Файл: Резюме Актуальность работы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 138

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сатушы деген белгілі бір тауар, шикізат не материал өнімдері бар арнайы қоймалардан қала ішіндегі не жақын ауыл-аймақтардағы кез-келген тұтынушы дүкендеріне түрлі позициядағы тауарларды сату және жеткізіп беру мақсатында ашылатын арнайы жеке интернет парақ болып табылады. Тұтынушы дегенде қала ішіндегі және ауыл-аймақтардағы үлкенді-кішілі дүкен иелерін айтамыз. Мысалы, гипермаркеттер, супермаркеттер, кішкентай үй маңындағы дүкендер жатады. Сонымен, 7-суретте тіркелу кезіндегі тіркелу мен кіру терезелері көрсетілген:

7-сурет. Web қосымшаның басты парағы
Тіркелу кезінде электронды почтаны жазып тіркелуді аяқтау пернесін басу қажет. Содан соң, терілген электронды почтаға логин-кілттік сөзі бар хат келеді. Сол логин мен кілттік сөзді web қосымшаға теріп кіру батырмасын басу арқылы кіруге болады.

Бұл web қосымшаға кірген кезде екі тілге ауыспалы жалаушасы бар, яғни қазақ не орыс тілдеріне ауыстырып мәзірді қолдануға болады. Әрбір қолданушы өзіне ыңғайлы тілді таңдай алады. Сонымен қатар, бұл қазақ тіліндегі мәзірі бар тауарларды есепке алатын қосымша болып табылады.

Web қосымшасының басты бетінде сатылым туралы мағлұматтары бар арнайы графигі мен кестесі бейнеленген. Жалпы, мұнда барлық тапсырыс өтінімдерінің саны, барлық сатылған тауарлардың саны мен барлық сатылған тауарлардың сомасы көрсетіліп тұрады. Және жаңа тапсырыс өтінімдерін сатылымға жіберген уақытта бұл көрсеткіштер жаңарып отырады. Сонымен қатар басты бетінде арнайы графиктік кестесі автоматты тұрғызылып отырады. Бұл кесте графигі сатылым сомасымен сатылымның уақытының (күні, айы, жылы) параметрлерімен бейнеленеді. Және арнайы бір дөңгелек типтегі екі түстес графигі де бар. Пайыздық мөлшерлемеде көк түстес графигі – активті тауардың саны көрсетіледі, ал сары түстес графигінде – жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың санымен пайыздық мөлшерлемесі бейнеленеді. Яғни, арнайы тауарлардың жарамдылық мерзімділігімен, сатылымға қатысты талдау парағы болып саналады.

Бұл web қосымшасының жоғарғы сол жолағында логин бейнеленген, сол логиннің үстін шерткен кезде кілттік сөздерді өзгерту пернесі пайда болады. Сол жерден жаңа кілттік сөзді жазып, сақтау арқылы кіру кезінде құпиясөз өзгереді.

Парақтың сол жағында арнайы мәзір пәрмендері бар. Атап айтқанда тауарларды қабылдау, тауарларды сату, әкімшілік және файл алмасу бөлімдерінен тұрады. Әрбір бөлімдердің арнайы бөлімшелері бар.


Web қосымшасының тауарларды қабылдау бөлімі екі бөлімшеге жіктеледі: категориялар тізімі және жаңа тауарларды қабылдау. Сәйкесінше, алдымен категориялар бөлімшесін толтыру қажет. Оның ішінде қойма кәсіпкері немесе тауарларды есепке алатын есепші қойма ғимаратындағы тауарларды, шикізаттарды не материалдарды қай категорияға жататынын анықтап алуы қажет. Мысалы milka, mars, snikers өнімдері шоколад категориясына жатады, ал ламинат, линолеум, паркет, кафель және т.б. материалдары ішкі жөндеулер категориясына жатады. Сол сияқты әрбір өнімнің категориялары болады. Осы бөлімшеде жаңа категорияны қосу деген батырмасын шертіп қойма ғимаратында сатылымға шығатын өнімнің категориясын екі жолаққа қазақ-орыс тілдерінде жазып сақтау түймесін басу арқылы сақтап отырады. Осындай екі тілде теріліп сақталған категориялар экранда кесте түрінде бейнеленіп отырады. Сақталған категориялардың әрқайсысында түзету мен жою белгішесі бар. Осындай түймелерінің болуы сатылымға жаңа өнім категориялары пайда болған кезде немесе бұрын соңды болған категорияларды өшіру не түзетулер жүргізуге мүмкіншіліктер береді.

