Файл: 7 класс. 1 жмыс. Кішкентай денелерді лшемдерін анытау. Жмысты масаты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 204
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәжірибе реті | Һ , м | L, м | Lорт , м | t, с | υ0, м/с | υ0рт, м/с |
1 2. | 0,25 0,24 | 0,18 0,17 0,16 0,155 0,166 0,165 | 0,17 0,162 | 0,22 0,21 | 0,81 0,79 0,72 0,7 0,75 0,75 | 0,8 0,73 |
Қорытынды: Горизонталь лақтырылған дененің бстапқы жылдамдығын әр түрлі биіктіктен түскенде зерттей отырып, биіктік артса, бастапқы жылдамдық артатынын бақыладық.
№ 3 жұмыс.
Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: математикалық маятниктің тербеліс периодының Т =2π√ формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау.
Ол үшін тербеліс периоды мен маятниктің ұзындығын өлшеп алу қажет. Сонда жоғарыдағы формуладан еркін түсу үдеуін табуға болады: g=
Өлшеу құралдары: секундтық тілі барсағат, өлшеуіш таспа.
Құрал – жабдықтар: Саңылауы бар шар, жіп, қысқышы мен сақинасы бар тұрғы.
Жұмысты орындау:
-
Штативті үстелдің шетіне орнатыңдар. Оның жоғарғы жағына қысқыш арқылы сақина бекітіп, оған жіпке байланған жүкті іліңдер. Жүк еденнен 3 – 5 см жоғары тұруы керек. -
Маятникті тепе- теңдік күінен 5 – 8 см–ге ауытқып, содан кейін оны жібере салыңдар. -
Маятниктің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеп алыңдар. -
Толық 40 тербеліс ( N ) жасауға кеткен t уақытты өлшеңдер. -
t уақытты қайтадан өлшеп (тәжірибе шартын өзгертпей), оның tорт орташа мәнін табыңдар. -
Уақыттың tорт орташа мәні бойынша тербеліс периодының Торт орташа мәнін табыңдар. -
gорт= формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің gорт орташа мәнін есептеп шығаруға болады. -
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. -
Еркін түсу үдеуінің алынған gорт орташа мәнін g= 9,8 м/с² мәнін салыстыр. -
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. ( 1 жұмысқа, ескертуге қараңдар)
Тәжірибе нөмірі | L, м | N | t , с | tорт , с | Торт= | gорт , м / с 2 |
1 2 3 | 0,6 0,6 0,6 | 10 5 15 | 15 10 22 | 16 | 1,6 | 9,3 |
Қорытынды: Математикалық маятниктің еркін түсу үдеуін өлшеп үйрендік.
№4 жұмыс.
Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.
Жұмыстың мақсаты: судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.
Құрал – жабдықтар: лабороториялық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5- 1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластелин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыш.
Жұмысты орындау:
-
Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар. -
Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетіне су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер. -
Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар. -
Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның L қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар. -
Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер. -
Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар. -
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.
Тәжірибе реті | Уақыт t , с | Уақыттың орташа мәні tорт, с | Қашықтық L , м | Толқын жылдамдығы υ , м/с |
1 2 3 | 1,6 1,8 1,9 | 1,7 | 0,3 0,2 0,25 | 0,15 |
Қорытынды: Судағы беттік толқынның таралу жалдамдығын анықтады.
10 КЛАСС.
№ 1 жұмыс.
Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: баллистиқалық зертханалық пистолет, сантиметрлік бөлігі бар өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз, жапсырма лента.
Теориялық түсінік. Горизонталь бетте көкжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:
Б ұл формуладан оқтың 0°- тан 90°- дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді. Түсу қашықтығы соsα мен sinα көбейтіндісінің үлкен мәнінде максимал болады. Міне, осы тәуелділікті тәжірибеде 13.1-суретте көрсетілген баллистикалық пистолетпен тексеру керек. Пистолет
бұрыш өлшеуіші 3 бар, қапсырма
шегеге 2 бекітілген осьтің бойында
шыбығы (стержень) бар ширатылаған (спираль) серіппеден 1 тұрады.
Ұзына бойында тесік каналы бар шыбыққа арнайы шарик 4 орнатылған. Шарикті қондырған кезде серіппені сығады да шыбықтың табанындағы босатқыш ілмекке ілінеді. Егер босатқыш ілмектің 5 шығып тұрған бөлігін басып қалса, шар босайды да, серіппенің әрекетінен ол шыбық бойымен белгілі бір бағытта қозғалады. Шариктің ұшу жылдамдығының V0 модулін барлық тәжіриби үшін бірдей етіп алу керек.
