Файл: авимед кпсалалы колледжі Техникалы жне ксіптік білім беру Мамандыы 09160100 Фармация.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 416
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«АВИМЕД КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ»
Техникалық және кәсіптік білім беру
Мамандығы: 09160100 «Фармация» 09130100 «Мейіргер ісі», 09120100 «Емдеу ісі», 09110200 «Стоматология»
Біліктілігі: 4S09160101 «Фармацевт»4S09130103 «Жалпы тәжірибе мейіргері», 4S09120101 «Фельдшер», 4S09110102 «Дантист»
Медициналық пәндер бірлестігі
«ЛАТЫН ТІЛІ» пәнінен тақырыптар бойынша тірек – конспект жинағы
ШЫМКЕНТ, 2021
Құрастырған: Байділдаева Р.О. – Медициналық пәндер бірлістігінің жалпы медицина пәндерінің оқытушысы
Осы тірек-конспект жинағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнына арналған «Латын тілі» пәні бағдарламасы мен оқу жұмыс жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған .
Бұл «Латын тілі» пәні бойынша тірек-конспект жинағында негізгі тақырыптардың мазмұны ықшамдалып қамтылған.
Жалпы білім беру бірлестігінің отырысында қаралды
Хаттама № 7 25. 03. 2021 ж
«АВИМЕД» көпсалалы колледжінің әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды.
Хаттама № 7 25. 03. 2021 ж
Мазмұны:
-
Кіріспе. Латын алфавитінің даму тарихы. Медицинадағы рөлі. ------ 4 бет -
Фонетика. Дауысты дыбыстың оқылуы. -
Дифтонгтар мен дауыссыз дыбыстың оқылу ережелері. ----------------------- 7 бет
Буынның ұзақ және қысқа оқылуы. Екпін ережесі.
Анатомиялық терминдердің құрылымы. ------------------------------------------ 10 бет
-
Фонетиканың негізгі заңдары. Латын тілінің грамматикалық құрылымы.--- 13 бет -
Зат есім. Зат есімнің сөздік формасы, жіктелуі.
Зат есімнің негізін, тегін анықтау --------------------------- 16 бет
-
Сын есім. Сын есімнің грамматикалық категориясы, 2 тобы.
Сөздік формасы. Зат есім мен сын есімнің байланысу жолдары. ------------ 19 бет
7. Сын есімнің салыстырмалы және күшейітпелі шырайлары. --------------- 23 бет
8. Латын тілі тектерінің грамматикалық белгілері туралы мәлімет --------- 28 бет
9. 3-жіктеу әйел (f)-тегіндегі зат есімдер ---------------------------------------- 32 бет
10. ІІІ жіктеудегі n-тегіндегі зат есімдер ------------------------------------------ 34 бет
11. Атау септігі көпше түрдегі зат есімдер --------------------------------------- 36 бет
12. Көпше түрдегі І, ІІ, ІІІ, IV, V септеу.
Зат есімдердің және сын есімдердің ілік септігі (Genetivuspluralis) --------- 40 бет
13. Жалпы сөз құрылымы туралы түсінік. Сөз құрамы. Морфемалар түрлері. Морфемалық талдау. ---------------------------------------------------------------------------------- 43 бет
14. Сөз құрау. Ерікті және еріксіз терминдік элементтер.
