ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 181

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кен орнында 2006-2010 жылдар кезеңінде өндіруші ұңғылардың өнімділігін арттыру үшін және қабатқа айдалатын суды қайта бөлу үшін келесі технологиялық шаралар жүргізілді: жөндеу – изоляциялық жұмыстар;

ағын қайтару жүйесі; саз қышқылды өңдеу.

2006-2010 жылдар аралығында жүргізілген технологиялық шаралар келесі кестеде келтірілген.
2.9-кесте. Өнімді қабатқа әсер ету технологиясының нәтижелері

Технология түрлері

2006 ж

2007 ж




2008 ж

2009 ж

2010 ж

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

ТСҚ

7

3

4335

8

3

1016




























АКОР










3

2

4492



















6

2

922

СГДЖ




























10

3

747

7

3

631

СПС

3











































ПГЖ










15

2

9500




























ПДЖ



















6

























СҚӨ




























3

1

848

4

1

1205

Барлығы


10


3


4335


26


7


15008


6








13


4


1595


17


6


2758



2.9-кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай, 2006-2010 жылдар аралығында кен орында 72 ұңғы операциясы жүргізілген, оның ішінде тиімдісі – 20, тиімсізі - 52 болды. Жүргізілген жұмыстардың тиімділігі 26% құрады.

Жөндеу – изоляциялық жұмыстар

С.Балғымбаев кен орнын игеруде өндірілген өнімнің жоғары сулануымен сипатталады. 01.01.2010 ж. жағдай бойынша ұңғының орташа сулануы 93,7% болды.Ұңғылардың 95%-ның сулануы 80%-дан жоғары.

Өндіру және айдау ұңғыларына сулардың құйылуы келесі жолдармен жүруі мүмкін:

-жоғарғы немесе төменгі суқаныққан қабаттың герметикалық емес сақиналы кеңістігінен;

-мұнай қабатының суланған бөлігінен;

-мұнай қабаты табанындағы суқаныққан бөліктен. Судың әрбір қозғалысына сәйкесті ЖИЖ бар. Изоляциялық жұмыстар жүргізген кезде айдалатын тығындаушы материалдар өтімді қабаттарды толтырып, су-изоляциялық барьер жасауы тиіс. Пайдаланудың одан әрі кезеңінде тығынды материал қабат депрессиясына төтеп беруі керек. Өндіру ұңғыларында жүргізілген суизоляциялық жұмыстар нәтижесінде, ағынмен қоршалған тиімді қалыңдықпен қабаттың гидроөткізгіштігі төмендейді. Ұңғының сұйық дебиті азайып, ҰТА-ның қарсыласу әсері артады. Кен орнында суағынды тығындау үшін, қабатаралық құюларды болдырмау үшін және жұтылу аймағын теңестіру үшін келесі технологиялар қолданылды.

Тұтқыр – серпімді құрам (ТСҚ+АКОР)

Өндіру ұңғыларында суағынды тығындау үшін ТСҚ+АКОР-ды кезекпен айдау қолданылды. Ұңғылардағы суағынды тығындау үшін келесі тығындаушы материалдар пайдаланылды:

-ТСҚ-негізгі су болған полиакриламид ерітіндісінің тұтқыр – серпімді құрамы. ТСҚ-ны қолдану келесі мақсатта жүреді, негізі полиакриламид ерітінді суы аз тұтқырлы болып, қабаттық жағдайда гелге айналады. Ал гел қабаттық біртектілікті теңестіріп, су фильтрациясына қарсылық көрсетеді;

-АКОР – әртүрлі модификациядағы кремнийорганикалық қосылыстар. Ұңғының түп аймағына немесе жақын маңына тығындаушы экран жасап, қабаттың жарықшақтығының өткізгіштігін төмендетеді.

Технология бойынша 20-40м3 көлемдегі ТСҚ-ға 4м3 АКОР-ды қосып айдау ұсынылады.

