ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.09.2021
Просмотров: 4570
Скачиваний: 2
Сальмонеллалардың типін анықтауда тек биохимиялық қасиеттерін анықтау толық емес. Типтік қатысасын серологиялық реакцияларда анықталады.
Сальмонеллалардың жіктелуі (антигендік құрылысы)
Сальмонеллалардың жіктелу негізіне олардың антигендік құрылысы жатыр. Антигендік комплекс құрамына соматикалық О-антиген (термотұрақты) және талшықтық Н-антиген (термоқұбылмалы) кіреді.
Сальмонеллалардың антигендік құрылысын зерттеген Уайт пен Кауфман енбектерінде, сальмонеллалардың антигендері бір келкі емес, бөлек компоненттерден тұрады. О-антигені бойынша барлық сальмонеллалар серологиялық О-топтарына бөлінеді, латын әріптерімен белгіленеді - А, В, С, D, E және т.б. (60 топтан астам). Әр топтың ішінде бірнеше О-антигендері бар, оларды араб сандарымен ажыратады 1, 2, 3, 4, 5 және т.б. Мысалы, В топтың О-антигені 4 әр түрлі компоненттерден құралған - 1, 4, 5, 12.
Талшықтық Н-антигендер де біркелкі емес. Олар екі фазадан тұрады. Әр фаза құрамында өзінің антигендері болады.
1934 жылы А.Феликс және Р.Питт S.typhі О- және Н-антигендерінен басқа беткейлі антиген (вирулентті антиген) Vі-антигенін ашты. Vі-антиген жас, таза дақылда кездеседі. Ф.Кауффманн S.typhі Vі-антигені бойынша 3 топқа бөлді:
-
таза v-формасы (көптеген болуы мүмкін)
-
таза w-формасы (аздаған болуы мүмкін)
-
орташа vw-формасы
S.typhі барлық антигендері О-, Н- және Vі-антигендері иммуногенді қасиетке ие. Фаготиптеуге болады.
Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі.
Сыртқы қоршаған ортада бірнеше күннен бастап айлар бойы сақталуы мүмкін (суда, топырақта, шаңда). Ағып жатқан суда - 10 күнге дейін сақталады, тұрып қалған суда - 4 апта, жеміс-жидекте - 5-10 тәулікке дейін, ыдыста - 2 апта, май, сырда - 3 айға дейін, мұз бетінде - 3 айдан астам. 600С дейін қыздырғанда 30 минут ішінде өледі, қайнатқанда - бірден өледі.
Патогенді факторлары
Фагоцитозға қарсы түру және лимфа жүйесінде көбеюі. Экзо-токсиндері жоқ. Негізгі патогенді факторы, Vі-антигеннен басқа эндотоксин. ДНҚ-аза кездеседі S.typhі 6 МД м.м. плазмиді бар штаммның вирулентті қасиеті өте жоғары.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
-
Латын тілінде іш сүзегі және А және В парасүзектерінің қоздырғыштары қалай жазылады?
-
Қоршаған ортада S.typhi резистенттілігі?
-
Іш сүзегі және А парасүзегінің көзі болып не табылады?
-
Іш сүзегі және В парасүзегінің көзі болып не табылады?
-
Қоршаған ортаның қандай факторымен іш сүзегінің ірі эпидемиясы байланысты?
-
Қандай сальмонеллалар сальмонеллез ауруын тудырады?
-
Сальмонеллалардың серологиялық жіктелуінің авторы кім?
Тақырыбы: Тырысқақтың микробиологиялық диагностикасы. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактерия. Геликобактериялар
Vіbrіo тұқымдастығы
Медициналық маңыздылығы жоғары вибриондар - Vіbrіo cholerae, V.parahaemolytіcus, V.vulnіfіcus.