Web қосымшасының тауарларды қабылдау бөліміндегі жаңа тауарларды қабылдау бөлімшесіне тоқталайық. Қоймашы қоймаға келген жүктерді қабылдау барысында әрбір тауарлардың арктикуль нөмірінің сай болуын, сыртқы түрі тұтас болуы және жарамдылық мерзімінің дұрыс болуын қадағалап барып қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Қоймашы арнайы екі қабатты қабылдау карточка парағына мына ақпараттарды толтыруы қажет:

  • қабылданған күні мен уақыты;

  • штрих коды немесе қорап сыртындағы арктикуль нөмері;

  • тауар атауы (сипаттамасы) мен салмағы;

  • тауардың жарамдылық мерзімі;

  • қабылдап алу бағасы мен санын;

  • тауардың қоймада арнайы орналасатын ұяшық нөмерін белгілеу;

  • тауарды қабылдап алушы адамның толық аты-жөні мен қолы.

Мұндай карточкаға бірінші парағына жазғанда жазба екінші параққа автоматты түрде түсіп отырады және сол парақтың біреуі тауарды есепке алатын есепшіге, ал екіншісі қойма ішіндегі архив құжатына тігіледі.

Есепші осы карточка парағын алып, бағдарламаның тауарлар бөлімшесіне өтеді. Бұл бөлімшеде “Жаңа тауарларды қабылдау” атты терезесі бар және арнайы толтыруға арналған жолдары бар. Ең алдымен тауарларды қабылдау қоймасының нөмірін белгілейміз. Мысалы, қойма №1, қойма №2, қойма №3 деген сияқты кәсіпкердің бір немесе бірнеше қойма ғимараттарын басқаруына байланысты. Қойма нөмірін таңдап, содан соң жоғарыда енгізілген категориялардың ішінен қабылданған тауардың катергориясын таңдап алу қажет. Әрі қарай тауардың атауын қазақ, орыс не ағылшын тілдерінде енгізеді. Келесі толтырылатын жолағына жүктерді жеткізуші өндірістің не мекеменің БСН номері теріп жазылады. Келесі жолақта “Ұлттық статистика бюросы” сайтынан жеткізуші ұйым атауы автоматты түрде ізделіп, жазылады. Осындай іздеу жолағы бір жеткізушінің бірнеше түрлі атауда сақталуынан қорғайды. Әрімен қарай арктикуль нөмірін теру керек, яғни бір түрдегі өнімі бар қорап сыртындағы санды код. Келесі жолаққа тауардың толық атауын, соның ішіндегі дәм түрі мен салмағын көрсетіп жазу қажет. Жарамдылық мерзімі жолағында арнайы күнтізбеде қабылданған тауардың жарамдылық мерзімін нұсқауышпен көрсету керек. Қоймаға қабылданған тауардың саны мен өлшем бірлігі белгіленіп жазылады. Жеткізушіден қабылданған тауардың бір данасының құнын жазып, сатылымға қосатын үстеме пайызын белгілейді. Нәтижесінде сатылымға шығарылатын баға автоматты есептеліп экран жолағында көрсетіледі. Бұл жолақ арнайы форматта есептеледі:



(Берілген баға/100*қосатын үстемақы пайызы)+берілген баға= сатылым бағасы

(1280тг/100*32)+1280тг=1690тг.

