ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 136
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақпараттық қамтамасыз ету – бұл деректерді өңдеу нәтижесіндегі сақталатын ақпараттардың ағыны. Ұйымдық жүйелердің барлығы ішкі және сыртқы ақпараттардан тұрады. Ақпараттық базаның машина ішіндегі мен машинадан тыс бөліктері бар. Машинадан тыс жүйе бөлігіне қолданушының компьютердің көмегінсіз орындайтын ауызша ақпараттары мен құжаттары жатады. Машина ішіндегі жүйеге электронды файлдардан тұратын машиналық тасымалдауыштар жатады [2].
Техникалық қамтамасыз ету – бұл оргтехника-коммуникация құрылғылары мен компьютерлер жатады. Ұйымдардың компьютерлік құрылғылары өнімділігі жоғары немесе жеке болуы мүмкін. Ақпараттарды өңдеу үшін бағдарламалық жасақтаманы қажет етеді. Бағдарламалық жасақтама сервистік, бағдарламалық, операциялық жүйелер болып жіктеледі. ААЖ деп ішкі жүйелердің біртұтас жұмыс істеуіне арналған басқару аппараттарын айтамыз. Техникалық қамтамасыз ету ұйымдастырылуы жағынан – орталықтандырылған, толық немесе ішінара орталықтандырылмаған болып жіктеледі.
Бағдарламалық-математикалық қамтамасыз ету деп ААЖ-ның мақсат-міндеттерін,техникалық құралдарының қалыпты жұмыс жасауына арналған математикалық моделдердің, алгортимдердің, әдістердің, есептеулердің жиынтығын айтады. Математикалық қамтамасыз ету құралдары қатарына: басқараудың мақсат-міндеттері, басқару үрдісін жобалау, бағдарламалау әдістері жатады. Мәселенің автоматтандыру дәрежесі математикалық сипаттамасы қаншалықты дәл болса, соншалықты мәліметтерді түрлендіру, өңдеу жұмыстары жоғары болады. Сонымен қатар, қолданушының жұмысын оңтайландырады.
Құқықтық қамтамасыз ету – ААЖ-ның нормативті-құқықтық актілерін белгілей отырып, жүйелердің мақсаттарымен міндеттерін дұрыс ұйымдастыру. ААЖ-ның нормативті-құқықтық актілері тапсырыс беруші, әзірлеушімен реттеушінің арасындағы іс-әрекетердің арқасында қалыптасады.
Эргономикалық қамтамасыз ету – бұл қолданушылардың жұмысын оңтайландыратын ААЖ-ның дамуы мен іске асыру үрдістерінің бірнеше кезеңдерінде қолданылатын құралдармен әдістердің жиынтығы.
Модельдік ААЖ деп мұнда қолданушы қаржылық, статистикалық, математикалық модельдерді ұсына алатын ақпараттық жүйелер болып табылады. Модельді пайдалану нәтижесінде шешімдерді бағалаумен баламаларын жасақтау үрдістерін оңтайландырады.
Сараптамалық ақпараттық жүйелер – деп бұл жүйелерді құрудың нәтижесінде қолданушы сыртқы көзбен дұрыс бағалануымен қатар баламаларды жақтауды қамтамасыз етуші ақпараттық жүйелерді айтады.
ААЖ-ның тұжырымдамалық жобалауының негізі – өмірлік циклдің пайдалану мен құрудағы үздіксіз оқиғалар болып табылады. Өмірлік циклдің моделдері – каскадты, спиральды, аралық кезендегі бақылау деп жіктеледі. Каскадты модель деген жобаның бүкіл кезеңдерін арнайы бірінен кейін бірі реттілігінде орындаулын қамтамасыз ететін цикл. Көбінесе жеңіл, қарапайым ААЖ-ны құру кезінде қолданылады. Аралық кезендегі бақылау моделі жобаның бүкіл кезеңдері бір-бірімен итерация жолымен байланысады. Спиралды моделі бірнеше жолдармен спирал типтес айналу циклдеріндегі кезеңдері талаптарды қою, жобалау, іске асыру мен тексеру айналымдарынан тұрады. Қазіргі уақытта ААЖ-ның каскадты, спиралды моделдері кеңінен қолданылуда [3].
