Файл: Резюме Актуальность работы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 135

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.2 Автоматтандырылған ақпараттық жүйені басқару стандарттары
ААЖ-ны басқару жүйесінің стандарттар қатарына мыналар жатады:

  • MRP;

  • MRP II;

  • ERP;

  • CSRP;

  • CRM;

  • B2C және B2B.

Material Requirements Planning (MRP) 1960 жылы автоматтандырылған қойма ғимаратымен өндіріс орындарының басқару үрдістерін оңтайландыру, жеңілдету мақсатында белгілі бір кезең уақытына қажет материалдармен шикізат өнімдерін автоматты есептеуге арналған жоспарлау үрдістері болып табылады. Өндіріс орындарының сатылым айналымына қарай өнімдерді өндіруге қажет шикізат қорларын уақытылы тапсырыс беру арқылы жұмыстың үздіксіз жүруіне арналған үрдістерді басқаруға жауап беретін MRP жүйелері болып саналады [8].

Бұл әдіс өндірістегі өнімге кететін шығындарды кеміту мен пайданы арттыру негіздемесінде жұмыс жасайды. Сонымен, өндіріске қажет шикізат мөлешерлемесін дәлме дәл уақытылы автоматты есептеу мен жоспарлау бөлімі десек те болады.

MRP жүйелері аппараттардың өнімді өндіру жылдамдығын, сақтау қорларында қанша өнімнің барын анықтауға және қанша өнімді өндіруге қажет шикізат көлемін басқаруға мүмкіншілік береді. Сатылым мен сұраныс көлемін бағалай отырып, қажет шикізаттардың жеткізілуге кететін жолы мен уақытын ескере отырып және басқа да сыртқы кедергілерді ескере отырып автоматты есептеу мен жоспарлауды жүзеге асырады. Бұл бизнес-үрдістердің үздіксіз, сапалы, уақытылы жұмыс жасау тиімділігін арттыруға және жеткізуге, сақтауға, өндіруге кететін шығындарды төмендетуге бағытталған жүйе.

1970 жылы Джордж Плослмен Оливер Уайт өндіріс кәсібін одан әрі дамыту мақсатында MRP II деп аталатын жаңартылған жүйені ойлап тапты. Бұл жүйеде сатылым көлемі мен өнімді өндіру көлемінің шамалас болуына және шикізат өнімдері қорының болуына, яғни шикізат өнімдерінің кешігуі мен басқа да сыртқы ортаның келеңсіздіктерін ескере отырып автоматты тұрақты циклді есептеу мен жобалау үрдістерін ұйымдастыруға арналған. Мұнда сұраныстардың еселенуіне байланысты өндіріс жабдықтарын жаңалау немесе қосымаша көмекші жабдықтармен өнідірістің қуаттылығын арттыру жоспарлары да бар. Яғни өндіру қуаттылығы жоғарылаған сайын, тұтынушы аймақтарды көбейту мен пайданы еселеу жолдары пайда болады.

CRP, Closed Loop MRP және MRP мүмкіндіктерін біріктіру негізінде өндіріс орындарын автоматты есептеулер мен жоспарлаулар MRP II жүйесінде көрініс табады. Атап айтқанда, алдын ала өндіріс шикізатын есептейтін сметалармен бизнес жоспарларын құру және қаражатты тиімді басқаруға арналған есептеулері де болады. Осындай автоматты смета жоспарлары арқылы шикізатты сатып алуға кететін қаражатты және сатылымдағы кіріс қаражаттарын басқаруға болады. Нағыз пайда құнын есептеуге әбден болады. Бұл есептеулер өндірістің тиімділігі мен өнімдердің өтімділігін басқару, жоспарлау және санау үрдістерінен айқын көрініс таба алды.


MRP II жүйесінің тұжырымдамасының одан әрі дамуына байланысты кәсіпорын ауқымындағы материалдар мен ресуртарды есепке алу мен жоспарлау үрдістерін басқаратын Enterprise Resource Planning (ERP) жүйесі пайда болды.

APICS ұйымы MRP II жүйесінің басқару стандарттарын ұсынды:

  • өндірістегі өнімді шығару қарқындылығымен сатылымды жоспарлау;

  • тұтынушы сұраныстарын бақылау;

  • қажет шикізаттар мен материалдардың сметасын жасау;

  • өндіріс есептеулері мен жоспарларын жобалау;

  • өндіріс қуаттылығы мен техникалық жабдықтарын тиімді ұйымдастыру;

  • сақталу қорларын жасақтау;

  • кіріс-шығыс қаражатын жоспарлы түрде басқару;

  • моделдеумен жүйенің іске асуын қадағалау;

  • нәтижесін көру.