Сөз құраудың кейбір ерекшеліктері. Клиникалық терминология ----------- 48 бет
15. Клиникалық терминологиядағы ossis,lass,ismus,oma жұрнақтары ----- 51 бет
16. Префикация ----------------------------------------------------------------55 бет
17. Ұлпалардың, мүшелердің және жыныс мүшелері атауларын білдіретін грек-латын дублеттері. Функциональды және патологиялық жағдайларды, процесстерді білдіретін дара терминоэлементтер ------------------------------------------------------------ 59 бет
18. Сөз құрау (жалғасы). Әртүрлі физикалық қасиеттерін, сапаларын білдіретін дара терминоэлементтер ------------------------------------------------ 62 бет
19. Фармацевтік терминология. Басты фармацевтік терминдер ------ 64 бет
20. Етістік (Verbum). Сабақты және салт етістіктер -------------------------- 69 бет
21. Етістіктің грамматикалық категориясы. Сөздік формасы, негізі. Белгісіздік рай. Шартты, бұйрық райлар------------------------------------------ 72бет
22. Табыс-шығыс септіктері және олардың рецепте қолданылатын жалғаулары. ---------------------------------------------------------------------------- 76 бет
23. Рецепт, оның құрылымы. Рецептегі қосымша белгілер ---------- 78 бет
24. Химиялық элементтер атаулары. Қышқылдар. Оксидтер ------- 81 бет
25. Тұздар атаулары. Рецептегі қысқартулар.--------------------------- 85 бет
26. Есімдік (Pronomina). Тәуелдеу есімдігі (Pronomina Possessīva). Жіктеу есімдігі (Pronomina personalia). Өздік есімдік (Prenomen reflexivum). .--------------------------- 91 бет
27. Предлогтар (Praepositiones) .--------------------------- 95 бет
28. Өткен шақ (Imperfectum indicatīvi activi et passivi) .--------------------------- 101 бет
29. Келер шақ (Futurum I indicatīvi activi et passivi) .--------------------------- 103 бет
30. Сан есім, үстеу ---------------------------------------------------------- 105 бет
Пайдаланылған әдебиеттер --------------------------------------------------108 бет
№1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Латын алфавитінің даму тарихы. Медицинадағы рөлі.
Сабақтың жоспары:
-
Латын алфавитi даму тарихы. -
Латын тілінің медицинадағы рөлі.
Латын тілі туралы мәлімет
Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі – Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды.
Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.
Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.
Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді.
Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы.
Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.
Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б.
Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.
Латын тіліндегі медициналық атауларды дұрыс және сауатты қолдану үшін латын тілі пәнін мұқият оқып, терминдерді дұрыс айта білуге үйрену, олардың грамматикалық формасы мен мағынасын жете түсіне білуі керек.
Латын тілінің негізін білмей медициналық білімді игеру мүмкін емес. Болашақ дәрігерлерді дайындау барысында латын тілін оқыту өте маңызды. Сол секілді латын тілінен енген сөздердің мағынасын, түпнұсқасын білу де маңызды. Себебі оларға саналы түрде латын-грек тілінен шыққан медициналық терминдерді ұғынып, түсінуге мүмкіндік береді.
Латын тілі – бірінші курс студенттері үшін бұрын оқытылмаған жаңа пән. Сондықтан оны оқытуда қиындықтар кездеседі. Медициналық жоғары оқу орындарында латын тілін студенттерге медициналық терминологияны меңгерту және тек оқу орнының қабырғасында ғана емес, болашақ кәсіби қызметінде қолдансын деген мақсатта оқытады, яғни терминологиялық сауатты дәрігер даярлауды көздейді. Латын тілі пропедевтикалық пән болғанымен, медицина факультеттерінде оқытылатын барлық пәндермен, әсіресе анатомия, биология, биохимия, микробиология, фармакология және клиникалық пәндермен тікелей байланысты.
Студент-медик үшін фармацевтикалық терминологияны оқу да маңызды. Онда фармацевтикалық нарықта қолданылатын дәрі-дәрмектердің номенклатурасы оқытылады. Студенттер дәрі-дәрмектердің атауы қалай қойылатындығын, атауында дәрі туралы белгілі бір типтік ақпарат беретін терминдік бөлшектер болатынын, сол арқылы қандай жағдайда қолданылатындығын білу үшін терминдерді түсініп, жатқа білуі керек. Рецепт жазуға машықтану үшін стандарт рецептуралық анықтамалар мен қолданылған бөлшектердің грамматикалық формасын білген жөн. Қазіргі таңда өкінішке қарай, латын тілін оқытуға бөлінетін сағат саны аз. Тақырыптар топтастырылып, біріктіріліп оқытылады, көп жағдайда тапсырма студенттердің өз бетінше дайындалуына беріледі. Медициналық терминологиямен қатар сабақтарда латын афоризмдері мен қанатты сөздеріне назар аударылады. Бұл ғасырлар бойы келе жатқан мұраны танып қана қоймай, латын сөздерін еске сақтауға көмектеседі. Латын тілін оқыту – болашақ дәрігерлерді даярлаудың ажырамас құралы. Латын тілін оқытудағы мақсат біреу – кәсіби тілдің терминологиялық жүйесінің негізін құру. Терминдердің ұғымдық мәнін толық ашу үшін тиісті кафедраларда арнайы пәндерді оқу керектігі белгілі. Ал латын тілін жақсы оқу терминдерді оңай меңгеруге, қолдануға мүмкіндік береді.
