ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 217
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қабаттың құлау бұрышы жоғары болатын “мөлшерленген” мұнай кенішінде өндіру ұңғыларды төмен перфорациялы интервалмен біртекті үш немесе төрт нүктелі тор бойынша орналастырады. (сурет 34,б).
Ұңғыларды осылай орналастыру келесі себептер бойынша дұрыс пайдалану мүмкіндігін береді:
-
Қанығу қысымынан қабат қысымының төмендеуінде алғашқысында мұнайда еріген газ, одан түп аймағында және кеніштің жоғары орналасқан бөліктерінде бөлініп, еріген газ режмиінде өндірудің жақсы шарттарын құрайды. -
Осындай ұңғылардың орналасуында гравитациялық күштер тұтқырлы күштерге көмектесіп, ұңғыға мұнай ағынын арттырады, ал газ сол тұтқырлы күштердің пайда болуынан жоғары жылжиды. Кей жағдайларда өндірудің осындай үрдісі екіншіретті газ төлкесінің пайда болуына әкеледі.
Газ төлкесі бар мұнай кеніші
Газ төлкесі бар оқшауланған мұнай кенішінде ұңғыларды орналастыру үшін бастапқы газ мұнайлы шекараның орналасуын ескеру қажет.(сурет 35,а). Табан сулардың үстінде орналасатын мұнай кенішінде оның ұзын осі бойымен өндіру ұңғылардың ортанғы қатарын бұрғылау керек. Перфорация интервалы өнімді қалыңдықтың төменгі жағында болу керек.
Осылай сияқты газ төлкесі немесе табан суы бар мұнай кеніштерінде ұңғыларды орналастыруға болады, бірақ тек бір айырмашылығымен: перфорация интервалы құрылымның төменгі жағында және ГМШ-ға қарағанда СМШ-ға жақын болу керек (сурет.35,б)
|
Сурет 35-Газ төлкесі бар мұнай кенішін игеруде алаң бойынша ұңғыларды орналастыру:а- газ төлкесі бар “мөлшерленген” мұнай кеніші; Игеру әдісі- газ төлкесінің режимі. Перфорация интервалы-кескіннің төменгі бөлігінде; б- газ төлкесі және табан суы бар мұнай кеніші. Игеру әдісі- газ төлкесі режимін және табиғи суарынды режимін біріктіру. Перфорация интервалы- кезкіннің төменгі бөлігінде СМК-ға жақын. |
Өндірудің екіреттік және үшреттік әдістерінде ұңғылардың орналасуы
Табиғи режимде мұнай өндіру әдістерінің негізгі кемшілігі, ол- еріген газ режимінің дамуына әкелетін, өндіру ұңғылардың дебиттерінің төмендеуіне, мұнай бергіштің төмендеуіне әкелетін қабат қысымының құлауы. Табиғи режимдердің ең тиімдісі болып келетін суарынды режим алынған мұнайдың 100% компенсациясын қамтамасыз етпейді. Сондықтан осы кезде қабат қысымын қажетті деңгейінде ұстау үшін су айдау әдісін қолданады.
Шельфті кен орындарды игеруде қабат қысымын ұстау мақсатында теңіз суын өңдеп айдау жиі қолданылатын өндіру әдістерінің ең тиімдісі болып саналады. Осымен қатар, еріткіштерді айдау, әртүрлі агенттерді қосу арқылы газ немесе суды айдау. Екіеселенген әдістер арқылы теңіз мұнай кен орындарын игеру жақсы технология болып келеді.
Екіреттік өндіру әдісі арқылы қоры аз кен орындарды игеру кезінде кеніш немесе су мұнайлы шекара пішінін қайталайтын ұңғыларды орналастыру жүйесімен нұсқа сыртынан немесе нұсқа бойымен су айдау әдісін қолданады. (сурет 36,а).
