ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 185
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұнай өндірісіндегі, мұнайдың ағып кетуімен төгілуінің алдын алу үшін, мұнай желісінде түзілетін жұқа қалыңдықты, кезеңдеп ультрадыбыспен бақылау қажет.
Қорытындылар және ұсыныстар:
-
Ұңғы өнімділігін арттыру үшін технологияны дұрыс таңдау кезінде, кен орынды пайдалану кезіндегі жиналған тәжірибені ескеру қажет; -
ЫМӨ ұңғы өнімділігін жоғарылатады, соған сәйкес, жұмыстарды жалғастыру ұсынылады. Ол үшін технологиялық жұмыстарды жетілдіріп, АШТП жоюға арналған жаңа құрылымдарды енгізген жөн; -
Қабаттан құм түсудің алдын алу үшін, қарапайым және қол жетімді әдістердің бірі, мұнайлы ұңғыны құмға қарсы сүзгімен жабдықтау; -
Технологиялық жабдықтардың (мұнайды лақтырудың құбыржелісі, құбыржелілері және мұнай дайындайтын технологиялық жабдықтары) коррозиялық жылдамдығы шекті рұқсат етілген деңгейде, коррозия жылдамдығы 0,2 мм/жыл аспайды; -
С.Балғымбаев кен орнында су айдаумен бірге (ҚҚҰ үшін) «Бактирам С-85», «Додиген W 180-2», «Родакаут RP-80» немесе «Родакаут РR-50» бактерицидтерін қолдану ұсынылады; -
Технологиялық жабдықтардағы коррозия жылдамдығын төмендету үшін, «Додикор В2870К» коррозия ингибиторын 25-30 мг/л концентрацияда қолдану ұсынылады.
2.2.3 Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен оларға ұсыныстар
ҚР-ның мұнай және газ кен орындарын игерудің ортақ ережесіне сай, ұңғы өнімдерін жинау, тасымалдау және дайындау технологиялық жүйесі, келесі талаптарға жауап беруі тиіс және толығырақ кесте 2.10 көрсетілген:
- өндірілген өнімді саңылаусыз жинау;
- әрбір ұңғының дебитін нақты есептеу және гидродинамикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі;
- жалпы кен орындағы өнімді өндірістік есептеу;
- ішкі қажеттілікке керекті ілеспе газдың көлемін есептеу;
- барлық технологиялық бөліктердің сенімді пайдалануы;
- барлық технологияны автоматтандыру;
- мұнай және газдың минималды технологиялық жоғалуы.
2.10-кесте. 01.01.2010 ж. С.Балғымбаев кен орнындағы ТӨҚ және өндіруші ұңғылар саны
№ р/с | №ТӨҚ | Барлық | Ұңғылар № |
1 | 001 | 13 | 20, 41, 42, 43, 53, 56, 72, 110, 112, 138, 142, 177, 192 |
2 | 002 | 14 | 1, 24, 34, 40, 85, 98, 132, 133, 134, 136, 137, 141, 161, 178 |
3 | 008 | 6 | 13, 15, 101, 102, 106, 108 |
4 | 022 | 14 | 28, 35, 79, 84, 89, 90, 111, 119, 130, 131, 160, 164, 165, 194 |
5 | 105 | 7 | 3, 44, 58, 114, 115, 169, 199 |
6 | 107 | 12 | 11, 38, 76, 81, 82, 92, 100, 105, 121, 123, 196, 197 |
7 | 205 | 8 | 46, 47, 48, 62, 63, 107, 116, 191 |
8 | 207 | 13 | 75, 77, 80, 88, 94, 95, 122, 124, 139, 162, 163, 195, 198 |
9 | 305 | 12 | 30, 32,49, 60, 118, 120, 113, 175, 189, 162, 163, 195, 198 |
10 | 307 | 12 | 37,39, 78, 99, 104, 125, 144, 147, 148, 149, 166, 193 |
Барлығы | 10 | 111 | |