Медициналық жоғары оқу орнының басты міндеті – білікті маман-дәрігерлерді даярлау. Ал арнайы терминологияны меңгермей білікті маман болу қиын. Болашақ дәрігерлер латын тілін оқу арқылы терминдерді түсінумен қатар, орынды қолдана білетін болады.
Жалпы, әлемде медицина саласындағы термин сөздер мен дәрі-дәрмек, құрал-саймандар атауының барлығы да латын таңбасымен белгіленіп, жазылып, айтылатыны белгілі. Осы жағынан алғанда 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуіміз керек деген ой орынды. Сонымен қатар латын графикасына көшу, ең алдымен, дәрігерлер үшін оңай болатын сияқты. Өйткені медицинада латын тілі қолданылады. Латын тілі – дәрігерлердің кәсіби тілі, медицинада анатомиялық, емханалық және фармацевтикалық терминдер латын тілінде қолданылады. Медициналық терминдерді дұрыс түсіну үшін медицина саласының қызметкерлері латын тілін жақсы біліп, күнделікті қызметінде латын терминологиясын пайдалана білуі керек. Себебі цифрлы медицина латын тілінен басталады.
Студенттер медициналық терминдерді түсіну үшін грек-латын тілдерінен шыққан терминэлементтерді еске сақтауы керек. Терминэлемент дегеніміз – терминологиялық мағынасы бар ең кіші бірлік. Медициналық терминологияны меңгеру және оны қолдана білу дәрігердің кәсіби біліктілігінің ажырамас бөлігі екенін түсінуі керек. Оқытушы терминдердің құрамы мен құрылымын, оның мағынасын түсіндіру керек. Студент әр сабақта жаңа ұғымдармен, терминдермен танысады. Сондықтан студенттің қолында медициналық терминдер сөздігі болғаны дұрыс.
№2. Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстың оқылуы.
Дифтонгтар мен дауыссыз дыбыстың оқылу ережелері.
Сабақтың жоспары:
-
Латын алфавитiндегi әрiптердiң атаулары мен жазылуын үйрену. Осы әрiптермен белгiленген дыбыстардың оқылуын игеру. -
Дауысты дыбыстардың оқылуы. Дифтонгтар. -
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы. Диграфтар.
Латын алфавитi
Латын алфавитiнде 25 әрiп бар. Оның 6-уы дауысты: a, e, o, i, u, y. Қалған 19-ы дауыссыздар.
Жазылуы | Айтылуы | Оқылуы | Жазылуы | Айтылуы | Оқылуы |
Aa Bb Cc Dd Ee Ff Gg Hh Ii Jj Kk Ll Mm Nn | а бэ цэ дэ э эф гэ Гг и йота ка эль эм эн | А Б ц н/е к д э ф г укр.г нем.н и й к ль м н | Oo Pp Rr Ss TtUu Vv Xx Yy Zz | О пэ ку эр эс тэ у вэ икс ипсилон (игрек) зета | о п к р с н/е з т у в кс и з |
Дыбыстардың жiктелуi
Дауысты дыбыстар: a, e, o, i, u, y
Дауыссыз дыбыстар: b, c, d, f, g, h, j, k, l, m, n, p, q, r, s, t, v, x, z
Дауысты дыбыстар – бiр дауысты дыбыстан (монофтонг) және екi дауысты дыбыстан (дифтонг) тұратын болып екiге бөлiнедi.
Дауысты дыбыстар мен дауыссыз j (йота)-ның оқылуы /монофтонгтар
E – [э] әрпi тәрiздi оқылады: vertebra (вэртэбра) – омыртқа
I – (и) әрпi тәрiздi оқылады: inferior (инфэриор) – төменгi.