2006-2007 жылдар кезеңінде 10 өндіру ұңғысында селективті тығындауды жүргізу үшін ТСҚ+АКОР технологиясы қолданылды: оның ішінде 4-эффектісі бар, 6-эффектісі жоқ.

2006 жылы ТСҚ+АКОР технологиясы №100 және №116 ұңғыларда жүргізілді. Жұмыстан кейін №100 ұңғыда дебит төмендеп, сулану сол деңгейде қалды (95%). №116 ұңғыда мұнай дебиті 1 т/тәулікке артып, қосымша 426 т мұнай өндірілді, эффект ұзақтығы 396 тәулік, тиімділік 20% құрады. 2007 жылы ТСҚ+АКОР технологиясы 8 ұңғыда жүргізілді. Жағымды нәтиже №№90, 118, 196 ұңғыларда болды: мұнай дебиті орта есеппен 1,6 т/тәу өсіп, сулану 14% азайды. Қосымша өндірілген мұнай көлемі 339 т, тиімділік ұзақтығы 253 тәулік, тиімділігі - 46% болды.



Жалпы айтқанда, ТСҚ+АКОР технологиясын қолдану ұңғылардағы мұнай дебитін 1,3 т/тәу арттырды, ұңғы – операциядан қосымша өндірілгені – 382,5 т,эффект ұзақтығы – 324 тәулік, тиімділігі - 33%, ал жинақталып өндірілген өнім 1442 т мұнай болды.

2006 ж. ТСҚ технологиясын 5 өндіру ұңғысында қолданды: оның ішінде екеуінің эффектісі бар, үшеуінің эффектісі жоқ. Мәліметтерді саралайтын болсақ, ТСҚ қолданған №41 және №42 ұңғыларда мұнай дебиті орта есеппен 3 т/тәу өсті, сулану 16% төмендеп, қосымша 1954 т өндірілді, эффект ұзақтығы – 461 тәулік, тиімділігі-50% құрады.

№№119, 134, 164 ұңғыларында жағымды әсер болмады – мұнай дебиті орташа 1 т/тәу азайып, сулану 2% артты.

Сугелді – дисперсті жүйе (СГДЖ)

Бұл технология бойынша ұңғыға келетін суды тоқтату үшін жоғары модулді еріген әйнекті және қатты тығындаушы құрамды құрау базасында біріктірілген композицияны айдау болды. Жоғары модулді сұйық әйнекке құрылым түзілуші сапа беру үшін карбон қышқылының күрделі эфирі қосылды.

Ұңғыға суағынды изоляциялау технологиясын жасау үшін, қолданылатын негізі сұйық әйнек болатын композицияға, келесі реагенттер қосылды: жоғары модульді ерігіш әйнек, техникалық этилацетат (сірке қышқылының этилді эфирі), неонол, тығындаушы цемент.

СГДЖ технологиясын 17 өндіру ұңғысында қолданылды: оның ішінде, тиімдісі – 6, тиімсізі – 11 болды.

Жалпы есептесек, СГДЖ технологиясын қолдану нәтижесінде ұңғылардан өндірілген мұнайдың өсуі 1,2 т/тәу құрады, ұңғылардан қосымша 230 т мұнай өндірілді, эффект ұзақтығы 187 тәулік, тиімділігі - 45% болды. Жалпы жинақталып өндірілген өнім 1378 т мұнайды құрады.

Кремнийорганикалық тығындаушы материал (АКОР)

Бұл технологияны қолдану мақсаты суланған аумақтарға АКОР тобындағы кремнийорганикалық тығындаушы материалды айдау болып саналады. Су құрамында АКОР-дың болуы суда ерігіш сұйық өнімдердің түзілуімен гидролизденеді, одан кейін қатып қалады.

АКОР технологиясын 9 ұңғыларда қолданылады, оның ішінде эффектілісі – 4, эффектісі жоғы – 5 ұңғы болады.