Осы жолақтардың барлығын карточка парағымен сәйкес толтырып, сақтау пернесін басу арқылы электронды қоймаға сақталады.

“Жаңа тауарларды қабылдау” атты терезесінің астында белсенді тауарлар мен мерзімі өткен тауарлар кестелері бейнеленген. Жаңа тауарларды қабылдау терезесінде толтырылып сақталған, яғни электронды қоймаға сақталған барлық тауарлар белсенді тауарлар кестесінде бейнеленеді. Мұнда қойма нөмірі, тауар атауы, арктикуль нөмірі, тауардың толық атауы салмағымен, қабылданған саны, жарамдылық мерзімімен сатылымдағы бағасы көрсетіледі. Және осы мәліметтерді жеке-жеке өсу немесе кему ретімен түрту арқылы сұрыптауға болады. Бұл түртулердің көбіндегі маңызы – электронды қоймадағы тауарларды саны мен жарамдылық мерзімдерін өсу не кему ретінде көріп бақылап отыру. Яғни жарамдылық мерзімі жақындаған тауарларды жеңілдік бағасымен сатылымға қою арқылы, шығындардың санын азайту мүмкіншілігі бар. Ал саны бойынша сұрыптаудың пайдасы сол тауарларға уақытша тапсырыс бермей, тауарлардың қоймада шаң басып жатып қалуынан сақтайды. Тез арада көп көлемдегі тауарларды сату үшін шағын көлемде жеңілдік бағасын ұсыну арқылы шешуге болады. Әрбір тауардың жанында жою пернесі бар. Бұл перне қабылдау кезінде қателіктер кеткен жағдайда, аудиттік түгендеу кезінде жетіспейтін тауарларды немесе сатылымнан шығарылған тауарларды жоюға арналған. Белсенді тауарлар кестесінен іздеуге арналған жолағы бар және табылған тауарлардың нәтижесін word, excel, pdf форматында жүктеп алуға немесе бірден принтерден шығарып алуға ыңғайлы. Себебі, талдау жүргізіп сауда өкілдеріне жарамдылық мерзімі жақындаған немесе көп көлемдегі тұрып қалған тауалар санын арнайы параққа шығарып сату жұмыстарын жасаған уақытта қойма кәсібіндегі шығындарды одан сайын азайтудың бірден бір жолы болып есептеледі. Активті тауарлар кестесінің бір бетіне 10, 25, 50, 100 тауар санына дейін көрсету түрін өзгертуге болады. Және бұл кестенің парақшалары да жаңа тауарларды есепке алған сайын көбейе береді. Келесі кестеде жарамдылық мерзімі өткен тауарлар автоматты түрде түсіп және сатылымнан бірден шығарылып тасталып отырады. Мұнда тұтынушы дүкендерге жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатып, жеткізудің алдын алады. Тұтынушы дүкендермен жақсы қарым қатынаста болу қойма бизнесінің тұрақты клиенттерінің көп болуына әкеледі. Жарамдылығы өткен тауарлар кестесінен іздеуге арналған жолағы бар және табылған тауарлардың нәтижесін word, excel, pdf форматында жүктеп алуға немесе бірден принтерден шығарып алуға ыңғайлы. Бұл шығындарды есептеу кезінде және аудиттік тексеруде жоюға жіберілетін уақытта санын көру мүмкіндігі бар.


Web қосымшасының әкімшілік бөлімі екі бөлімшеге жіктеледі: мекеме және қолданушылар. Мекеме бөлімшесінде мекеме туралы ақпараты болды. Яғни, БСН нөмері, қазақ-орыс тіліндегі ұйым атауы, қазақ-орыс тіліндегі мекеменің мекен-жайы, телефон нөмерімен электронды почтасы бейнеленеді. Және осы ақпараттың асытыңғы жағында “жаңа қойма қосу” терезесі бар. Мұнда жаңа қойманың қазақша, орысша атауын және мекен-жайын жазып сақтау пернесін басу арқылы сақталады. Сақталған мағлұматтар арнайы кесте бейнесінде бейнеленеді. Әрбір қойманы түзету немесе жою мүмкіндігі де бар. Кәсіпкердің бір немесе бірнеше қойманы басқаруы әбден мүмкін. Соларды тіркеу мысалы 1-кестеде бейнеленген:
1-кесте. Қоймаларды қосу кестесі