Сөзде немесе буында дауысты дыбыстардың алдында келсе, сонымен қатар 2 дауысты дыбыстың арасында келсе, i - әрпi қысқа (й) болып оқылады: iugularis (югулярис).
Бiрақ қазiргi медицина терминологиясында i - әрпiнiң орнына Jj - әрпi қолданылады: jugularis (югулярис).
J - әрпi грек тiлiнен енген сөздерде жазылмайды. Себебi ол тiлде бұл әрiп болмаған: iatria - (иатрия).
Ү – ипсилон, игрек (фр igrek - игрек) и әрпi болып оқылады: tympanum (тимпанум). Б±л әрiп тек грек сөздерiнде қолданылады.
NB (Nota bene) – көңiл бөлiңiз.
Медицина терминдерiн дұрыс жаза бiлу үшiн, өте кең тараған грек түбiрлерiн және сөз бөлiктерiн ескеру керек. Себебi бұл сөз бөлiктерiнде және түбiрлерiнде “у” әрпi жазылады.
Dys (дис) – қызметiнiң бұзылғанын бiлдiредi.
Hypo (гипо) - төмен, астында; “аз” деген мағынаны бередi.
Hyper (гипер)- үстiнде, жоғары; “көп” деген мағынаны бередi.
Syn, sym (син, сим)- “бiрге” деген мағынаны бередi.
My (мио)- сөз түбiрi; “бұлшық етке қатысты” дегендi бiлдiредi.
Дифтонгтар
Екi дауысты дыбыс бiрiгiп, бiр дыбысты немесе бiр буынды бередi. Мұндай бiрiгудi дифтонг деп айтады.
Латын тiлiнде 4 дифтонг бар: ae, oe, au, eu.
Алғашқы екеуi бiрдей дыбыстарды бередi:
Ae – [э] болып оқылады: peritonaeum [пэритонэум].
Oe – [э] болып оқылады: oedema [эдэма] – iсiк.
E
[э]
ae
oe [э]
Au-[ау] болып оқылады: auris [аурис] – құлақ
Eu-[эу] болып оқылады: pneumonia [пнэумониа] - өкпенiң қабынуы.
Дауыссыз дыбыстардың оқылуы
С - әрiпi а, о, и дауысты дыбыстарының, барлық дауыссыз дыбыстар алдында және сµз соңында [к] болып оқылады. сaput [капут] – бас, crista [криста] - қыр, жота.
С - әрiпi е, i, у әрiптерi мен ае, ое дифтонгтарының алдында келсе, [ц] болып оқылады:
cervicalis [цервикалис] - мойындық.
а.о.и әрiптерi алдында
[к]а,о,u єріптері жєне дауыссыз дыбыстар
алдында, сөз соңында
С е,i,у әрiптерi алдында
[ц]
ае , ое алдында
H - әрпi украинның [г] немесе немiстiң [h] әрiптерi тәрiздi оқылады: homo [гомо] – адам.
K - әрпi [к] болып оқылады, µте сирек ќолданылады kalium [калиум].
L - әрпi жұмсақ айтылады: labium [лябиум] - ерiн.
S - әрпi екi жағдайда оқылады. Дауысты дыбыстар арасында жєне дауысты дыбыс пен m,n єріптері ортасында тұрса, [з] болып оқылады. Басқа кездерде -[с]. Мысалы: incisura [инцизура] – ойық , chiasma [хиазма] - қиылыс, Sutura [сутура] – тiгiс.
V - әрпi [в] болып оқылады: fovea [фовеа] – шұнқыр.
X - әрпi қос дауыссыз дыбыс болып оқылады: [кс] radix [радикс] – тамыр.
Z - әрпi грек сөздерiнде кездеседi де, [з] болып оқылады: zуgomaticus – [зигоматикус] – жақтық. Ал латын сөздерiнде [ц] болып оқылады: zincum [цинкум] – мырыш.
Қосарланған әрiптердiң оқылуы
Q -әрпi әр уақытта иәрiпiмен бiрiгiп, [кв] болып оқылады: squama [сквама] - қабыршақ. ngu әрiптерi бiрiгiп, екi түрлi оқылады: дауысты дыбыстар алдында - [нгв]: lingua [лингва] – тiл, ал дауыссыз дыбыстар алдында -[нгу]: lingula [лингула] – тiлше.