2007 жылы АКОР технологиясы 3 ұңғыда қолданылды. Жағымды нәтиже №137 және №163 ұңғыларда алынады: орта мұнай дебиті 2т/тәу артып, сулану 2% төмендеді. Ұңғы–операциясынан қосымша өндірілген өнім – 2246 т, эффект ұзаұтығы – 1123 тәулік, тиімділігі 45% болды.

2010 жылы АКОР технологиясы 6 ұңғыда жүргізілді. Жалпы, АКОР технологиясын қолданғанда ұңғылардан алынған мұнай 1,7 т/тәулікке артып, қосымша өндірілген өнім – 1353 т, эффект ұзақтығы – 688 тәулік, тиімділігі – 45% болды. Жинақталып қосымша өндірілген өнім – 5414 т мұнайды құрады.


ЖИЖ жүргізу кезінде ұңғыдағы мұнай өсімі орта есеппен 1,8 т/тәулік болды, ұңғы – операциясынан өндірілген өнім 843 тонна болды, жинақталып өндірілген өнім 11837т мұнайды құрады.

ҰГЗ мәліметтері жоқ болғандықтан, изоляциялық жұмыстардың жағымсыз нәтижелерінің себептерін анықтау мүмкін емес, сонымен қоса жағымды нәтиженің жоқ болуы келесі қателіктерден болуы мүмкін:

- алынатын реагенттің сапасын бақылау;

- тұтқыр – серпімді құрам компонентін дайындауды бақылау;

- қабатқа тығындаушы құрамды аз көлемде айдау;

- технологиялық талаптар.

Ағын қайтару технологиялары

Мұнай кен орнын игеру кезінде мұнай қабатына ұзақ және кең ауқымды әер ету шараларының бірі суландыру болып табылады. Бірақта, өнімді қабатқа қанша су айдасақта, геологиялық қордың жартысына жуығы алынбай қалады. Осыған байланысты ағының құрылымдық фильтрациясын теңестіріп отыратын және қабаттың сулану көлемін арттыратын әдістер қажет. Бұл әдістердің көп бөлігі мұнай қабатына физика – химиялық әсер ету болып саналады, мысалы, жекелеген жағдайда өнімді қабатқа әртүрлі химиялық реагенттер енгізу.

Полимерлі – гелді жүйе (ПГЖ)

ПГЖ – ні қолданғанда айдау ұңғыларының жұтылуы теңестіріліп, суланған қабаттар изоляцияланады. Бұл дегеніміз, игерілмей қалған аумақтар мен коллекторлық қасиеттері нашар қабаттар өндіруге қосылады. Сонымен қоса, әсер етуші өндіру ұңғыларындағы мұнай дебитінде мұнай үлесі артады.

2007 ж. ПГЖ технологиясын 15 айдау ұңғысында қолданылады. ПГЖ нәтижесін әсер етуші 74 өндіру ұңғысынан алды. Оның ішінде нәтижелі – 12, нәтижесі жоғы – 62 ұңғы болды.

Жақсы нәтиже көрсеткен ұңғылардың орташа дебиті 1,4 т/тәу артты, сулану деңгейі 2,7% төмендеді. Ұңғы – операциясынан қосымша 727 т өндірілді, эффект ұзақтығы – 394 тәулік, тиімділігі – 37% болды. Өңдеу арқасында ұңғылардан жинақталып өндірілген мұнай 9500 т құрады.

Полимер - дисперсті жүйе (ПДЖ)

Бұл технология бойынша суланған өнімді қабатқа әсер ету үшін негізі гидролизденген полиакриламид және саз құрылымды полимер дисперсті жүйе қолданады.

Бұл технология негізі қабаттың суланған бөлігінің фильтрациялық қарсыласуын арттыру болып саналады. Қабаттың өткізгіштігінің біртексіздігін теңестіріп, мұнай өндіру коэффициентін арттырады.

2008 жылы ПДЖ технологиясы 6 айдау ұңғысында жүргізілді. Нәтижесі әсер етуші 27 өндіру ұңғысынан алынды, оның ішінде, эффетілісі– 0, эффектісі жоғы – 27 ұңғы болды.