Репозиторилермен реинжинерингте аспаптық құралдарының ішіндегі CASE құралдары ААЖ-ны жобалау мен құру барысында өмірлік циклдің моделдерін тоқтаусыз жұмыс жасауы үшін қолданылады.
ААЖ-ға ГОСТ 34601-90 стандарты бойынша қойылатын талаптарының кезеңдері:
-
ААЖ-ның пайдаланушыларының талаптарын қалыптастыру; -
ААЖ-ны құру қажеттілігінің негіздемесі; -
объектілерді тексеру.
Жалпы ААЖ функционалдық қызметін зерттеу, жобалау, әзірлеу мен енгізуден тұрады. Ұйымның экономикалық тиімділігін арттырумен қатар, қолданушылардың жұмысын жеңілдету үшін ААЖ-ның бағдарламалық, ақпараттық және техникалық компоненттері жетілдіріле отырып орындалады.
ААЖ тұжырымдамасын әзірлеу деп жүйені құру талаптары мен мақсат-міндеттерін қалыптастыра отырып, құқықтық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жүйелерінің әрекеттесу тәртібін анықтайтын автоматтандыру нысандарын зерттеу нәтежиелеріне негізделген құжатты айтады. Жүйелерді жобалау, орындау және іске асырудағы шешімдері бойынша толық көлемді сипаттамасын жасаудың кезеңдері:
-
автоматтандыру нысанын зерттеу; -
арнайы ғылыми талдаулар жүргізу; -
ААЖ-ның тұжырымдама нұсқаларын дайындау; -
тұжырымдамаларды бекіту мен есеп беру.
Қазіргі уақыттағы ААЖ-лар құрылымдық жағынан күрделі, әдістері мен құралдары сандық-сапалық жағынан әрі қарай қарқынды даму үстінде. ААЖ-ны жобалау кезеңдері екі бағытқа тікелей байланысты:
-
дайын аппараттық-бағдарламалық компоненттер негізінде арнайы құралдарын пайдалана отырып, жеке кәсіпорындардың ААЖ-сын жобалау; -
дайын аппараттық-бағдарламалық компоненттер негізінде арнайы құралдарын пайдалана отырып, бірнеше бағыттарда қолданбалы ААЖ-ны жобалау.
Заманауи ААЖ-ның компоненттік жүйелері күрделі болғандықтан, жобалаудың бірнеше деңгейлері мен кезеңдерін қамтитын блоктік-иерархиялық жобалау түрі қолданылады [4].
ААЖ-ны жобалаудың жоғарғы деңгейі тұжырымдамалық жобалау деп аталады. Тұжырымдамалық жобалау үрдісі жобалау алдындағы техникалық ұсыныстар мен зерттеулер, тұжырымдамалар мен визуальды жобаны әзірлеуді жүзеге асырады. Ескі не жаңа ұйымның атқаратын қызметін зерттеу арқылы ААЖ-ны жобалау жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу мазмұны – тапсырыс беруші мен жүйелік талдаушы мамандарымен бірлесе отырып ұйымның құрылғыларын, құрлымын, атқаратын қызметін, ақпарат ағындарын зерттеу.