T i -әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [ци] болып оқылады: rotatio [ротацио] - айналу. Бiрақ ол S немесе X дауыссыз дыбыстарынан кейiн [ти] болып оқылады: ostium [остиум] – тесiк.
Su - әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [св] болып оқылады: consuetudo [консветудо] - әдет, ал басқа кездерде [су] болып оқылады: sutura [сутура] – тiгiс.
Диграфтар оқылуы
Грек тiлiнен енген сөздерде ch, ph, rh, th диграфтары кездеседi. Әрбiр диграф бiр дыбыс бередi. Ch=[x], ph=[a], rh=[p], th=[т]. Мысалы: nucha [нуха] – желке, synchondrosis [синхондрозиз] – синхондроз, xiphoideus [ксифоидеус] – семсер тәрiздi, thorax [торакс] – кеуде клеткасы.
I. Жаттыѓулар. С -әрпiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.
Caput ; collum ; cavitas; occiput; truncus; facies; caecus; cerebrum; clavicularis; scapula; accessorius; musculus; sceleton; cruciatus; cementum; cavum cranii; saccus lacrimalis; cartilago; condylus; biceps; cellula; corpus; sulcus palatinus; sulci palatini; vertebrae cervicales; vertebrae sacrales; os coccygis; foramina sacralia dorsalia; bucca; buccae.
II. i, j; әрiптерiнiң оқылуын түсi
ндiрiңiз.
Intestinum; infraspinatus; iater; paries inferior; insula; junctura (iunctura); jugum (iugum); jugularis (iugularis); canalis palatinus major (maior); fossa infratemporalis; tuberculum majus (maius); jejunum (ieiunum); iliacus.
III. ss, s - әрiптерiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.
Fossa; humerus; mesenterium; impressio; sinus; sigmoideus; septum nasi; canalis; hypoglossalis; processus styloideus; basis cranii; segmentum; pars petrosa; chiasma; fissura; dens incisivus; platysma; mesogastrium; mucosus; nasolacrimalis; sulcus sinus transversi.
IV. x, z - әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңiз.
Flexio; axis; externus; maxillaris; fornix; index; punctum; fixum; plexus; larynx; dexter; maxilla; circumflexus; radix; extremitas; os coxae; startum zonale; zygomaticus; trapecius; zona orbicularis; vena azugos.
V. Дифтонгтардың оқылуына көңiл бөлiңдер.
Vertebrae; costae; caecus; oesophagus; pleura; auricularis; corpus vesicae felleae; aponeurosis; pseudomembrana; uropoёticus; oedema; diploё; aёr; auris; auricula; haematopoёticus; dyspnoё; regio glutaea; peronaeus; neurocranium; caudalis.
VI. qu, ngu - қосарланған әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңдер.
Squama occipitalis; lamina quadrigemina; quadratus; vertebra quinta; linea obliqua; lingua; lingula; inguinalis; unguis; squamosus; os triquetrum; sublingualis; angulus; sanguis; sanguineus.
VII. ti - әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңдер.
Adductio; abductio; periodontium; supinatio; articulatio; eminentia; tibia; ostium; spatia intercostalia; digestio; distantia trochanterica; substantia; spongiosa; foramina nutricia; mixtio; masticatio.
VII. Диграфтар мен әрiптер қосылыстарының оқылуына көңiл бөлiңдер.
Nucha; thуreoideus; thorax; linea nuchae superior; tuberculum pharyngeum; os spninoidale; fossa hypophysialis; labyrinthus ethmoidalis; kyphosis; hemispherium; sectiones hypothalami; splanchnologia; sphincter; bronchus; ductus; choledochus; os scaphoideum; phalanges; symphysis; synchondrosis; isthmus; truncus brachicephalicus; arteria ophthalmica; vena saphena; nodus lymphaticus; ductus thoracicus; spinothalamicus rhinencephalon; pars sympathica; cavum subarachnoidale; os ischii; incisura ischiadica major; aquaeductus mesencephali.