Өндіріс орындарындағы барлық үрдістері MRP II жүйесінің стандарттары бойынша орындалады. Мұнда кіріс-шығыс, сатылым, жабдықтар, сақтау қорлары, өндіріс қуаттылығы сияқты үрдістердің басы біріктіріледі.

Бизнес жоспары – өндіріс орындарындағы толық бизнес-үрдістерді ұзақ мерзімдегі басқару жоспарын құру.

Сатылымды жоспарлау – өнімді өндіру қуаттылығы мен тұтынушы сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған орта мерзімді жоспары.

Өндіріс қуаттылығын жоспарлау – оған сатылым есленген сайын, өндірістің қуатталығын арттыру мақсатында жаңа немесе қосымша жабдықтарды сатып алып, іске қосу үрдістерін жоспарлау жатады.

Өнім саны кестесі – мұнда өндіріс қуаттылығынан бөлек, белгілі мерзімде өндірілген орташа өнім саны есептеліп отыратын кесте болып табылады.

Материалдық ресустар жоспары – мұнда жоспарлы өнім саны кестесіндегі өнімдерге қажет шикізат түрі мен саны анықталып, арнайы уақытылы тапысырысталып отыру үрдісі жүзеге асырылады.

Аталған жоспарлардың реттілігімен байланысуы тізбегін 3-суреттен көруге болады:




3-сурет. MRP II схемасы
Enterprise Resource Planning (ERP) жүйесі қазіргі таңда танымал жүйе болып табылады. Тауарлар қорын, қаржылық ресурстарды, қызметкерлердің жұмысын және сатылым үрдістерін жоспарлы түрде өндіріс орындарындағы немесе қойма ғимараттарындағы барлық бизнес-үрдістерді толыққанды басқару мүмкіншілігі бар жүйе десек те болады [9].

MRP II мен ERP жүйелерінің айырмашылықтарына келетін болсақ, ERP жүйесі тұтынушылар арасындағы бизнес-үрдістерді ұйымдастыруға бағытталған. Яғни, тапсырыс өтінімдерін жинау, артынша тапсырыс өтінімдерін беруші орындарға өнімдерді орап-жинау, жеткізіп беру мен тұтынушыға төлем түрлерін ұсынумен (қолма-қол, карта, несие немесе тарату) айналысады. Ал MRP II тек өндіріс орындары немесе қойма ғимараттарындағы ішкі үрдістерді басқаруды қамтиды.



APICS ұйымының пайымдауынша ERP жүйесі екі бағытта қолданылуы мүмкін. Алғашқысы, тұтынушы өтінімдерін қабылдау, жинау, сату мен есепке алу үрдістерін басқару, жоспарлау, бағалауға арналған ақпараттық жүйе. Келесі бағыт сауда саласындағы қызмет көрсету орталарындағы сатылым үрдістерін тиімді, ұтымды ұйымдастыруға арналған дюстрибютор, логистика бөлімдеріне тауарды қабылдап алу, сатылымның кең көлемділігін ұйымдастыратын, қызмет көрсету деңгейімен тұтынулар арасындағы жақсы қарым-қатынасты орнататын ақпараттық жүйелер. Сонымен, ERP жүйесі ақпараттық жүйені жоспарлап қана қоймай, оны іске асыруды қамтамасыз ететін жүйе.

ERP жүйесінің басқару қызметтеріне:

Болжау – жоспарлаудың алдындағы болшақтағы үрдіс элементтерінің мінез-құлықтарына баға беру сұлбасы.

ААЖ-ның бағдарламасын басқару – әрбір өнімді қабылдап алу мен сатылым үрдістерін тіркеп отыру барысында пайда болатын циклдің есептеу қызметі. Бұл есептеулердің арқасында өнімнің қорын, сатылымдағы өнім санын, пайданың есебін бақылап отыруға мүмкіндік беретін жүйе.

Өнімнің сипаттамаларын енгізу – бұл бағдарлама ішіндегі өнімдерді белгілеу мақсатында жасалады. Яғни бірдей атаулы өнімдерді түрлері, сорттары бойынша жіктеуге үлкен септігін тигізеді.

Қызметкерлер туралы ақпараттар – белгілі бір жұмыс үрдістерін басқаруды ұйымдастыру үшін әрбір қызметкердің атқаратын қызметімен қатар қателіктерін бақылап отыруға мүмкіндік жасайды.