Vіbrіo cholerae - тырысқақ ауруының қоздырғышы. Тырысқақ ауруы - аса қауіпті, қатерлі жағдайға әкелетін, ауыр өтетін инфекция. Еуропа медицинасы тырысқақпен Х1Х ғасырдың бірінші жартысында ғана танысты; ал оған дейін тырысқақ Үндістан аймағында эпидемиясы байқалған. Тырысқақ ауруының эпидемиологиялық ерекшелігі - соғыс шайқастар кезінде ауру көтеріледі. Аурудың кең таралуы Ұлыбританияның Индия мен Орталық Шығыс аймағына колониялық экспансиялауы. Батыс Еуропа мен Ресейге тырысқақ поляктардың көтерілісі кезінде (1830-1830) тіркелді. Қоздырғыштың Еуропаға таралу жолдары - Таяу Шығыс (Левант, Анатолия), Египет және Жерорта теңізі порттары. Тырысқақты зерттеу үшін египетке 2 экспедиция жасақталған - француздар (Ру, Нокар, Штраусс, Тюйе) және немістер (Кох, Гаффки, Фишер, Тресков). Зерттеу барысында Луи Тюйе ауруды жұқтырып алып, қайтыс болады. Немістердің экспедиция зерттеу қорытындысы - 1883 жылы тырысқақ вибрионың тапқаны (“Кох үтірі”). Кох ұсынысы бойынша бактерияларды бөлу үшін тығыз қоректі ортаға екті (шыныда желатина құйылған орта). Тырысқақ вибрионы табылған соң көптеген гемолитикалық вибриондар анықталған, олар патогенді емес. Осылай вибриондарды бөлуін Готшлих ерлі-зайыптар жоққа шығарды, себебі 1906ж Египетте Эль-Тор стансасында олар Меккеге қажылыққа барған мұсылмандардың қайтыс болған организмдерінен гемолитикалық вибриондар тапқан. 1939ж Сулавеси аралында (Индонезия) осы қоздырғыштар тырысқақ эпидемиясын тудырған, ал кейін тырысқақтың жетінші пандемия қоздырғышы екендігі дәлелденді. 1993 ж мәліметтер бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда тырысқақ ауруының қозғаны тіркелген, қоздырғышы вибрионның 0139 серовары (Бенгал).
Морфологиясы
Тырысқақ вибрион клеткасының көлемі 1-3.0х0.2-0.4 мкм, бір талшығы бар, ол чехолмен қапталған және өсіндісі бар. Вибрионның морфологиясы құбылмалы: тығыз қоректік ортада өскен колониялардан жасалынғын жұғында пішіні таяқша секілді. Крахмал қосылған ортада вибрионның пішіні жылдам өзгеріліп отырады. Вибриондар өте қозғалғыш келеді және оны анықтау - манызды диагностикалық белгі. Тинкториалық қасиеттері энтеробактерияларға ұқсас, вибриондарды түрлі анилин бояулармен бояуға болады. Жиі қолданатын бояулар: сулы Пфайффер фуксині немесе Циль бойынша карбол фуксинімен.
Дақылдық қасиеттері
Тырысқақ вибрионы факультативтік анаэроб, анаэробты жағдайда жылдам өледі. Спорасы жоқ, қоректік ортаға талғампаз емес; оптималді өсу температурасы - 370С; рН 7.6-8.0. Сілтіні жақсы көреді. Клетканың бөлінуі өте жылдам өтеді, сілтілі пептонды суда қоздырғыштың өсуі 6 сағаттан соң жай көзге көрінеді. Тұрып қалған дақылда, крахмал немесе иммунды сары су қосылған ортада өскен колониялардан жасаған мазокта вибрионның пішіні жіпше, S-тәуелді имектелген, кокка тәрізді немесе түйреуіш секілді. Пенициллин әсерінен L-формаға ауысуы мүмкін.
Тығыз қоректі ортада вибрион домалақ түссіз, шеттері бір келкі S-колониялар түзеді. Колониялар майлы, ортадан тез алынады. Тұрып қалған дақылда колониялар үлкейеді, түсі қоңыр сарыға ауысады. Шабылған қоректік ортада (бір колониялардың өсіндісін алуға арналған) вибрион жылтыр сарғыш түсте. Тиосульфат цитрат, өт қышқылдары және сахароза қосылған ортада (ТСВS-агар) Vіbrіo cholerae сахарозаны ыдыратады және сарғыш колониялар түзеді.
