықша – N, H, F- белок және липидтер бар. N-белок – нейраминидаза, Н-белок – гемагглютинин, F-белок – гемолизға синцитий түзілуіне, вирустық суперкапсидтық қабықшаның клеткалық мембранамен бірігуіне, клетка лизисіне жауапты.
Антигендер: парагрипп вирусында нуклеопротеидпен байланысқан, терең орналасатын S антигендері және беткейлік Н пен N-белоктардан тұратын Y-антигені бар. Суперкапсидтік қабықшасындағы беткейлік антигеннің құрылысы бойынша парагрипп вирусының 5 серотипін ажыратады.
Парагриппвирусы адам мен маймылдың біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарында репродукцияланады.
Осы вирус детергент пен дезинфектанттарға жоғары сезімтал, 500С эфирдің әсерінен жойылады.
Патогенезі және эпидемиологиясы: Инфекция көзі – науқас адам және вирус тасымалдаушы, берілу жолы – ауа-тамшылы. NН, F- белоктар көмегімен тыныс алу трактысының сезімтал эпителиоциттердің гликопротеиндік рецепторларында вирустың адсорбциясы өтеді. Фагосома кезеңінен соң вирус цитоплазмада репродуцирленеді. Ацидофильдік цитоплазматикалық қосындылар түзіледі. Клеткадан вирус синцитии түзіп, бүршіктену арқылы шығады.
Парагриппоздық аурулар – тыныс алу жолдарының жиі кеңірдектің зақымдануымен сипатталатын жедел инфекция (тамақтың жыбырлауы, жөтел, афония, дауыстың қырылдауы). Аурудың ағымының ауырлығы паргрипп вирусының типіне байланысты. 1,2 типтерімен шақырылған парагрипп грипптің жеңіл формасы сияқты өтеді, 3,4 типтерімен – бронхтың ауыр формасы түрінде, кеңірдектің стенозы және интоксикациямен өтеді.
Иммунитет. Типоспецификалық, арнайы алдын-алу шаралары жоқ.
Микробиологиялық диагностикасы:
-
вирусологиялық әдіс – адамның біріншілік және ауыспалы ұлпа дақылдарына жұқтырып, вирустың индикациясын цитопатогендік әсері бойынша жасайды. Вирустың типін БР, КБР, ГАТР-да анықтайды.
-
иммуноиндикация – вирусты бейтарап реакциясы (БР), КБР, ГАТР, ИФА, ИФР – вирустардың АГ мұрын-жұтқыншақ шайындысында және тыныс алу трактысының шырышты эпителииінің қырындысынан анықтайды. серологиялық – науқастың жұпты сарысуларынан ГАТР, КБР, ИФА әдісімен АД анықтау;
-
АД титрі 3-4 аптадан кейін анықталады, кейін 2-4 есе үлкейеді.
Қызамық вирусы
Вирус қызамьщ ауруын тудырады - балаларды басымырақ зақымдайтьш, қызба және бөртпемен сипатталатьш жедел жұқпалы ауру; жүкті әйелдер цызамығы нөрестенің ақаулары мен өліміне әкелуі мүмкін. Вирус алғаш рет 1961 жылы бөліяген.
Таксономиясы. РНҚ-ды вирус Togaviridae (raT.toga - шіащ) тұқымдасына, Rubivirus (лат. rabrum - қызыл) туыстығына жатады.
Морфологиясы, антигендік құрылымы. Вириондары сфералық пішіяді жөне күрделі ұйымдасқан құрылысы бар. Вирустың сыртқы жөне ішкі ашигендерден тұратьш кешені бар, антигендік вариантгары жоқ, Гемаглютинациялық белсенділікке ие.
Дакылды өсіру. Вирус бірінпгілікті жөне кайта өрілу жасуша дакьшдарында, цитоплазмалық қосындылар, кейде цитопатикалық әсер түзе отырып көбейеді.
Резистентгілігі. Вирус қоршаған ортаға түрақсыз, УК сәулеяері, май еріткідггер мен көптеген химияяық затгар әсерінен тез жойылады.
Жануарлардың сезімталдығы. Төжірибе жүзінде инфекцияны маймылдарда ғана туғызуға болады.
Эпидемиологиясы. Қызамык - жоғары қатынасты инфекция, барлык жерде таралған, негізіыен 3-6 жастағы балаларды зақымдайды. Үлкендер де ауыруы мүмкін. Ауру ұйымдастырылған балалар үжымдарында кездесетін эпидемиялық кұрт көбею түрінде жиі тіркеледі. Аурудьщ жиілеуі қыс-көкгем кезіаде байкалады. Инфекция көзі хлиникапық көріністі немесе жасырын түрдегі инфекциясы бар наукас болып табылады. Вирустар жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышымеы, нәжіспен және зөрмен бөлінеді. Қоздырғьпшъщ таралу механизмі -аэрогенді. Қызамық вирусы плацентарлы тоскауылдан етіп, нәрестені жүқтыруға қабілетті, тератогенді қасиетке ие.
Патогенезі жөне клиникалық көрінісі. Қоздырғьшггьщ ену қақпасы жоғары тыныс алу жоддарының пшрьшпы қабаггары больгя табылады. Мойыиның лимфа түйіндерінде көбейгеннен кейія вирустар қан ағымына түсіп, ағзаға таралады.
Жасырын кезеңнің ұзақтыш 11-22 күн. Ауруға төн симцтомдар -дене қызуыньщ жоғарылауы, денедегі ұсақ дақты бөртпенің пайда болуы, артқы мойьш лимфа түйівдерінің ісінуі. Ауру салыстырмалы түрде жеңіл втеді, асқынулар сирек кездеседі. Қызамық жүгаі эйелдер үшін қауіпті, себебі ұрық зақымданьш, жүктілік нәтижесі түсіклен, үрыктың өлуіне немесе үрықтың ауыр ақауларьгаа - саңыраулық, көру мүшесініқ зақымдапуы, психикалық кемістігіне, жеке мұшелердід жетілмеуіне әкелуі мүмкін. Жүктіліктің алғашқы үш айындағы үрықтың зақымдалу қатерлігінід аса жоғары болатыны анықталған (90%). Сондықтан, осы кезевде әйелдің қызамықпен ауруы жүктіяікті түсІкпен аяқтатуға тура көрсеткіш больш табылады.
Иммунитеті. Ауырғаннак кейінгі иммунитет түрақты, өмірлік.
Микробиологнялық двагностикасы. Зерттеу материалы - мүрын-жұтқыншақ бвліндісі, қан, зәр, нәжіс, өлген үрықгың ағзаларының бөлшектері. Вирусты жасуша дақылдарында беледі. Бөлініп алынған вирусты, ГАТР кемегімен идентификациялайды. Серолощялық диагностикада антиденелерді аньщтау үшін ИФР, ИФТ, РИТ, ГАТР қолданылады.
Арнайы сақгандыруы және емдеуі. Қызамық кезіндегі вакцианалық сақтандырудың негізгі мақсаты жукті әйелдерді қорғау, оның нәтижесі ретінде - үрықтың зақымдануы мен туа біткен қызамық синдромы бар балалар туылуынан сактандыру. Вакщшацияны кептеген елдерде өткізеді. Емдеуі симпоматиалық.