#

Қойманың атауы KZ

Қойманың атауы RU

Мекен жайы KZ

Мекен жайы RU

1

Қойма №1

Склад №1

Жұбанов 22

Жубанов 22

2

Қойма №2

Склад №2

41ші разъезд 10 а

41-й разъезд 10 а


Ал қолданушылар бөлімшесінде “жаңа қолданушыны қосу” терезесі бар. Мұнда қолданушының есімін, тегін, әкесінің атын, электронды поштасының атауымен ұнаған құпия сөзді енгізіп, “әкімшілік”, “тауарларды қабылдау”, “тауарларды сату” деген рөлдерге құсбелгі қойып сақтау пернесін басады. Сонымен, әрбір кеңсе қызметкерлеріне арнайы логин-кілттік сөзін беріп, әрбір қызметкер тек өзіне тиесілі құзіретте қызметін атқарады. Және осы сақталған қызметкерлер мен рөлдері арнайы кестеде бейнеленіп отырады.

Кестедегі қызметкерлердің құпия сөздерін өзгертуге немесе қызметкердің логин-кілттік сөзін жою мүмкіншілігі де бар. Әр түрлі рөлдегі қызметкерлер бір-біріндегі ақпараттарға қол сұға алмайды. Барлық кеңсе қызметкерлерінің файлмен алмасу бөліміне кіру құқығы бар.

Web қосымшасының файлмен алмасу бөліміне жұмысқа қажетті құжаттарды жүктеп салуға, жүктеп алуға болады. Мұнда word, excel, pdf форматтарындағы құжаттарды жүктеп салуға болады. Яғни, кәсіптің сертификаты, техникалық-қауіпсіздік ережелері, қойма ғимаратының эвакуация кезіндегі сұлбасы, мекеменің БСН нөмері, қызметкерлердің жұмыс кестесін және тағы да қызметкерлерге көру мен жүктеп алу қызмет ұсынылады. Қызметкерлердің ережелері мен басқа да жаңа ақпараттарды үнемі бақылап, танысып отыру құқықтары сақталған. Кез-келген кәсіпкерлікте маңызды құжаттар лицензия, сертификат, рұқсатнама, салық төлеу жөнінде анықтама, қойма қағаздарын арнайы сақтап қоюға арналған жұмыс үстелі десек те болады. Керек қағаздарды жүктеп салуға және жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Басында атап өткендей тіркелу кезінде тек кәсіпкердің БСН нөмерін ғана теріп жазады, нәтижесінде “Ұлттық статистика бюросы” сайтынан БСН нөмерін іздеп ұйым атауын, мекен жайын, ұялы телефон нөмірін автоматты түрде экран бетіне шығарады. Бұл үрдістің пайдасы, бір мекеме кәсіпкері екі рет тіркелмейді және тіркелу кезіндегі көптеген жолақтар өзі автоматты түрде толтырылып, уақытты үнемдейді. Тіркелу кезінде екі рөлдің біреуін ғана таңдауға болады: сатушы немесе тұтынушы. Осы жерден тұтынушы рөлін тандаған үлкенді-кішілі дүкендерге тоқталайық. Тіркелу кезінде электронды почтаны жазып тіркелуді аяқтау пернесін басу қажет. Содан соң, терілген электронды почтаға логин-кілттік сөзі бар хат келеді. Сол логин мен кілттік сөзді web қосымшаға теріп кіру батырмасын басу арқылы кіруге болады.

Бұл web қосымшаға кірген кезде екі тілге ауыспалы жалаушасы бар