Мұнай қоры орташа болатын кеніштерде ұңғыларды орналастыру үнемі және үнемі емес аудан жүйелерін, мысалы, бес-немесе жеті нүктелі жүйе, игерудің жақсы көрсеткіштерін алуға мүмкіндік берееді.ірі және гигантты кен орындарын игеруде кеніштер айдау ұғңыларының қатарларымен бірнеше бөліктерге “бөлініп”, ең ыңғайлы келетін ұңғыларды орналастыру торымен игеріледі.
Күрт құлайтын мұнай немесе газ кеніштерін су айдау арқылы игеруде айдау ұңғыларын құрылымның төменгі жағында орналастырып, өнімді алу оның жоғарғы жағында жүргізіледі (сурет 36,б). Қабат қысымын ұстау үшін агент ретінде газ айдалатын болса, айдау ұңғыларын құрылымның жоғарғы жағында, ал өндіру ұңғыларды-перфорация интервалын өнімді қалыңдықтың төменгі жағында қылып, жалпы құрылымның төменгі жағында орналастырады. (сурет 36,в).
|
Сурет 36- Өндірудің екіреттік әдістерін қолданумен мұнай кенішін игеру кезінде аудан бофынша ұңғыларды орналастыру: а- мұнай немесе газ кенішін су айдау режимінде игеру; б- күрт құлайтын мұнай кенішін су айдау режимінде игеру; в- күрт құлайтын мұнай кенішін газ айдау арқылы игеру. |
Ұңғыларды осылай орналастыру тәртібі қабатқа көмірсутекті ерітінділерді айдаумен игерілетін кен орындарда қолданылады.
Сонымен қатар, ұңғыларды осылай орналастыру кеніштен мұнайды ығыстырудың жақсы жағдайын және өндіру ұңғыларына суды (газ, көмірсутекті еріткіштер) өтуін тез болдыртпайды және мұнай өндірудің кезеңін арттырады. Құрылымның төменгі жағына мұнай тығыздығынан жоғары агентті (мысалы, су) айдау қабаттың төменгі жағынан оның тез өтуінен сақтап, барлық өнімді қалыңдығынан біртекті ығыстыруға жағдай жасайды. Құрылымның жоғарғы жағына газ немесе көмірсутекті ерітінділерді айдау қабаттың жоғарғы жотасы бойымен қозғалуынан сақтап, мұнайды біртекті ығыстырудан қамтамасыз етеді. Фильтрация теориясынан қабатта осындай фильтрациялық ағындарды құру мұнай ығыстырудың толық дәрежесін, игеру үрдісінің тиімділігін арттырып, өндіру ұңғыларына ығыстырушы агенттің тез өтуін болдырмайды.
Игерудің негізгі және маңызды сипаттамалары болып ығыстыру үрдісімен қабатты қоршау коэффициенті болып табылады. Ол қысқаша қоршау коэффициенті болып табылады. Ол қысқаша қоршау коэффициенті деп атайды, және белсенді игеруге үлестірілген кеніш көлемін анықтайды.
Қоршау коэффициенті тұрақты мөлшер еместігі атап кету керек, өйткені ол уақыт өзеруі бойынша өзгеріп, ұңғыларды орналастыру жүйесінен тәуелді. Оның мәні пайдаланудың алғашқысында ұңғылардың орналасу жүйесінің сапасын көрсетеді.
Мұнайды алу үрдістерін модельдеу нәтижесі бойынша қоршау коэффициенті ұңғылар арасындағы арақашықтықтан L тәуелді:
, (1)
Мұнда фрактальды өлшемділік;
сызықты, екі және үщтекті сұйық ағысы;
ұңғылардың орналасуынан, қабат қысымынан және оны қанықтыратын флюндерден тәуелді константа (тұрақты сан). Санды эксперименттер фракталды өлшемділіктің келесі мәндерін көрсетеді:
сызықты суландыру: : ;
аумақтысуландыру: ;
беснүктелік су айдау: .