Шығынды бақылау – бағдарламада өнімдерді қабылдап алу саны мен бағасын ескере отырып, жаңа бағада сату кезінде белгілі бір уақыттағы шығындарды бағалау мен көруге мүмкіндік бар. Шығындарды есепке алу, бағалау және жоспарлау кәсіпкерлікте аса маңызды.

Сұраныс немесе сұранысты болжау негізінде өнімді өндіру кестелерінде өзгертулер мен жаңа өнімдерді қосу үрдістерін ERP жүйесін талдау барысында анықтауға болады. Кәсіпкерлікте сұраныс және сұранысты болжау бизнесті одан әрі кеңейту мақсатында қолданылады [10].

Customer Synchronized Resource Planning (CSRP) жүйесі дайын өнімдерді сатылымға шығару, клиенттерге қызмет көрсету, атап айтқанда тапсырыс берушіге өндірістегі тауар санын, уақытын, дұрыс жеткізілуін, сапалығын бақылау циклі болып есептеледі. Клиент пен кәсіпорынның өзара әрекеттесуіне бағытталған жүйе. Осы жүйеде өндірістің жылдамдығын сұраныстың артуына не кемуіне байланысты жоспарлау. Мұнда табысты, яғни кірісті еселеу мақсатында нарықта жаңа клиенттермен қарым қатынас құрумен қатар сатылымның тарау көлемін ұлғайту болып табылады.


Осындай жүйенің бірден бір пайдасы: шикізат пен жеткізуге кететін шығындарды азайтумен, бәсекелестерге қарсы тұратын бағамен табысты көбейту. Мұндағы ең басты жетістік – өндіріс орны мен клиент арасындағы ақпарат ағынын құру деп айтуға келеді.

Customer Relations Managemen (CRM) жүйесі тапырыс берушілермен байланысты басқару жүйесі деуге болады. Мұнда тауарайналымды жоғарылату мақсатында клиенттерге арнайы қызығушылықтар жасау. Ол үшін, алдымен тұтынушыларды санаттарға жіктеу жүргізіледі. Көптеген тұтынушыларды кәсіпкердің өніміне көшіру үшін – арнайы жеңілдетілген баға науқандары, біреуін алсаң екіншісі тегін, жарнамалық консультанттар, жарнама қағаздарын тарату сонымен бірге қаланың көрнекі билбортарына, теледидарға жарнамалар жүргізу жатады. Бәсекелес өнімдердің бағасы мен науқандарын үнемі бақылау мониторингтерін өткізу. Қала тұтынушыларына есте қаларлық қызықты, көңілді науқандарды жиі ұйымдастырудың нәтижесінде тауарайналымның көбеюімен бәсекелестерден озық болуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек телефон арқылы ірі тұтынушыларға арнайы жеңілдік бағаларындағы өнімдерді бірінші болып есепке салу жұмыстары жүреді. Тұтынушының қалауын, жеткізу жылдамдығы мен ашықтығын ұйымдастыратын жүйе [11].

Business to Customer және Business to Business (B2C және B2B) жүйелері – бұл нақты уақыт режиміндегі арнайы интернет дүкендер. Бұл жүйелерді тек ірі ауқымды кәсіпкерлер, дистрибьютерлер қолдана алады. Себебі бұл жүйе өте қымбат болғандықтан ТМД елдерінде дамымаған. Осы жүйеде электронды қоймасы, электронды құжат алмасу, интернет төлем, тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған хабарлама желілері, электронды қайтару, және т.б. қызметтерін үйден отырып тапсырыс беруге, өнімнің жеткізілуін картамен бақылауға болады. Тұтынушы тапсырысының орындалу мәртебесін бақылап отыра алады. Кейбір жерлерде осы тапсырыстарды сауда өкілдері қала дүкендеріне арнайы өнімдер католыгымен барып, тапсырысты электронды қабылдап, бірден қоймадағы офисс қызметкерлеріне бейнелейді.