Алынған мәліметтер бойынша, ПДЖ технологиясын қолдану жақсы нәтиже бермеді. Әсер етуші өндіруші ұңғылардың мұнай дебиті 0,2 т/тәу төмендеп, сулану сол деңгейде қалды – 97%. Қабаттағы полимер сапасын уақыт бойынша анықтау үшін айдау ұңғыларын 6-12 ай пайдаланғаннан кейін геофизикалық зерттеулер жүргізу қажет. Бірақта геофизикалық зерттеулер жүргізілмеді.


Ескерте кететін жағдай, ағын қайтару технологиясы негізінен І объект ұңғыларында жүргізілді. Бұнда суқанығушылық 40% жоғары, кеуектілік – 30,7%, өткізгіштік – 467,2 мД құрайды. Сонымен қоса, бұл өнімді горизонттың суы қатты тұзды, минералдануы 103-239 г/л болды. Осыған байланысты, қолданылған технологияның жақсы нәтиже бермеуі, қабат суында полимерлі құрамның еруі болуы мүмкін, бұдан айдалатын ерітіндінің тұтқырлығы төмендейді.

Саз қышқылды өңдеу

Қышқылды өңдеудің негізі қабаттың түп аймағында коррозия өнімдерін, қабаттық цементтерді және жыныстың қатты бөлшектерін еріту, сонымен қоса, қышқылды құраммен кеуекті ортадағы ескі фильтрациялық қуыстарды үлкейту және жаңасын жасау болып саналады.

Өнімді қабат терригенді жыныстармен құралған. Зерттеу кезеңінде айдау ұңғылары маңында өтімділік қасиетін жақсарту үшін, саз қышқылды өңдеу жүргізілді.

СҚӨ – де келесі реагенттер қолданылды: фторсутек (НҒ), тұз қышқылы (HCl), сірке қышқылы (CH3COOH), нитрилотриметилфосфон қыщқылы (НТФ), беттік – әрекеттік заттар (БӘЗ).

Зерттеу кезеңінде СҚӨ технологиясы 7 айдау ұңғыларында жүргізілді. СҚӨ нәтижесі әсер етуші өндіру ұңғылары мәліметтерінен алынды. Барлығы 22 ұңғы, оның ішінде: эффектілісі – 5, эффектісі жоғы – 17.

Ұңғыларда жүргізілген СҚӨ нәтижесінде, жинақталып 2053 т мұнай өндіріліп, тиімділігі – 49,5% болды. Ескерте кететін жағдай, саз қышқылды өңдеу тиімділігіне өнімді қабат жыныстарының суқанығуы әсер етеді. СҚӨ жүргізілген айдау ұңғылары І объектіге жатады, бұл жерде суқанығушылық 40%-дан жоғары. Осыны ескере отырып, қышқылды ерітіндіні қабатқа айдау кезінде, қабат суымен араласу жүреді де, қышқылды ерітінді концентрациясы төмендеп, еріту қасиеті нашарлайды. Осыдан кейін ерітіндінің тиімділігі төмендейді. СҚӨ жүргізу кезінде қабаттың суқанығушылығына сәйкес, қышқыл ерітінді концентрациясын өсіру қажет.

Нәтижелер және ұсыныстар:

  1. ЖИЖ жүргізу тиімділігі 40,7% құрады. Кен орнында сулану мәселесі маңызды болып саналады, сондықтанда, кен орынды игеру жағдайында ЖИЖ көлемін арттырып, осы технологияның тиімді тұстарын анықтау керек;

  2. Полимер гелді жүйе тиімділігі 37% құрады. Бұл жұмыстарды жаңа технологиялармен реагенттер қолданып, жалғастыру ұсынылады. Осы уақытта қабаттағы мұнай бергіштікті арттыру үшін Полисил және РИТИН полимерлі қосылыстар енгізілуде;

  3. СҚӨ тиімділігі 49,5% болды. Бұл жерде әрбір ұңғының жағдайына байланысты, қышқылды құрамды өзгертіп, жұмысты жалғастыру ұсынылады.