Желатин пластиналарында 48 сағат инкубацияда ақшыл дәнді колониялар айналасы сұйытылған. Желатинге уколмен еккен кезде 48-72 сағ. Воронка секілді сұйылтатады, воронканың үсті вибрион массасы толы орналасады. Тығыз қоректі ортада вибрионның R-колонияларыда пайда болады - пішіні әр түрлі, бұлыңғыр. Осы бактериялар бактериофагқа, антибиотиктерге сезімталдығын жоғалтады, О-антисары сумен агглютинациясы болмайды.
Сүйық қоректі ортаны лайландырады, бетінде нәзік аспан көк қабықша пайда болады. Пробирканы шайқағанда қабықша тез бұзылып, түбіне түседі. 1% пептонды суда өте жылдам өседі, нәзік көгілдір қабықша пайда болады, су лайланады.
Ферментативтік қасиеттері
Тырысқақ вибрионның биохимиялық активтілігі басым. Тырысқақ вибрионы қышқылға дейін көмірсуларды ыдыратады: глюкоза, сахароза, мальтоза, манноза, маннит, лактоза (жай ыдыратады), левулеза, гликоген, крахмал. Манноза, сахароза, арабиноза ферментациясы (Хейберг триадасы) диагностикалық манызы бар. Тырысқақ вибрионы манноза мен сахарозаны ыдыратқандықтан Хейберг бойынша 1-ші топқа жатады (осы үш көмірсулар қалай ыдыратуы бойынша 6 тобы анықталған).
Протеолиттік қасиеттері бар - желатинді сүйылтады және казеинді гидролиздейді. Плазмокоагулазды (көжектің плазмасын ірітеді) және фибринолиттік (Леффлер бойынша үйытылған сары суды сұйылтады) әсері бар. Сүтті ірітеді және басқа белоктарды да аммиак пен индолға ыдыратады. Н2S түзбейді. Нитратты ауыстырады, индол түзеді - бұны нитрозиондолды реакцияда байқайды (холера-рот-реакция).
Биохимиялық және биологиялық қасиеттері бойынша тырысқақ вибрионы 2 биоварға бөлінеді (биотип): классикалық (V.cholerae asіatіcae) және Эль-Тор (V.cholerae eltor). Соңғы уақытта Эль-Тор вибрионы гемолитикалық қасиеттерін жойған, сондықтан негізгі дифференциациясы эритроциттерді агглютинациялау қабілеті, полимиксинге және 1V фагке төзімділігін анықтау бойынша жүргізіледі. 0139 топтағы вибриондар полимиксинге төзімді және гемолитикалық қасиеттерін жойған.
Антигендік құрылысы.
Тырысқақ вибрионында термотұрақты О-АГ және термолабильді Н-АГ анықталған.
Н-АГ - А және В топқа бөлінген бактерияларға жалпы антиген: А тобына тырысқақ вибрионы кіреді; В тобына - тырысқақ вибрионынан биохимиялық қасиеттері бойынша ажыратылатын басқа вибриондар.
О-АГ құрылысы бойынша 139 серотоптар анықталған. Классикалық тырысқақ пен Эль-Тор тырысқағы қоздырғыштары О1 серотопқа кіреді. Кабешима және Такано (1913) О1 топтағы тырысқақ вибриондардың О-АГ біркелкі емес, А, В, С компоненттері ажыратылған. Осы компоненттер қалай бір-бірімен байланысады, солай сероварлары анықталған - Огава (АВ), Инаба (АС), Хикоджима (АВС). Осындай қасиеттерін ажырату бойынша эпидемиологиялық ошақтарда қоздырғыштың дифференциясын жүргізуге қажет. Бұлынғыр R-колонияларда О-АГ жойылған, сондықтан олар О-антисары сумен агглютинация байқалмайды. О139 сероварға кіретін бактериялар түрге спецификалы О1 және типке спицификалы Огава, Инаба және RO-сары суларымен агглютинация жүрмейді. Сонымен қатар, тырысқаққа ұқсас вибриондар О1-сары суымен агглютинация болмағандықтан, оларды агглютинацияланбайтын вибриондар немесе АГБ вибриондар деп атайды.