Осы басқару стандарттарын ескере отырып, сауда саласындағы ААЖ-ның жұмыс жасау үрдістерін іске асыруды ұйымдастыру жолдарына тоқталайық. Жалпы сауда саласындағы қоймалардың басым көпшілігі тауар, шикізат не материал сатылымдарымен айналысады. Сонымен, шағын бизнестерде тауар, шикізат не материалдарын есепке алу мен сату үрдістері excel кестелерінде не арнайы дәптерде жүргізіліп отырады. Қоймада жаңа өнім түрлері мен тауарайналым көбейген сайын, қойма ішіндегі үрдістерді бақылау қиындай береді. Яғни, қойма ішіндегі қызметкерлердің жарамдылық мерзімін елемеуге және жүктерді қабылдау немесе тапсырыстарды жинау барысындағы немқұрайлылыққа, сонымен қатар қойманы тонауға кететін шығындарға алып келуі мүмкін. Барынша тауарайналым мен өнім түрлері көбейген сайын тауысылуға жақын өнім түрін анықтау мен алдын ала тапсырыс беру және қойма ішіндегі тауар қорын білу қиындық туғыза бастайды. Жалпы қоймадағы өнім түрлеріне арнайы түгендеу жұмыстарын жүргізген кезде белгілі бір жетіспеушіліктермен қатар артықшылықтар, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе шаң басып қалған тауарлар үнемі пайда болуы мүмкін. Қойма ішіне қабылданған жүктерді сату барысында, тапсырыстарды жинау мезгілінде тауардың белгілі себептермен өзгерген бағалары мен өнімдердің қоймадағы үнемі орындарының ауысуына байланысты орналасу орындарын табу қиын. Сол себепті қызмет көрсету жылдамдығы төмендейді. Ғимараттағы тауарлар қорымен шығыс, кіріс және пайданы есептеу үрдістерін бақылап отырумен қатар арнайы талдау жүргізе алмайды. Осындай шағын және орта бизнестегі қажетсіз шығындарға ұшырамай, қызмет көрсету сапасын жақсарту мен тауарайналымды еселету үшін не істеу қажет?


Мұндай мәселелерді қойма ішіндегі үрдістерді толық автоматтандыру арқылы шешуге болады. Ең алдымен, бизнес жақсы пайда әкеле бастауы қажет. Әрімен қарай бизнестің алып кете алу мүмкіншілігі болатындай. Қойма ғимараты арнайы тауар, шикізат не материал түріне байланысты арнайы стеллаж-сөрелерімен, ағаш палеттерімен, арба, гидравикалық тиегіштер, тиегіш машина техникаларымен арнайы жинап орау стейч пленкаларымен, жиһаздарымен жабдықталуы керек. Қойма ішіндегі жұмыс үрдістерін тиімді жоспарлау, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және де жылдамдығын арттырады. Тиімді сауда бизнесінің негізі – материалдық құндылықтарды бақылауда ұстау. Сонымен, қабылданған тауарларды есепке алу, тұтынушыға сатумен қатар кіріс-шығыс пен пайда үрдістеріне талдау жүргізуге болатын арнайы бағдарламаны қажет етеді. Тауарды есепке алатын арнайы бағдарламаның негізгі жабдықтарына RFID чиптері, сканер принтерлері, штрих код арқылы деректерді жинау терминалдары, интернет желісі мен компьютерлер, планшеттер, смартфондар жатады. Қойма есебінің ауқымына байланысты жабдық толықтығы әр-түрлі.

Қойма саласындағы шағын және орта бизнестегі бизнес-үрдістерде сатылым жоғарылаған сайын, қойманың ұлғаюына немесе қойма ғимаратының санының көбеюіне алып келеді. Егерде кәсіпкерде бірнеше қойма ғимараты болатын болса, онда тек біреуі ғана басты қойма болып саналады. Және бұл қоймалардың арасында тауарлар, шикізаттар не материалдардың орын ауыстыруларын жүргізуге болады. Мұндай орын ауыстырулар бірінші қоймада тауар түрі өтпей тұрған болса, соны келесі сұраныста немесе тапсырыста тұрған қойма ғимаратына ауыстыру арқылы сұраныстағы тауарайналым жылдамдығын бақылауда ұстауға болады [12].

Жалпы тауарларды есепке алудың екі түрі бар:

  • қабылданған жүктерді есепке алатын;

  • сатылымдағы тауар, шикізат не материалды есепке алатын.

Жалпы қойма ғимаратына қажет тауардың, шикізат не материалдың артикуль номерімен қажет саны бойынша жеткізушіге тапсырыс беріп, келген жүктерді түгендеп, сыртқы түрін қарап, жарамдылық мерзімдерін ескере отырып қойма ішіне қабылданады. Және бұл қабылданған өнімдерді қоймашы арнайы қабылдау карточкасына мынадай ақпараттарды толтырады:

  • қабылданған күні мен уақыты;

  • штрих коды немесе қорап сыртындағы арктикуль нөмері;

  • тауар атауы (сипаттамасы) мен салмағы;

  • тауардың жарамдылық мерзімі;

  • қабылдап алу бағасы мен саны;

  • тауардың қоймада арнайы орналасатын ұяшық нөмерін белгілеу;

  • тауарды қабылдап алушы адамның толық аты-жөні мен қолы.