ААЖ-ның бастапқы тұжырымдамасы зерттеу нәтижелерін талдау негізінде құрылады. Ұйымның даму болжамдарын ескере отырып, аппараттық-бағдарламалық ұйымның жаңа құрылымы мен іске асыру жолдарының бірнеше таңдамалы ұсыныстары бар тұжырымдасы жасалады. Тапысырыс беруші ұйым өзіне ұнаған тұжырымдаманы таңдау арқылы материалдық шығындар мен автоматтандыруға кететін уақытты алдын ала бағалай алады. ААЖ-ның тұжырымдамасы нақтыланғаннан кейін, іске асыру жолдарын бірнеше кезеңдерге бөлу арқылы ресурстардың көлеміне баланысты біртіндеп жүзеге асырылады. ААЖ-ны құрудың нақты жоспары, техникалық жабдықтарымен талдау нәтижелері тапсырыс беруші ұйымға ұсынылады [5].
Моделді құру – жүйенің іске асуына әрбір жеке бөліктерінің ішкі жүйелерінің қызметтерінің жұмыс жасауы. Моделді құру материалдық-ресурстық шығындарды қажет етеді. Сол үшін, нысанның сыртқы ортамен және метажүйенің бөліктерінің өзара байланысында зерттеген жөн.
Моделді құру үрдісі көбінесе шығармашылық жағынан пішінін жобалау қиынға соғатын жұмыстардың бірі болып есептеледі. Моделді құрудың физикалық, математикалық және аралас әдістері пайдаланылады.
Жалпы барлық кезеңдерде тапсырыс беруші ұйымның тілектерін, талаптары мен шектеулерін орындаушы ескеруі қажет. Мұнда ақпараттарды жіберу, сақтау, өңдеу және түрлендіру үрдістері жүреді. Ұйымды зерттеу кезіндегі ААЖ-ның бастапқы тұжырымдау моделдеріне көптеген өзегерістер енгізу арқылы ААЖ-ның соңғы моделі жобаланады.
ААЖ-ның нақты әрі соңғы тұжырымдамасы таңдалғаннан кейін, бағдарламалық қамтулары мен техникалық жабдықтарды сатып алу арқылы жүйелік орта құрылады. Ұйымның бағдарламалық жасақтамасын құру кезеңі бірнеше жобалау кезеңдерінен тұрады.
Жеке функция құралдары немесе барлық кешендерді автоматтандыруға арналған RAD жүйелерінің ішіндегі циклдік бағдарламалық жасақтамасы бар. Атқаратын қызметіне қарай CASE құралдары былайша жіктеледі:
-
бағдарламалау орталары; -
бағдарламалық жасақтаманы басқару орталары; -
бағдарламалау орталарын талдау құрылғылары; -
құжат айналым орталары.
Бағдарламалық жасақтаманы дайындау барысында CASE әдістерінің мәніндегі құрылғылардың маңызы зор. Бағдараламалық жасақтаманы жобалаудағы атқаратын қызметі бойынша моделдерді ұсыну жолдары:
-
бірнеше деңгейлі иерархиялық диаграммалар көрінісіндегі моделдер; -
әрбір деңгейі “кіріс-атқаратын қызметі-шығыс” түрінде болады; -
қосымша файл мәтіндерінде қажетті түсіндірме ақпараттары болады.
Осы диаграммалар көбінесе Data Flow Diagram (DFD) кіріс-шығыс деректер ағындарының диаграммалары болып табылады. Мұнда деректер ағындарының құрамын, циклдік қайталану сандарын көруге болатын түсіндірме файлдары болады. Ақпараттық моделдер – IDEF1X әдістемесіндегі Entity-Relations Diagrams (ERD) диаграммаларында байланыс мәні ретінде сипатталады.
RAD жүйелерінің танымал орталарына PowerBulider, Delphi, Visual Basic (VB) жатады. Бұл орталардың көмегімен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы интерфейсін құруға болады.
Бағдарламаларды көбінесе оқиғаны басқару әдісінің арқасында автоматты әрі жылдам құруға болады. Бағдарлама кодын жазу, сыртқы интерфейстерін құру және бағдарлама каркасын автоматты түрде тұрғызу мүмкіншіліктері де бар. Осындай орталарда қолданушы бірнеше терезелермен жұмыс жасайды.