Осы нәтижені ескеріп, сызықты және аумақтап суландыру үшін (1) теңдеуді келесідей қарастыруға болады:
; (2)
Түзу сызықты біртекті мұнайды сумен ығыстыру кезінде (мысалы, кернде ығыстыру үрдісін зерттеу кезінде) (2) теңдеу қоршау коэффициенті ұңғылар арасындағы арақашықтықты өсірумен (кернде сумен мұнайды ығыстыру кезінде үлгі ұзындығы) қатар ол да өседі. (3)-ші теңдеуден аумақты суландыру жағдайында қоршау коэффициентінің мәні ұңғылар арасындағы арақашықтықты өсірген кезде, азаяды.
. (3)
Мұнайбергіштік коэффициент қоршау коэффициенті және ығыстыру коэффициентінің көбейтіндісі деп ескерсек, онда:
(4)
Мұнайбергіштік коэффициент ұңғылар арасындағы арақашықтықты үлкейткен сакйын азаятынын көреміз. Басқа жағынан, L-дің үлкен мәндері ұңғының үлкен қорын байқатады (яғни, параметірінің үлкен мәндері). Осы анализден көретініміз- ұңғылар арасындағы үлкен арақашықтықта (ұңғылпрдың бөлінген торы) қабаттан мұнайды алу көлемі салыстырмалы түрде өте үлкен емес, бірақ жеке ұңғылардан өнім өндіруді жоғары болады.
Басқа жағдайларда ұңғылардың тығыз торында мұнайбергіштік өте жоғары болып, бірақ жеке ұңғылар өнімі, бірінші жағдайынан төмен блуы мүмкін. Осыдан, таңдалған ұңғыларды орналастыру жүйесінде кен орынды игерудің жақсы көрсеткіштерін қамтамасыз ететін ұңғылар арасында арақашықты тиімді мәні болады екен байқаймыз (немесе, сол ұңғылар торының тығыздық параметрі).
Осы мәнді дәл анықтау өте күрделі және ол санды моделдеу немесе оптимизация заты болып табылады. Бірақ, ұңғыларды орналастыру жүйесінің тиімділігін жуықтап бағалау үшін келесі қарапайым методика қолданылады. Игерудің статикалық анализі бойынша мұнайбергіштің ұңғылар арасындағы арақашықтықтан L тәуелділігі келесі түрде жазылады:
, (5)
Мұнда в- қабаттың, сұйықтың қасиетінен және ұңғыларды орналастырудың таңдалған жүйесінен тәуелді коэффициент.
Меншікті алынатын қорды ұңғылар арасындағы арақашықтықтың L және мұнайбергіштік функциясы ретінде өрнектейік:
, (6)
а параметрі, келесідей бағаланады:
(7)
өрнектің оң жағында қабаттың тиімді мұнайға қаныққан қуаттың орташа мәні, оның кеуектілігі және бағалау жүргізілетін қабат бөлігінде бастапқы мұнайға қаныққан мәні көрсетілген.
Мұнайбергіштік коэффициенті және ұңғыға келетін мұнайдың алынатын меншікті қоры (5) және (6) мәндеріне сәйкесі L-дің бір мәнінде анықтау арқылы, -ның -дан тәуелді графигін тұрғызуға болады, және ондағы осы екі праметрлердің үлкен мәндері игерудің жақсы көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Осы екі параметр оптимизациялау критериилары ретінде қолданылатын, ескеру қажет: толық табысты көрсетеді, ал көбейтілген мұнай бағасына және бөлінген күрделі қаржы мен пайдалану шығындарына – пайда мен инвестициялар қатынасын көрсетеді.
Қорытынды ретінде норвегиялық континенталды шельфті кен орындары үшін ұңғылар арасындағы арақашықтықтар және алынатын меншікті қорлардың орташа мәндерін жуықтап бағалайық.
Норвегиялық мұнай директорының мәндері боынша 2000 жылда барлық алынатын мұнай қорының 44% өндіріледі.
Ұңғылар арасындағы арақашықтықтың жуықтап 600м және кендерден мұнайды сумен ығыстыру коэффициенті 0,65 деп қабылдап (5) өрнектен және в праметрлерінің келесі мәндерін алу қиын емес:
. (8)
Ұңғыдан алынатын меншікті қорын бағалау келесіден алынады
(9)