Үстелде шариктің түсер жеріне ақ, таза қағаздың бетін екі бөлек жапсырма лентамен бекіту керек, ал үстіңгі жағына көшірме қағаз қойылады. Шарик құлағанда қағазда айқын із қалады.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1.Дәптерге өлшеулер мен есептеулер нәтижесі жазылатын кесте
дайындаңдар.
α° | 20 | 30 | 40 | 45 | 50 | 60 | 70 |
ℓ, см | 124 | 137 | 141 | 154 | 144 | 110 | 58 |
2. Баллистика пистолеттің құрылысымен, жұмыс істеу принципімен танысыңдар.
3.Үстелдің шетіне баллистиқалық пистолетті қысып қоятын бұраманы орнатып, бұрыш өлшегішпен пистоллетті 45° бұрышпен бекітіңдер. Қағазды жапсырмай, байқау үшін атып көріңдер де, шамамен шариктің түскен орнын белгілеңдер. 45° бұрышпен атқанда шарик қағаздың шетіне түсетіндей етіп таза қағазды үстелге бекітіңдер, сосын үстіне көшірме қағазды салыңдар.
4. Пистолетті 20
°,30,° 40°, 45°бұрыштармен орнатып, әрбір бұрышқа 3-4 рет атыңдар.
5.Пистолетті бұрып, оны 50°, 60°, 70° бұрыштармен бекітіп, әрқайсысына 3-4 атып, тағы да әрбір бұрыштағы шариктің түскен ізіне ату бұрышының мәнін жазыңдар.
6. Әрбір бұрыш үшін шариктің түскен қашықтығының орташа мәнін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Жұмыстың нәтижесі.
1. Пистолетті 20°, 30°, 40°, 45°, 50°, 60°, 70° бұрышқа орнатып 3 рет атамыз. Есептеулерді кесте түрінде жазайық.
-
Бұрыш
ℓ1, м
ℓ2, м
ℓ3, м
ℓорт., м
20°
1,20
1,25
1,27
1,24
30°
1,27
1,41
1,42
1,37
40°
1,32
1,42
1,50
1,41
45°
1,44
1,58
1,59
1,54
50°
1,39
1,45
1,47
1,44
60°
1,00
1,17
1,14
1,10
70°
0,57
0,58
0,60
0,58
Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер:
1.Қай бұрышпен атканда шариктің ұшу қашыктығы ең үлкен мәнге ие болады?
450 бұрышпен атқанда ұшу қашықтығы үлкен болады.
2.Қай бұрышпен атқанда ұшу қашықтықтары шамамен бірдей және осы бұрыштардың косындысы неге тең? Бұл ұшу қашықтығын аныктайтын формуламен сәйкес келе ме? 400 және 500 бұрышпен атқанда ұшу қашықтығы шамамен бірдей,қосындысы 900 болады.
Қорытынды: Баллистикалық пистолетпен жұмыс жасауды үйреніп, жылдамдықтың модулін бірдей етіп көңіл бөлінді. Есептеулер мен өлшеулерді жүргізе отырып, шариктің түскен қашықтығының орташа мәні табылды. Зертханалық жұмысты орындау барысында баллистикалық пистолетті қолдана отырып, дененің ұшу қашықтығы 45° - та үлкен екеніне көз жеткіздік.
№2 жұмыс.
Шардың инерция моментін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Шардың айналмалы қозғаласының кинетикалық энергиясы мен бұрыштың жылдамдығын біле отырып, шардың инерция моментін анықтау.
Құрал-жабдықтар: зертханалық жұмысқа арналған штатив, доға тәріздес науа, диаметрі және массалары әр түрлі шарлар, өлшеуіш сызғыш, тіктеуіш, көшірме қағаз.
Теориялық түсінік. Шардың инерция моментін анықтау үшін, оның айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы мен бұрыштық жылдамадығын білу керек, ол W = Jώ2⁄2; J= 2Wайн.⁄ώ2;
Горизонталь В деңгейге қатысты А нүктесінде шар mgh потенциалдық энергияға ие болады. Шар науанының бойымен домалаған кездегі оның потенциялық энергиясы дененің ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық Wіл және айналмалы қозғалысының Wайн. кинетикалық энергиясына айналады. Шар үшін В нүктесінде
тgh=Wіл+Wайн.теңдігі орындалады. Осыдан
Мұндағы мен ω – шар центрі массасының сызықтық жылдамдығы мен оның В нүктесіндегі айналмалы қозғалысының бұрыштық жылдамдығы. Науаға қатысты массалар центрінің сызықтық жылдамдығы және шар бетінің айналу осінен барынша қашық нүктесінің сызықтық жылдамдығы
массалар центріне қатысты өзара тең, сондықтан былай жазуға
б олады: мұндағы R – шар радиусы.
Сонда шардың инерция моменті үшін мынадай формула алынады:
J=mR2(2gh |