ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 180

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Инновациялық технологиялар колледжі

«Арнайы пәндер» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ағымдағы игеру жағдайын талдау

Орындаған: КОРМПИ-11/22-1 тобының студенті

Танатар Манап

Қабылдаған: оқытушы Қабсамет Ғ.Қ.

Қарағанды 2023
Кен орынды игеру жүйесі
Ағымдағы игеру жағдайын талдау
Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы алты негізгі мұнай кен орындарын игереді: С.Балғымбаев, Камышитовый, Жаңаталап, Ровное, Гран, Забурын, Оңтүстік-Шығыс Камышытовый.

Айдау ұңғылары қоры С. Балғымбаев кен орны бойынша істеп тұрғандар 27, су айдайтын 15 ұңғы, бақылау ұңғылары 12, консерванцияда 1 ұңғы.

С.Балғымбаев кен орны бойынша мұнай өндіру алдыңғы қатарлы жоғарғы қарқынмен жүргізіледі, сондықтан да гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулер игеруді бақылауға маңызды міндет болып табылады.

Механикалық тәсілмен жұмыс істейтін барлық ұңғылар, графикке сәйкес динамограммаға түсіріледі. Барлық істейтін ұңғылар қоры бойынша, айына 2 реттен сирек емес механикалық қоспа, су құрамына сынақ өткізіледі.

С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.

Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3/тәу /МПа/м құрады. Ал, І және ІІ объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3/тәу/МПа/м болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші І пайдалану объектісіне сәйкес келеді (3,12 мкм2).

С. Балғымбаев кен орны бойынша 1.12.2006 жылда 112 ұңғымен мұнай игерілді, олардың ішінде үшеуі тоқтап тұр. Тоқтап тұрғаннан пайдаланушыға үш ұңғы кіргізілді, 24, 40 және 130 айдау ұңғылары қорынан бір скважина (193) және бір скважина бақылау қорынан айдау скважинасы қорына ауыстырылады (19)Бұл мәліметті сурет В-да көрсетілген ағымдағы игеру картасынан көруге болады.


Кен орны бойынша су айдау 30 ұңғымен жүргізілуі керек болды, бірақ оның 3-і іске қосылмады. Кен орнының ұңғы қорлары туралы мәлімет 2.1-кестеде толығырақ келтірілген.


2.1-кесте. С.Балғымбаев кен орнының 01.01.2010 жылғы ұңғылар қоры жағдайы

Ұңғылар категориясы


Ұңғылар саны

Ұңғылар нөмірі

  1. Істеп тұрғандар

  2. Уақытша тоқатап тұрғандар

А) жер асты жөндеуде

Б) күрделі жөндеуде

В) жөндеу күтіп тұрған

  1. Пайдалану қоры

  2. Су алатындар, оның ішінде істеп тұрған

  3. Су айдау ұңғысы, оның ішінде жұмыстағы тоқтап тұрған

  4. Бақылау ұңғысы

  5. Консервациядағылар

  6. Жойылған ұңғылар, оның ішінде геологиялық жағынан

  • техникалық жағынан

  • ШТС

    БОТЭСҚ

  • 115

    3

    1

    1

    1

    118
    27
    4

    12

    1

    32

    19

    13

    111

    4



    3

    164

    104


    С.Балғымбаев кен орнын өндірістік игеруге қосу үшін ұңғыларды өнімділікке зерттеді. Ұңғыларды өнімділікке зерттеу 3 және 14мм. штуцермен 3-4 режимде жүргізілді. Режимдегі жұмыс ұзақтығы 7,2-ден 140 сағатты құрады.

    Индикаторлық диаграмманы интерпретациялау нәтижесінде әрбір қабаттың өнімділігі, сонымен қатар 1м тиімді қалыңдықтың өнімділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткізгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір қабаттың өнміділігі, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезоөткішгіштік коэффициенттері анықталды. Ұңғылардан алынған параметрлік көрсеткіштер бойынша әрбір горизонттың орташа мінездемесі жазылды. Кен орнында өнімділік қасиеті бойынша орта юра горизонты ерекшеленеді, жеке өнміділігі 54,8 м3/тәу /МПа/м құрады. Ал, І және ІІ объектерде сәйкесінше бұл шама 6,9 және 8,1 м3/тәу/МПа/м болды. Жоғары өтімділік көрсеткіші І пайдалану объектісіне сәйкес келеді (3,12 мкм2). Орта юра горизонтының жоғары пьезоөткізгіштігі, бұл қабат жынысының аз тұтқырлығымен түсіндіріледі (орта мәні – 1,79 мПа·с).

    Игерудің екі объектісі бойынша (апт-неокомдық және ІІ неокомдық горизонттар) әрбір ұңғының жұту көрсеткіші бойынша гидромүмкіндігі анықталды. Апт-неоком горизонтындағы ұңғыларды (№8, 9, 19, 22) жұту көрсеткішіне сынау 3 режимде жүргізілді. Қысымдар 2,0; 4,0; 6,0 МПа болғанда, орташа жұтылу мәні 491,7м3 тәулік болды. ІІ неоком горизонтындағы №5 және 7 ұңғыларға қысымдары 2,0-ден 8,0 МПа аралығында 3 режимде сынама жүргізілді. Орташа жұтылу көрсеткіші 79м

    3 тәуліктен 720 м3/тәу аралығында болды.

