Файл: авимед кпсалалы колледжі Техникалы жне ксіптік білім беру Мамандыы 09160100 Фармация.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 1171
Скачиваний: 6
-
Есімдік (Pronomina) жасалу жолдары. -
Тәуелдеу есімдігі (Pronomina Possessīva). жасалу жолдары. -
Жіктеу есімдігі (Pronomina personalia) жасалу жолдары. -
Өздік есімдік (Prenomen reflexivum) жасалу жолдары.
1. Жіктік есімдік
2. Сұрау есімдігі
3. Жалпылау есімдігі
4. Болымсыздық есімдік
5. Сілтеу есімдігі
6. Өздік есімдік
7. Белгісіздік есімдігі
-
Жіктеу (pronomina personalia) -
Өздік (prenomen reflexivum) -
Тәуелдеу (pronomina possessiva) -
Сілтеу (pronomina demonstrativa) -
Қатыстық (pronomina relativa) -
Сұрау (pronomina interrogativa) -
Болымсыздық (pronomina negativa) -
Есімдік сын есімдер (adjectiva pronomina)
| Латын тілі | Қазақ тілі | Орыс тілі | ||||||
| m | f | n | | муж. | Жен. | Сред. | ||
| meus tuus suus nostĕr vestĕr | mea tua sua nostra vestra | meum tuum suum nostrum vestrum | менікі сенікі оныкі біздікі сендердікі | мой твой свой наш ваш | моя твоя своя наша ваша | моё твоё своё наше ваше | ||
Тәуелдеу есімдігі І және ІІ септеуге жататын сын есімдердің септелу үлгісімен септеледі. Vocatīvus формасында meus есімдігі mі! Формасын қабылдайтынын естен шығармау керек. Pronomina Possessīvaны жалғауларына байланысты мужской, женский, средний родтарға бөлеміз, тәуелдік есімдіктің тегі (роды) қандай зат есіммен тіркесуіне байланысты. Зат есім қай текте (родта) тұрса, тәуелдік есімдік сол текте (родта) қолданылуы тиіс. Яғни, І септеуге жататын мужской родтағы зат есімдер ( poēta ақын; nauta теңізші)–us-қа, -er-ге аяқталатын тәуелдік есімдермен қолданылады. Мысалы:poēta noster ақын біздікі немесе біздің ақынnauta vester теңізші сендердікі немесе сендердің теңізшіpatria mea отан менікі немесе менің отанымamicus tuus дос сенікі немесе сенің досыңCын есім сияқты тәуелдік есімдер зат есімнен кейін тұрады. Ескерту. (N.B.) Қазіргі кездегі Батыс Еуропа тілдеріндегідей тәуелдік есімдік бастауыштың жағына байланысты қолданылады:amo (І жақ ) amīcum meumмен менің досымды жақсы көреміня люблю моего друг amas (ІI жақ ) amīcum tuum сен сенің досыңды жақсы көресіңты любишь твоего другаamat (ІII жақ ) amīcum suum ол өз досын жақсы көредіон любит своего друга Аударғанда орыс тілінде де, қазақ тілінде де өз өздік есімдігін қолданады, ал латын, ағылшын, неміс және басқа Батыс Еуропа тілдерінде олай емес. Салыстырайық:ағылшын тілінде - I love my friend, he loves his friend …неміс тілінде – Ich liebe meinen Freund, du libest deinen Freund …Жіктеу есімдігі (Pronomina personalia)Жіктеу есімдігінің (pronomina personalia) үндіеуропа тілдерінде шығу тегі бір. Латын тілінде ego, орыс тілінде я, неміс тілінде ich, ағылшын тілінде I, латын тілінде tu, орыс тілінде ты, неміс тілінде du, ағылшын тілінде you. Сондай-ақ үндіеуропа тілдерінде мұра болып қалған атау септігі мен ілік септігінің суплетивтігі, яғни қосымша басқа түбірден жасалуы (латын тілінде suppletivus қосымша деген мағанада). Жіктеу есімдігі жақтық ұғыммен байланысып келіп, затқа, адамға байланысты болады. Мында сөйлеуші жақ немесе І жақ мен, біз, біздер, тыңдаушы жақ немесе ІІ жақ сен, сендер. Латын тілінде ІІІ жақ немесе қазaқ тілінде бөгде жақ деп аталатын форма жоқ. ІІІ жақтың орнына латын тілінде сілтеу есімдігі қолданылады. Жіктеу есімдігі кім? кімдер? деген сұраққа жауап береді
| Септеу | Singularis | Pluralis | ||||||
| Nom. | Ego | мен | tu | сен | nos | біз | vos | сендер |
| Gen. | mei | менің | tui | сенің | nostri nostrum | біздің | vestri vestrum | сендердің |
| Dat. | mihi | маған | tibi | саған | nobis | бізге | vobis | сендерге |
| Acc. | me | мені | te | сені | nos | бізді | vos | сендерді |
| Abl. | me | менімен | te | сенімен | nobis | бізбен | vobis | Сендер мен |
-
Латын предлогтарының жасалу жолдары -
SUM, FUI, ESSE етістіктерінің Praesens Indicativi формасы
Қазақ тілінде латын предлогтарына шылаулар сәйкес келеді. Өз алдына жеке тұрып толық мағанасы болмайтын, сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын, бірақ басқа сөздерге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер шылау деп аталады. Қазақ тіліндегі шылаудың атқаратын қызметі бірдей емес. Шылаудың кейбірі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру қызметін атқарса, енді біреулері сөздерді грамматикалық қатнасқа келтіріп отырады, үшінші біреулері сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтап, я толықтап, қосымша мағана үстеп жатады. Бұл жерде септеулік шылауларға тоқтамай болмайды. Келесі сөйлемдерге назар аударайық: Күн сайын газет оқып отырамын. Олар клубқа қарай келе жатыр. Қызу жиналыстан кейін үш-ақ адам қалды.Осы сөйлемдердегі сайын, қарай, кейін шылаулары өзінің алдында тұрған сөздердің арнаулы септікте тұруын қажет етіп тұр. Мысалы, сайын күн сөзінің атау септікте тұруын қаласа, кейін жиналыс сөзінің шығыс септікте келуін қажет етіп тұр.Сонымен, өзінің алдындағы сөздің белгілі бір септікте тұруын қажет ететін шылауларды септеулік шылаулар немесе септеуліктер дейді. Қазақ тілінде табыс және жатыс септіктерінен басқа септіктерде тұрған сөздер белгілі бір шылаулармен тіркеседі. Септік жалғауымен тіркесетін шылаулар бірде бастауыш пен баяндауышты байланыстырады, бірде өзінің алдындағы сөзге анықтауыштық қызмет атқарады. Кестені қараңыз.
| Атау | Барыс | Шығыс | Көмектес |
| сайын, үшін, жөнінде, туралы, жайында, турасын да, секілді, сықылды, шамалы, түгіл, шақты, екеш | шейін, дейін, таман, қарай, тарта: Отрядта 100-ге тарта бала бар. Қалаға дейін атпен, одан әрі машинамен жүреміз. Өзенге қарай екеуі келе жатыр. | Соң, әрі, кейін, бәрі, бұрын, гөрі: Бірсыпырадан бері хат та жазбапты. Сенен гөрі менің еңбегім көбірек сіңді. Одан кейін де көп уақыт өтті. | Қатар, бірге: Бұл жұмыстармен қатар әлі де талай атқаратын істер бар. Сенімен бірге тағы да біреу келді. |
, мұндағы сөздер бір-бірімен байланыспайды не мағаналары көмескі болып қалады.
Кестеде көрінгендей қазақ тілінде табыс, жатыс септіктерімен тіркесетін шылау жоқ.
Латын тілінде әрбір предлог (шылау) аккузативпен немесе аблятивпен қолданылады. Екі предлог қана (in және sub) осы екі септеуде де қолданылады.
1. Аккузативпен жиі қолданылатын предлогтар (шылаулар): ad қасында, жанында, маңында; ante алды, алдында; apud қасында; contra қарсы, қарамастан; ob себебі; per ішінде, іші арқылы; trans үстінде, үсті арқылы; post кейін, соң, әрі; praeter басқа; propter үшін, бола.
2. Аблятивпен жиі қолданылатын предлогтар (шылаулар): a (ab) –тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен, кейін; cum -мен, -пен,- бен, бірге; de туралы, жөнінде, секілді, сықылды, жайында, турасында ; e (ex) –тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен; prae алдында, шейін, дейін;pro үшін, қорғау үшін; sine – сыз, - сіз.
3. Екі септеуде қолданылатын предлогтар (шылаулар): in – да , -де, -та, -те жалғауы яғни «қай жерде?» сұрағына жауап берсе аблятивпен (abl.) қолданылады және «қайда?» сұрағымен аккузативті (acc.) керек ететін предлог (шылау); sub – астында яғни «қай жерде?» және «қайда?» сұрақтарына байланысты аблятив (abl.) пен аккузативті (acc.) керек ететін предлог (шылау).
Ескерту. (N.B.) 1. Сausā себебі және gratiā үшін, болғандықтан предлогтары ілік септігімен яғни Genetivusпен қолданылады. Жоғарыда аталған предлогтар сөздің алдында тұрса, бұл екі предлог сөзден кейін тұрады. Мысалы: gloriae causā атақ үшiн, amicōrum causā дос үшiн, exempli gratiā мысалы, мысал үшiн
4. Кейбір предлогтарды (шылауларды) – cum, ex, in, de, ob cияқты – сын есім мен зат есімнің ортасына қоюға болады: magna cum cura қамқорлықпен, үлкен қамқорлықпен
5. а және е предлогтары дауысты әріптен басталатын сөздердің алдында ab және ex формаларында қолданылады.
Латын предлогтарының (шылауларының) кестесі төмендегідей болады:
| Accusatīvus | Ablatīvus | Genetīvus |
| Ad, ante, apud, contra, ob, per, trans, post, praeter, propter, in, sub | A (ab), cum, de, e(ex), prae, pro, sine, in, sub | Сausā, gratiā |