Бактериофагтар. Тырысқақ бактериофагтарын алғаш рет Д”Эрель 1920ж. ашты. Vіbrіo cholerae 1V топтағы бактериофагтармен, ал Эль-Тор биовары - V топтағы фагтармен жойылады. Көптеген зерттеулер мәліметтері бойынша, тырысқақ бактериофагтардың емдік қасиеттері жоқ.
Эпидемиологиясы.
Тырысқақ - типті ішектік инфекция, эпидемиологиясы басқа энтеропатогенді бактериялар тудыратын өзгерістерге ұқсас. Тырысқақ эпидемиясы 2 типте өтеді - эпидемия көтерілісі, жұқтыру көзі мен жолдары бір, бір мезгілде көп адам науқастанады және әлсіз өтетін эпидемия - қоздырғыштың таралу жолдарын табу қиын және аз адам науқастанады.
Табиғи резервуары - науқас адам және бактерия тасымалдаушы; негізгі жұқтыру механизмі - фекальді-оральді, сирек - тұрмыстық қатынаста. қоздырғышты тарататындар - тағамдар, су, сыртқы қоршаған орта. Шыбындардың инфекцияны таратуда манызды роль атқарады. Сонымен қатар, аурудың жасырын түрі қоздырғыштың циркуляциясын ұстап түрады.
Тырысқаққа әр адамның сезімталдығы өте құбылмалы. Бұл жерде айта кету керек, И.И.Мечников, Ермольева З.В., Петтен-кофер ғалымдардың өздеріне жұқтырғаны айтарлықтай жауап бермеді. Әлеуеметтік жағдайы нашар және өзіндік гигиена ережелерін сақтамайтындар тырысқаққа сезімтал келеді. Эпидемиялық көтерілісте ең алдымен ауыратындар - ер ересектер; эндемиялық региондарда әлсіз өтетін тырысқақ жиі балалар арасында кездеседі.
Тырысқақ жылы мезгілде көтеріледі. Даккада (Бангладеш) тырысқақ муссонды жауын жауған соң көтеріледі, ал ауа райы құрғағанда бәсендейді. Ал Калькуттада (Индия), Ганг пен Брамапутра дельтасының қарсы жағасы, ауру құрғақ мезгілде көтеріледі, ал жауын жауғанда тоқтайды.
Тырысқақ вибрионы сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз факторларына сезімтал - күн сәулесі, құрғауды, басқа микрофлорамен конкуренцияны. Суда қоздырғыштың айналымы науқас адам мен бактерия тасымалдаушылардың болуымен байланысты. Егер оларды изоляцияласа, қоздырғыш өздігімен жойылып кетеді (тұрып қалған суда 2-3 апта сақталуы мүмкін). Күл-қоқыста 3-4 айға дейін тіршілік етеді, рН сілтілі және ылғалдығы жоғары тағамдарда ұзақ сақталады, науқас адам ластаған киімде және төсекте де ұзақ тіршілік етеді. Эль-Тор биотипті вибриондар сыртқы ортада тұрақты, сондықтан судан және нәжістен тез бөлінеді. Барлық вибриондар рН қышқыл дезинфектанттарға өте сезімтал.
