ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 528
Скачиваний: 2
Исследование процессов автоматизации в складской отрасли Казахстана по учету товаров. Разработанная программа ориентирована на дистрибьюторские, логистические фирмы торговой сферы. Охвачен процесс приема, продажи и доставки товара в потребительские магазины по городу. В частности, торговля всеми видами продукции, сырья или материалов. Такой складской торговлей в стране занимаются малые, средние и крупные предприниматели. И из года в год увеличивается количество предпринимателей, занимающихся складской торговлей.
Объем магистерской работы. Магистерская диссертация состоит из 55 листов, включает в себя введение, 3 главы и 7 разделов, заключение, список использованной литературы и приложения, также 8 рисунков и 1 таблицу.
МАЗМҰНЫ
| КІРІСПЕ................................................................................................................... | 5 |
| 1 ERP ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................ | 8 |
| 1.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйе түсінігі. Қойылатын талаптары..... | 8 |
| 1.2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйені басқару стандарттары................. | 14 |
| 1.3 Корпоративті ақпараттық жүйелер. ERP жүйесі............................................. | 24 |
| 2 ҚОЙМА ЕСЕБІНДЕ ТАНЫМАЛ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ ............................................................... | 29 |
| 2.1 Қойма түсінігі мен түрлері. Қоймадағы тауарларды есепке алу................... | 29 |
| 2.2 Қойма есебінің танымал қосымшаларын талдау............................................. | 34 |
| 3 ҚОЙМА ЕСЕБІНІҢ ЖАҢА ҚОСЫМШАСЫН ӘЗІРЛЕУ....................... | 39 |
| 3.1 Web қосымшаны жобалау ортасы..................................................................... | 39 |
| 3.2 Жаңа web қосымшаның интерфесі және негізгі мүмкіншіліктері................ | 41 |
| ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................ | 50 |
| ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... | 52 |
| Қосымша................................................................................................................... | 56 |
Қысқартулар, символдар, белгілер тізбесіААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйелерERP – Enterprise Resource PlanningCRM – Customer Relations ManagemenMRP – Material Requirements PlanningCSRP – Customer synchronized resource planningB2C және B2B – Business to Customer және Business to BusinessБСН – бизнес-сәйкестендіру нөміріDFD – Data Flow Diagram КІРІСПЕЕлімізде кәсіпкерлік бизнестің басым көпшілігі сауда-саттық саласымен айналысуда. Шағын, орта және ірі сауда саласындағы кәсіпкерлер көбінесе арнайы жабдықталған қойма ғимараттарын пайдалануда. Кәсіптің нарықта өз орнын сақтап тұруы, табысты болуы маңызды. Қазіргі уақыт ақпараттық технологияның нағыз дамыған сандық-цифрлі заманы екені белгілі. Соған байланысты заман ағынына сай қойманы автоматтандыру, соның ішінде тауарларды есепке алу өзекті мәселе. Ақпараттарды жинауға, сақтауға, өңдеуге, жіберуге және іздеуге арналған машиналық жүйелер. Мұнда барлық бизнес үрдістерді басқаруға, бақылауға және бағалауға болады. Атап айтқанда, қабылданған тауарларды есепке алу, сатылыммен жеткізу үрдістерін басқару, материалдық ресурстарды бақылау, бағалау және жоспарлау. Қойма қызметкерлерінің іс қимылдарын үнемі бақылауда ұстау, материалдық жетіспеушіліктерді болдырмау арнайы бағдарламаның көмегінсіз мүмкін емес. Қойма ғимаратындағы тауарлар қорының саны мен түрін, жарамдылық мерзімін бақылауда ұстау үрдісі де қиындықтар туғызады. Аталған шығындарды болдырмау мақсатында, арнайы бағдарламалардың көмегіне жүгінген жөн. Бұл бағдарламаларда әрбір сатылым, қоймаға қабылданған тауар, жарамдылық мерзімі өткен жарамсыз тауарларды есепке алумен қызметкерлердің жұмысы жеңілдейді. Кәсіптік қызмет көрсету жылдамдығы екі-үш есе артады және әрбір қызметкерлердің жеке жұмыстары бағаланады. Осыдан басқа тауарайналымдағы кіріс, шығыс және табыс қаражаты автоматты түрде есептеледі және бақылауға, жоспарлауға, талдауға болады. Кәсіптің табысты, әрі бәсекелестерден бір қадам алда болуы үшін ғимараттың тиімді жабдықталуы және қойма есебін бағдарламалық автоматтандыру қажет. Электронды қоймамен жұмыс жасау арқылы кәсіптің қағазайналымымен экономикалық жағдайын жақсартады. Жұмыстың өзектілігі. Қазақстандағы қойма сауда саласының басым көпшілігі көтерме-бөлшек сауда саласымен айналысады және арнайы тауарларды есепке алатын, сатылымнан түскен пайданы есептейтін бағдарламаны қажет етеді. Қазақстанда қазіргі таңда қойма саласындағы қолданылып жатқан тауарларды есепке алатын Ресейдің танымал бағдарламалары. Осы қойма саласын автоматтандырудағы Ресейдің бағдарламаларына жыл сайын қомақты қаржы төленуде. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар әмбебап болғандықтан, арнайы өзгертулерді орнату үшін бағдарламашының көмегіне жүгінуге және қызметкерлердің арнайы оқу курстарын меңгеруі шарт. Кәсіпорынның немесе қойма ғимаратының ERP жүйесін құру, соның ішінде отандық web-қосымшаны жасақтау аса маңызды. Кәсіпкердің тауарларды есепке алу арқылы қойма ішіндегі барлық үрдістерді басқаруға, шығындарды азайтуға және пайданы арттыруға мүмкіндік жасау мәселелері қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Жұмыста қойма саласындағы тауарларды есепке алу бағдарламасы зерттелді және құрылды.Жұмыстың негізгі мақсаты: Қолданыстағы тауарларды есепке алу бағдарламаларының негізгі функцияларын сақтап, артықшылықтары мен кемшіліктерді ескере отырып, жаңа отандық өнімді әзірлеу. Яғни, қойма саудасы саласындағы бизнес-үрдістерді тиімді автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы пайданы арттыру.Жұмыстың негізгі міндеттері:
-
кәсіпорынның немесе қойма ғимаратының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін зерттеу, жобалау және тұжырымдамасын құру; -
тауарларды есепке алатын қолданыстағы танымал EKAM, 1C фирма, Мой склад, LiteBox бағдарламаларының мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау; -
аталған бағдарламалардың негізінде қазақ тіліндегі web-қосымшаны жобалау және құру; -
тауар, шикізат не материал өнімдерін қойма ғимаратына есепке алу және арнайы сақтау қорларын ұйымдастыру; -
қойма ғимаратындағы қызметкерлердің міндеттері мен рөлдерін әкімшілік жолмен тағайындау арқылы әр-қызметкердің жұмыс үрдістерін жеке бағалау; -
қала ішіндегі үлкенді-кішілі тұтынушы дүкендерге өз өнімдерін сату процестерін ұйымдастыру және сатылымдарды есепке алу арқылы кіріс пен пайданы қадағалау; -
сауда өкілдерінің қызметкерлерін қысқарту мақсатында арнайы интернет тапсырыс өтінімдерін қабылдау процестерін автоматтандыру; -
кәсіпорын немесе қойма ғимараттарына тауарларды есепке алатын және тауарларды сату үрдістерін басқару үшін жасақталған web қосымшаны тестілеу және ендіру.
Теориялық құндылығы: Қойма ғимаратының санаттарынан кәсіпкерге қажет ғимаратты тиімді, қаражат жағынан ұтымды, стандартты аймақтары бар дұрыс жабдықталған нысандарын таңдауына және тауарларды қабылдау барысында есепке алудағы процестерді тиімді жоспарлау мен сатылымдарды есепке алуды үнемі талдап отырудың нәтижесінде тұтынушаларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетудің арқасында пайданың еселену бизнес-үрдістерін басқару.Практикалық құндылығы: Қойма саудасының тауарларды есепке алатын, тауарлар сатылымы мен құжатайналымды есепке алатын web-қосымшасын құру және қолданысқа беру. Ресейдің танымал қосымшаларының орнына қазақ-орыс тілдеріне ауыспалы web-қосымшаны Қазақстанның сауда нарығына ендіру.Магистрлік жұмыс көлемі. Магистрлік диссертация 55 парақтан тұрады: кіріспеден, 3 тарау және 7 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен қосымшадан, сондай-ақ 8 суреттен және 1 кестеден тұрады.Диссертациялық жұмыс нәтижелері ғылыми конференцияларда баяндалып, 3 статья жарық көрді.1 ERP ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйе түсінігі. Қойылатын талаптарыАвтоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) – бұл байланыс арналары мен құралдарын, компьютерлік ақпараттық жүйелерін немесе есептеу техникаларын қолдана отырып, ақпараттарды жинауға, сақтауға, өңдеуге, жіберуге және іздеуге арналған машиналық жүйелер [1]. Мақсаты – мәліметтер қорын пайдалана отырып, қолданушылардың ақпараттық сұранымдарын орындауға арналған ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, жіберу үрдістерін іске асыру арқылы қолданушылардың жұмыс өнімділігі мен тиімділігін арттыру.ААЖ-ның құрамдас бөлігі деп – қандайда бір ақпараттық жүйенің функцоналды қызметін атқаратын ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және т.б. қамтамасыз етулердің элементтерін айтады. 1-суретте Сыртқы ААЖ жұмыс жасау принциптері бейнеленген:1-сурет. Сыртқы ААЖ жұмыс жасау принциптеріАқпараттық база деп қолданушымен компьютердің байланысын ұйымдастыруға арналған машиналық ішкі ақпараттық қамтамасыз етудің негізінде барлық мәліметтердің жиынтығын қамтуды айтамыз. Мұнда мәліметтерді сақтауға, түрлендіруге, іздеуге, жинақтауға болады.Автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі дегеніміз мәліметтерді сақтау, түрлендіру, енгізу, жинақтау және іздеу процестерін жүзеге асыратын бағдарламалық өнім болып табылады. Бұл жүйенің құжаттық және фактографиялық (реляциялық мәліметтер базасының кесте түріндегі жазбалары) түрлері бар.