Оқиғаны басқару үрдістерін құру үшін Visual Basic (VB) тілінде basic мәтіндік редакторы қолданылады. IBM фирмасының CASE жүйесі SmallTalk атты базалық тілінен және VisualAge, VisualGen деген клиенттік-серверлік бөліктерінен тұрады. Клиенттік-серверлік қосымшалары SQLWindows-тің арнаулы SAL тілінде құрылады. Ал 3GL бағдарлмалық технологиясы есептік үрдістерді құру үшін арналған [6].
Сонымен, базалық тілде құрылған бағдарлама коды аралық Р-кодына компиляцияланады. Бағдарламаның Р-коды интерпретарторымен бірге ехе-файл түрінде сақталады. Ал дамыған орталарда бағдарлама коды бірден ехе-файлда құрылып, арнайы оқытуларды қажет етпейді.
RAD жүйелерінің сыртқы интерфейс жасақтамаларынан бөлек Visual Basic (VB) қызметтерін атқаратын келесі құралдары да бар:
-
ODBC-ның көмегімен неше түрлі деректер базасын басқару жүйелерімен жұмыс жасауға болады; -
деректер базасын құру (жасақтау); -
үлестірілген үшбуынды есептеу жүйелерін жасақтау; -
SQL Server үрдістерін баптау; -
БЖ-ның топтық нұсқаларын құрудағы басқарулар; -
Таратылған есептеулер сценарийлерін зерттеу мен моделдеу.
АҚШ-та Integrated Computer-Aided Manufacturing бағдарламасы бойынша IDЕF тұжырымдамалық жобалау әдістемелері жасақталған. IDЕF-тің құрамына ақпараттық-функционалды моделдеу мен жобалау амалдары кіреді.
IDЕF0-дің негізгі стандарты күрделі функционалдық жүйелерді модельдеуге арналған Structured Analysis and Design Technique (SADT) әдісі болып табылады. SADT әдістері бағдарламалық жасақтаманы, бизнесті-үрдістерді, жабдықтарды жобалаудың және күрделі жасанды жүйелерді басқарудың бастапқы кезеңдерінде қолдануда ұсынылады.
Жалпы, IDEF0 барлық жүйелердің зерттеу алдындағы модельдеу үрдісі болып есептеледі. 1981-1993 жылдар аралығында IDЕF 0-ден IDЕF 14-ке дейінгі нұсқаларының қалыптасу кезеңдері өткен. Төмендегі 2-суретте IDЕF 0-ден IDЕF 14-ке дейінгі нұсқалардың атауы мен қолданылу анықтамалары туралы ақпараттар бейнеленген:
2-сурет. IDЕF-тің нұсқалары
алдын-ала сынақтар өткізу; ААЖ-ны қолданысқа енгізудің кезеңдері:
-
автоматтандыру нысандарын әзірлеу; -
ұйым жұмысшыларын даярлау; -
жүйені іске асыруға дайындау; -
-
тәжірбиелік сынақтарын өткізу; -
қабылдау сынақтарын жүргізу.
ААЖ-ның автоматтандыру нысандарын әзірлеу кезеңінде тұжырымдама моделі бойынша автоматтандыру нысанын қолданысқа даярлау жүргізіледі. Екінші кезеңінде ААЖ-ны дұрыс пайдалану үшін ұйым қызметкерлерін арнайы оқыту іске асырылады. Келесі кезеңінде жүйенің бағдарламалық-техникалық құралдарын кешенді баптау жұмыстары жүргізіледі. Келесі кезеңде деректер қорына ақпараттарды енгізіп, бағдарламалық-техникалық жұмыстарындағы қателер мен ақауларды жою жүзеге асады. Бесінші кезеңінде ААЖ-ның бағдарламалық-техникалық сынақтары нәтижесінде пысықтаулар мен баптау жұмыстарын жасау. Қортынды алтыншы кезеңінде ААЖ-ның толыққанды үздіксіз дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету, жасалған жұмыс нәтижелерін талдау [7].