Патогенезі. Адам организміне түскен вибриондар асқазанның қышқыл орта әсерінен өледі, тірі қалғандары ашы ішекке жетеді. Патогенді колонизация факторын талшықтар атқарады (жылжып қозғалу қызметі), муциназа (шырышты қабықтың кілегейін ыдыратып қоздырғышқа эпителийге жетуін қадағалайды), нейраминидаза (ішектегі микроқылшықтармен байланыстырады). Бактериялардың енуіне қарсы эпителиалық клеткалар өтпен өнделген сілтілі сүйықтық бөледі - қоздырғыштың өсуі мен көбеюіне өте қолайлы жағдай жасайды. Келесі патогенді факторы - эндо- және экзотоксин бөлінуі. Эндотоксин - термотұрақты ЛПС, басқа энтеробактериялардың эндотоксиніне ұқсас келеді. Иммуногенді қасиеттері жоғары болғандықтан, вибриоцидті антиденелер түзіледі. Басқа әсері әлсіз.
Экзотоксин (холероген) - термолабильді белок; фенол мен формалинге сезімтал, протеолитті ферменттер әсеріне тұрақты. Холероген 2 компоненттен түрады: компонент В - пентамер, моносиалды ганглиозидті рецепторлармен байланысады, нәтижесінде А компоненттің ішке енуіне көмектеседі. А компоненттің 2 суббірлігі бар - А1 суббірлігі (активті орталығы) және А2 суббірлігі екі компонентті байланыстырады. А1 суббірлігі аденилатциклаза компоненттерін күшейтеді, клетка ішінде цАМФ деңгейін жоғарлатады, нәтижесінде клетка ішіндегі сұйықтықтар мен электролиттер ішекке шығады. Бактерияның 0139 серовары экзотоксин түзеді, әсері әлсіздеу; токсин түзуін хромосомды және плазмидті гендер бақылайды. Эль-Тор биотипінің патогенді факторы болып гемолизиндер саналады.
Клиникалық көріністері.
Көптеген жұқтырған адамдарда ауру симптомсыз немесе женіл диарея түрінде өтеді. Анықталған мәліметтер бойынша, тырысқақтың ауыр түрі мен симптомсыз түрі классикалық формада 1:5-10, ал Эль-Тор тырысқағында - 1:25-100.
А) Клиникасы айқын тырысқақтың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5 тәулікке дейін (орташа 2-3 тәулік); аурудың көріністері - жалпы әлсіздік, іш ауруы, құсу, қарқынды диарея синдромы. 1ш өтуі тәулігіне 10литрге дейін барады, нәжіс сулы, түссіз (“күрішті қайнатқан судың” түсіне ұқсас келеді). Келесі ерекшелігі - нәжістің иісі - тәтті секілді “балықтың” (нәжістің емес) иісі. Интоксикация дәрежесі бойынша аурудың симптоматикасы гастроэнтерит немесе энтерит ретінде өтеді.
Б) Ауыр жағдайда науқас адамда несептің деңгейі төмендейді, бүйректің жетіспеушілігі дамиды. Науқастың дауысы қарлығады немесе афония дамиды. Негізгі патогендік факторлар - гиповолемия және электролиттік баланстың қаумақты бұзылысы, нәтижесінде артериалді гипотензия, жүректің жетіспеушілігі, естің бұзылысы және гипотермия. Осындай жағдайды тырысқақтық алгид деп атайды. Сонымен қатар, ерекше көрінісі - facіes hіpocratіca (көзі шүнкірген, бет әлпеті үшкірленген, жақтар сүйектері қатты шығып түр). Клиникалық көріністердің сақталу ұзақтылығы уақытылы ем қолданумен байланысты, бірнеше сағаттан - бірнеше тәулікке созылады. Ем қолданбаған жағдайда науқас алгидті кезеңде қайтыс болуы 60% құрайды.
В) Сауығу кезеңі уақытша төзімділік қалыптасуымен байланысты, сондықтан адам қайтадан жұқтыруы мүмкін.
Емдеу принциптері - организмнің сүйықтықтары мен электролиттерді толтыру, антибактериалді терапияны - тетрациклин қатарына жататын препараттармен жүргізіледі. Альтернативті антибактериалді препараттар - левомицетин, триметоприм-сульфаметоксазол, фуразолидон.
Сақтандыру шаралары - сырттан ауруды кіргізбеу үшін тазалық-гигиеналық шекаралы шараларды ұйымдастыру; тұрғындар арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу; ерте науқас адамдарды және вибрион тасымалдаушыларды анықтау; эпидемиялық қауіптілігі жоғары аудандарда аурудың алдын алу үшін тұрғындарға жалпылама тетрациклин таратып ішкізуін ұйымдастыру. Арнайы сақтандыру үшін эпидемиялогиялық көрсеткіштері бойынша вакцина енгізіледі. Айта кету керек, вакцинаның эффективтілігі 60-70% жоғары емес және одан кейін қалыптасқан иммунитет 3-6 айға ғана қалыптасады.
Басқа патогенді вибриондар.
Vіbrіo parahaemolytіcus - галофилді вибрион; Жапон елінде көптеген жедел диареялар қоздырғыштары болып тіркелген. Осындай жағдайлар Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америка елдерінде және туристер арасында диареяның 20% қоздырып отыр. Инфекцияның негізгі жұқтыру көзі - теңіз өсімдіктері мен жәндіктерден дайындалған тағамдар, ұзақ уақыт жылы жерде тұрып қалғандықтан және дайындау технологиясын бұзғандықтан. Сирек таралады - пісірілмеген моллюск пен балықтардан және тағамдарға теңіз суы шашыраған жағдайда. Қоздырғышта энтерит тудыратын энтеротоксині бар. Клиникалық көріністер жұқтырылғандардың 50% байқалады: қатты іш ауруы, сулы көп мөлшерде диарея жұқтырылғаннан кейін 24 сағатта дамиды. Ауру өздігімен жазылады, қайтадан инфицирленуі тіркелмеген. Қатерлі жағдайлары тек балалар мен кәрілер арасында кездеседі. Диагностикасы Vіbrіo cholerae тудырған тырысқақтай, ТСВS-агарға егу (сахарозаны ферменттемейді, сондықтан колониялар оливкі-жасыл көк түсте) және орнитинді утилизациялайды.
Vіbrіo vulnіfіcus Тихоокеан мен Атлантика жағалауларында микробтық ценозы құрамына кіреді, моллюскалар (устрица, мидияларда, гребешоктарда ж.т.б.) қоздырғышты таратады. Қоздырғыш ерекшелігі септицемия және іріңді қабыну процестерін тудыра алады. Септицемия көбінесе моллюск қолданғанда дамиды, клиникасы терінің буллезді бұзылыстарымен сипатталады. Ауру көбінесе иммунитеті төмен адамдарда, бауыры, бүйрегі ауыратын адамдарда және қантты диабет ауруы бар науқастарда жиі кездеседі. Аурудың 50%-і қатерлі жағдайға әкеледі. Жаралы инфекциялар ластанған теңіз суымен байланысты; женіл түрден ауыр түрі газды гангрена секілді өтеді. Vіbrіo vulnіfіcus тудырған аурудың ауырлығы қоздырғыштың патогенді дәрежесі мен организмнің төзімділігіне байланысты. Патогенді факторлары - капсула - бактерияны фагоциттер шабуылынан қорғайды, фер-менттер комплексі (цитотоксин-гемолизин, эластаза, коллагеназа фосфолипаза). Ауру цитохроматоз және бауыр циррозы бар науқастарда өте ауыр түрде өтеді (фагоциттер дефектісі басым және бактериялар қан айналымына түскен). Диагностикасы жоғарыда аталғандай өткізіледі. ТСВS-агарда колониялары сарғыш түсте, себебі сахарозаны ыдыратады және лактозаны 50% ыдыратады. Емдеу үшін интенсивті антимикробты терапия жүргізу керек - гентамицин, тетрациклин, левомицетин. Қауіпті топтарға кіретін адамдарға пісірілмеген теңіз өнімдерін жеуге болмайды және теңіз суға шомылуына тыйым салу керек.