    Горизонттардың геологиялық сипаттамасымен зерттеу нәтижелері бойынша апт-неоком, І және ІІ неоком және орта юра горизонттарында активті контур суларының арыны анықталды. Тек тектоникалық жарылыммен орталық блок жан-жағынан қоршалған. Апт-неоком горизонтының оңтүстік қанатындағы мұнай-газды тұтқышы газсуарынды режимде. Кен орнының оңтүстік қанатының І және ІІ неоком горизонттарының мұнай тұтқышы үлкен көлемді және активті суарынды режимі бар. Кен орынның солтүстік-батыс қанатындағы барлық горизонттарындағы (тек 1 орталық алаң кірмейді), сонымен қатар орта юра горизонттарындағы мұнай тұтқышының көлемі кішірек және бұнда да активті суарынды режим қалыптасқан.

    С.Балғымбаев кен орнының алғашқы қабат қысымы ашық ұңғы оқпанында және ұңғыны әрі қарай игеру кезінде анықталды.

    ІІІ пайдалану объектісінің І және ІІ объектіден алшақ жатуына байланысты, объектер арасында қысым айырмашылығы бар екені көрінді. Нәтижесінде қысым өзгерісінің тереңдікке тәуелділігінің екі өзгеше сызығы тұрғызылды. І және ІІ объект бойынша тәуелділік теңдеуі мынадай тұрғызылды. I және II объект бойнша тәуелділік теңдеуі мынадай Рқаб =0,0115·Набс + 0,002. Қысым градиенті 0,0115 МПа/м. Тереңдік бойынша қабат температурасының таралуын ұңғыларды сынау нәтижесінде алынды. 3 пайдалану объектісіне жалпы тәуелділік былай жазылды T=f(h).Т=0,063·Набс – 11,386; Температуралық градиент 100 м. 6,30С құрады, ал геотермиялық саты 15,87 м/10С тең болады.

    Алынған мәліметтердің анализі көрсеткендей, қазіргі таңда кен орынды алғашқы пайдалану кезеңіндегідей, ІІІ объект ұңғыларының өнімділік көрсеткіші жоғары болып тұр. Мұнда мұнайға қатысты өнімділік көрсеткіші 0,296 м3/тәу/МПа/м болды. Ал, І және ІІ объекті шамалары, сәйкесінше 0,050 және 0,105 м3/тәу/МПа/м құрады. Бірақта орта юра горизонтына қарағанда І және ІІ пайдалану объектісінің коллекторлық қасиеттері жақсы. Бұл объекттердің орташа гидроөткізгіштік мәні үшінші объектімен салыстырғанда 2 есе жоғары, ал өтімділік коэффициенті 13-18 есе жоғары.

    Қазіргі уақыттағы өнімділік және фильтрациялық шамаларын бастапқы кезеңмен салыстырғанда, бұлардың жалпы нашарлауы анықталады. Меншікті өнімділік ІІ объектіде 74 есе, ІІІ объектіде 185 есе төмендеген. Горизонттар бойынша гидроөткізгіштік коэффициенттерінің орташа төмендеуі 3,4 еседен (ІІ объет) 19 есе (ІІІ объект) аралығында. Қабаттың соңғы (ІІІ объект) өтімділігінің төмендеуі 6% - тен 38,7%.


    Кен орнының өнімділік және фильтрациялық сипаттамаларының төмендеуі, кен орынды ұзақ уақыт пайдалану кезіндегі қабаттың сарқылуы әсерінен болды. Қазіргі уақытта кен орнынан 14339 мың т мұнай алынған, бұл алынатын қордың 90,7% құрайды.
    2.1.2 Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
    01.01.2006 ж. мәлімет бойынша С.Балғымбаев кен орнында бұрғыланған ұңғылар саны 209 бірлікті құрады. Бұның ішінде пайдалану қорында 114 өндіру ұңғысы бар. Оның 3-еуі күрделі және аралық жөндеуді күтіп тұрғандары, 3 ұңғы тоқтап тұр. Есептеу кезеңінде айдау ұңғыларының қоры 27 ұңғы болды, оның біреуі тоқтап тұр. 10 ұңғы бақылау категориясында, олардың үшеуі кезінде мұнай өндіру және су айдау пайдалану қорында болған. Су өндіру ұңғы қоры – 5 ұңғы, оның 4-еуі жұмыс істеп тұр, 1-еуі тоқтап тұр. Жабылған ұңғылар қоры 51 ұңғыны құрайды, бұлардың ішінде 34-і (3-өндіру, 6-барлау, 4-су жұтушы, 1-бақылау және 14-суөндіру ұңғылары) геологиялық және 17-сі (5-өндіру, 10-айдау, 1-бақылау және 1 барлау ұңғылары) техникалық жағдай бойынша жабылған. Жабылуын күтіп тұрған 2 ұңғы бар: бұлар өндіру қорындағы №45,50 жоғары суланған ұңғылары.