IX. Сөздердi латын әрiптерiмен жазыңдер.
Нэрвус, субкутанэус, акустикус, органон, апэкс, скелетон, капитулюм, максилля, кауда, дэнтэс, квантус, тэнзор, цэлля, сангвис, цэллюля, артикуляцио, ринэнцефалон (грек), мукозус, коммисура, квадрицэпс, фиброза, плексус, ваза, ос коксэ (дифтонг), диафрагматикус
№ 3. Сабақтың тақырыбы: Буынның ұзақ және қысқа оқылуы. Екпiн ережесi. Анатомиялық терминдердiң құрылымы.
Сабақтың жоспары:
-
Екпiннің ұзақ оқылу ережесi. -
Екпiннің қысқа оқылу ережесi. -
Анатомиялық терминдердiң құрылымы
Екпiн
Латын тiлiнде екпiн күшпен оқылады, сондықтан екпiн түсiп тұрған буын күштi дауыспен айтылады.
Екпiндi қою ережесi
1.Сөз соңына екпiн қойылмайды. Екi буыннан тұратын сөздерде, екпiн алғашқы буынға қойылады:
, , , , ,
Мысалы: margo, corpus, sinus, cavum, fossa
2. Көп буыннан тұратын сөздерде екпiн соңынан санағанда екiншi немесе үшiншi буынға қойылады. Бұл ереже соңынан санаѓанда 2-ші дауысты дыбыстың ұзақ немесе қысқа оқылуына байланысты болады. Егер соңынан санағанда екiншi буын дауысты дыбысы ұзақ оқылса, онда екпiн соған қойылады. Ал егер соңынан санағанда екiншi буынныњ дауысты дыбысы ќысќа оқылса, онда екпiн үшiншi буынға қойылады.
Екiншi буын қай уақытта ұзақ және қысқа оқылады.
Ұзақ оқылу ережесi:
а) Егер екiншi буын дифтонг болса, әр уақытта ұзақ оқылады. Екпiн сол буынға түседi. Мысалы: peritonaeum – iш, құрсақ, peronaeus – кiшi жiлiншiктiк
ә) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы екi немесе одан да көп дауыссыз дыбыстар мен х, z әрiптерi алдында келсе, ол ұзақ оқылады.
,
Екпiн дауысты дыбысқа қойылады. Мысалы: columna - бағана,
, ,
medulla - ми, circumflexus - айналу
в) Егер екiншi буын -al-,-ar-,-at-,-in-,-os- жұрнақтары болса,онда олар әр уақытта ұзақ оқылады. Екпiн сол жұрнақтарға түседi. Мысалы: pelvinus – жамбастық, spinosus - үшкiр.
Қысқа оқылу ережесi:
а) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы b, c, d, g, p, t әрiптерi l немесе r әрiптерiнiң тiркесiп келсе, онда ол қысқа оқылады. Екпiн үшінші буынға қойылады.
, ,
Мысалы: vertebra, palpebra
ә) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы ch, ph, rh, th диграфтары алдында келсе, қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады.
,
Мысалы: choledochus - өттiк.
б) Егер екiншi буынның дауысты дыбысы дауысты дыбыстың немесе in әрпiнiң алдында келсе, онда ол қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады. Мысалы: paries - қабырға, osseums – сүйектiк.
в) Егер екiншi буын -ol-, -ul-, жұрнақтары болса, олар қысқа оқылады. Екпiн үшiншi буынға қойылады. Мысалы: lobulus – бөлiкше, alveolus - ұяшық, альвеола.
NB – Көњiл бөлiңіздер:
Кейбiр сөздерге бұл ереженi қолдануға болмайды. Себебi екiншi буынның дауысты дыбысы бiр дауыссыз дыбыс алдында келедi. Бұл жағдайда кейбiр сөздер ұзақ немесе қысқа оқылуы мүмкiн. Сондықтан бұл сөздердi сөздiктен қарау керек. Егер ұзақ оқылса+ ( - ) белгiсi, ал қысқа оқылса (ғ) белгiсi қойылады.
Анатомиялық терминдердiң құрылымы
Латын тiлiнде терминдер түрi әртүрлi болып келедi. Бiр сөзден тұратын терминдер бар. Олар атау септiгi жекеше және көпше түрдегi зат есiмдер. Мысалы: