Файл: авимед кпсалалы колледжі Техникалы жне ксіптік білім беру Мамандыы 09160100 Фармация.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 423
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
sternum – төс, thorax – кеуде клеткасы, ossa - сүйектер.
Кейбiр сөздер қазақша аудармада екi сөзден тұрады. Латын тiлiнде анатомиялық терминологияда бiр сөзден тұратын терминдер өте аз: көбiнесе терминдер – сөз тiркестерi арқылы қолданылады. Себебi тiркестi термин мүшелер мен ағзалардың нақты белгiлерiн көрсете алуы тиiс. Тiркестi термин зат есiм мен сын есiмнен (бiрнеше сын есiмдерден) немесе атау септiгiндегi және iлiк септiгiнде зат есiмдерден тұрады. Мысалы: Vertebra cervicalis – мойындық омыртқа, collum costae - қабырға мойыны.
Көп жағдайда нақты атауларды көрсету ұшiн олардың қ±рамында анықтауыштар қолданылады. Б±л анықтауыштар тек зат есiмдi ғана емес, бұкiл сөз тiркестерiн анықтайды. Мысалы: processus articularis superior - жоғарғы буынды өсiндi
1. Медицина терминдерiнде бiрiншi орында әр уақытта атау септiгiндегi зат есiм тұрады, содан кейiн бiр немесе бiрнеше анықтауыш сөздер келедi.
2. Жалпы бүкiл сөз тiркесiн анықтап тұрған сөздер көбiнесе анатомиялық құрылымдардың көлемiн, пiшiнiн көрсетедi (үлкен-кiшi, жоғары, төменгi, ортаңғы, дөнгелек, сопақ, сыртқы, iшкi). Бұл сөздер зат есiммен байланысып, сөйлем соңында жазылады: protuberantia occipitalis externa – сыртқы шүйделiк шығыңқы.
Анықтауыштар байланысқан, байланыспаған болып 2-ге бөлiнедi. Мына сөйлемдердi қарастырып көрелiк:
1.os palatinum- таңдайлы сүйек. 4.os pubis-қасаға сүйек.
2.os frontale - маңдайлы сүйек. 5.ossa brevia-қысқа сүйектер.
3.os coxaе - жамбас сүйек.
Бұл сөйлемдердегi os-сүйек сөзiн анықтап тұрған сын есiмдердiң жалғаулары әр түрлi. Себебi латын тiлiнде сын есiмдердiң 2-тобы бар және олар әр түрлi жiктеледi.
Сонымен байланысқан анықтауыш дегенiмiз - анықтап тұрған зат есiммен 1-текте,1-түрде,1-септiкте болатын сөздер. Байланысқан анықтауыш қызметiн көбiнесе сын есiмдер атқарады. Мысалы: columna vertebralis-омыртқалық бағана.
Байланыспаған анықтауыш дегенiмiз - iлiк септiгiнде тұрған зат есiмдер. Мыс: corpus vertebrae-омыртқаның денесi.
Медицина терминдерiнiң құрылымын тез және дәл түсiне бiлу үшiн,терминдердi схема түрiнде жазып үйренген дұрыс.
Тiркестi терминдердiң жасалу схемасы.
Грамматиканы игеру алдында сөз тiркестерiн латын тiлiнен қазақ тiлiне, қазақ тiлiнен латын тiлiне аударған кезде, сөйлемдердi дұрыс тәртiппен орналастыру мақсатында, схемалы жүйенi пайдалану ұсынылады. Схемалық жүйедегi сөздер бiр-бiрiмен белгiлi бiр ережеге сай байланысады. Сондықтан олар байланысқан және байланыспаған анықтауыштар болып бөлiнедi.
I. Буындардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердiң екпiнiн қойыңыз.
Medulla ossium; membrum inferius; epigastrium; substantia compacta; ligamentum; processus transversus; corpus maxillae; ductus choledochus; facies poplitea; quadruplex; palpebra superior; periosteum; arcus vertebrae.
II. Жұрнақтардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердiң екпiнiн қойыңдер.
Hiatus sacralis; incisura vertebralis; clavicularis; hyomandibularis; mentalis; sulcus pulmonalis; foramen spinosum; fossa grandulae lacrimalis; processus zygomaticus; incisura supraorbitalis; pars squamosa; nodi pancreatici; pelvinus; pubicus; foveolae granulares; glomerulus; geniculum; hamulus pterygoideus; fossa pterygopalatina; digitatus; cribrosus.
III. Аударыңыз, терминдердiң схемасын берiңдер.
A. 1)Vertebra thoracica; 2) arcus vertebrae; 3) massae laterales; 4)collum radii; 5) pediculi arcus vertebrae; 6)ligamentum longitudinale; 7)ligamentum capitis; 8)basis ossis sacri; 9)labium mediale lineae asperae; 10)sulcus sinus sigmoidei; 11)fovea articularis processus articularis superiōris; 12)aponeurōsis musculi oblicqi externi abdominis; 13)musculus rectus capitis posterior major; 14)arteriae alveolares superiōres anteriōres.
B. 1)Processus articularis inferior vertebrae lumbalis secundae; 2)ligamenta columnae vertebralis; 3)caput superius musculi pterygoidei lateralis; 4)articulationes cinguli membri superiōris; sinus venārum cavārum atrii dextri.
C. 1)Tuber maxillae; 2)palātum durum; 3)apex radīcis dentis; 4)forāmen palatinum majus; 5)tunica mucosa linguae; 6) cartilāgo septi nasi; 7)concha nasalis inferior; 8)plexus cavernosi conchārum.
№4. Сабақтың тақырыбы: Фонетиканың негізгі заңдары. Латын тілінің грамматикалық құрылымы
Сабақтың жоспары:
Фонетиканың негізгі заңдары
Латын тілінің тарихын зерттеген ғалымдар классикалық кезеңге дейін көптеген фонетикалық өзгерістердің болғанына көз жеткізіп отыр. Әр кезеңде фонетикалық заңдар пайда болып іс жүзіне асырылып отырған. Фонетикалық заңдардан хабардар болу морфологиялық системаны түсінуді жеңілдетеді. Негізгі фонетикалық заңдарға жататындар:
1) дауыссыздардың регрессивтік ассимиляциясы;
2) ротацизм заңы;
3) редукция заңы
Сөйлеу барысында бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, ұқсастыруды, қиюластыруды талап етіп тұрады. Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасайды. Сөйтіп, көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы делінеді, үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстрмен де байланысты болады. Дауыссыз дыбыстардың үндесуінде әңгіме тек қана жеке дыбыстардың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал жасауы жайында болады. Сондықтан, дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік заңын ғылыми тілмен ассимиляция немесе
дыбыс үндестігі деп атайды.
Бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын кейінді ықпал немесе регресивтік ассимиляция дейміз.
Ассимиляция – латын тілінің assimikato «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағананы білдіретін сөзінен шыққан термин.
Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатуын тіл білімінде толық ассимиляция дейді.
1. Тіл алды дауыссыздары (палаталь) d және t дауыссыздары s дауыссызының алдында толығымен ассимиляцияланады. Мысалы: cedo бару етістігінің І жақта перфектте формасы ced түбіріне + si > cessi. Ss әріптер тіркесі сөздің аяғында жеңілденеді: dōs қыз жасауы зат есімі dots > doss-тан жасалған.
2. Тіл арты (веляр) үнді g дыбысы және ерінді (билабиаль) үнді b дауыссызы, s және t қатаң дауыссыздардың алдында қатаңданады ( жазуда c + s әріптері x әрпімен белгіленеді). Мысалы: rego билік етемін, басқарамын етістігінің І жақтағы перфектісі reg –si > rec –si (жазуда rexi); супины reg-tum > rec-tum; scribo жазу: scrib –si > scripsi; супины scrib – tum > scriptum.
3. Тіл алды үнді d дыбысы c, g, p, f, t, r, l дауыссыздарының алдында әдетте толық ассимиляцияланады: accēdo жақындаймын етістігі ad +cēdo-дан жасалады, affĕro әкелемін етістігі ad + fĕro –дан жасалады, arrĭpio ұстаймын етістігі ad + răpio –дан жасалады.
Интервокалды s дыбысталу барысында r-ға ауысады. Оны ротацизм заңы деп атайды. (Грек тілінің ρ «rho» әрпінің атауымен аталған). Ертеректе етістіктердің инфинитивтік формасы – se-ге аяқталған, кейіннен дауысты әріптердің ортасындағы s әрпі r-ға ауысқан. Мысалы: accusāre кінәлау, audīre тыңдау. Тағы бір мысал esse болу етістігінің имперфектум және бірінші келер шақтарда осы заңға сүйеніп өзгереді: es – a – m > eram eso > ero
Қысқа дауыстылардың редукция заңы бойынша келесі өзгерістерді есте сақтаған жөн:
1) ортадағы ашық буында тұрған кезкелген қысқа әріп қысқа ĭ –ға ауысады, егер ол әріптен кейін r әрпі тұрмаса. Мысалы: бұйрық райында яғни императивтің көпше түрінде тұрған mitt
ĭ-te жөнелтіңдер етістігі mitt ĕ –te формасынан жасалған;
2) ортадағы жабық буында тұрған ă әрпі ĕ–ға ауысады. Мысалы: făctum – perfĕctum;
3) ортадағы ашық буында тұрған ae диграфы ī- қа, ал au дифтонгы ū-қа ауысады. Мысалы: caedo шабамын етістігі перфектте cecīdi шаптым формасын cecaedi-ден қабылдайды, немесе causa себеп етістігінен accusare кіналау етістігі жасалған;
4) соңғы жабық буындағы қысқа ŏ әрпі ŭ қысқаға ауысады. Мысалы: lupŏs > lupŭs;
5) ортанғы буында тұрған қысқа ĭ әрпі r әрпінің алдында тұрса, ротацизм заңы бойынша пайда болған, қысқа ĕ–ға ауысады. Мысалы: capĕre = capĭ- se > capĕ-re;
6) соңғы буындағы қысқа ĭ әрпі қысқа ĕ–ға ауысады. Мысалы: marĕ теңіз marĭ түбірінен жасалған.
Латын тілінің грамматикалық құрылымы
Өзінің грамматикалық құрлымы жағынан латын тілі синтетикалық немесе флективтік типке жатады. Яғни, құрылымы аналитикалық тип болып келетін тілдерден айырмашылығы жұрнақ және жалғау (флексия) қосу арқылы әрбір сөздің грамматикалық тұлғасын өзгертеді. Сөздердің құрамы негізінен түбір, жұрнақ және жалғаудан тұрады. Егер сөздердің құрамынан бір дыбысты алып тастаса, онда бұл сөздер не басқа мағанаға ие болады, не мағанасыз, әлдеқандай бір түсініксіз сөзге айналады.
Түбір сөз – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, ұйтқысы, жаңа сөз жасаудың мағаналы бөлшегі. Егер түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз жеке тұрып, белгілі бір мағанаға ие болса, оны негізгі түбір деп атайды. Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан түбір сөз жасалса, онда оны туынды түбір деп атайды. Ал осы туынды түбірден әр қарай тағы да екінші бір сөз жасалса, онда мұны туынды сөз деп атайды.
Сондай-ақ, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі (құрама), қысқартылуы арқылы жасалған сөздер күрделі сөздер делінеді. Тек қана түбірдің өзінен болған сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер және туынды сөздер жалаң сөздер деп аталады.
Ғылыми грамматикада жеке түбір сөздерді, сөздің мағаналы бөлшегін негізгі морфема дейді де, қосымшаны көмекші морфема деп атайды.
Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз, ал түбір мен қосымшадан тұрған сөзді қосымшалы сөз дейміз.
Қосымша жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді.
Жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағаналы сөз, бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін сөз бөлшегін
жұрнақ дейміз. Өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағаналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағанасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағана беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіріші жұрнақ делінеді.
Жұрнақ сөз тудыратын, оны түрлендіретін сөз бөлшегі болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын келеді.
Жалғау – жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып және жалғанған сөзіне азын-аулақ үстеме мағана беріп тұратын грамматикалық тұлға. Басқаша айтқанда, жалғау өзінің тура мағанасына сәйкес, сөз бен сөзді бір-бірімен ұластырушы қызметін атқарады. Жалғаулар да жұрнақтар сияқты дербес, жеке мағанада жұмсалмайды, өйткені бұлар да сөзден тыс жеке қолданылмайды. Жалғаудың бірнеше түрі бар. Олар – көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулар.Осы жалғаудың әрқайсысының өзіне тән формалары (көрсеткіштері) мен грамматикалық қызметтері бар.
№5. Сабақтың тақырыбы: Зат есiм (Nomen Substantivum)
Сабақтың жоспары:
Зат есім (Nomen Substantīvum)
Сөйлемде кім? (quis?) не? (quid?) деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағанада жұмсалатын сөздерді зат есімдер дейміз. Зат деген ұғымға күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі заттар ғана емес, сонымен бірге табиғат пен қоғамда ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғалардың атаулары, ұғымдар мен түсініктер де енеді,
Латын тілінде зат есімнің келесі грамматикалық категориялары бар: тегі (род), көптелуі (число), септелуі (падеж)
Екі көптелуі (numerus): жекеше түрі - singulāris және көпше түрі -plurālis.
Алты септеуі (casus):
Nominatīvus (Nom.) Атау септік кім? не?
Genetīvus (Gen.) Ілік септік кімнің? ненің?
Datīvus (Dat.) Барыс септік кімге? неге ?
Accusatīvus (Acc.) Табыс септік кімді? нені? қайда?
Ablatīvus (Abl.) Көмектес септік кіммен? немен? қай жерде?
Vocatīvus (Voc.) Қаратпа сөздерде қолданылады кім? не? Мысалы: Ave, magistra! Сәлеметсіз бе, ұстаз!
Латын тілінде зат есімдер бес түрлі жолмен септеледі. Септелудің түрі ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы арқылы анықталады. Сондықтан зат есімдердің сөздікте ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы міндетті түрде беріледі.
1-септеудің Gen. Sing. – ae
2-септеудің Gen. Sing. - i
3-септеудің Gen. Sing. - is
4-септеудің Gen. Sing. - us
5-септеудің Gen. Sing. - ei
Латын тiлiнде зат есiмнiң үш тегi бар: masculinum

-
Фонетиканың негізгі заңдары. -

Зат есiмнiң жiктелуiн анықтау -
Зат есiмнiң негiзiн анықтау -
Зат есiмнiң тегiн анықтау