    Есепті кезеңде (2007 жыл) 4 жаңа ұңғы бұрғыланды: 129а – І объектіде, 179-ІІ объектіде, 203, 205-ІІІ объектіде.

    Кен орнындағы өндіруші ұңғыларды пайдалану негізінен механикалық тәсілмен жүргізіледі.

    Төменде ұңғыларды пайдалану қорын объектіге бөліп қарастырамыз. І объект (апт–неоком+неоком горизонттары)

    01.01.2008 ж. мәлімет бойынша І объектінің өндіру ұңғылар саны 83 бірлікті құрады, оның 79-ы жұмыс істеп тұр (бұның ішіндегі 16 ұңғы, І және ІІ пайдалану объектісі бойынша ортақ пайдаланады). Бір ұңғы (№32) суланған аумақты бөлшектеуді жүргізетін күрделі жөндеуді күтіп, уақытша тоқтап тұр. Осы жылы екі объекті бойынша ортақ жұмыс жасайтын 5 жоғары суланған ұңғылар (№№73, 74, 86, 87 және 146) айдау категориясына көшірілді.

    Игерудің бүкіл кезеңінде 5 ұңғы жабылды: 4-і техникалық (№№47, 135, 145, 168) және 1-і (№17) геологиялық себептермен.

    Жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының саны 21 бірлік, бұның ішіндегі 2 ұңғы (№97 және 146) екі игеру объектісіне (І+ІІ) ортақ. Объектіні игерудің бастапқы кезеңінен бастап 16 ұңғы жабылды: 10 (№№7, 55, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 25, 127) – техникалық және 6-уы (№5, 17, 27, 36, 66, 170) – геологиялық себептермен.

    Есептеу кезеңінде бір ұңғы бұрғыланды: 129 а.

    2 ұңғы (№45 және 50) жабылуын күтіп, тоқтап тұр.


    ІІ объект (аралық+ІІ неоком горизонттары)

    ІІ объектіде өндіруші пайдалану ұңғылар саны 39 бірлік, оның жұмыс істеп тұрғаны -37 (бұның ішіндегі 16 ұңғы, І және ІІ пайдалану объектілеріне ортақ). Есептеу кезеңінде №98 және №163 ұңғылар жер асты жөндеуін күтіп тұр. Жұмыс істемей тұрған №161 ұңғы, сулануы жоғары болғандықтан (99%.) бақылау қорына аударылды. Айдау ұңғылар қоры 10 бірлік, бұлардың бәрі жұмыс істеп тұр. Екі ұңғы І және ІІ пайдалану объектісіне ортақ.

    ІІІ объект (орта юра горизонты)

    ІІІ объектінің өндіруші ұңғылар саны 8 жұмыс істеп тұрған ұңғыны құрайды. Осы жылы №15 ұңғы, 1981-2005 жылдар аралығында бақылау қорында болған, өндіру қорына аударылды. 2004 жылдан бері жоғарғы сулану әсерінен жұмыс істемей тұрған №102 ұңғы, капиталды жөндеуден кейін 2005 жылдың мамыр айында есңе қосылды. ҰКЖ кейін ұңғының сулануы 88%-ке түсті. Есепті кезеңде екі ұңғы бұрғыланды: №203 және №205.Бұл объектіде ҚҚҰ жүргізілмейді.

    Объектіні игеру басынан бастап 3 өндіру ұңғысы жабылды: екеуі (№2, 103) – геологиялық және біреуі (№101) – техникалық себептермен.

    Кесте 2.2-де және кесте 2.3-де өндіру және айдау ұңғыларының соңғы бес жылдағы пайдалану көрсеткіші мен қолдану көрсеткіші келтірілген. Кестеден көріп тұрғанымыздай, объектерде айдау ұңғыларын тиімді қолдануының өсіп отырғанын байқаймыз. Соған сәйкес пайдалану ұзақтығыда артты. Ал, өндіру ұңғыларына келсек, І объекті бойынша қолдану коэффициенті 2007 жылы 0,980-нен 0,964-ке төмендеді, бұл жұмыс істемей тұрған ұңғылардың өсуімен түсіндіріледі. ІІ және ІІІ объектерде тұрақтылық байқалады.

    Объекттер

    Қолдану коэффициенті, ү.б.

    2006

    2007

    2008

    2009

    2010




    өнд.

    ұңғ.

    айд.

    ұңғ

    өнд.

    Ұңғ.

    айд.

    Ұңғ

    өнд.

    ұңғ.

    айд.

    ұңғ

    өнд.

    ұңғ.

    айд.

    ұңғ

    өнд.

    ұңғ.

    айд.

    ұңғ

    І

    0,978

    0,913

    0,98

    0,800

    0,98

    0,952

    0,956

    0,955

    0,96

    0,95

    ІІ

    1,000

    0,667

    1,00

    0,600

    1,00

    1,000

    0,972

    1,000

    1,00

    1,00

    ІІІ

    1,000




    0,80




    1,00




    1,000




    1,00




    Кен орны б-ша

    0,983

    0,852

    0,97

    0,786

    0,98

    0,957

    0,964

    0,963

    0,97

    0,96